Үйде әлеуметтік көмек көрсетілетін әлеуметтік қызметкерлерді кәсіби даярлау және қайта даярлаудан өткізуді ұйымдастыру жөніндегі Қағиданы бекіту туралы Қолданыста
Басқа 0
Үйде әлеуметтік көмек көрсетілетін әлеуметтік қызметкерлерді кәсіби даярлау және қайта даярлаудан өткізуді ұйымдастыру жөніндегі Қағиданы бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы, Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық –педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы заңдарына , Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 желтоқсандағы Мүгедектерді оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы, № 1758 қаулысына және Маңғыстау аудандық мәслихатының 2004 жылғы 14 желтоқсандағы 2005 жылғы арналған аудандық бюджет туралы, № 9-57 шешіміне (облыстық әділет департементінде 2004 жылғы 30 желтоқсанда № 1815 тіркелген, Жаңаөмір газетінде 2005 жылғы 10 қаңтарда № 2-3 санымен жарияланған) сәйкес, аудан әкімияты қаулы етеді;
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Үйде әлеуметтік көмек көрсететін әлеуметтік қызмекерлерді кәсіби даярлау және қайта даярлаудан өткізуді ұйымдастыру жөніндегі Қағида бекітілсін.
Тармақ 2
2. Ауландық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (С.Каимова) әлеуметтік қызметкерлердің кәсіби даярлау және қайта даярлаудан өтуін ұйымдастырсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Айтуаровқа жүктелсін.
Басқа 4
Аудан әкімиятының 2005 жылғы 4 қазандағы
«Үйде әлеуметтік көмек көрсететін әлеуметтік
қызметкерлерді кәсіби даярлау және қайта
даярлаудан өткізуді ұйымдастыру жөніндегі
Қағиданы бекіту туралы» № 150 қаулысымен
бекітілген қосымша
Үйде әлеуметтік көмек көрсететін әлеуметтік қызметкерлерді кәсіби даярлау және қайта даярлаудан өткізудің ұйымдастыру жөніндегі Қағида
Осы Қағида Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік жіне медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» заңдарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 желтоқсандағы «Мүгедектерді оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» № 1758 қаулысына және Маңғыстау аудандық мәслихатының 2004 жылғы 14 желтоқсандағы «2005 жылға арналған аудандық бюджет туралы» № 9/57 шешіміне (облыстық әділет департаментінде 2004 жылғы 30 желтоқсанда № 1815 тіркелген, Жаңаөмір газетінде 2005 жылғы 10 қаңтарда № 2-3 санымен жарияланған ) сәйкес бөгде адамдардың көмегіне мұқтаж жалғызілікті қарттар мен мүгедектерге, сондай-ақ кемтар балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсететін әлеуметтік қызметкерлерді кәсіби даярлау және қайта даярлаудан өткізуді ұйымдастыру тәртібін белгілейді.
Тарау 1. 1. Негізгі қағидалар
1. Негізгі қағидалар
Тармақ 1
1. Әлеуметтік қызметкерлерді кәсіби даярлау және қайта даярлаудан өткізуді ұйымдастыру жөніндегі уәкілетті орган –жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (бұдан әрі-уәкілетті орган) болып табылады.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік қызметкерлерді кәсіби даярлау және қайта даярлаудан өткізу Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім берумен айналысатын ұйымдарда уәкілетті органның жолдамасымен жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік қызметкерлерді кәсіби даярлау және қайта даярлаудан өткізу есепте тұрған жалғызілікті қарттар мен мүгедектерге және кемтар балалар әлеуметтік қызметтердің жан-жақты көрсетілуі үшін ұйымдастырылады.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік қызметкерлерді кәсіби даярлау және қайта даярлаудан өткізуге оқу орнын таңдау Қазақстан Республикасы заңнамаларында белгіленген тәртіпте жүргізіледі.
Тарау 2. 2. Үйде әлеуметтік көмек көрсететін әлеуметтік қызметкерлерді кәсіби даярлау және қайта даярлаудан өткізуді ұйымдастыру тәртібі
2. Үйде әлеуметтік көмек көрсететін әлеуметтік қызметкерлерді кәсіби даярлау және қайта даярлаудан өткізуді ұйымдастыру тәртібі
Тармақ 5
5. Уәкілетті орган баға ұсыныстары негізінде медициналық оқу орындары арасында әлеуметтік қызметкерлерді кәсіби даярлау жіне қайта даярлауды өткізуге мемлекеттік тапсырыс жасайды. Әлеуметтік қызметкерлерді даярлаудан өткізу үшін білім беру ұйымын таңдау кезінде уәкілетті орган мына жағдайларды ескереді:
Тармақша 1
1)Білім беру қызметімен айналысатын ұйымдардың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптарына сәйкес білім беруін:
Тармақша 2
2)Білім беру қызметімен айналысуға рұқсатының болуын.
Тармақ 6
6. Әлеуметтік қызметкерлерді кәсіби даярлау және қайта даярлау уәкілетті орган мен медициналық білім беру ұйымының арасында жасақталған шарт негізінде іске асырылады.
Тармақ 7
7. Әлеуметтік қызметкерлерді кәсіби даярлау және қайта даярлау мерзімінің ұзақтығы , жақтардың құқықтары мен міндеттері шартқа сәйкес оқу бағдарламасына байланысты белгіленеді және үш айдан аспауы тиіс.
Тармақ 8
8. Уәкілетті орган білім беру ұйымының оқу жоспары мен бағдарламасын орындалуына жіне оқу мерзімін сақтауына бақылау жүргізеді.
Тармақ 9
9. Білім беру ұйымымына жағдайларда әлеуметтік қызметкерді оқудан шығаруға құқылы:
Тармақша 1
1)Дәлелсіз себеппен оқуға қатыспағанда;
Тармақша 2
2)Оқуда үлгермеген жағдайда;
Тармақша 3
3)Оқу орнының ішкі тәртіп бұзушылықтар болғанда.
Тармақша 4
4)Заңда көзделген өзге де тәртіп бұзушылықтар болғанда.
Тармақ 10
10. Әлеуметтік қызметкерлерді оқудан шығару білім беру ұйымдарымен белгіленген тәртіпте алдын ала уәкілетті органға хабарлау арқылы жүргізіледі.Әлеуметтік қызметкерді оқудан шығарған жағдайда уәкілетті орган мен білім беру ұйымы арасындағы қызмет көрсету шартына сәйкес әлеуметтік қызметкердің оқыған мерзімінде оған көрсетілген нақты жұмысты немесе қызметті ескере отырып, төлемге қайта есептеу жүргізеді.
Тарау 3. 3. Қаржыландыру көздері
3. Қаржыландыру көздері
Тармақ 11
11. Уәкілетті органның жолдасымен әлеуметтік қызметкерлерді кәсіби даярлау Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
Тармақ 12
12. Аудандық экономика және қаржы бөлімі тиісті жылға жергілікті бюджеттің шығындар бөлігіне сәйкес 002-бағдарламаның 102 кіші бағдарламасының Халықты жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралары 149 ерекшелігі бойынша қаржыландыруды жүзеге асырады.
Тарау 4. 4. Бақылау
4. Бақылау
Тармақ 13
13. Уәкілетті орган білім беру ұйымының оқу мерзімі мен конкурс шарттарын сақтауын бақылайды.