Шұбарқұдық кент округіне қарасты елді мекендерді көркейту, санитарлық тазалау және көгалдандыру айлығын өткізу туралы Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.04.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шұбарқұдық кент округіне қарасты елді мекендерді көркейту, санитарлық тазалау және көгалдандыру айлығын өткізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы негізінде елді мекендер аумақтарын көркейту және олардың санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында Шұбарқұдық кент округі Әкімі шешім етеді:
Тармақ 1
1. Санитарлық-тазалықтың айлығы 2005 жылдың 15 сәуір мен 15 мамыр аралығында ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Айлық ұйымдасқан түрде өткізу үшін барлық кәсіпорындар мен мекемелердің, ұйымдардың жұмысшы-қызметкерлері, мектеп директорлары, кент тұрғындары, шаруашылықтардың басшылары, көшелерді, тротуарларды паркті қажетті санитарлық-тазалық дәрежесіне келтіру жөніндегі жаппай жұмыстарға қатыстырылсын.
Тармақ 3
3. «Жасыл ел» - елді көгалдандыру бағдарламасын кеңейту осы істерді жүзеге асыру үшін ағаш көшеттерін отырғызып, парк алаңдары ұйымдастырылсын. (Шұбарқұдық кент округі әкімінің орынбасары Ж. Жабасов)
Тармақ 4
4. Қоқыстармен тұрмыс қалдықтары арнаулы қалдықтар төгетін орынға апарып төгілсін. Елді-мекендер айналасындағы белгіленбеген жерлерге қоқыс төгінділерін тастауға тыйым салынсын.
Тармақ 5
5. Көшелердің жарық желілерін жөндеу, олардың бірқалыпты жұмыс істеуін бақылауға алу ЖШС «Энергосистема» мекемесіне (А. Ержанов) ұсынылсын.
Тармақ 6
6. Су құбыры, канализация желілерін өндеу жұмыстарын жүргізу ЖШС «Ақтөбе-Теміржолсу» мекемесіне (М. Нұрғалиев) және МҚМ «Жылуэнергия» мекемесіне (А. Ергалиев) ұсынылсын.
Тармақ 7
7. Облыстық аймақтық қоршаған ортаны жөніндегі басқармасы (Н. Жұбаниязов), облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау Департаментінің Темір аудандық бөлімі (Ж. Князев), аудандық ішкі істер бөлімі (Ж. Аликулов) елді көріктендіру мен санитарлық-тазарту айлығының барысына бақылау жасауға көмек ұйымдастырылсын.
Тармақ 8
8. Осы шешімнің орындалуын бақылау кент округі әкімінің орынбасары Ж. Жабасовқа жүктелсін.