Об утверждении положения о порядке и размерах предоставления гражданам жилищных пособий на содержание жилья и потребление коммунальных услуг в Зеленовском районе Күшін жойған
Басқа 0
Зеленов ауданында азаматтарға тұрғын үй үстауға және коммуналдық қызметтерін пайдалану үшін тұрғын үй көмегін беру тәртібі және өлшемін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының негізінде Зеленов аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қоса берілген Зеленов ауданында азаматтарға тұрғын үй үстауға және коммуналдық қызметтерін пайдалану үшін тұрғын үй көмегін беру тәртібі және өлшемі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімінің орындалуын бақылау әлеуметтік, мәдениет және жастар саясаты жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін (төрағасы Леонтьева В.С.).
Тармақ 3
3. Шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін өз күшіне енеді.
Тармақ 4
4. Зеленов аудандық мәслихатының 2004 жылғы 2 наурыздағы № 6-3 «Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін беру тәртібі туралы Ережесін бекіту туралы» шешімінің (2004 жылдың 31 наурыздағы № 2590) күші жойылды деп саналсын.
Басқа 5. Зеленов ауданында азаматтарға тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызметтерін пайдалану үшін тұрғын үй көмегін беру тәртібі және өлшемі туралы ЕРЕЖЕ
Бекітілді
2005 жылғы 22 ақпандағы №13-4
мәслихатының шешімімен
Зеленов ауданында азаматтарға тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызметтерін пайдалану үшін тұрғын үй көмегін беру тәртібі және өлшемі туралы ЕРЕЖЕ
Тармақ 1
1. Тұрғын үй жәрдемақысы халықтың табысы жағынан аз қамтылған санаттарына тұрғын үйді ұстауға коммуналдық қызметтерге, сұйық және қою жанармайға ақы төлеген шығын орнын толтыру үшін өтемақы (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) әлеуметтік көмекке қарамастан меншік тұрғын үй нысанына мемлекеттен алынатын жәрдемақы.
Тармақ 2
2. Жалпы сан құрамына тұрғын үйді ұстауға коммуналдық қызметтерге оны төлеген шығын орнын толтыру үшін тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің қорын жөндеу және электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, канал жүргізу, газбен жабдықтау, сұйық және қою жанармай сатып алу, тұрмыстық қоқыстарды шығару шығындары өтемақысына кіреді.
Тармақ 3
3. Тұрғын үй көмегі ауданда тұрғылықты тұратын және меншік тұрғын үй болып табылатын, отбасыларына (жеке тұлға) ақшалай төлем түрінде ұсынылады, егер тұрғын үй шығындары, коммуналдық қызметтер мен тұрғын үйдің әлеуметтік нормалары шеңберіндегі жанармайды пайдалану және отбасы бюджетіндегі бекітілген нормативтер бұл мақсатқа кеткен шығындар үлесінен пайдаланылған жағдайда төленеді.
Отбасы табысының жиынтығынан шығындар шеңберіндегі үлесінің 30 пайызы көлемінде, ал жалғызбасты тұратын зейнеткерлерге, мүгедектер және Ұлы отан соғысының ардагерлеріне, Ұлы отан соғысы жылдарында кем дегенде 6 ай жұмыс істегендерге, жұмыссыздарға, бала мүгедектер мен жалпы ауру мүгедектеріне, оларды күтушілерге, тұл-жетім балаларға, қамқоршыларға, ата-ананың қамқорынсыз қалғандарға, оралмандарға, жасы кәмелетке толмаған балалары бар зейнеткерлер отбасыларына және толық емес отбасыларына, адрестік әлеуметтік көмек алатындарға, көпбалалы отбасыларға, 4 балалы және жасы кәмелетке толмағандарға - 15 пайыз көлемінде ұсталынады. Тұрғын үйді сақтау төлемі және тұрғын үй- коммуналдық қызметтерді пайдалану жоғарыда бекітілген нормалар жалпы негізде жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Өтемақыға жататын тұрғын үй аумағы нормалары, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді беру эквиваленттік нормалары тұрғын үй заңнамаларында бекітілген және 18 шаршы метр пайдалы жер адам басына шаққандағы, бір бөлмелі пәтерден кем болмау керек.
Жеке тұлғалар үшін, тұрғын үйді сақтауға төленетін шығындар шеңберіндегі үлесін, коммуналдық қызметті және жылуды пайдалану отбасы бюджетінің 15 пайызы көлемінде анықталады, тұрғын үйдің жер аумағы 54 шаршы метрден аспауы керек.
Тармақ 5
5. Тұрғын үй көмегі жергілікті халықтың әлеуметтік қорғау органына беріледі.
Тармақ 6
6. Жеке меншігінде бірден артық тұрғын үйі (пәтері) бар немесе тұрғын үйді (пәтерді) жалға берушілер тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады. Егер отбасы мүшелерінің бірі еңбекке қабілеттілі бола тұра, жұмыс істемесе, оқымаса, әскерде қызмет атқарып жатпаса немесе жұмыспен қамту орталығында есепте тұрмаса, мүгедектер және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын азаматтарды қоспағанда, отбасының тұрғын үй көмегін алуға құқығы жоқ.
Тармақ 7
7. Тұрғын үй жәрдемақысы тұрғын үйді ұстау және пайдаланған коммуналдық қызметтер ақысын меншік иесіне (жалдаушыға) белгіленген мөлшер шегінде есептелген сомамен салыстырғанда кеміту үшін аудару арқылы беріледі. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге берілетін тұрғын үй жәрдемақысы мөлшері нақтылы есептелген сомадан аспауы керек. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің, тиісті түрінде барлық банк операцияларын Заңмен белгілеген тәртіп бойынша тендер ұтып алған лицензиялары бар ұйымдар арқылы материалдық көмегін төлеуі жүзеге асырылады.
Белгіленген нормативтер есебінен жылына бір рет - сұйық және қою жанармайларды пайдалануға жылыту мезгілі кезеңінде өндірілген нақты шығындар есебіне тұрғын үй көмегінен коммуналдық қызметтер тағайындалсын.
Тармақ 8
8. Жоғары деңгейде тұрғын үй көмегін тағайындауға немесе заңсыз өтемақы алуға Әлеуметтік қорғау органдарына біле тұра жалған мәлімет берген меншік иесі (жалдаушы) бір жылғы тұрғын үй жәрдемақысын алу құқығынан айырылады, ал заңсыз алған тұрғын үй жәрдемақысы заңнамамен белгіленген тәртіппен қайтарылуға жатады.
Тармақ 9
9. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімінің бастығының бұйрығы бойынша, тұрғын үй көмегіне тағайындалған комиссияның шешімі бойынша тұрғын үй көмегінің мөлшер ақын есептеу жүргізіледі.
Тармақ 10
10. Тұрғын үй жәрдемақын көрсету туралы шешім үй иесінің (жалдаушының) арызы және қоса берілген отбасы құрамы туралы, тұрғын үйге құқығы (жекешелендіру туралы келісімшарттың көшірмесі, сыйыға тарту, сатып алу және сату, жалға беру және т.б.), тұрғын үйдің пайдалы аумағының көлемі және тұрғын үйді сақтау төлемақы шығыны, коммуналдық көмек туралы, үш айлық отбасылық кірістері туралы мәлімет, тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау үшін келер айға ұсыныс жасау, құжаттар көшірмесі, жеке куәлік және СТТН (салық төлеушінің тіркеу нөмірі) туралы куәлік.
Отбасы табысының жиынтығына барлық отбасы мүшелерінің табысы, кәсіпорын қызметіндегі еңбекақы түріндегі нақты табысы, мемлекеттік және мемлекеттік емес зейнетақы, жәрдемақы және басқа да әлеуметтік көмек түрлері, алимент және басқа асыранды болу, шәкіртақы, ақшалай және заттай ұтыс, жеке шаруашылық кіріс, АӘК-тен шығару, баланың дүниеге келуі мен жерлеу туралы берілетін біржолғы жәрдемақы жатады.
Тармақ 11
11. Арыз берушінің берген құжаттарының растығына күмән туса, әлеуметтік қорғау органы қажет мәліметтер сұратуға құқылы ал заңды және жеке тұлғалар тұрғын үй көмегін есептеуге қажет ақпаратты беруге міндетті.
Тармақ 12
12. Көмектің мөлшері меншік иесінің (жалдаушының) өтемақымен қамтамасыз етілетін коммуналдық қызметтер мен тұрғын үйді ұстау нормаларына нақтылы төлейтін төлемінің және осы мақсаттарға жұмсайтын ұйғарынды шекті шығынның айырмасы ретінде есептеледі.
Тармақ 13
13. Барлық меншік түріндегі үйлерде тұрып жатқан тұрғындарға тұрғын үйді ұстау қызмет ақысына материалдық көмек аудандық бюджеттің қаражаты есебінен қаржыландырылады.
Тармақ 14
14. Аудандық халықты әлеуметік қорғау бөлімі негізгі жолдаушылар мен пәтердің меншік иелеріне көрсетілген көмек көлемі жазылған тізімді анықтайды және әр айдың 10-ны күніне дейін аудандық қаржы бөліміне төлеп тұруды немесе төлегендігі туралы хабарлама жасап отырады.
Аудандық қаржы бөлімі әр айдың 15-нен кешіктірмей тұрғын үй көмегінің төлемін есептеп, көрсетілген қаржы аудандық жұмыспен қамту бөлімінің бюджеттің қорына және әлеуметтік бағдарлама қорына мәлімет жіберіп отырады, келешекте тұрғын үй көмегін алушылардың жеке есеп қорына аударады.
Тармақ 15
15. Шығындарды өтеу, тұрғын үй көмегіне көрсетілген бюджетке сәйкес қарастырылған, тұрғын үй көмегінің жалпы құны шеңберінде жүргізіледі.