О субсидировании содержания племенного маточного поголовья сельскохозяйственных животных Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.03.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ауыл шаруашылығы малдарының асыл тұқымды аналық мал басын ұстауға субсидия беру туралы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін , Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1362 қаулысын басшылыққа ала отырып және "2005 жылға арналған облыстық бюджет туралы" 2004 жылғы 20 желтоқсандағы N 13-1 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" облыстық мәслихаттың 2005 жылғы 8 ақпандағы N 14-2 шешіміне (тіркеу N 2866) сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған ауыл шаруашылығы малдарының асыл тұқымды аналық мал басын ұстауға мемлекеттік субсидия берудің Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Жоғарыда көрсетілген бағдарламаның әкімшісі болып Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы департаменті белгіленсін.
Тармақ 3
3. Бағдарлама әкімшісі ережелерге сәйкес мемлекеттік субсидия беруді жүзеге асырсын және осы қаулыны іске асыру жөнінде нақты шаралар алсын.
Тармақ 4
4. Облыс әкімдігінің "Ауыл шаруашылығы дәнді дақылдарының тұқым шаруашылығына, ауыл шаруашылығы малдарының асыл тұқымды аналық мал басын ұстауға және ауру малдарды дайындау, тасымалдау және өңдеу кезіндегі өңдеуші кәсіпорындарының шығынын өтеуге субсидия беру туралы" 2004 жылғы 9 маусымдағы N 165 (тіркеу N 2692, "Орал өңірі" газетінің 2004 жылғы 1 шілдедегі N 79 және "Приуралье" газетінің 2004 жылғы 3 шілдедегі N 80 сандарында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б. С. Садықовқа жүктелсін.
Басқа 6. Aуыл шаруашылығы малдарының асыл тұқымды аналық мал басын ұстауға мемлекеттік субсидия берудің Ережесі
Облыс әкімдігінің 2005 жылғы 31 наурыздағы N 98 қаулысымен бекітілген Aуыл шаруашылығы малдарының асыл тұқымды аналық мал басын ұстауға мемлекеттік субсидия берудің Ережесі
Тарау i. I. Жалпы ережелер
I. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже Батыс Қазақстан облыстық мәслихат сессиясының 2002 жылғы 8 қарашадағы N 25-2 шешімімен бекітілген Батыс Қазақстан облысының 2003-2005 жылдарға арналған аймақтық аграрлық азық-түлік бағдарламасына сәйкес әзірленді және N 002 "Асыл тұқымды мал шаруашылығы мен құс шаруашылығын дамыту" бюджеттік бағдарламасы бойынша мемлекеттік субсидия берудің шарттары мен тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік субсидиялар асыл тұқымды аналық малдарын ұстауға кететін шығындардың 40 пайызға дейінгісін ішінара өтеуге арналады. Жылына 1 бас асыл тұқымды аналық малды ұстауға берілетін субсидияның мөлшері (теңгемен) 1) Етті тұқымды сиырлар - 3000 2) Сүтті тұқымды сиырлар - 4000 3) Етті-майлы тұқымды саулық қойлар - 900 4) Қаракөл тұқымды саулық қойлар - 900 5) Етті-жүнді саулық қойлар - 900 6) Көшім тұқымды биелер - 3000 7) Қазақ бактриан інгендер - 4500
Тарау ii. II. Мемлекеттік субсидияны төлеудің тәртібі
II. Мемлекеттік субсидияны төлеудің тәртібі
Тармақ 3
3. Мемлекеттік субсидиялар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығымен бекітілген және аттестаттаудан өткен асыл тұқымды шаруашылықтарға асыл тұқымды аналық мал басын ұстауға кететін шығындарды ішінара өтеу үшін төленеді.
Тармақ 4
4. Асыл тұқымды мал өсірумен айналысатын асыл тұқымды мал шаруашылықтары ағымдағы жылдың 10 желтоқсанына дейін Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы департаментіне Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық аумақтық басқармасы және ауданның статистикалық органы куәландырған белгіленген үлгідегі анықтаманы тапсырады (1 қосымша).
Тармақ 5
5. Тапсырылған анықтаманың дұрыстығы тексерілгеннен кейін, асыл тұқымды мал шаруашылықтарына субсидия беріледі.
Тармақ 6
6. Субсидия асыл тұқымды шаруашылықтар арасында ағымдағы жылдың аяғына дейін ауыл шаруашылығы малдарының аналық мал басын көбейткен жағдайда, сонымен қатар сүт өндіретін шаруашылықтар үшін, сиырлар мен қашарлардың 75 пайызы қолдан ұрықтандырумен қамтылған жағдайда облыстық бюджетте осы мақсатқа тиісті жылға қарастырылған қаражаттар есебінен және соның шегінде теңбе-тең төленеді. Қолдан ұрықтандырудың қамту пайызының актісін дистрибьютерлік орталық береді.
Басқа 15. Асыл тұқымды мал шаруашылығындағы асыл тұқымды аналық мал басының саны және 200_ жылға берілуге тиісті субсидия көлемі туралы анықтама
Aуыл шаруашылығы малдарының асыл тұқымды аналық мал басын ұстауға мемлекеттік субсидия берудің Ережесіне 1 қосымша Келісілді: ҚР АШМ облыстық аумақтық басқармасының бастығы ______________________ Бекітемін: Батыс Қазақстан облысының ауылшаруашылығы департаментінің директоры ________________________________ Асыл тұқымды мал шаруашылығындағы асыл тұқымды аналық мал басының саны және 200_ жылға берілуге тиісті субсидия көлемі туралы анықтама Асыл тұқымды мал шаруашылық тарының атауы Ауылшаруашылығы малдарының түрлері Асыл тұқымды мал басы саны соның ішінде аналық малдар Субсидиялар 01.01.200_ жылға 01.12.200_ жылға 1.01.200_ жылға 01.12.200_ жылға 1 басқа (теңге) Жалпы сомасы (теңге) Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы департаментінің мал шаруашылығы бөлімі бастығы ________________________________________ (А.Т.Ә. қолы) Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы департаментінің әкімшілік бөлімі бастығы ________________________________________________ (А.Т.Ә. қолы) ҚР АШМ аумақтық басқармасының асыл тұқымды мал шаруашылығы бөлімінің бастығы____________________________________________________ (А.Т.Ә. қолы) Аудандық статистика басқармасының бастығы ____________________________________________ (мөрі) (А.Т.Ә. қолы) Асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектісінің басшысы ____________________________________________________ (мөрі) (А.Т.Ә. қолы)