О сборе яиц дрофы-красотки Қолданыста
Басқа 0
Жек дуадақ жұмыртқасын жинау туралы
Маңғыстау облысында жек дуадақтың репродуктивтiк қабiлетi жөнiнде ғылыми зерттеулер жүргiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. 2005 жылғы 7 сәуiр - 31 мамыр кезеңiнде Маңғыстау облысының аумағындағы шаруашылық қызметтiң реттелетiн режимiндегi республикалық маңызы бар Кендiрлi-Қаясан мемлекеттiк қорық аймағында кейiннен инкубациялау үшiн 50 дана мөлшерде жек дуадақ жұмыртқасын жинауға рұқсат етiлсiн.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi:
Тармақша 1
1) белгiленген тәртiппен "Охотзоопром" ӨБ" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнына (бұдан әрi - "Охотзоопром" ӨБ) осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген аумақта 50 дана мөлшерде жек дуадақ жұмыртқасын жинауға рұқсат берiлсiн;
Тармақша 2
2) инкубациялау кезiнде шығарылған балапандарды Қазақстан Республикасынан алып кету кезiнде Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерiмен халықаралық сауда туралы конвенция рәсiмiнiң сақталуын қамтамасыз етсiн;
Тармақша 3
3) жек дуадақ жұмыртқасы жиналатын жерлерде жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. "Охотзоопром" ӨБ Бiрiккен Араб Әмiрлiктерi Орнитологиялық зерттеулер орталығының қаржы қаражатына 50 дана мөлшерде жек дуадақ жұмыртқасын жинауды және шығарылған балапандарды кейiннен белгiленген тәртiппен араб жағына бере отырып, оларды инкубациялауды жүзеге асырсын.
Тармақ 4
4. Жек дуадақ жұмыртқасын табиғи ортадан алу кезiнде "Қазақстан Республикасында жануарлар дүниесiнiң жекелеген түрлерiн ерекше жағдайларда пайдалану тәртiбi жөнiндегі ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 28 маусымдағы N 969 қаулысының 13-тармағында көрсетiлген мөлшерде жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн ақы белгiленсiн.
Тармақ 5
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі