Қолданыстағы ред. 01.04.2005

Ауданның шаруашылық объектілерін, орман алқаптарын өрттен қорғау шараларын орындау және оларда өрт қауіпсіздігі ережесін сақтау айлығын өткізу туралы от 01.04.2005 г. № 78 (Ауданның шаруашылық объектілерін, орман алқаптарын өрттен қорғау шараларын орындау және оларда өрт қауіпсіздігі ережесін сақтау айлығын өткізу туралы)

0

Ауданның шаруашылық объектілерін, орман алқаптарын өрттен қорғау
шараларын орындау және оларда өрт қауіпсіздігі ережесін сақтау айлығын
өткізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 каңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы және Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы «Өрт қауіпсіздігі туралы» Заңы негізінде меншік нысанына қарамастан барлық объектілердің өрт қауіпсіздігін камтамасыз ету, өртті сөндіру, төтенше жағдайларды және олардан келетін зардаптарды болдырмау үшін шұғыл шаралар қабылдау мақсатында аудан әкімияты Қаулы етеді:

1

1. Аудан бойынша 15 мамыр - 15 маусым 2005 жылы аралығында, өрт сөндіру бөлімі /А. Сегізбаев/ өрт қауіпсіздігі ережелерінің орындалуы жөнінде айлық өткізу ұсынылсын.

2

2. Ауданда өртке қарсы міндетті түрде қызмет атқарушы жасақтар құрылатын ұйымдардың тізімі бекітілсін. /1 қосымша/.

3

3. Кенттік, селолық округтерінің әкімдері, ауылшаруашылық және жер қатынастары бөлімі /Б. Әбдіғали/, мекеме, ұжым басшылары, өрт сөндіру бөлімшесімен /А. Сегізбаев/ біріге отырып, өрттің алдын алу және өрт қауіпсіздігі ережесінің бұзылмауы мақсатында 2005 жылы «Әрбір тұрғынға-өрт қауіпсіздігі
білімін» оқыту ұйымдастыру жүргізілсін.

4

4. Ауылшаруашылық және жер қатынастары бөлімі /Б. Әбдіғали/ ауданның өрт сөндіру бөлімімен /А.Сегізбаев/ бірлесе отырып жазғы шөп шабу, егін орағы науқаны кезінде ұжымдар, жеке қожалықтар, кооперативтер техникаларының өрт қауіпсіздігі ережесін сақтауын үнемі кадағалап оны бұзбау шараларын алу
тапсырылсын.

5

5. Мемлекеттік мекеме «Темір орман шаруашылығы» /А. Зербаев/ Батыс Қазақстан темір жолы Ақтөбе қорғау ағаштарын отырғызатын дистанция Шұбарқұдық филиалы /М. Қыдырбай/, аудан ауылшаруашылық және жер қатынастары бөлімі /Б. Әбдіғали/, орман шаруашылығын өрттен қорғау мақсатында профилактикалық жұмыстарын жүргізіп өрт шықкан кезде оны
сөндіру және болдырмау шараларын алу ұсынылсын /2 қосымша/.

6

6. Кәсіпорын, ұжым, өндіріс орындары мекеме басшылары өз қарамағындағы жұмысшылары есебінен өрт сөндіруші десанттар ұйымдастырып, дайындап керек болған жағдайда, өрт сөндіруге қатыстыру ұсынылсын.

7

7. Аудан өрт сөндіру бөлімшесі /А. Сегізбаев/ орман өрттерін сөндіруге көмек беретін қосалқы өрт сөндіру техникаларын және құрал жабдықтарды дайындықта ұстау тапсырылсын.

8

8. Осы қаулының орындалуын бақылау жасау аудандық төтенше жағдайлар
жөніндегі бас мамры М. Қойбағаровқа жүктелсін.