Облыс ауыл шаруашылығын қолдауға және дамытуға облыстық бюджеттен кредит беру туралы Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.04.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс ауыл шаруашылығын қолдауға және дамытуға облыстық бюджеттен кредит беру туралы Облыстың ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілеріне қаржылық қолдау көрсету мақсатында, Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексіне сәйкес және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңын басшылыққа ала отырып, облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әділет департаментінде 2005 жылғы 22 ақпанда N 1553 мемлекеттік тіркеуден өткен Жамбыл облыстық мәслихатының 2005 жылғы 11 ақпандағы "2005 жылға арналған облыстық бюджет туралы N 7-4" шешіміне сәйкес, облыстық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілеріне кредит беруге облыстық бюджеттен 100,0 миллион теңге бөлінсін.
Тармақ 2
2. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге кредит беру жөніндегі бюджеттік бағдарламаның әкімшісі болып облыс әкімиятының ауыл шаруашылығы департаменті белгіленсін.
Тармақ 3
3. Алып тасталды.
Тармақ 4
4. Кредит беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 ақпандағы N 110 "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес жүзеге асырылсын (әрі қарай Ереже).
Тармақ 5
5. Ереженің 32 тарауына сай соңғы несие алушы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге бюджеттік кредит беруді жүзеге асырушы қаржылық агентінің міндеті жүктелетін заем беруші банкті анықтау үшін, конкурстық комиссия екінші деңгейдегі банктер арасында тендер өткізсін.
Тармақ 6
6. Бюджеттік кредит сомасынан жылдық 0,01% (ноль бүтін жүзден бір пайыз) көлемінде сыйақы төленетін болсын.
Тармақ 7
7. Осы бюджеттік кредитті қайтару мерзімі 2006 жылдың 30 қарашасына дейін деп белгіленсін.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Ө. Үсенбаевқа жүктелсін.