Об утверждении Положения о комиссии по делам несовершеннолетних и защите их прав города Петропавловска Күшін жойған
Басқа 0
Петропавл қаласының кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссия туралы Ереженi бекiту туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы"Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабының 1 тармағының 14 тармақшасына, «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы"Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi №591 Заңының 8 және 9 баптарына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 11 маусымдағы «"Кәмелеттiк жасқа толмағандардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссия туралы тұрпатты ереженi бекiту туралы" N 789 қаулысына сәйкес, кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылыєтардың, қараусыз қалуының алдын алу, олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау саласындағы мемлекеттiк органдардың және мекемелердiң қызметiн үйлестiрудi қамтамасыз ету мақсатымен қала әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Петропавл қаласының кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссия туралы Ереже бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары Т.Н. Құлжановаға жүктелсiн.
Басқа 3
Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң
2005 жылғы 19 наурыздағы № 210
қаулысымен
БЕКIТIЛДI
Петропавл қаласының кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссия туралы ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссия (бұдан әрi-Комиссия) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардыі, қадағалаусыз және панасыз қалудын профилактикасы, олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау саласындағы мемлекеттiк органдар мен мекемелердң қызметiн үйлестiрудi қамтамасыз ететiн тұрақты жұмыс iстейтiн алқалы орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Комиссия құрамы қалалық мәслихаттың әкiмiмен бекiтiледi.
3.Комиссияныңқұрамына төрағасы, төрағасының орынбасары, комиссия мүшелерi және жауапты хатшысы кiредi. Төраға мен жауапты хатшы қала әкiмiнiң аппаратының штатында қызмет атқарады.
Тармақ 4
4. Комиссияның құрамына қалалық мәслихаттың депутаты, қалалық iшкi iстер органының, қалалық бiлiм беру, мәдениет, денсаулық сақтау, әдiлет органдарының, жұмыспен қамту, қамқоршылық пен қорғаншылық мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның, кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алуға мүдделi қоғамдық және бөлiмiнiң және өзге де ұйымдардың өкiлдерi кiредi.
Тарау 2. 2. Комиссияның негiзгi функциялары
2. Комиссияның негiзгi функциялары
Тармақ 5
5. Комиссия өз құзыры шегiнде:
Тармақша 1
1) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау және қалпына келтiру, кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз,панасыз қалуына, құқық бұзушылықтармен қоғамға жат iс-әрекеттер жасауына ықпал ететiн себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөнiндегi шараларды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) мемлекеттiк органдардың кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз, панасыз қалудың және қоғамға жат iс-әрекеттердің профилактикасы жөнiндегi қызметiн жетiлдiруге, оларды әлеуметтiк оңалтуға бағытталған қалалық бағдарламалар мен әдiстемелердi әзiрлейдi;
Тармақша 3
3) бала құқығын қорғау жөнiндегi мiндеттердi жүзеге асыратын қалалық ұйымдардағы кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, әкету, бағып күту жағдайларын бақылауды қамтамасыз етуге қатысады;
Тармақша 4
4) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылыєтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың жай-күйiн зерделейдi және осы салада әлеуметтiк зерттеулер жүргiзудi ұйымдастырады;
Тармақша 5
5) бала құқығыг қорғау жөнiндегi мiндеттердi жүзеге асыратын қалалық ұ йымдар желiсiнiң дамуына жәрдемдеседi және олардың қызметiнiң мониторингiн қамтамасыз етедi;
Тармақша 6
6) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылыєтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасымен айналысатын қалалық органдар мен ұйымдардың оң тәжiрибесiн жинақтап, таратады және оларға әдiстемелiк және практикалық көмек көрсетедi;
Тармақша 7
7) мүдделi мемлекеттiк органдар басшыларының кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылыєтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы, олардыі құқықтарын қорғау бойынша жүргiзген жұмыстары туралы есептерiн және олардың арасында жетекшiлiк ететiн мәселелер бойынша өзартындайдыа ақпарат алмасуды ұйымдастырады;
Тармақша 8
8) кәмелетке толмағандарды арнаулы бiлiм беру ұйымдарына және ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдарына жiберу мәселелерi бойынша сотқа материалдар дайындауға қатысады;
Тармақша 9
9) қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiнен босатылған не арнаулы бiлiм беру ұйымдары мен ерекше режимде ұстайтын бiлім беру ұйымдарынан оралған кәмелетке толмағандарды жұмысқа орналастыруда және тұрмыстық жағдайын қалыптастыруда, сондай-ақ өмiрде қиын душар болған кәмелетке толмағандарды әлеуметтiк оң алту жөнiндегi өзге де мiндеттердi жүзеге асыруда мүдделi органдардың қызметiн үйлестiредi;
Тармақша 10
10) құқық бұзған кәмелетке толмағандарға, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және бағып-күту жөнiндегi өз мiндеттерiн орындамайтын не олардың мiнез-қылықтарына терiс әсер ететiн кәмелетке толмағандардың ата-аналары мен заңды өкiлдерiне қатысты материалдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қарайды;
Тармақша 11
11) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жөнiнде жүргiзiлген жұмыс туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды ұйымдастырады.
Тармақ 6
6. Комиссия өз қызметiнде әкiмдiк пен қала мәслихатының алдында жауапты, сондай-ақ жоғары тұрған комиссияның бақылауында болады және оған есеп бередi.
Тарау 3. 3. Комиссия қабылдайтын шаралар
3. Комиссия қабылдайтын шаралар
Тармақ 7
7. Кәмелетке толмағандарды орналастыру жөнiндегi комиссия қабылдайтын шаралар:
Тармақша 1
1) кәмелеттiк жасқа толмағандарды тәрбиелеуге және оқытуға, қылмыс жасауыныі, құқық бұзұшылықтарының және қараусыз қалуының алдын алуға жауапты басқа органдармен бiрлесiп, олардың өмiрi мен денсаулығына қауiп түндiретiн жағдайдағы, бiлiм беру ұйымдарына ұзақ уақыт бармай жүрген, мемлекет көмегiне мұқтаж жасөспiрiмдердi айқындайды, оларға жеке есеп жүргiзедi, осы кәмелеттiк жасқа толмағандарды орналастыру туралы шешiм қабылдайды және қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылайды;
Тармақша 2
2) кәмелеттiк жасқа толмағандарды орналастыру туралы шешiмдi бiлiм беру, iшкi iстер, денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтiк қорғау органдарына жiбередi, олар өз кезегiнде екi апта мерзiмде комиссияға қабылданған шаралар туралы хабарлауға мiндеттi;
Тармақша 3
3) ата-анасыныі немесе өзге де заңды өкiлдерiнiң жоқтығына, ата-анасының ата-аналық қықғынан айырылуына байланысты арнайы бiлiм беру ұйымдарын бiтiрiп шыққан немесе тәрбие колониясынан босатылған кәмелеттiк жасқа толмағанның бұрынғы тұрғылықты жерiне оралуы мүмкiн емес немесе қажет болмаған жағдайларында, сондай-ақ кәмелетке толмағанның тәртiбiне терiс әсер ететiн өзге де себептерге байланысты аталған мекемелердiң орналасқан жерiндегi комиссия кәмелетке толмағанның мүдделерiн есепке ала отырып, бiлiм беру ұйымдарына орналастыру немесе еңбекке орналастыру жөнiнде, сондай-ақ ол үшiн тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлар жасау жөнiнде көмек көрсетедi. Комиссия мәселенi кәмелеттiк жасқа толмағанның жазбаша өтiнiшi мен тиiстi мекеме әкiмшiлiгiнiң дәлелдi қорытындысы берiлген күнiнен бастап он күн iшiнде қарайды. қажет болған жағдайларда кәмелеттiк жасқа толмағанға қорғаншылық немесе қамқорлық белгiлеу үшiн комиссия тиiстi қорғаншылық және қамқорлық органына өтiнiш бiлдiредi.
Тармақ 8
8. Комиссияның кәмелеттiк жасқа толмағандарға қолданатын ықпал ету шаралары.
Кәмелеттiк жасқа толмағандардың қылмыстық жауапкершiлiк туындайтын жасқа жеткенге дейiнгi әкiмшiлiк құқық бұзушылықтары немесе қылмыс белгiлерi бар қоғамға қауiптi iс-әрекетерi жөнiндегi iстердi қарау кезiнде комиссия кәмелеттiк жасқа толмағанның ерекшелiгiн, өмiр сүру және тәрбие жағдайларын, психикалық даму деңгейiн, жеке адамның өзге де ерекшелiктерiн, әлеуметтiк жағдайы мен мiнез-қылқын, жасы үлкендердiң рөлi мен ықпалын, сондай-ақ әкiмшiлiктiк заңнамамен көзделген шаралардан басқа, кәмелеттiк жасқа толмағанды арнайы бiлiм беру ұйымдарына жiберу туралы сотқа өтiнiш бере алады.
Тармақ 9
9. Кәмелеттiк жасқа толмағандардың балаларды тәрбиелеу және оқыту жөнiндегi өз мiндеттерiн орындамайтын не олардың дене тірбиесiнiң қалыпты және өнегелi дамуына керi әсерiн тигiзетiн ата-аналарына немесе өзге де заңды өкiлдерiне комиссия мынадай ықпал ету шараларын қолдана алады:
Тармақша 1
1) кәмелетке толмағандарға келтiрген материалдық зиянды өндiрiп алу туралы сотқа өтiнiш беру;
Тармақша 2
2) кәмелеттiк жасқа толмағанның өмiрiне немесе оның денсаулығына тiкелей қауiп төнген кезде кәмелеттiк жасқа толмағанды ата-анасынан немесе оны қамқорлыққа алған өзге де заңды өкiлдерiнен дереу алып қою туралы, сондай-ақ қорғаншыны немесе қамқоршыны өздерiнiң мiндеттерiн орындаудан шеттету туралы, баланы тәрбиелеуге беру туралы шарттың бұзылуы туралы, не баланы асырап алуды (қыз баланы асырап алуды) сот тәртiбiмен жою туралы қорғаншылық және қамқорлық жасау органына өтiнiш беру;
Тармақша 3
3) ата-аналық құқығын шектеу жөнiнде немесе айыру, не оларға Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де шаралар қолдану туралы сотқа өтiнiш беру.
Тарау 4. 4. Комиссияның материалдарды қарау тәртiбi
4. Комиссияның материалдарды қарау тәртiбi
11.Комиссия кәмелетке толмағанға, оның ата-анасына немесе өзге де заңды өкiлдерiне қатысты материалдарды:
Тармақша 1
1) кәмелеттiк жасқа толмағанның, оның ата-анасының немесе өзге де заңды өкiлдерiнiң өтiнiшi бойынша;
Тармақша 2
2) өзiнiң жеке бастамасы бойынша;
Тармақша 3
3) азаматтардың ақпараттары бойынша;
Тармақша 4
4) бiлiм беру ұйымдарының ұсыныстары бойынша, сондай-ақ олардың ұйымдастыру-құқықтық нысанына қарамастан өзге де органдар мен ұйымдардың өтiнiштерi;
Тармақша 5
5) қылмыстық жауапкершiлiк туындайтын жасқа толғанға дейiн қауiптi iс-әрекет жасаған кәмелеттiк жасқа толмаған қатысты iшкi iстер органдарының немесе прокуратураның материалдары бойынша қарайды.
Тармақ 12
12. Комиссия кәмелеттiк жасқа толмағанға, оның ата-анасына немесе өзге де заңды өкiлдерiне қатысты материалдарды осы Ережемен және Қазақстан Республикасының құқықтық актiлерiмен белгiленген тәртiппен қарайды.
Тарау 5. 5. Комиссия отырыстарын дайындау
5. Комиссия отырыстарын дайындау
Тармақ 13
13. Комиссияның қарауына келiп түскен материалдардың уақытылы және дұрыс қаралуын қамтамасыз ету мақсатында оларды комиссияның төрағасы не оның тапсырмасы бойынша комиссия төрағасының орынбасары алдын-ала зерделейдi.
Тармақ 14
14. Комиссияның қарауына келiп түскен материалдарды алдын ала зерделеу процесiнде ол:
Тармақша 2
2) осы материалдардың деректерiн қарау оның құзыретiне жататындығын;
Тармақша 3
3) комиссия отырысына шақыртып алуға немесе шақыруға жататын адамдар шеңберiн;
Тармақша 3
3) материалдарды дұрыс және уақытылы қарау үшiн маңызы бар жағдайларға қосымша тексеру жүргiзу, сондай-ақ қосымша материалдарды талап ету қажеттiлiгiн анықтайды.
Тармақ 15
15. Комиссия материалдарды алдын-ала зерттеу нәтижелерi бойынша мынадай шешiмдер қабылдай алады:
Тармақша 1
1) материалдарды қарауға тағайындау және кәмелетке толмағанды, оның ата-анасын немесе өзге де заіды өкiлдерiн, отырысқа қатысуы мiндеттi деп танылған басқа да адамдарды комиссия отырысының күнi мен орны туралы хабардар ету;
Тармақша 2
2) келiп түскен материалдардағы мәлiметтерге тексеру жүргiзу немесе оны жүргiзудi тиiстi мамандарға тапсыру;
Тармақша 3
3) комиссия отырысында қарауға жататын міселелердiң нақтылығы бойынша кәмелетке толмағанның, оның ата-анасының немесе өзге де заңды өкiлдерiнiң өтiнiшiн қарау;
Тармақша 4
4) кәмелеттiк жасқа толмағанның комиссия отырысына келуiн қамтамасыз ету жөнiнде осы Ереженiң 16-тармағында көзделген шараларды қабылдау.
Тармақ 16
16. Кәмелетке толмаған, оның ата-анасы немесе өзге де заңды өкiлдерi, адвокат комиссия отырысы басталғанға дейiн оның қарауына дайындалған материалдармен танысуға құқылы. Осы тармақта көрсетiлген адамдардың материалдармен танысу құқығы оларды комиссия отырысына шақыру туралы шақыру қағазында түсiндiрiледi.
Комиссияның алған материалдары олардың комиссияға келiп түскен күнiнен бастап он бес күн iшiнде қаралуы тиiс.
Тармақ 17
17. Комиссия отырысына қатысушы адамдардың келуiн қамтамасыз ету.
Кәмелеттiк жасқа толмаған комиссия отырысына қатысудан жалтарады деуге негiз болған кезде, комиссия келуiн қамтамасыз ету үшiн жауапкершiлiктi ата-анасына немесе өзге де заңды өкiлдерiне, не ол тәрбиеленетiн бiлiм беру ұйымдары әкiмшiлiгiне жүктейдi, олар осы міселе бойынша жазбаша мiндеттемелер бередi.
Кәмелеттiк жасқа толмағандардың заңды өкiлдерiне хабарланғаннан кейiн комиссия отырысына дәлелдi себептерсiз келмеген ретте:
Тармақша 1
1) қоғамға қауiптi iс-әрекет жасаған, он төрт жасқа толған кәмелеттiк жасқа толмағандар;
Кәмелетке толмағандар қоғамға қауiптi iс-әрекет жасағаны үшiн жауаптылық туындайтын жасқа жетпеген жағдайда олардың заңды өкiлдерi мәжбүр етiлiп жеткiзiледi.
Тарау 6. 6. Комиссия отырыстарын өткiзу тәртiбi
6. Комиссия отырыстарын өткiзу тәртiбi
Тармақ 18
18. Комиссия отырысы қажетiне қарай, бiрақ кемiнде айына екi рет өткiзiледi және әдетте ашық болып табылады. Кәмелеттiк жасқа толмаған, оның ата-анасы немесе өзге де заңды өкiлдерi туралы ақпараттың қµпиялылығын қамтамасыз ету мақсатында комиссия қаралатын материалдардың сипатын ескере отырып, iске қатысушы адамдардың өтiнiшi бойынша жабық отырыс өткiзу туралы дәлелдi қаулы қабылдай алады.
Комиссия қажет кезiнде iстерi қаралатын адамдардың оқу, жұмыс орны немесе тұрғылықты жерi бойынша көшпелi отырыс өткiзе алады.
Тармақ 19
19. Комиссия отырысы егер оған, комиссия мүшелерiнiң кемiнде жалпы санының жартысы қатысса заңды болып табылады. Комиссия отырысына оның төрағасы не оның тапсырмасы бойынша комиссия төрағасының орынбасары төрағалық жасайды.
Тармақ 20
20. Кәмелетке толмағанға қатысты материалдарды комиссия тек кәмелеттiк жасқа толмағанның, оның ата-анасының немесе өзге де заңды өкiлдерiнiң қатысуымен ғана қарайды.
Тармақ 21
21. Кәмелеттiк жасқа толмағанның тiлегi бойынша комиссия жұмысына қатысуға оның адвокаты жiберiледi.
Тармақ 22
22. Комиссия отырысын өткiзу күнi, орны мен уақыты туралы прокурорға мiндеттi түрде хабарлануы керек.
Тармақ 23
23. Қылмыстық жауапкершiлiк туындайтын жасқа толғанға дейiн қоғамға қауiптi әрекет жасаған кәмелеттiк жасқа толмағанға қатысты материалдарды қарау кезiнде отырысқа прокурор шақырылады.
Тармақ 24
24. Комиссия отырысының басында төраға қандай материалдар қаралатын хабарлайды, отырысқа қатысушы адамдармен таныстырады. Мұнан кейiн қажеттi құжаттар жарияланады, келiп түскен материалдар, сондай-ақ негiзделген шешiм қабылдау үшiн маңызы бар жағдайлар зерттеледi, өтiнiштер қаралады, отырысқа қатысушы адамдардың сөзi тыңдалады.
Тармақ 25
25. Қаралатын материалдардың мәнi бойынша өтiнiштердi кәмелетiк жасқа толмаған, оның ата-анасы немесе өзге де заңды өкiлдерi, адвокаты, материалдарды қарауға қатысушы мамандар, сондай-ақ комиссияға кәмелеттiк жасқа толмағанға қатысты ұсынымдармен өтiнiш бiлдiрген адамдар және олардың заңды өкiлдерi бередi. Берiлген өтiнiштердi қарау нәтижелерi комиссия отырысының хаттамасына енгiзiледi.
Тармақ 26
26. Комиссия отырысында кәмелеттiк жасқа толмағанға керi әсерiн тигiзетiн жағдайларды зерттеу уақытында комиссияның оны залдан шығаруға құқығы бар, бұл туралы комиссия отырысының хаттамасында жазылады.
Тарау 7. 7. Комиссияның қаулылары
7. Комиссияның қаулылары
Тармақ 27
27. Кәмелеттiк жасқа толмағанға, оның ата-анасына немесе өзге де заңды өкiлдерiне қатысты материалдарды, сондай-ақ бiлiм беру ұйымдары мен кәмелеттiк жасқа толмағандардың қылмыс жасауының, құқық бұзушылықтарының жіне қараусыз қалуының алдын алу үшiн жауапты органдардың ұсынымдары олардың ұйымдастыру-құқықтық нысанына қарамастан өзге де органдар мен ұйымдардың өтiнiштерi, азаматтардың ақпараттары бойынша комиссия қаулы қабылдайды, онда:
Тармақша 2
2) кәмелеттiк жасқа толмағанды орналастыру жөнiнде осы Ереженiң 7-тармағында көзделген шараларды белгiленген тәртiппен қабылдау туралы;
Тармақша 3
3) осы Ереженiң 8,9 -тармақтарында көзделген ыөпал ету шараларын қолдану туралы;
Тармақша 4
4) дайындалып жатқан не жасалған қылмыс туралы ақпаратты iшкi iстер органдарына жiберу туралы шешiм баяндалады.
Тармақ 28
28. Комиссия қаулысы отырысқа қатысушы комиссия мүшелерiнiң жай көпшiлiк даусымен қабылданады. Егер дауыстар тең бөлiнген жағдайда комиссия отырысына төрағалық етушiнiң дауысы шешушi болып табылады.
Тармақ 29
29. Комиссия қаулысында:
Тармақша 1
1) комиссияның атауы және жеке құрамы;
Тармақша 2
2) комиссия отырысының күнi мен жерi;
Тармақша 3
3) материалдар қаралуға қатысты адам туралы мәлiметтер;
Тармақша 4
4) шешiм қабылдауға негiз болған дәлелдер;
Тармақша 5
5) кәмелеттiк жасқа толмағанның құқық бұзушылығы үшiн жауапкершiлiк көзделетiн не құқықтарына кепiл беретiн нормативтiк құқықтық акт;
Тармақша 6
6) кәмелеттiк жасқа толмағанға комиссия ұсынған әлеуметтiк көмек көрсету жөнiндегi шаралар, олар тапсырылған мен адамдар;
осы қаулы бойынша шағымданудың мерзiмдерi мен тәртiбiн түсiндiру туралы мілiметтер көрсетiледi.
Тармақ 30
30. Комиссия қаулысына төрағалық етушi және оның жауапты хатшысы қол қояды, комиссия отырысында жарияланады және шағымдауға белгiленген мерзiм өткеннен кейiн, заңды күшiне енедi.
Тармақ 32
32. Комиссия қаулысы орындау үшiн тиiстi мемлекеттiк органдарға және олардың ұйымдастыру-құқықтық нысанына байланыссыз ұйымдарға жiберiледi.
Тармақ 35
35. Комиссия қаулысын орындамау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жауапкершiлiк жүктейдi.
Тарау 8. 8. Комиссияның ұсынысы
8. Комиссияның ұсынысы
Тармақ 36
36. Егер материалдарды қарау барысында кәмелеттiк жасқа толмағандардың қылмыс жасауына, құқық бұзушылықтарына, қоғамға қарсы әрекеттер мен қараусыз қалуына ықпал ететiн себептер мен жағдайлар, сондай-ақ кәмелеттiк жасқа толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзушылықтар анықталатын болса, комиссия мемлекеттiк органдарға, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына және олардың ұйымдастыру-құқықтық нысанына қарамастан, ұйымдарға оларды жою туралы тиiстi ұсыныстар енгiзедi.
Тармақ 37
37. Осы тармақта көрсетiлген органдар мен ұйымдардың лауазымды адамдары комиссия ұсынысын алған күнiнен бастап бiр айдың iшiнде оны қарауға және тиiстi комиссияға кәмелеттiк жасқа толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзуды жою жөнiнде қабылданған шаралар туралы хабарлауға мiндеттi.
Тармақ 38
38. Кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылықтар жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою жөнiнде қабылданған шаралар туралы хабарламау Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк заңнамасында белгiленген жауапкершiлiк жүктейдi.
Тарау 9. 9. Комиссия отырысының хаттамасы
9. Комиссия отырысының хаттамасы
Тармақ 39
39. Комиссия отырысында комиссияның жауапты хатшысы хаттама жүргiзедi, онда:
Тармақша 1
1) комиссияның атауы мен жеке құрамы;
Тармақша 2
2) комиссия отырысының күнi мен жерi;
Тармақша 3
3) қаралатын материалдардың мазмұны;
Тармақша 4
4) материалдарды қаралатын адамның тегi, аты және әкесiнiң аты, туған күнi мен жерi, оның тұрғылықты жерi, сондай-ақ материалдардың қаралуы үшiн маңызы бар өзге де мәлiметтер;
Тармақша 5
5) комиссия отырысына қатысушылардың келуi және оларға олардың құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiру туралы мәлiметтер;
Тармақша 6
6) комиссия отырысына қатысушы адамдардың түсiнiктемелерi;
Тармақша 7
7)материалдарды қарау кезiнде зерттелген құжаттар мен заттай айғақтар;
Тармақша 8
8) берiлген өтiнiштер мен оларды қарау нәтижелерi, комиссия отырысында қабылданған қаулы немесе ұсынысты жариялау туралы мәлiметтер;
Тармақша 9
9) қабылданған қаулы немесе ұсыныс бойынша шағымдану мерзiмдерi мен тәртiбiн түсiндiру туралы мәлiметтер көрсетiлуi тиiс.
Тармақ 40
40. Комиссия отырысының хаттамасына төрағалық етушi және оның жауапты хатшысы қол қояды.
Тармақ 41
41. Кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауына, құқық бұзушылықтарына, қоғамға қарсы әрекеттерiне, сондай-ақ қараусыз қалуына ықпал ететiн себептер мен жағдайларды жою жөнiндегi жұмыстарды зерттеу мақсатында комиссия отырыстарда қаралған барлық iстердi есепке алуды және сақтауды ұйымдастырады, өзiнiң аумағының шегiнде осы есепке алудың деректерiн қорытындылайды.
Тарау 10. 10. Комиссияның қаулысына немесе ұсынысына шағым беру
10. Комиссияның қаулысына немесе ұсынысына шағым беру
Тармақ 42
42. Қаралған материалдар бойынша комиссия қабылдаған қаулы немесе ұсыным кiмге қатысты қабылданса сол адам, оның заңды өкiлдерi, адвокаты, сондай-ақ жәбiрленушi сотқа немесе жоғары тұрған комиссияға шағым бере алады.
Тармақ 43
43. Көрсетiлген мерзiмде шағым беру тиiстi қаулының немесе ұсынымның орындалуын тоқтатады.
Тармақ 44
44. Комиссияның қаулысы немесе ұсынымы бойынша сотқа шағым беру мерзiмдерi мен тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiленедi.
45.Комиссия қаулысына немесе ұсынымына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен прокурор наразылық бiлдiре алады.
Тарау 11. 11. Комиссияны материалдық-техникалық қамтамасыз ету
11. Комиссияны материалдық-техникалық қамтамасыз ету
Тармақ 46
46. Комиссия қызметiн материалдық-техникалық қамтамасыз ету әкiмнiң аппаратына жүктеледi.