Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы Қолданыста
Басқа 0
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31, 37-баптарын және Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту» Заңының 5, 7-баптарын басшылыққа ала отырып Аманкелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы нұсқаулық қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ж. Тәукеновке жүктелсін.
Басқа 3. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы НҰСҚАУЛЫҚ
Аманкелді ауданы әкімдігінің
2005 жылғы 10 мамырдағы
№ 146 қаулысымен
бекітілген
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы НҰСҚАУЛЫҚ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Аталмыш нұсқаулық аудан тұрғындарының ішіндегі нысаналы топтардың ішіндегі жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыруды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін айқындайды, әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынушы ұйымдардың (қандайда меншік түріне қарамастан) есеп айырысуын және негізгі шарттарын реттейді.
Тармақ 2
2. Аталмыш нұсқаулықта қолданылып отырған негізгі түсініктер мен ұғымдар:
Тармақша 1
1) Әлеуметтік жұмыс орны - аудан тұрғындарының нысаналы топтарының ішіндегі жұмыссыздарды жұмыс берушілермен жазбаша түрде келісімін ала отырып, жұмысқа орналастыру, жергілікті бюджеттің қаржысы есебінен жұмысқа қабылданған жұмыскерлердің еңбек ақысына жұмсалған қаражатты жартылай бөліп өтеу;
Тармақша 2
2) Нысаналы топтар - Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңымен белгіленген, жұмысқа орналасуда қиындық көріп отырған және әлеуметтік қорғауды қажет ететін адамдар тобы.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған жұмыссыздар, Қазақстан Республикасының еңбек заңдылықтары бойынша зейнетақымен қамтамасыз етіліп және сақтандырылады.
Тармақ 4
4. Жергілікті өкілетті органдар аудан тұрғындарының нысаналы топтарының ішіндегі жұмыссыздарды жұмыспен қамту мақсатында әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыруға көмектеседі.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру тәртібі
2. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру тәртібі
Тармақ 5
5. Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыс берушілердің өз қаражаттары арқылы қаржыландыру мақсатында құрылып, осы жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыздар жартылай жергілікті бюджеттің қаржысы есебінен мәслихаттың шешіміне сәйкес еңбек ақымен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 6
6. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жұмыс берушілерге қызмет көрсету мақсатында, аудан тұрғындарының нысаналы топтарынын ішіндегі жұмыссыздарды жұмыска орналастырып, оларды бөліп төлемақы төлеуге келісім-шартқа отыруы керек.
Тармақ 7
7. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыруды қамтамасыз ету және еңбекақыға төленетін бюджет қаржысын тиімді пайдалану мақсатында аудан әкімдігі аудан тұрғындарының нысаналы топтарының ішіндегі жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру үшін жұмыс берушілердің жазбаша келісіміне сәйкес мекемелердің тізбесін анықтайды. Бүл тізбеге әлеуметтік жұмыс орнына орналасатын жұмыссыздарға жергілікті бюджет қаржысы есебінен еңбекақы төлейтін мекемелер кірмейді, тек қана өз қаржысы есебінен төлейтін жұмыс берушілер бүл тізбеге кіреді.
Тармақ 8
8. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыруды аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі келісімге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 9
9. Жұмысқа орналастыру артықшылық құқығы аз қамтамасыз етілген жұмыссыздар кіретін нысаналы топтардан, әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылады.
Тарау 3. 3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру шарттары және көздері
3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру шарттары және көздері
Тармақ 10
10. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған жұмыссыздарға еңбек ақы төлеу ай сайын жеке еңбек шартындағы көрсетілген шарттарға сәйкес жұмыстың саны, сапасы және жұмыстың ауырлығына байланысты жұмыс беруші жүзеге асырады.
Әлеуметтік жұмыс орнына тартылған жұмыссыздарға еңбек ақы төлеу қаржы көздері аудандық мәслихаттың шешіміне сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан жұмыссыздарға еңбек ақы шығындары мәслихаттың шешіміне сәйкес 6 ай мерзімге жергілікті бюджеттің қаржысы есебінен өтеледі.
Тармақ 12
12. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан жұмыссыздарға мәслихаттың шешіміне сәйкес жергілікті бюджеттің қаржысы есебінен төленетін еңбек ақыға салық заңдылықтарына сәйкес салық салынады.
Тармақ 13
13. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан жұмыссыздарға еңбек ақы еңбек заңдылықтарына сәйкес атқарған жұмыс уақытына байланысты төленеді.
Тармақ 14
14. Жұмыс берушілер мәслихаттың шешіміне сәйкес жергілікті бюджет қаржысы есебінен түскен қаржыны әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан жұмыссыздарға төлеген еңбек ақы шығындарын өтеуге пайдаланады.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру және ұйымдастыру тәртібін бақылау
4. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру және ұйымдастыру тәртібін бақылау
Тармақ 15
15. Нұсқаулыққа бақылау жаауды белгіленген заңдылықтар тәртібімен мемлекеттік органдар жүзеге асырады.