О Правилах учетной регистрации малочисленных религиозных групп не имеющих признаков юридического лица Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.03.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Заңды тұлға белгілері жоқ, саны аз діни топтарды есепке тіркеу Ережесі туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы" Заңдарына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған заңды тұлға белгілері жоқ, саны аз діни топтарды (бұдан әрі - Топ) есепке тіркеу туралы Ереже бекітілсін (1 қосымша).
Тармақ 2
2. Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат департаменті Топтарды есепке тіркеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган болып белгіленсін.
Тармақ 3
3. Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат департаменті:
Тармақша 1
1) заңды тұлға белгілері жоқ, саны аз діни топтарды есепке тіркеуге арналған құжаттарды зерделеу және ресімдеу кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларын басшылыққа алсын.
Тармақша 2
2) бір ай мерзім ішінде құрылтайшылық құжаттарға тиісті өзгерістер мен толықтыруларды енгізсін және бекітуге ұсынсын.
Тармақ 4
4. Мыналар бекітілсін:
Тармақша 1
1) Топтың есепке қою туралы өтінішінің үлгісі (2 қосымша);
Тармақша 2
2) Топ құрған азаматтар тізімінің үлгісі (3 қосымша);
Тармақша 3
3) Топтың есепке тіркеуге қойылғандығы туралы анықтама үлгісі (4 қосымша);
Тармақша 4
4) Топты тіркеу журналының үлгісі (5 қосымша).
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. С. Иманғалиевке жүктелсін.
Басқа 12. Заңды тұлға белгілері жоқ, саны аз діни топтарды есепке тіркеу ЕРЕЖЕСІ
1 қосымша облыс әкімдігінің 2005 жылғы 31 наурыздағы N 114 қаулысымен бекітілген Заңды тұлға белгілері жоқ, саны аз діни топтарды есепке тіркеу ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының "Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы" Заңына сәйкес әзірленді және заңды тұлға белгілері жоқ, саны аз діни топтарды есепке тіркеу тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Заңды тұлға белгілері жоқ, саны аз діни топтарды есепке тіркеу Қазақстан Республикасының "Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы" Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Заңды тұлға белгілері жоқ, саны аз діни топтарды есепке тіркеуді Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат департаменті (бұдан әрі - тіркеуші орган) жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Заңды тұлға белгілері жоқ, саны аз діни топтарды есепке тіркеу аталмыш субъектілерге діни қызметті жүзеге асыруда заңдылық беру тәсілі болып табылады және тіркеуші органның саны аз діни топ туралы мәліметтерді есепке алу журналына енгізу жолымен жүзеге асырылады. Есепке тіркеуден өткенін ресми растайтын құжат болып тіркеуші орган берген анықтама болып табылады.
Тармақ 5
5. Заңды тұлға белгілері жоқ, саны аз діни топ тіркеуші органда есепке тіркеуге алынған сәттен бастап діни қызметті жүзеге асыру құқығына ие болады.
Тарау 2. 2. Саны аз діни топтарды есепке тіркеу тәртібі
2. Саны аз діни топтарды есепке тіркеу тәртібі
Тармақ 6
6. Саны аз діни топтарды есепке тіркеу барысына құрылатын діни топтық құжаттарының Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заңдарына сәйкестігін тексеру, діни топ туралы мәліметтерді есепке алу журналына енгізу және есепке қойылғаны туралы анықтама беру кіреді.
Тармақ 7
7. Есепке тіркелу үшін діни топ тіркеуші органға мыналарды ұсынады:
Тармақша 1
1) 2 қосымшаға сәйкес діни қауымдастықтың атауы, оның діни ұстанымы, орналасқан жері, топ басшысы жөнінде деректер, табыну құрылыстарының және шегінде ол өз қызметін жүргізетін аумағының бары жөнінде мәліметтер көрсетілген есепке қою туралы өтініші;
Тармақша 2
2) 3 қосымшаға сәйкес топ құратын кәмелетке толған азаматтардың тізімі;
Тармақша 3
3) топ мүшелері жиналысының хаттамасы;
Тармақша 4
4) құрылымы жағынан тіркелетін саны аз діни топ жатқызылған заңды тұлға мәртебесі бар, діни бірлестік жарғысының көшірмесі.
Тармақ 8
8. Заңды тұлға белгілері жоқ, саны аз діни топты есепке тіркеу туралы мәліметтер 4 қосымшаға сәйкес үлгі бойынша қатаң есептіліктің арнайы журналына енгізіледі.
Тармақ 9
9. Есепке тіркеу тиісті құжаттар берілген күннен бастап 15 күннен аспайтын мерзім ішінде жүргізіледі.
Тармақ 10
10. Тіркеуші орган діни топтың басшысына тіркеуші органның басшысы қол қойған, жергілікті атқарушы органда есепке тіркеуге қойылғаны жөнінде 5 қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі анықтаманы береді.
Тармақ 11
11. Заңды тұлға белгілері жоқ, саны аз діни топта өзгерістер болған жағдайда тіркеуші орган журналға тиісті мәліметтерді енгізеді.
Тармақ 12
12. Заңды тұлға белгілері жоқ, саны аз діни топтың есепке қойылғаны туралы мәліметтер, сондай-ақ есепке алу журналына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар тіркеуші органда сақталады.
Тармақ 13
13. Топ басшысы тіркеуші органға жылына 4 рет өз қызметі туралы ақпарат береді.
Тармақ 14
14. Есепке тіркеу қызметі тегін жүргізіледі. Саны аз діни топ өз қызметін нақты тоқтатқан жағдайда, не болмаса әділет органдарында заңды тұлға мәртебесі бар діни бірлестік немесе заңды тұлғаның филиалы ретінде заңды тіркеуден өткеннен кейін тіркеуші органмен есепке тіркеуден шығарылады.
Басқа 33. Өтініш
2 қосымша облыс әкімдігінің 2005 жылғы 31 наурыздағы N 114 қаулысымен бекітілген ___________________________ (өтінішті тіркеуші органның ___________________________ атауы және мекен-жайы) Өтініш _________________________________________________________________ (Топ басшысының аты-жөні, әкесінің аты) _________________________________________________________________ (діни топтың атауы, оның діни ұстанымы) _________________________________________________________________ (кәмелетке толған мүшелерінің саны) _________________________________________________________________ (діни топтың мекен-жайы, табынатын құрылыстың бары) _________________________________________________________________ (шегінде өз қызметін жүргізетін аумағы) _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ Қолы Күні
Басқа 34. Діни топ құратын азаматтардың тізімі
3 қосымша облыс әкімдігінің 2005 жылғы 31 наурыздағы N 114 қаулысымен бекітілген Діни топ құратын азаматтардың тізімі N р/с Аты-жөні, әкесінің аты Туған жылы, айы, күні Тұратын жері (мекен-жайы) Қолы
Басқа 35. Діни топтың есепке тіркеуге қойылғаны туралы анықтама
4 қосымша облыс әкімдігінің 2005 жылғы 31 наурыздағы N 114 қаулысымен бекітілген Діни топтың есепке тіркеуге қойылғаны туралы анықтама 2005 жылғы "__" _________ берілді. Діни топтың атауы_____________________________________________________________ _____________________________________________________________________________ Топты тіркеген органның басшысы: Қолы Мөр
Басқа 36. Саны аз діни топтарды тіркеу журналы
5 қосымша облыс әкімдігінің 2005 жылғы 31 наурыздағы N 114 қаулысымен бекітілген Саны аз діни топтарды тіркеу журналы N р/с Тіркеу нөмірі және тіркелген күні Діни топтың атауы Діни топтың діни ұстанымы және діни орталыққа жататындығы Діни топтың орналасқан жері Діни топ қызметінің ауданы 1 2 3 4 5 6 Табынатын (сыйынатын) құрылыстың бары Басшының немесе топтың уәкілетті өкілінің аты-жөні, әкесінің аты, олардың мекен-жайы, телефон нөмірлері Тіркелгені туралы анықтаманы толтырған адамның аты-жөні, әкесінің аты Тіркелгені туралы анықтаманы алған адамның аты-жөні, әкесінің аты және қолы Ескерту 7 8 9 10 11