Шұбарши кентінің «Қара тоғай» жайылымында құтыру ауруы шығуына байланысты қойылған шектеуді тоқтату туралы Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.04.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шұбарши кентінің «Қара тоғай» жайылымында құтыру ауруы шығуына байланысты қойылған шектеуді тоқтату туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңы және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339-ІІ «Ветеринария туралы» Заңы негізінде аудандық аумақтық басқармасының Бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының ұсынысы бойынша Шұбаршы кентінің «Қара тоғай» жайылымында құтыру ауруының жойылуына байланысты аудан әкімияты қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Аудан әкімиятының 15 ақпан 2005 жылғы № 30 қаулысымен Шұбаршы кентінің «Қара тоғай» жайылымында құтыру ауруы шығуына байланысты қойылған шектеу тоқтатылсын.
Тармақ 2
2. Аудандық аумақтық басқармасының Бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторына (Е. Дошмағанбетов) алдағы уақытта жануарлар арасында жұқпалы ауруларды болдырмау шараларын қамтамасыз ету тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудандық аумақтық басқармасының Бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы Е. Дошмағанбетовке тапсырылсын.