Об утверждении Правил благоустройства, содержания населенных пунктов и защиты зеленых насаждений в Зеленовском районе Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.02.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Зеленов ауданының тұрғын мекендерін ұстау және көріктендіру, жасыл ағаштарды қорғау Ережелерін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағы 8 тармақшасы, «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінің 300,387 баптарына сәйкес Зеленов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Зеленов ауданы тұрғын мекендерінде жасыл ағаштарды көріктендіру, ұстау және қорғау Ережелері бекітілсін қосымшаға сәйкес.
Тармақ 2
2. Осы шешімінің орындалуын бақылау ауыл мен аграрлық саясатты дамыту.экология,жер пайдалану және технологиялық үрдістер мәселелері бойынша тұрақты комиссияға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін өз күшіне енеді.
Басқа 4. Зеленов ауданы тұрғын мекендерін ұстау және көріктендіру, жасыл ағаштарды қорғау Ережелері
Бекітілді 2005 жылғы 22 ақпандағы №13-2 Зеленов аудандық мәслихатының шешімінің қосымшасы Зеленов ауданы тұрғын мекендерін ұстау және көріктендіру, жасыл ағаштарды қорғау Ережелері
Тармақ 1
1. Осы ережелердің толық және сәтті орындалуы үшін ауылдық округі әкімдері ауданның сәйкесті қызметтерімен бірге тұрғын мекеннің аймағын жер иеленушілерге бекітсін. Осы бекітілген аймаққа бекітілген учаскіден басқа іргелес орналасқан аймақта кіреді.
Тармақ 2
2. Бекітілген аймақтағы осы ережелердің талаптары жер иеленушілерімен немесе мамандандырылған мекемелерімен бірге келісімшарт бойынша орындалу қажет. Осындай жұмыстар көп қабатты үйлер үшін пәтер иелері комитетімен немесе (үй комитеттері арқылы жүргізіледі (олар болмаған жағдайда ауылдық округі әкімдері 1 сәуір 2005 жылға дейін құрулары қажет).
Тармақ 3
3. Жер иеленуші құрылыс жүргізілетін жерлерде сол орынды және оған іргелес орналасқан аймақты осы Ережелердің талаптарына сәйкестендіру қажет.
Тармақ 4
4. Жер иеленуші жеке учаскісіндегі құрылыс нысандарын бұзар алдында ауылдық округі әкіміне осы құрылыс нысандарын бұзу жоспары мен арызын беру қажет.Тек осыдан кейін оның құрылыс нысандары бұзуын жүзеге асыруға қақысы бар. Кейін учаскідегі қалған құрылыс қоқысын шығару және сол учаскінің жерін жыртуын жүзеге асыру қажет.
Тармақ 5
5. Қатты және сұйық қоқыстардың зарарсыздандырылуы арнайы бөлінген учаскілерде немесе зарарсыздандыру мен қайта өңдеу бойынша құрылыстарында жүзеге асырылу қажет. Бұндай талаптар қатты тұрмыстық қоқыстарын (бұдан әрі- ҚТҚ) қайта өңдеу санитарлық ережелері мен нормаларында мазмұндалған.Қоқыстарды басқа.осыған арналмаған жерлерге шығару.оларды жағу және ауыл шаруашылық далаларда(жайлауларда) көміп тастауға рұқсат етілмейді.
Тармақ 6
6. Бекітілген аймақтардың көріктендіруі мен тазалығының сақталуына жауапты барлық жер иеленушілер аймақтарды асылдандыру, көріктендіру, тазарту, жарықтандыру бойынша іс-шаралар жоспарын жасап, ауылдық округі әкімімен келісім жасау қажет.
Тармақ 7
7. Бекітілген аймақтар тазалықта ұсталуы тиіс, уақытында арамшөп пен оқыстан тазартылғаны жөн. Ғимараттардың.үйлердің алдыңғы жағы, қоршаулар ұқыпты ұсталғаны жөн, олардың сырлануы мен жөнделуі уақытында өткізілу қажет. Аймақ жабдықталған, жасылдандырылған, жарықтандырылған болу қажет, жүргінші олдар орналастырылуы тиіс. Аймақта орналасқан жасыл ағаштарға үнемі күтім жүргізу қажет. Аймақта қоқысты жинастыратын контейнерлері үшін көлікке ыңғайлы кіреберіс жолдары бар арнайы алаң бөлінуге тиіс.
Тармақ 8
8. Киосктер, дүкендер жанында ыдыс пен тауарларды, басқа қоқыстарды жинастыруға, сонымен қатар іргелес жатқан аймақты қолдануға рұқсат етілмейді. Мемлекеттік мекемелер, Денсаулық сақтау, білім, сауда, қоғамдық тамақтану нысандарына іргелес орналасқан қоғамдық көшелердің, аяқжолдардың көріктендірілуіне өздері жауапты.
Тармақ 9
9. Барлық даңғылдарда, көшелерде, бақшаларда, саябақтарда, вокзалдарда, базарларда, автокөлік аялдамаларында, қоғамдық тамақтану мен сауда орындарында және көпшілік пайдаланатын басқа жерлерде сауыттар жеткілікті қойылуға тиіс. Көпшілік жүретін көшелерде сауыттар арасындағы қашықтық 40 метрден кем емес және халқы аз көшелерде 100 метрден кем емес болуға іс. Автокөлік аялдамаларында сауыттардың қондырылуы міндетті. Сауыттардың таза күйінде сақталуына бекітілген аймақтардың жинастырылуын жүзеге асыратын мекемелер, кәсіпорындар және ұйымдар жауапты.
Тармақ 10
10. Жапырақтар түсетін кезде түсіп қалған жапырақтарды уақытында жинау қажет. Жинастырылған жапырақтар арнайы бөлінген учаскілерге апарылуы іс. Жапырақтарды тұрғын аймақтарда, бақтарда, саябақтарда жағуға рұқсат етілмейді.
Тармақ 11
11. Қысқы кезде аяқжолдар мен жолдар уақытында қар мен мұздан тазартылуы тиіс. Қоршаған ортаға болымсыз әсер ету мүмкіндігін ескеріп, көктайғақпен, күресу шаралары және қар қоқыстарының орналасу учаскілері аудандық мемлекеттік санитарлық эпидемиялогиялық қадағалау басқармасымен келісілу қажет.
Тармақ 12
12. Мұз қалдықтарын асырып тастау, жинастыру, орнын ауыстыру, жасыл еректер алаңындағы қарды ластату рұқсат етілмейді және ауылдық округі әкімімен белгіленген жерге шығарылуы тиіс.
Тармақ 13
13. Бақтарда, саябақтарда, жол бойындағы орман алқаптарында жасыл ағаштарды кесіп алуға ауылдық округі әкімінің рұқсаты болған жағдайда жүзеге асырылады.
Тармақ 14
14. Техниканың, металл қалдықтарының қондырылуы мен сақталуы арнайы бөлінген және қоршалған учаскіде жүзеге асырылады, оларды үй иеліктерінің қасында сақтауға рұқсат етілмейді.
Тармақ 15
15. Жоспарлы-реттеулі жүйе мен тұрмыстық қоқыстардың шығарылу тәртібі коммуналдық шаруашылық органдары мен санитарлық қызметінің ұсынысы бойынша әкімдіктердің шешімімен анықталады.
Тармақ 16
16. Тұрғылықты жерлердің тиесілі санитарлық деңгейін, арнайы көлік парктерінің аса тиімді пайдалануын қамтамасыз ету үшін тұрмыстық қоқыстарды біртұтас орталықтандырылған жүйе бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес коммуналдық кәсіпорынның арнайы көлігімен немесе соған арналған жеке арнайы көлігімен шығарылу қажет.
Тармақ 17
17. Жоспарлы-реттеулі тазарту қоқыстардың шығарылуын жүзеге асыратын мекемелер және аудандық мемлекеттік санитарлық эпидемиялогиялық қадағалау басқармасының келісілгені бойынша тұрғын органның арасында құрастырылған шарт-графиктер бойынша өткізілу қажет (контейнерлік қондырғылары бар нысандары үшін).
Тармақ 18
18. Тұрғындарының тыныштығын қамтамасыз ету үшін қатты тұрмыстық қоқыстарды сағат 7.00-ден ерте емес және сағат 23.00-ден кеш емес шығарылғаны жөн. Тұрғылықты орындары аймағының мерзімді тазартылуы жылда 2 рет (сәуір- мамыр,қыркүйек-қазан) өткізілу қажет. Ауылдық округі әкімдеріне қоқыс шекараларын сәуір айы мерзіміне дейін санитарлық-эпидемиологиялық қызметімен келісім жасау және анықтау қажет (қатты, сұйық тұрмыстық қоқыстың, көңнің).
Тармақ 19
19. Үй иеліктерінің, көше және ықшамаудан өткелдерінің, мәдени-тұрмыстық нысандарының, әр түрлі кәсіпорындарының, мекемелерінің, ұйымдарының аймақтары, бақтар, саябақтар, даңғылдар, көпшілік пайдаланатын орындар, демалыс орындары тазартылу нысандары болып табылады.
Тармақ 20
20. Жабдықталған үй иеліктерінің аймағында қоқыс контейнерлерін орналастыру үшін көлікке ыңғайлы кіреберіс жолдары бар арнайы алаң бөлінуге тиіс. Алаң ашық, жасыл ағаштармен қоршалып тұруы тиіс. Қоқыс контейнерлерінің, септиктерінің шамадан тыс толтырылуын, іргелес орналасқан аймақтың ластануын болдырмау қажет. Қоқыстарды уақытша сақтаған жағдайда олардың бұзылуын және шіріп кетуін болдырмау керек. Сондықтан қоқыстардың шығарылуы жылдың жылы уақытында апта сайын жүзеге асырылу қажет.
Тармақ 21
21. Орнатылатын қоқыс жинастырғыш санын анықтау үшін қоқыс жинастырғышты пайдаланатын халықтың санына, қоқыстардың толтырылу нормаларына, қоқыстардың сақтау мерзіміне негізделу қажет. Қоқыс жинастырғыштардың есеп көлемі қоқыстардың ең көп мөлшерде пайда болу мерзіміндегі нақты толуына сәйкес болу қажет.
Тармақ 22
22. Үй иеліктерінің аймақтарында көңді және қатты тұрмыстық қоқысты жинастыру үшін тұрғын үй мен құдықтан 20 метр қашықтықта орналасқан шаруашылық аймақта (құрғақ.су өтпейтін) орын бөлінгені жөн. Шаруашылық жер аймағы жеткілікті болмаған жағдайда көң мен қатты тұрмыстық қоқыстардың жеке үй иелігі аймағынан тыс жинастырылуы рұқсат етіледі, бірақ бөлінген орын қоршалып тұруы тиіс. Іргелес орналасқан аймақтың ластануын болдыртпау қажет. Көңді тыңайтқыш ретінде немесе отын ретінде пайдаланған жағдайда осы шараларының өткізу жұмыстары 30 сәуірден кеш емес аяқталғаны жөн
Тармақ 23
23. Жем, шөптің жинастырылуы жеке үй иелігінің шаруашылық аймағында жүзеге асырылғаны жөн, бірақ бұл жағдайда қоршау орнатылғаны қажет. Жем, шөптің қалдықтары көктем кезінде шығарылуы тиіс.
Тармақ 24
24. Үй иелігінің алдыңғы жағында жемнің, шөптің, құрылыс материалдарының, қоқыстың, көңнің, металл қоқыстарының, техниканың жинастырылуы рұқсат етілмейді. Тұрғын мекен аймағында қоқысты жағуға рұқсат етілмейді. Үй иелігі аймағында мұңай өнімдерін сақтауға рұқсат етілмейді.
Тармақ 25
25. Канализациясы жоқ үй иеліктерінің сұйық қоқыстарын жинастыру үшін су өтпейтін жабық жуынды құйылатын орын орналастырылады. Аула дәретханалары болған жағдайда ор ортақ болуы мүмкін.
Тармақ 26
26. Қоғамдық дәретханалар тұрғын және қоғамдық ғимараттардан, балалар ойнайтын және халық демалатын алаңынан 20 метрден кем емес және 100 метрден артық емес қашықтықта орналасуы тиіс. Жеке үй иеліктері аймағындағы аула дәретханаларынан үй иеліктеріне дейінгі қашықтық үй иелерімен анықталады және оны 8-10 метрге қысқартуға болады. Қақтығыс болған жағдайда аула дәретханаларының орналасу орны ауылдық әкімдік комиссиямен және санитарлық- эпидемиологиялық қызметінің өкілдерімен анықталады. Орталықтандырылмаған сумен жабдықтау жағдайында аула дәретханалары құдықтардан 50 метрден кем емес қашықтықта орналасуы тиіс.
Тармақ 27
27. Дәретханалардың орлары жылына 2 рет тазартылу қажет, залалсыздандыру аптасына 1 рет өз күштерімен өткізіледі. Пәтер Иелері Кооперативінің басшысы, үй комитетінің төрағасы, олар болмаған жағдайда барлық пәтер иелері жауапты. Жеке дәретханалардың залалсыздандырылуы аптасына 1 рет өткізіледі, олардың толу дәрежесіне қарай тазартылу кемінде жылына 2 рет өткізіледі. Дәретхананың ұсталуына иесінің өзі жауапты.
Тармақ 28
28. Аула дәретханаларының бөлмесі таза ұсталуы тиіс. Жуынды төгетін жерлердің, дәретханаларының үстінгі жағы кемірушілер мен жәндіктерді өткізбейтін болуы қажет.
Тармақ 29
29. Тұрғын ауылдарының көшелері, үй иеліктері және де басқа аймақтарының, көпшілік пайдаланатын орындарының ұсталуын бақылау ауылдық округі әкімдері тікелей жәрдем көрсеткен жағдайда санитарлық-эпидемиологиялық органдарымен, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі басқармасының мамандарымен жүзеге асырылады.
Тармақ 30
30. Тастап кеткен, иесіз учаскілерінің көріктендірілуі олардың иелерімен немесе олар болмаған жағдайда ауылдық округі әкімдерімен жүзеге асырылады.
Тармақ 31
31. Осы "Ережелерді" бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Кодексінің 300,387 баптарына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады.