Введении смотра готовности объектов снабжения, канализации, пищевых объектов, рынков к работе в весенне - летний период и санитарной очистке и благоустройству территорий ценных мест Мангистауской области Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.03.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Сумен жабдықтау, канализация, сауда, қоғамдық тамақтандыру және тамақ өнеркәсібі объектілерінің базарлардың көктемгі-жазғы сына әзірлігі мен Маңғыстау облысының елді мекендерінің санитарлық тазартылуы мен абаттандырылуы бойынша байқау өткізу туралы Маңғыстау облысында 2004 жылы халықтың жедел өтетін жұқпалы аурулар көрсеткіштерінің 2003 жылмен салыстырғанда 9.44% - ке азайғанына қарамастан, республикалық көрсеткішпен салыстырғанда 30% .жоғары күйінде колайсыз эпидемиологиялық жағдайда қалып отыр. Осыған байланысты «Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару туралы» 2001 жылдың 23 қаңтарындағы №148, Қазақстан Республиасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» 1997 жылдың 19 мамырындағы № 111 және «Халықтың санитарлық эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» 2002 жылдың 04 желтоқсандағы № 361 Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес және жедел өтетін жұқпалы ішек аурулары мен сапасыз тамақ өнімдерінен туындайтын жаппай улануы пайда болуының алдын алу, сумен жабдықтау, канализация, коғамдық тамақтандыру және тамақ өнеркәсібі объектілерінің, базарлардың санитарлық - гигиеналық және санитарлық - техникалық жай -күйін жақсарту мақсатында, облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қалалар мен аудандардың әкімдері: 2005 жылдың 20 сәуірінен 2005 жылдың 20 мамыры аралығындағы кезеңде сумен жабдықтау, канализация, қоғамдық тамақтандыру және өнеркәсібі тамақ объектілерінің, базарлардың көктемгі - жазғы кезеңдегі жұмысына әзірлігі бойынша айлық өткізсін; 2005 жылдың 23 сәуірінде айлық шеңберінде облыс елді мекендерін санитарлық тазартылуы мен абаттандырылуы бойынша сенбілік өткізсін.
Тармақ 2
2. Меншік нысанына қарамастан объектілердің басшыларына объектілерді санитарлық - гигиеналық талаптарға сәйкес келтіре отырып, көктемгі - жазғы кезеңдегі жұмысқа дайындау және әзірлеу жөнінде шаралар алу ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Маңғыстау облыстық Мемлекеттік санитарлық - эпидемиологиялық қадағалау департаментінің директоры ( Б.Б. Өтесінов): меншік нысанына қарамастан көктемгі-жазғы кезеңдегі жұмысқа әзірлік бойынша өтетін айлыққа қатысқан барлық объектілер әзірлігінің тесерілуі мен қабылдап алынуын қамтамасыз етсін; байқау қорытындысы бойынша 2005 жылғы маусымның 10-на қорытынды анықтама дайындасын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Сейтмағанбетоваға жүктелсін.