Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру мен өткізу туралы Қолданыста
Басқа 0
Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру мен өткізу туралы
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 наурыздағы «Ұлттық бірыңғай тестілеуді енгізу туралы» № 317 қаулысына және облыс әкімиятының 2005 жылғы 27 сәуірдегі «Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру мен өткізу туралы» № 143 қаулысына (облыстық әділет департаментіне 2005 жылдың 13 мамырында № 1905 болып тіркелген.) сәйкес, аудан әкімияты Қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу пункті болып Шетпе селосындағы Б.Жұмалиев атындағы орта мектептің базасы белгіленсін.
Тармақ 2
2. Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу мен дайындауға ықпал ету жөніндегі аудандық жұмыс комиссиясы (бұдан әрі-комиссия ) қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.
Тармақ 3
3. Комиссия өз қызметін қолданыстағы заңнамаға сәйкес іске асырсын.
Тармақ 4
4. Село әкімдері:
Оқушыларды осы қаулының 1 тармағында көрсетілген Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу пунктіне дейін және кері қарай жеткізуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Аудандық білім беру және спорт бөлімі (К.Үйсінбаев):
Оқушылардың тасымалы, жатақ орны, тамақтануын ұйымдастыру және Ұлттық бірыңғай тестілеуге толық қатысуын іске асырсын.
Тармақ 6
6. Маңғыстау электртораптық бөлу компаниясы ААҚ-ның Шетпе тоқ бөлімшесі (Ғ.Ақжігітов-келісім бойынша):
Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілетін мерзімде электр энергиясының іркіліссіз берілуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Аудандық ішкі істер бөлімі (Р.Дұрысбаев – келісім бойынша):
Оқушылардың тестілеу пункіне бару және қайтару жолдарындағы қауіпсіздігін, сондай-ақ Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізуге арналған емтихандық материалдардың сақталуы мен тасымалдануын қамтамасыз етсін:
Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысатын мектеп бітірушілердің тұратын орындары мен Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілетін пунктте қызметкерлердің күні-түнгі кезекшілігін қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. Аудандық орталық аурухана мен аудандық емхана бас дәрігерлері (Б.Байназаров, А.Оразалиев – келісім бойынша):
Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысатын мектеп бітірушілердің жолда жүруі мен Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілетін пункттерден медициналық қызмет көрсетуді жүзеге асырсын.
Тармақ 9
9. Аудандық телекоммуникация учаскесі (Х.Шаров-келісім бойынша):
Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілетін мерзімде іркіліссіз телефон байланысымен қамтамасыз етсін.
Тармақ 10
10. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Айтуаровқа жүктелсін.
Басқа 11. Комиссия мүшелері
Маңғыстау ауданы әкімиятының
2005 жылғы 01 маусымдағы
№ 86 қаулысына
қосымша
Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу мен дайындауға ықпал ету жөніндегі аудандық жұмыс комиссиясының құрамы
Айтуаров Жармағанбет Қайырмағанбетұлы -аудан әкімінің орынбасары,
комиссия төрағасы
Үйсінбаев Күзембай -аудандық білім беру және спорт
бөлімінің бастығы, төрағаның
орынбасары
Құрмамбаев Нұрсұлтан -аудандық білім беру және спорт
бөлімінің бас маманы, комиссия
хатшысы
Комиссия мүшелері
Аманжол Насихат Бердіғалиұлы -№5 кәсіптік- техникалық мектептің
директоры (келісім бойынша)
Байназаров Бекен Жұбаназарұлы -аудандық орталық аурухананың бас
дәрігері (келісім бойынша)
Дұрысбаев Рзағұл Төребайұлы -аудандық ішкі істер бөлімінің бастығының
міндетін атқарушы (келісім бойынша)
Ергалиев Сәбит Жәумітбайұлы –аудандық экономика және қаржы
бөлімінің бастығы
Нұрғожаев Сағынғали Байбосынұлы -аудандық ішкі саясат, мәдениет
және тілдерді дамыту бөлімінің
бастығы