Маңғыстау ауданының құрметті азаматы атағы жөніндегі Қағиданы бекіту туралы Қолданыста
Басқа 0
Маңғыстау ауданының құрметті азаматы атағы жөніндегі Қағиданы бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағы, 12-1 тармақшасына сәйкес, «Маңғыстау ауданының құрметті азаматы» атағын беруді реттеу мақсатында аудандық Мәслихат шешім етті:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Маңғыстау ауданының құрметті азаматы» атағы жөніндегі Қағида бекітілсін /қосымша/.
Тармақ 2
2. Маңғыстау ауданының әкімиятының «Маңғыстау ауданының құрметті азаматы» атағына ұсыну тәртібін бергілеп, омырау белгісін, диплом мен куәлік дайындау үшін қаражат қарастыру ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Аудандық Мәслихаттың «Маңғыстау ауданының құрметті азаматы» атағы жөніндегі Ережені бекіту туралы 2000 жылғы 3 қазадағы № 7/44 шешімінің күші жойылда деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы шешімінің орындалысын бақылау аудандық Мәслихаттың заңдылық, құқылық тәртіп және жариялылық жөніндегі тұрақты комиссисының төрағасына (Т.Икембай) жүктелсін.
Басқа 5
«Маңғыстау ауданының құрметті азаматы»
атағы жөніндегі Қағиданы бекіту туралы
аудандық Мәслихаттың 2005 жылғы 18 тамыз
13/91 шешімімен бекітілген қосымша
«Маңғыстау ауданының құрметті азаматы» атағы жөніндегі Қағида
Тарау 1. 1. Кіріспе
1. Кіріспе
Тармақ 1
1. «Маңғыстау ауданының құрметті азаматы» атағы Маңғыстау ауданында дүниеге келген немесе осы ауданында кемінде 25 жыл тұрған, өзінің еңбек қызметі кезеңінде ауданның, өндіріс, ағартушылық,ғылым, мәдениет, өнер, денсаулық сақтау және спорт, жомарттық пен қайырымдылықтың дамуына ерекше үлесін қосқан, қоғамдық өмірге, жастарды тәрбиелеу ісіне белсене қатысып, мемлекеттік наградалармен наградталған, жоғары беделмен аудан тұрғындарының құрметіне ие болған азаматтарға беріледі.
Тарау 2. 2. Атақты беру тәртібі
2. Атақты беру тәртібі
Тармақ 2
2. «Маңғыстау ауданының Құрметті азаматы» атағы Республиканың Тәуелсіздік күніне жылына бір рет, бірақ жылына екі адамнан артық емес, аудандық Мәслихат шешімімен беріледі.
Тармақ 3
3. «Маңғыстау ауданының құрметті азаматы» атағын беру туралы талапты тиісті негіздеме және мінездемемен, ауыл, село әкімдерімен, кәсіпорындар мен мекемелердің еңбек ұжымдары, қоғамдық ұйымдар, азаматтардың жиналыстарының шешімдері мен ұсыныстары негізінде аудан әкімі бере алады.
Тармақ 4
4. Талапқа үміткер туралы төмендегідей мәліметтер қоса берілуі қажет:
Тармақша 1
1) үміткер өмірбаяны;
2 ) 13*18-2 дәне, 3*4-2 дәне суреттер:
Тармақша 3
3) сіңірген еңбегі және наградталған мерзімін көрсетіп, үкіметтік және өзге де наградалардың тізімімен нақты мінездеме:
Тармақша 4
4) кәсіпорындар мен мекемелердің еңбек ұжымдарының қоғамдық ұйымдардың, азаматтардың жиналыстарының жалпы жиналысының шешеімдері мен хаттамасы:
Тармақ 5
5. Ұсыныс Тәуелсіздік күні мерекесіне дейін екі айдан кешіктірілмей жолдануы тиіс.
Тармақ 6
6. Аудандық Мәслихаттың заңдылық, құқықтық тәртіп және жариялылық жөніндегі тұрақты комиссиясы екі апта ішінде аудандық Мәслихаттың сессиясында қарау үшін ұсыну бойынша қорытынды дайындау қажет.
Тармақ 7
7. Маңғыстау ауданы құрметті азаматына аудандық Мәслихаттың сессиясында немесе еңбек ұжымы мен тұрғындар жиынында салтанатты түрде «Маңғыстау ауданының құрметті азаматы» куәлігі, диплом және омырау белгісі тапсырылады.
Тарау 3. 3. «Маңғыстау ауданының құрметті азаматы» дипломының сипаттамасы
3. «Маңғыстау ауданының құрметті азаматы» дипломының сипаттамасы
Тармақ 8
8. «Маңғыстау ауданының құрметті азаматы» дипломы тығыз ақ қағазда орындалады. Титулдық бетке «Маңғыстау ауданының құрметті азаматы Дипломы» деп жазылады.
Дипломның ішкі бетінде түрлі-түсті бейнедегі Қазақстан Республикасының Елтаңбасы және «Маңғыстау ауданының құрметті азаматы» атағын беру туралы аудандық Мәслихат шешімінің мәтіні жазылады. Диплом Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы түстес арнайы папкіге салынады.
Тарау 4. 4. "Маңғыстау ауданының құрметті азаматы" белгісі туралы
4. "Маңғыстау ауданының құрметті азаматы" белгісі туралы
Тармақ 9
9. «Маңғыстау ауданының құрметті азаматы» омыраулық белгісі арнайы үлгідегі металдан жасалынады.Белгідегі «Маңғыстау ауданының құрметті азаматы» жазуы қазақ жіне орыс тілдерінде жазылады.
Тарау 5. 5. Маңғыстау ауданының құрметті азаматтарын тіркеу
5. Маңғыстау ауданының құрметті азаматтарын тіркеу
Тармақ 10
10. Маңғыстау ауданының құрметті азаматтарын тіркеу аудан әкімінің аппаратында жүргізіледі.
Тарау 6. 6. «Маңғыстау ауданының құрметті азаматы» атағынан айыру
6. «Маңғыстау ауданының құрметті азаматы» атағынан айыру
Тармақ 11
11. «Маңғыстау ауданының құрметті азаматы» атағынан айыру төменде көрсетілген жағдайларда аудандық Мәслихат шешімімен жүргізіледі:
Тармақша 1
1) құрметті атақ иегерін соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгеннен кейін жасаған қылмысы үшін соттағанда:
Тармақша 2
2) атақ иегері үлкен қоғамдық назарлық тудырған жағымсыз әрекеттер жасағанда, наградтау туралы ұсыныс енгізген органның ұсынуы бойынша;
Тармақ 12
12. «Маңғыстау ауданының құрметті азаматы» атағынан айрылған адам аудандық Мәслихатқа дипломды, куәлікті және омырау белгісін қайтарады.
Тарау 7. 7. Маңғыстау ауданының құрметті азаматтарына берілетін жеңілдіктер
7. Маңғыстау ауданының құрметті азаматтарына берілетін жеңілдіктер
Тармақ 13
13. Маңғыстау ауданының құрметті азаматтары құрметті азамат куәлігін ұсынумен құрметті қонақтар ретінде салтанатты жиналыстар мен аудандық мерекелік шараларға қатысуға құқылы.
Тармақ 14
14. Маңғыстау ауданының құрметті азаматына жергілікті бюджет қаражатынан «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек» бағадарламасы бойынша аудан көлемінде машруттық автобустарды пайдаланған жолақы және коммуналдық,байланыс,тұрғын үй пайдалану төлемдері үшін жиырма еселік айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы материалдық көмек беріледі.
Тармақ 15
15. Материалдық көмек жыл сайын «Тәуелсіздік күні» мерекесі қарсаңында төленеді.