Об утверждении инструкции по организации и финансированию социальных рабочих мест Қолданыста
Басқа 0
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Казақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 - бабы 1-тармағының 14)-тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Федоров ауданының әкімдігі КАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұсқаулығы бекітілсін (қосымша).
Тармақ 2
2. "Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Федорова О.Ф.) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру кезінде осы нұсқаулықты басшылыққа алсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары В.Н. Заверухаға жүктелсін.
Басқа 4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру ңұсқаулығы
Әкімдіктің 2005 жылғы 11 наурыздағы № 64 қаулысына қосымша
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру ңұсқаулығы
Осы нұсқаулық әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру және Қостанай облысы әкімиятының 2002 жылғы мамырдағы (мемлекеттік тіркеу нөмірі 1510) "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұсқаулық туралы" № 102 қаулысына сәйкес әзірленеді.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы нұсқаулық халықты мақсатты тобындағы жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландырудың тәртібін белгілейді, жұмыс орындарын беретін ұйымдармен (меншік түріне қарамастан) есеп жүесін және негізгі шарттарын реттейді.
Тармақ 2
2. Осы нұсқаулықта пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) әлеуметтік жұмыс орны - жұмыс берушілердің жұмысқа қабылдаған қызметкерлерге еңбек ақы төлеген шығынын жергілікті бюджет есебінен өтеп, халықтың мақсатты топтарының ішіндегі жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілердің жазбаша келісімімен берілетін жұмыс орны;
Тармақша 2
2) "Жастардың практикасы" - орта және жоғары білім оқу орындарын бітірген түлектерді, оларды жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында жұмысқа орналастыру.
Тармақша 3
3) мақсатты топтар - қиындық көріп жүрген және әлеуметтік қорғауды қажет ететін адамдар ретінде Федоров аудандық әкімдігімен айқындалған адам топтары.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздар, жұмыс орындары Қазақстан Республикасының еңбек, зейнеттік қамтамассыз ету және сақтандыру туралы заңнамаларына сәйкес болады.
Тармақ 4
4. "Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі халықтың мақсатты тобындағы жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына орналасуға жәрдем береді.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру ұйымдастыру тәртібі
2. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру ұйымдастыру тәртібі
Тармақ 5
5. Әлеуметтік жұмыс орындары жұмысқа қабылданған жұмыссыздарға енбек ақы шығынын аудандық бюджеттен қаражаты есебінен ішінара өтеумен өз қаражатынан қаржыландырып, жұмыс берушілермен анықталады немесе құралады.
Тармақ 6
6. "Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған халықтың макқсатты тобындағы жұмыссыздардың еңбек ақысын төлеу шығынын ішінара төлеуге қызмет көрсету жөнінде жұмыс берушілермен шарт жасасады.
Тармақ 7
7. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруды олардың еңбегіне ақы төлеуге белгіленген бюджет қаражатын тиімді пайдалануды қамтамассыз ету мақсатында Федоров ауданының әкімдігі жұмыс берушілердің жазбаша келісімімен халықтың мақсатты топтарының жұмыссыздарың жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құрған немесе берген ұйымдардың тізімін анықтайды.
Тармақ 8
8. Ұйымдарда әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру және жастардың практика өтуін жұмыс орындарын келісімге сәйкес аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жүзіге асырады.
Тармақ 9
9. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру мақсатты топтарға жататын аз қамтылған жұмыссыздар ие болады.
Тарау 3. 3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көздері және шарттары
3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көздері және шарттары
Тармақ 10
10. Әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыздарға еңбекқақы төлеу жұмыс орындарын еңбек шартына сәйкес және орындалған жұмыстың күрделілігі мен сапасына байланысты жұмыс берушімен ай сайын жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздардың еңбек ақысына төленген жұмыс берушілердің шығыны аудандық бюджеттен ең төменгі жалақының 50% көлемінде алты айға дейінгі мерзімге өтеледі, оқу орындарың бітірген түлектер "Жастардын практикаға" жіберілген, ең төменгі жалақының 100% көлемінде төрт айға дейінгі мерзімге өтеледі.
Тармақ 12
12. Бюджет қаражаттын аудару жөніндегі есеп айырысу жұмыс берушінің есеп шотына жүргізіледі.
Тармақ 13
13. Әлеуметтік жұмыс орындары жұмысқа орналастырылған жұмыс орындарындағы жұмыссыздарға аудандық бюджет қаражатынан төленетін жалақыға заңнамада белгіленген тәртіпте салық салынады.
Тармақ 14
14. Әлеуметтік жұмыс орындары жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға еңбек ақы нақты орындарын жұмыс көліміне төленеді.
Тармақ 15
15. Жұмыс берушілер әлеуметтік жұмыс орындары жұмысқа орналастырылған жұмыс орындарына шыққан шығындырына аудандық бюджеттен түскен, пайдаланады.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін бақылау
4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін бақылау
Тармақ 16
16. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру нұсқаулығын сақтауға бақылау жасау заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдар жүзеге асырады.