О проведении в области трехмесячника по санитарной очистке, благоустройству и озеленению территорий населенных пунктов Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.03.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс қалаларының, аудан орталықтарының, елді мекендерінің аумақтарын көркейту көгалдандыру және санитарлық тазалау жөніндегі үшайлық өткізу туралы «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңына және облыстың елді мекендерін санитарлық тәртіпке келтіру және тазалау жұмыстарын жүргізу мақсаттарында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыс аумағында 2005 жылдың 15 сәуірінен 15 шілдеге дейін қалаларды, аудан орталықтарын, елді мекендерді көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалау жөніндегі үшайлық жариялансын (бұдан әрі - үшайлық).
Тармақ 2
2. Үшайлықты ұйымдасқан түрде және тиімді жүргізу жөнінде облыстық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын (1 қосымша).
Тармақ 3
3. Елді-мекендерді көгалдандыру және көркейту жөніндегі облыстық конкурстың (бұдан әрі - конкурс) ережесін бекітсін (2 қосымша).
Тармақ 4
4. Ақмола облысының сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаменті (Әркенов Ш.Ә.) он күннің ішінде үшайлық өткізу жөніндегі іс-шараларды әзірлеп, бекітуге ұсынсын.
Тармақ 5
5. Ақмола облысының мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті (Еремеев А.М.) үшайлықтың облыстық шараларының орындалуы жөнінде он күн сайын есеп беру үлгісін әзірлесін және Комиссияның қарауына ұсынсын.
Тармақ 6
6. Ақмола облысының экономика және бюджет жоспарлау департаменті (Әлиев Ж.Р.) конкурс жеңімпаздарына сыйлық беру үшін бюджетте ақшалай қаржыландыру қарастырылсын.
Тармақ 7
7. Қалалар мен аудандардың әкімдері: үшайлық өткізу аясында 2005 жылдың 15 сәуірінен 15 мамырына дейін сумен жабдықтау, канализация нысандарының көктемгі-жазғы мерзімдегі жұмысқа дайындығына байқау өткізсін; үшайлық жөнінде іс-шараларды әзірлеу және бекіту барысында 10 күнде бір мәрте рейд өткізу және атқарылған жұмыстардың қорытындыларын шығару үшін әкім аппараты, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті, ішкі істер (келісім бойынша), мемлекеттік өртке қарсы қызмет, қоршаған ортаны қорғау (келісім бойынша) қызметкерлерінен жинақы топтар құруды қарастырсын.
Тармақ 8
8. Ақмола облысы әкімдігінің 2004 жылғы 29 наурыздағы №А-3/91 (2443) «Облыс қалаларының, аудан орталықтарының, елді мекендерінің аумақтарын көркейту көгалдандыру, және санитарлық тазалау жөніндегі үшайлық өткізу туралы» қаулысының күші жойылған деп саналсын.
Тармақ 9
9. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.М. Отаровқа жүктелсін.
Басқа 10
1 қосымша облыс әкімдігінің 2005 жылғы 31.03. № а-4/93 қаулысына Көркейту және санитарлық тазалау үшайлығын ұйымдасқан түрде және тиімді өткізу жөнінде облыстық комиссияның құрамы Комиссия төрағасы: Отаров Қадырхан Махмұтұлы - облыс әкімінің орынбасары; Комиссия төрағасының орынбасарлары: Сейітжанов Аманжол Сейітжанұлы - Ақмола облысы ауыл шаруашылық департаментінің директоры Еремеев Александр Максимович - Ақмола облысы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің директоры Комиссия мүшелері: Әркенов Шәріп Әркенұлы - Ақмола облысы сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаментінің директоры; Жәкішев Сәрсенғали Төлеуханұлы - қоршаған ортаны қорғау жөніндегі аумақтық басқармасының бастығы (келісім бойынша); Қажкенов Ақан Саттыбайұлы - ішкі істер бас басқармасы бастығының бірінші орынбасары (келісім бойынша); Садуақасов Нұрбек Қабікенұлы - Ақмола облысы денсаулық сақтау департаментінің директоры; Дмитриенко Елена Александровна - Ақмола облысы білім беру департаментінің директоры; Ахмеджанова Айгүл Төлеуғазиқызы - Ақмола облысы жер қатынастары басқармасының бастығы; Ысқақов Зейнілғаби Ысқақұлы - Ақмола облысы бойынша төтенше жағдайлар саласында мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасының бастығы; Иманжүсіпов Абылай Төлеубайұлы - ҚР ауыл шаруашылық министрлігінің облыстық аумақтық басқармасы бастығының орынбасары (келісім бойынша); Зейнуллин Талғат Маратұлы - Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаментінің директоры; Петрищев Валерий Николаевич - «Астана су» РМК-нің директоры (келісім бойынша); Долгих Геннадий Васильевич - Ақмола облыстық көліктік инфрақұрылым даму комитеті басқармасының бастығы; Құлышев Бегәлі Шорманұлы - «Қазақавтожол» РМК Ақмола филиалының директоры (келісім бойынша); Жұматаев Жақсылық Төлеуұлы - «ҚТЖ ҰК»«АҚ-ның Ақмола тасымалдау бөлімі филиалының бастығы (келісім бойынша); Комиссия хатшысы: Тегжанова Айдар Рахметқызы - Ақмола облысының мемсанэпидқадағалау департамент директорының орынбасары.
Басқа 11
2 қосымша облыс әкімдігінің 2005 жылғы 31.03. № а-4/93 қаулысына Елді-мекендерді көгалдандыру, көркейту және санитарлық тазалау жөніндегі облыстық конкурсты өткізу Ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Көгалдандыру, көркейту және санитарлық тазалау жөніндегі облыстық конкурс (бұдан әрі - Конкурс) облыстық, аудандық және қалалық әкімдіктермен ұйымдастырылады және өткізіледі.
Тармақ 2
2. Конкурс қалалар мен елді-мекендерді көгалдандыру, көркейтуге ынталандыру, көркейту жұмыстарына инвесторлардың қаржыларын тарту, әр аудан, қала мен ауылда тәртіп пен тазалықты, қоғамдық қолайлы ахуал қалыптастыру, сондай-ақ осы бағытта аудандық, қалалық және облыстық деңгейде атқару органдарының жұмысын белсендіру, қоғамдық жұртшылықты жергілікті жерлердегі тұрғындардың бастамаларын іске асырудың таңдаулы тәжірибелерінен хабардар ету мақсатында өткізіледі.
Тарау 2. 2. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу
2. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу
Тармақ 3
3. Конкурс төмендегі номинация бойынша өтеді:
Тармақша 1
1) «Ең жақсы қала»
Тармақша 2
2) «Ең жақсы аудандық орталық»
Тармақша 3
3) «Ең жақсы ауылдық округ»
Тармақша 4
4) «Ең жақсы елді-мекен (кент, ауыл, село)»
Тармақша 5
5) «Үлгілі аула»
Тармақша 6
6) «Үлгілі үй»
Тармақ 4
4. Конкурсқа ауылдар мен қалалардың тұрғындары, ауылдық округтар, қоғамдық бірлестіктер, мекемелер, ұйымдар, ауыл шаруашылығы құрылымдар, шағын және орта бизнес кәсіпорындары қатыса алады.
Тармақ 5
5. Конкурс екі кезеңде өтеді:
Тармақша 1
1) І кезең (2005 жылдың маусым айында) - аудан, қала деңгейінде конкурстың қорытындысын шығару. «Ең жақсы ауылдық округ» номинациясы бойынша аудан әкімдеріне басты сыйлық ретінде «УАЗ» немесе «Нива» автокөлігін.
Тармақша 2
2) ІІ кезең (2005 жылдың тамыз айында) - конкурстың қорытындысын облыс деңгейінде шығару.
Тармақ 6
6. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін мынадай комиссиялар құрылады:
Тармақша 1
1) қалалар мен аудандардың әкімдері басқаратын аудандық, қалалық комиссиялар (санитарлық қызмет, сәулет, денсаулық сақтау, білім беру автокөлікжолдар, өртке қарсы қызмет және тағы басқа ұйымдардың қатысуымен);
Тармақша 2
2) облыс әкімдігінің жанынан облыстық комиссия (облыс аумағында барлық номинациялар бойынша конкурс ұйымдастыру).
Тармақ 7
7. Аудандық, қалалық комиссиялар бекітілген номинациялар бойынша жергілікті жерлерде аудандық, қалалық кезең конкурсының жеңімпаздарын қарайды, бағалайды.
Тармақ 8
8. Аудандық, қалалық комиссиялар конкурстың І кезеңінің қорытындысын шығарған соң облыстық комиссияға:
Тармақша 1
1) қала, аудан әкімдерімен бекітілген конкурстың І кезеңіндегі қорытындысын шығару жөніндегі қалалық, аудандық комиссия мәжілісінің хаттамасын;
Тармақша 2
2) конкурстың І кезеңіндегі жеңімпаздың барлық жиынтық көрсеткіштерін келтіре тізіп және бағасын қоя отырып түсіндірме жазбасын;
Тармақша 3
3) қалалар, елді-мекендердің аумақтарын көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша І кезең жеңімпазының қызметі жөніндегі кино-, фотоқұжаттарды және ақпараттық материалдарды тапсырады.
Тармақ 9
9. Комиссия қалалық, аудандық комиссияның ұсынған материалдарын қарайды, аумақтарға шығады, ақпарат дайындайды және бекітілген номинациялар бойынша облыстық конкурстың жеңімпазын анықтайды.
Тармақ 10
10. Бағалау орындалған жұмыстар бойынша орташа бал шығара отырып, бес баллдық жүйемен өткізіледі.
Тармақша 1
1) аудан, ауылдық округтарының шекарасын, елді-мекенге кіре берісті белгілеу (елді-мекеннің атауы аталған көрсеткіш немесе кіре беріс белгінің болуы, тиіп тұрған аумақты жөнге келтіру);
Тармақша 2
2) жеке меншік үй құрылыстарының жағдайы (алдыңғы беттері, қоршау, көгалдандыру және үй иелері аумақтарының санитарлық жағдайы);
Тармақша 3
3) қоғамдық ғимараттардың, әлеуметтік сала және сауда нысандарының жағдайы (алдыңғы беттері, қоршау, көгалдандыру және тиіп тұрған аумақтың санитарлық жағдайы, ықшам базарлардың, жанар-жағар май станцияларының, автобус аялдамаларының, жарнама жазуларының ұсталуы және олардың «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңына сәйкес келуі);
Тармақша 4
4) өндіріс сектор нысандарының жағдайы: мал қоралары, машина-трактор шеберханалары, қырмандар, минералдық тыңайтқыштар және улыхимикаттар (алдыңғы беттері, қоршау, көгалдандыру және тиіп тұрған аумақтарының санитарлық жағдайы);
Тармақша 5
5) елді-мекендердегі жолдар мен тротуарлар, жаяу адам жүретін жолдар, су өткізгіштердің ұсталуы;
Тармақша 6
6) бос ғимараттарды бұзылудан сақтау, бұзылғандарды бұзып алу, жерді тегістеу;
Тармақша 7
7) ескерткіш орындар, обелискілер, сәулет ескерткіштері және қоғамдық зираттардың ұсталуы мен жағдайы;
Тармақша 8
8) стадиондар, спортзалдар, спорталаңдар және спорт құрылымдарының жағдайы;
Тармақша 9
9) жасыл желектері бар елді-мекендердің көгалдануы мен сауықтыруы (скверлер, саябақтар, мектеп жанындағы учаскелер) және демалыс бұрыштарын тәртіпке келтіру;
Тармақша 10
10) сумен жабдықтау (су мұнаралары мен қоғамдық құдықтардың санитарлық- гигиеналық жағдайы, жаңа су шаруашылық құрылысы, су ағарларының ақаусыздығы, айнала көпіршелердің болуы);
Тармақша 11
11) елді-мекендердің тұрғындары бұлақтардың көзін ашуға, өзен мен көлдердің аңғар мен жағаларын, ормандар мен отырғызылған ағаштарды, ауыл жанындағы тоғайларды тазалауына қатысу;
Тармақша 12
12) қи қоймалары, қатты және сұйық қалдықтарды және мал өлекселерін көметін орындардың жағдайы;
Тармақша 13
13) тамақ өнеркәсібі, қоғамдық тамақтандыру, сауда нысандарының көктемгі-жазғы маусымдағы жұмыстарға дайындығы. Облыстық комиссия ауданды аудан орталығы, елді-мекен және ауыл шаруашылық құрылымдар бойынша жиналған баллдарды есепке ала отырып, бағалайды. Балл орындалған жұмыстың сапасы мен көлемі бойынша есептеледі: Жұмыс көлемінің 100% орындағаны үшін - 5 балл; 75%-дан 99%-ға дейін - 4 балл; 50%-дан 75%-ға дейін - 3 балл; 25%-дан 50%-ға дейін - 2 балл; 25%-ға дейін - 1 балл.
Тарау 3. 3. Жеңімпаздарды ынталандыру және марапаттау
3. Жеңімпаздарды ынталандыру және марапаттау
Тармақ 11
11. Конкурста бірінші, екінші және үшінші орын алған жеңімпаздар облыстық бюджеттен грамота және ақшалай сыйлықпен марапатталады. Екіайлық бойынша облыстық конкурстың жеңімпаздарын облыс әкімі немесе облыстық комиссияның төрағасы марапаттайды. Екіайлық пен байқау қорытындылары бойынша аудандық конкурстардың сыйлық қоры аудандық комиссиялармен белгіленеді.
Тармақ 12
12. 2005 жылдың екіайлығы бойынша облыстық конкурстың жеңімпаздарына төмендегі сыйлықтар белгіленсін: а) «Ең жақсы қала» номинациясында: 1 орын - 1 000 000 теңге; 2 орын - 500 000 теңге; 3 орын - 300 000 теңге. б) «Ең жақсы аудан орталығы» номинациясында: 1 орын - 500 000 теңге; 2 орын - 300 000 теңге; 3 орын - 100 000 теңге. в) «Ең жақсы елді-мекен» (кент, ауыл, село): 1 орын - 300 000 теңге; 2 орын - 200 000 теңге; 3 орын - 100 000 теңге. г) «үлгілі аула»: 1 орын - 200 000 теңге; 2 орын - 100 000 теңге; 3 орын - 50 000 теңге. д) «үлгілі үй»: 1 орын - 200 000 теңге; 2 орын - 100 000 теңге; 3 орын - 50 000 теңге. Барлығы: 4 000 000 теңге