Об утверждении Положения о звании "Почетный гражданин города Актау" Қолданыста
Басқа 0
"Ақтау қаласының құрметті азаматы" атағы жөніндегі Ережені бекіту туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағы 12-1) тармақшасына сәйкес, "Ақтау қаласының құрметтi азаматы" атағын берудi реттеу мақсатында қалалық мәслихат шешiм етеді:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған "Ақтау қаласының құрметтi азаматы" атағы жөнiндегi Ереже бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Ақтау қаласының әкiмиятына "Ақтау қаласының құрметтi азаматы" омырау белгiсiн, куәлiк пен дипломды дайындау үшiн қаражат қарастыру тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешiмнiң орындалысын бақылауды қалалық мәслихаттың әлеуметтiк мәселелер, заңдылық, құқықтық тәртiп, депутаттық өкiлеттiлiк және этика жөнiндегi тұрақты комиссиясының төрағасына (Ю.Дирр) жүктелсiн.
КЕЛIСIЛДI:
Ақтау қаласының әкiмi
Р.Мұстапаев
2005 жыл
Басқа 4
Қалалық мәслихаттың
2005 жылы 25 наурыздағы
№14/119 шешiмiмен бекiтiлдi
"Ақтау қаласының құрметтi азаматы" атағы жөнiндегi
ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Кiрiспе
1. Кiрiспе
Тармақ 1
1. "Ақтау қаласының құрметтi азаматы" атағы Ақтау қаласында кемiнде 20 жыл тұратын, қала тұрғындары және қалада дүниеге келген өзiнiң еңбек қызметi кезеңiнде қала, өндiрiс, ағартушылық, ғылым, мәдениет, өнер, денсаулық сақтау және спорт, меценаттық пен қайырымдылықтың дамуына ерекше маңызды үлесiн қосқан, қоғамдық өмiрге, жастарды тәрбиелеу iсiне белсендi қатысып, жоғары бедел мен қала тұрғындарының құрметiне ие болған азаматтарға берiледi.
Тарау 2. 2. Атақты беру тәртiбi
2. Атақты беру тәртiбi
Тармақ 2
2. "Ақтау қаласының құрметтi азаматы" атағы Қала күнiне - жылына бiр рет, бiрақ жылына үш адамнан артық емес, кезектi қалалық мәслихат сессиясында берiледi.
Тармақ 3
3. "Ақтау қаласының құрметтi азаматы " атағын беру туралы талапты тиiстi негiздеме және мiнездемемен, ауыл, село әкiмдерiнiң, кәсiпорындар мен мекемелердiң еңбек ұжымдары, қоғамдық ұйымдар, азаматтардың жиналыстарының шешiмдерi мен ұсыныстары негiзiнде қала әкiмi бере алады.
Тармақ 4
4. Талапқа үмiткер туралы төмендегiдей мәлiметтер қоса берiлуi қажет:
Тармақша 1
1) үмiткердiң өмiрбаяны;
Тармақша 2
2) 13х18= 2 дәне, 3х4=2 дәне суреттер;
Тармақша 3
3) сiңiрген еңбегi және марапатталған мерзiмiн көрсетiп, үкiметтiк және өзге де марапаттардың тiзiмiмен нақты мiнездеме;
Тармақша 4
4) кәсiпорындар мен мекемелердiң еңбек ұжымдарының, қоғамдық ұйымдардың, азаматтардың жиналыстарының жалпы жиналысының шешiмдерi немесе хаттамасы.
Тармақ 5
5. Ұсыныс Қала күнi мерекесiне дейiн екi айдан кешiктiрiлмей жолдануы тиiс.
Тармақ 6
6. Әлеуметтiк мәселелер, заңдылық, құқықтық тәртiп, депутаттық өкiлеттiлiк және қалалық мәслихаттың этикасы жөнiндегi тұрақты комиссия екi апта iшiнде қалалық мәслихаттың сессиясында қарау үшiн ұсыну бойынша қорытынды дайындауы қажет.
Тармақ 7
7. Ақтау қаласының құрметтi азаматына қалалық мәслихаттың сессиясында немесе еңбек ұжымында салтанатты түрде "Ақтау қаласының құрметтi азаматы " куәлiгi, диплом және омырау белгiсi тапсырылады.
Тарау 3. 3. "Ақтау қаласының құрметтi азаматы" дипломының сипаттамасы
3. "Ақтау қаласының құрметтi азаматы" дипломының сипаттамасы
Тармақ 8
8. "Ақтау қаласының құрметтi азаматы" дипломы тығыз ақ қағазда орындалады. Титулдық беттегi "Ақтау қаласының құрметтi азаматы Дипломы" жазуы қазақ және орыс тiлдерiнде жазылады.
Дипломның iшкi бетiнде түрлi-түстi бейнедегi Қазақстан Республикасының Елтаңбасы және және "Ақтау қаласының құрметтi азаматы" атағын беру туралы қалалық мәслихат шешiмiнiң мәтiнi; сол жағында қазақ, оң жағында орыс тiлдерiнде. Диплом Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы түстес арнайы папкiге салынады.
Тарау 4. 4. "Ақтау қаласының құрметтi азаматы" белгiсi туралы
4. "Ақтау қаласының құрметтi азаматы" белгiсi туралы
Тармақ 9
9. "Ақтау қаласының құрметтi азаматы" белгiсi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы түстес боялған темiрден жасалынады. Белгiдегi "Ақтау қаласының құрметтi азаматы" жазуы қазақ тiлiнде болады.
Тарау 5. 5. Ақтау қаласының құрметтi азаматтарын тiркеу
5. Ақтау қаласының құрметтi азаматтарын тiркеу
Тармақ 10
10. Ақтау қаласының құрметтi азаматтарын тiркеу облыстық өлке мұражайында сақталатын " Құрмет кiтабында " жүргiзiледi.
Тарау 6. 6. "Ақтау қаласының құрметтi азаматы" атағынан айыру
6. "Ақтау қаласының құрметтi азаматы" атағынан айыру
Тармақ 11
11. "Ақтау қаласының құрметтi азаматы" атағынан айыру төменде көрсетiлген жағдайларда қалалық мәслихат сессиясының шешiмiмен жүргiзiледi:
Тармақша 1
1) құрметтi атақ иегерiн соттың айыптау үкiмi заңды күшiне енгеннен кейiн жасаған қылмысы үшiн соттағанда;
Тармақша 2
2) атақ иегерi үлкен қоғамдық резонанс тудырған жағымсыз әрекеттер жасағанда, марапаттау туралы ұсыныс енгiзген органның ұсынуы бойынша.
Тармақ 12
12. "Ақтау қаласының құрметтi азаматы" атағынан айрылған адам қалалық мәслихатқа Дипломды, куәлiктi және омырау белгiсiн қайтарады.
Тарау 7. 7. Ақтау қаласының құрметтi азаматтарына берiлетiн жеңiлдiктер
7. Ақтау қаласының құрметтi азаматтарына берiлетiн жеңiлдiктер
Тармақ 13
13. Ақтау қаласының құрметтi азаматтары құрметтi азамат куәлiгiн ұсынған жағдайда құқылы:
Тармақша 1
1) құрметтi қонақтар ретiнде салтанатты жиналыстар мен қалалық мерекелiк шараларға қатысуға;
Тармақша 2
2) қалалық қоғамдық көлiктерде ақысыз жүруге.
Тармақ 14
14. Ақтау қаласының құрметтi азаматына жергiлiктi бюджет қаражатынан "Жергiлiктi өкiлеттi органдардың шешiмi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек" бағдарламасы бойынша:
Тармақша 1
1) "Ақтау қаласының Күнiне" он еселiк айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде бiржолғы материалдық көмек;
Тармақша 2
2) электр қондырғыларына үйаралық қызмет көрсету үшiн ай сайын қосымша үстемеақы 58 теңге мөлшерiнде төленедi.