Об учетной регистрации иностранных граждан, занимающихся миссионерской деятельностью на территории Западно-Казахстанской области Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.03.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Батыс Қазақстан облысы аумағында миссионерлік қызметпен айналысатын шетел азаматтарын есепке тіркеу туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" , "Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болуын құқықтық реттеудің жекелеген мәселелері" туралы 2000 жылғы 28 қаңтардағы N 136 қаулысына сәйкес және миссионерлік қызметпен айналысатын шетел азаматтарын тіркеуді қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған діни-ағарту қызметі арқылы қандай да бір діни ілімді уағыздау мен таратуды жүзеге асыратын шетелдіктерді есепке тіркеудің Ережесі бекітілсін (бұдан әрі - Миссионерлік қызмет) (1 қосымша).
Тармақ 2
2. Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат департаменті Батыс Қазақстан облысы аумағында миссионерлік қызметпен айналысатын шетел азаматтарын есепке тіркеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын уәкілетті орган болып белгіленсін.
Тармақ 3
3. Батыс Қазақстан облысы аумағында миссионерлік қызметпен айналысатын шетел азаматтарын есепке тіркеу туралы куәлік бланкісінің үлгісі бекітілсін (2 қосымша).
Тармақ 4
4. Куәліктің қолданылу мерзімі бір жыл болып белгіленсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. С. Иманғалиевке жүктелсін.
Басқа 6. Діни-ағарту қызметі арқылы қандай да бір діни ілімді уағыздау мен таратуды жүзеге асыратын шетелдіктерді есепке тіркеудің ЕРЕЖЕСІ
1 қосымша облыс әкімдігінің 2005 жылғы 31 наурыздағы N 115 қаулысымен бекітілген Діни-ағарту қызметі арқылы қандай да бір діни ілімді уағыздау мен таратуды жүзеге асыратын шетелдіктерді есепке тіркеудің ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болуын құқықтық реттеудің жекелеген мәселелері" туралы 2000 жылғы 28 қаңтардағы N 136 қаулысына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Батыс Қазақстан облысына заңда белгіленген тәртіппен миссионерлік қызметті жүзеге асыру үшін келген шетел азаматтарының барлығы есепке тіркеуге жатады.
Тармақ 3
3. Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын шетел азаматтарын есепке тіркеуді Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат департаменті жүргізеді (бұдан әрі - Уәкілетті орган).
Тарау 2. 2. Есепке тіркеудің тәртібі
2. Есепке тіркеудің тәртібі
Тармақ 1
1. Есептiк тiркеу үшiн шетелдiк азаматтар төлқұжаты тiркелген сәттен бастап үш тәулiк iшiнде уәкілетті органға мынадай құжаттар мен материалдарды тапсырады:
Тармақша 1
1) дiни нанымға тиесiлiгiн, миссионерлiк қызметтiң аумағы мен мерзiмiн көрсете отырып, өтiнiштi;
Тармақша 2
2) миссионерлік қызметті жүзеге асыру құқығы үшін діни ұйымның берген сенімхаттың немесе басқа құжаттың көшірмесі;
Тармақша 3
3) миссионер өкілдік ететін діни ұйымның өз елінде заңнамаларға сәйкес ресми тіркелгендігін куәландыратын тіркеу туралы куәліктің немесе басқа құжаттың көшірмесі
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасында тіркелген діни ұйымның шақыруы;
Тармақша 5
5) миссионерлік қызметке арналған діни мақсаттағы әдебиеттер, аудио, бейне материалдар және (немесе) басқа да заттар.
Тармақ 2
2. Өтініш беруші аталған құжаттарды тапсыру кезінде белгіленген тәртіппен тіркелген төлқұжатын көрсетеді.
Тармақ 3
3. Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын шетел азаматтарын есепке тіркеу құжаттарды берген күннен бастап жеті тәуліктен аспайтын мерзімде жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Тапсырылған құжаттар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына және осы Ережеге сәйкес болған жағдайда уәкілетті орган миссионерлік қызметті жүзеге асыратын шетел азаматын есепке тіркеу туралы шешім шығарады және миссионерлік қызметпен айналысуға куәлік береді.
Тармақ 5
5. Куәлікте тіркеу нөмірі, берілген күні, миссионердің аты мен тегі, діни бірлестікке жататындығы және қызметінің мерзімі көрсетіледі.
Тармақ 6
6. Миссионерлік қызметтің нысаны мен мақсаты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына қайшы келген жағдайда есепке тіркеуден бас тартылуы мүмкін.
Тармақ 7
7. Егер тапсырылған құжаттарда мәліметтер дұрыс болмаса, сондай-ақ миссионерлік қызмет Қазақстан Республикасының заңнамаларына қарама-қайшы келген жағдайда шетел азаматы есепке тіркеуден айырылуы мүмкін.
Басқа 24. Батыс Қазақстан облысында миссионерлік қызметті жүзеге асыратын шетел азаматын есепке алуды тіркеу туралы
2 қосымша облыс әкімдігінің 2005 жылғы 31 наурыздағы N 115 қаулысымен бекітілген Батыс Қазақстан облысында миссионерлік қызметті жүзеге асыратын шетел азаматын есепке алуды тіркеу туралы об учетной регистрации иностранного гражданина, осуществляющего миссионерскую деятельность в Западно-Казахстанской области _________________________________________________________________ (миссионердің аты-жөні, тегі) (фамилия, имя, отчество миссионера) _________________________________________________________________ (діни сенімі, қай діни бірлестікке жатады) _________________________________________________________________ (вероисповедание, принадлежность к религиозному объединению) _________________________________________________________________ (қызметін жүзеге асыратын аумағының шегі) (территория, в пределах которой осуществляет свою деятельность) Осы рұқсаттың 200__ жылдың ______________________ дейін күші бар. (күші жүретін мерзімі) Данное свидетельство действительно до ________________200__ года. (срок действия) Ескерту: Осы куәліктің күші жүретін мерзімі аяқталысымен миссионер оның мерзімін заңнамада белгіленген тәртіппен ұзартуға міндетті немесе облыс аумағынан кетуі тиіс, олай болмаған жағдайда ол заңнамада белгіленген тәртіп бойынша облыс аумағынан шығарылып жіберіледі. Примечание: По окончании срока действия настоящего свидетельства миссионер обязан продлить срок его действия в установленном законодательством порядке или покинуть пределы области, в противном случае он будет выдворен из территории области в установленном законодательством порядке. Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат департаментінің директоры ___________________________________ (А.Ж Т.) Директор департамента внутренней политики Западно-Казахстанской области _________________________________ (Ф.И.О.) Подпись, печать город ___________ қаласы "___"____________________200__ ж. (берілген уақыты - дата выдачи)