Об утверждении правил содержания домашних животных на территории Железинского района Қолданыста
Басқа 0
Железин ауданының аумағына үй жануарларын ұстау ережелерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-шы бап 1-тармағына 8 тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзу» Кодексінің 3-шы бап 2 тармағына сәйкес, аудан Мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Железин аудандық аумағына үй жануарларын ұстау ережелері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім орындалуын бақылау заңдылық, құқықтың тәртіп және азаматтардың үндеуі жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім юстиция органдарына тіркеуге алынған және бұқаралық ақпараттар құралдарында жарияланған күннен іске қосылады.
Басқа 4. Железин ауданының территориясында үй жануарларын сақтау
ЕРЕЖЕЛЕРІ
2005 жылғы 29 наурыздағы
Железин аудандық мәслихатының
3 шақырылымдағы кезектен тыс
14 сессиясының № 99-3/14
шешімімен бекітілді
Железин ауданының территориясында үй жануарларын сақтау
ЕРЕЖЕЛЕРІ
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Беріліп отырған Ереже үй жануарларын сақтау және ауруларға қарсы өткізілетін іс шараларды, аудан азаматтарының қауіпсіздігін есепке алады.
Тармақ 2
2. Беріліп отырған Ереже Қазақстан Республикасының «Мал дәрігерлері туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік реттеу туралы» Кодексіне сәйкес қабылданған.
Тарау 2. 2. Үй жануарларының иелерінің қызметі және құқығы
2. Үй жануарларының иелерінің қызметі және құқығы
Тармақ 3
3. Үй жануарларының иелері үйде ит, мысық және басқа жануарлар ұстауға құқықты:
Тармақша 1
1) зообұрышта, жасөспірімдер мен балалар мекемелерінде «тірі бұрыштар», жаздық және қыстық сауықтандыру, санитарлық – емдеу мекемелерінде, мал дәрігері және санитарлық – эпидемиология стансасының рұқсатымен;
Тармақша 2
2) арнаулы қоршаған территорияда (вольера) еркін далаға шығу яғни байлаулы түрде;
Тармақша 3
3) мекеме және ұйымдардағы сақшы иттерді тек қана байлаулы түрде;
Тармақша 4
4) арнаулы ұйымдарда арнаулы тағайындалған иттерді жедел қолданғанда ауыздық және жіпсіз, үйрету – ойнату орындарында, мал дәрігерлік санитарлық сақтау кезінде, гигиеналық талаптарды және міндетті түрде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Тармақ 4
4. Азаматтардың міндетті түрде қауіпсіздігін қамтамасыз еті, иттерді тұрғын үйден далаға, аулаға және көшеге қысқа ноқтамен (1 метрге дейін, кішкенелерін 2 метрге дейін), ауыздықпен шығарсын.
Тармақ 5
5. Иттерді, мысықтарды және басқа үй жануарларды көпшілік қолданатын көліктермен, сол көліктің қолданысындағы ережеге сәйкес алып жүргенде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Иттерді, мысықтарды және басқа үй жануарларының иелерінің қызметі:
Тармақша 1
1) өзінің қолындағы жануарларды ауыл округіндегі мал дәрігер инспекторлары қолданыстағы заңға сәйкес тіркеуге алсын;
Тармақша 2
2) басқа ауылға көшу және басқа жақтан сатып алғанда ауыл округінің мал дәрігер инспекторына 5 күннің ішінде хабарласын;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының Мал дәрігерлері туралы Заңына сәйкес жануарларды мал дәрігер мекемесіне тексеру және профилактикалық жұмыстарды жүргізу үшін жеткізсін.
Тармақша 4
4) иттерді мысықтарды және басқа үй жануарларын далаға алып шыққанда конфискатты қоқыс жәшікке яғни контейнерге тастау үшін керек саймандарды алып шықсын;
Тармақша 5
5) ауыл округінде мал дәрігер мамандарына жылына екі рет (көктем, күз) үй жануарларын, иттерді, мысықтарды, құстарды және бал араларын профилактика жұмыстарын өткізсін.
Тармақ 7
7. Мал және құстар арнаулы жабық бөлмелерде үй ғимаратынан 15 метр жерде сақталуы тиіс, ал мектеп, балалар және емделу территориясынан, стационардан, орталық тамақтандыру мекемелерінен, сату реттерінен, тамақ өнеркәсібінен, бұқара дем алу орнынан, жасанды су қоймаларынан және өзен жағасынан 100 метрден жақын болмау керек.
Тармақ 8
8. Мал және құстар тұратын бөлмелер үнемі жаңа күйдірілген әкпен ақталып, ал едені дезинфекциялану керек. Ауладан санитар – техника талабына сәйкес қи сақтау орны, құстар, қояндар далаға шығатын жабдықталған вольера болуы керек.
Тармақ 9
9. Қаңғыбас тіркеуде жоқ жануарлар арнаулы бригада мен аулап оны ауыл әкімдігінің қабылдау пунктіне тапсырылады.
Тармақ 10
10. Әрбір ауру және аудан тұрғындарының жануарларын тістеу яғни жарақат алғанда ауыл округіндегі мал дәрігер инспекторына жылдам хабар беріліп, арнаулы қаңғыбас жануарларды аулайтын бригадаға хабарлайды.
Тарау 3. 3. Үй жануарлары иелерінің жауапкершілігі
3. Үй жануарлары иелерінің жауапкершілігі
Тармақ 11
11. «Железин ауданы территориясында үй жануарларын ұстау Ережесін» бұзған үшін Қазақтан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылар туралы» Кодексіне сәйкес жауапкершілік қарастырылады. Берілген Ереже басылған күннен бастап күшіне енеді.