Об утверждении Инструкции ио оказанию социальной помощи безработным, направленным на профессиональную подготовку, повышение квалификации и переподгоговку, по возмещению затрат на проживание, питание, медицинское освидетельствование и на проезд к месту обучения в пределах региона Күшін жойған
Басқа 0
Аймақ шегіндегі оқу орынына жүріп - тұру мен медициналық куәландыруға, тамақтануға, тұруға кеткен шығын орынын толтыру бойынша қайта даярлау мен біліктілікті көтеруге, кәсіби дайындыққа жіберілген жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсету Нұсқаулығын бекіту туралы
Қазақстан Республиқасы «Жұмыспен қамту туралы» Заңының 5, 7 баптарына, Қазақстан Республиқасы «Қазақстан Республиқасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағы 13) тармақшасына, 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қазақстан Республиқасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген жұмыссыздардың кәсіби дайындығы, қайта дайындық пен біліктілігін көтеруді ұйымдастыру және қаржыландыру Қағидаларына сәйкес, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Тармақ 1
1. Аймақ шегіндегі оқу орынына жүріп - тұру мен медиңиналык куәландыруға, тамактануға, түруға кеткен шығын орынын толтыру бойынша, қайта даярлау мен біліктілікті көтеруге, кәсіби дайындыққа жіберілген жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсету Нұсқаулығы бекітілсін (қосымша).
Тармақ 2
2. Әкімдік қаулысының орындалуына бақылауды жасау аудан әкімінің орынбасары М.Қ. Жүндібаевқа жүктелсін.
Басқа 3. Аймак шегіндегі оқу орынына жүріп-тұру мен медициналық куәландыруға, тамақтануға, тұруға кеткен шығын орынын толтыру бойынша, қайта даярлау мен біліктілікті көтеруге, кәсіби дайындыққа жіберілген жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсету Нұсқаулығы
Қосымша
2005 жылғы 19 наурыз
№ 133 әкімдік қаулысымен бекітілген
Аймак шегіндегі оқу орынына жүріп-тұру мен медициналық куәландыруға, тамақтануға, тұруға кеткен шығын орынын толтыру бойынша, қайта даярлау мен біліктілікті көтеруге, кәсіби дайындыққа жіберілген жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсету Нұсқаулығы
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Нұсқаулықта пайдаланатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) уәкілетті орган - «Жітіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 2
2) арызданушы - тұлға, әлеуметтік көмекті алуға үміткер.
Тармақ 2
2. Аймак шегіндегі (әрі қарай әлеуметтік көмек) оку орынына жүріп - тұру мен медициналык куәландыруға, тамақтануға, тұруға кеткен шығын орынын толтыру бойынша, қайта даярлау мен біліктілікті көтеруге, кәсіби дайындыкқа жіберілген жұмыссыздарға әлеуметтік көмекті уәкілетті орган көрсетеді .
Тармақ 3
3. Егер, жұмыссыз оқуы аяқталған соң бір айдан кешіктірмей өтініш білдірсе, әлеуметтік көмек төленеді .
Тармақ 4
4. 2004 жылдың желтоқсанында қайта даярлау мен біліктілікті көтеру, кәсіби қайта даярлаудан өткендер, егер, 2005 жылдың 1 мамырына дейін уәкілетті органға өтініш білдірсе, әлеуметтік көмек алуға кұқығы бар.
Тармақ 5
5. Уәкілетті орган азаматтардың әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі арыздарын қарайды және тағайындау немесе бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 6
6. Белгіленген заңнамалық тәртіппен конкурста жеңіп шыққан, білім беру ұйымдарына қайта даярлық пен біліктілікті көтеруге, кәсіби даярлыққа жіберілген және уәкілетті органда ресми тіркелген жұмыссыздардың әлеуметтік көмек алуға құқығы бар.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік көмекті алуға өтініш беру
2. Әлеуметтік көмекті алуға өтініш беру
Тармақ 7
7. Арызданушы уәкілетті органға жазбаша отініш береді оны алу кұқығын растайтын құжаттарды табыс етеді .
Тармақ 8
8. Құжаттарда мен өтініште көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен растығына Қазақстан Республиқасының заңнамасына сәйкес арызданушы жауап береді.
Тарау 3. 3. Қажетті құжаттар тізбесі
3. Қажетті құжаттар тізбесі
Тармақ 9
9. Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін мынандай кұжаттар керек болып табылады:
Тармақша 1
1) Тұратын жерінің банкідегі жеке есеп шот нөмірі көрсетілген әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі жазбаша өтініш;
Тармақша 2
2) арызданушының жеке басын растайтын , кұжаттың көшірмесі;
Тармақша 3
3) арызданушының жұмыссыз ретінде ресми тіркелгендігін растайтын, уәкілетті орган кұжатының көшірмесі;
Тармақша 4
4) уәкілетті органның кәсіби окуға жіберілген жолдамасының көшірмесі, онда жұмыссыздың толык аты - жөні, тегі, әкесінің аты, кұжатқа қол қойған тұлғаның лауазым атауы, жеке қолы және оның мағынасы, берілген күні (жауапты тұлғаның қолы мөрмен куәландырған болуға тиіс);
Тармақша 5
5) жұмыссызды кәсіби дайындыкқа, біліктілікті көтеруге, қайта даярлауға, жұмыссыздың уәкілетті органымен келісім шартының көшірмесі;
Тармақша 6
6) темір жол, жолаушылар көлігі бойынша жүріп - тұру құжаттарының тұпнұсқалары, (таксиден басқа) немесе уәкілетті органның колы қойылған және мөрмен куәландырылған, жүріп - тұру кұны туралы (оқу басталар алдындағы күндер) көрсетілген тасымалдау түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар анықтамасы;
Тармақша 7
7) медициналық куәландыруда өткендігі туралы емдеу мекемесі аныктамасының көшірмесі және одан өткендігі үшін ақы төленгендігі жөніндегі төлем құжаттары;
Тармақ 10
10. Әлеуметтік көмекті тағайындауға қажетті құжаттардың, тұпнұсқалары мен көшірмелері уәкілетті органға салыстырып тексеру үшін беріледі. Салыстарып тексергеннен кейін құжаттың тұпнұсқалары арызданушыға қайтарылады.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
4. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
Тармақ 11
11. Әлеуметтік көмектің тағайындалғаны немесе одан бас тартылғаны туралы уәкілетті орган шешімі барлық қажетті құжаттарды тапсырып болған соң өтініш берген арызданушыға 10 күн ішінде беріледі.
Тармақ 12
12. Әлеуметтік көмекті тағайындау немесе бас тарту туралы шешімге үәкілетті органның басшысы қол қояды.
Тармақ 13
13. Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттардың болмауы оның тағайындалмауына әкеп соқтырады.
Тарау 5. 5. Әлеуметтік көмек мөлшері
5. Әлеуметтік көмек мөлшері
Тармақ 14
14. Шығындардың орынын толтыру үшін:
Тармақша 1
1) жүріп-тұруға-айына бір айлық есептік көрсеткішітен артык емес;
Тармақша 2
2) тамақтануға айына екі айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерде;
Тармақша 3
3) медициналык куәландыруға - осы Нұсқаулыктың 9 тармағы 7 тармакшасында көрсетілгендей кұжатармен расталған тексерудің толык құнына;
Тармақша 4
4) аймак шегіндегі (облыс, аудан) оқу орынына жүріп - тұруға осы Нұсқаулықтың 9 тармағы 6) тармақшасында көрсетілгендей құжаттармен расталған жүріп - түрудың толык күнына әлеуметтік көмек көрсетіледі.
Тармақ 15
15. Әлеуметтік көмек кәсіби оқуға жіберілген тек қана басқа қаладан елген жұмыссыздарының жүріп-түруының шығындары орынын жартылай толтыру үшін әлеуметтік көмек көрсетіледі.
Тармақ 16
16. Оку орыны орналасқан елді мекеннен тыс түракты түратын кәсіби дайындыкқа, біліктілігін көтеруге және қайта дайындыққа оқуға жіберілген жұмыссыз басқа қалалық деп саналады.
Тарау 6. 6. Әлеуметтік көмек төлеу
6. Әлеуметтік көмек төлеу
Тармақ 17
17. Әлеуметтік көмекті төлеу жергілікті (аудандык) бюджет есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 18
18. Тамақтануға және түруға кеткен шығын орынын толтыруға әлеуметтік көмек оку аяғында төленеді.
Тармақ 19
19. Аймақ шегіндегі (облыс, аудан) оқу орынына жүріп - тұруға және медициналық куәландыруға кеткен шығын орынын толтыруға әлеуметтік көмек төлеу осы Нұсқаулықтың 9 тармағы 6), 7) тармақшасында көрсетілгендей кұжаттар табыс етілген сәттен бастап бір ай ішінде төленеді.
Тармақ 20
20. Уәкілетті орган әлеуметтік көмек тағайындалған азаматтардың тізімін жасайды, есептеу жүргізеді және аудандық қаржы органына қаржыландыруға жиынтық тапсырыс береді.
Тармақ 21
21. Әлеуметтік көмекті төлеу белгіленген заңнамамалық тәртіппен конкурста жеңіп шыкқан операция түрлеріне сәйкес, лицензиясы бар Қазақстан Республиқасы Ұлттық банкісінде үйымдар берген уәкілетті органның тізімі бойынша жұмыссыздардың есеп шоттарына ақшалай түрде аудару арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 22
22. Оқуын аяқтаған жұмыссызға, әлеуметтік көмек қаржысы жетіспеген жағдайда өтініштерді тіркеудің хронологиялық тәртібімен төленеді.