Об утверждении Правил использования объектов коммунальной собственности в качестве залогового обеспечения при кредитовании субъектов малого предпринимательства Күшін жойған
Басқа 0
Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие
беру кезінде кепілдікті қамтамасыз ету
ретінде коммуналдық меншік объектілерін
пайдалану Ережесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 шілдедегі № 1028 «Шағын кәсіпкерлік сібъектілеріне несие беру кезінде кепілдікті қамтамасыз ету ретінде коммуналдық меншік объектілерін пайдалану мәселелері» жөніндегі қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру кезінде кепілдікті қамтамасыз ету ретінде коммуналдық меншік объектілерін пайдаланудың Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің орынбасары А.П. Рауға жүктелсін.
Басқа 3. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру кезінде кепілдікті қамтамасыз ету ретінде коммуналдық меншік объектілерін пайдаланудың ережесі
Әкімдіктің
2005 жылғы 28 наурыздағы
№ 99 қаулысымен
бекітілген
Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру кезінде кепілдікті қамтамасыз ету ретінде коммуналдық меншік объектілерін пайдаланудың ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 29 желтоқсандағы № 1268 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2004-2006 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 шілдедегі № 1028 «Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру кезінде кепілдікті қамтамасыз ету ретінде коммуналдық меншік объектілерін пайдалану мәселелері» қаулысын іске асыру мақсатында әзірленді және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру кезінде кепілдікті қамтамасыз ету ретінде коммуналдық меншік объектілерін пайдаланудың біркелкі тәртібін анықтайды.
Тармақ 2
2. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру кезінде кепілдікті коммуналдық меншік объектілерімен қамтамасыз ету шаруашылық жүргізу құқығында жұмыс істеп тұрған мемлекеттік коммунлдық кәсіпорындардың (бұдан әрі – МКК) жанына кепілдікті қорлар құру жолымен жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Коммуналдық меншік объектілерін кепілдікті қорға беру туралы қаулыны облыстың қалалары мен аудандарының әкімдіктері (будан әрі – Әкімдік) қабылдайды.
Тармақ 4
4. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру кезінде кепілдікті коммуналдық меншік объектілерімен қамтамасыз ету МКК-ның өз кәсіпкерлік тәуекеліне сақтандыру жүргізуі жағдайында жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2. Кепілдік мүлігін іріктеу және оны бағалау
2. Кепілдік мүлігін іріктеу және оны бағалау
Тармақ 5
5. Әкімдік жыл сайын коммуналдық меншік объектілерін түгендеуді жүргізеді, сондай-ақ объектілердің атауы, олардың орналасқан жері, баланстық құны мен объектілер жағдайының басқа да деректері көрсетілетін коммуналдық меншік объектілерінің тізілімін жасайды және бекітеді.
Тармақ 6
6. Тізілімді жасаған кезде «Қазақстан Республикасындағы банк және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес несиелерді кепілдікті қамтамасыз ету несие ұйымдарының қоятын талаптарына сәйкес коммуналдық меншік объектілерін бағалау мамандарды немесе тәуелсіз сарапшыларды тарту арқылы жүргізіледі. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру кезінде кепілдікті коммуналдық меншік объектілерімен қамтамасыз ету ретінде коммуналдық меншік объектілерін беру кезінде коммуналдық меншік объектілерін бағалау жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру кезінде кепілдікті қамтамасыз ету ретінде ұсынылған коммуналдық меншік объектілерінің тізімі Қостанай облысының мемлекеттік коммуналдық мүлікті басқару уәкілетті органымен (бұдан әрі – Әкім) бекітіледі. Сонымен қатар, көрсетілген тізбеге білім және денсаулық сақтау объектілерін енгізу облыстық деңгейдегі мемлекеттік органдарының келісімімен жүзеге асырылады. Мемлекеттік кәсіпорындарының келісімімен жүзеге асырылады.
Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру кезінде кепілдікті қамтамасыз ету ретінде ұсынылған коммуналдық меншік объектілерінің тізіміне стратегиялық маңызы бар объектілер енгізілмейді.
Тарау 3. 3. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын іріктеу
3. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын іріктеу
Тармақ 8
8. Әкімдіктің қаулысымен коммуналдық меншік объектілерін кепілдікті қамтамасыз ету есебіне несие берілетін шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын іріктеу жөніндегі Комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.
Тармақ 9
9. Комиссияны Әкім басқарады.
Тармақ 10
10. МКК басшысы лауызымы бойынша Комиссия хатшысы болып табылады. Саны кем дегенде бес адамнан тұратын Комиссияның жеке құрамын хатшының ұсынуы бойынша Әкім бекітеді.
Тармақ 11
11. Комиссия жұмыс органының функциялары МКК-ға жүктеледі.
Тармақ 12
12. Комиссияның жұмыс органы Комиссия отырысының күн тәртібі жөнінде ұсыныстар әзірлейді; өз құзыры ның шегінде Комиссия шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді; Комиссия мүшелерінің және оның қызметіне тартылған мамандардың жұмысын үйлестіреді; шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдерін тіркеуді жүзеге асырады.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдері еркін түрде ресімделеді.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларды іріктеуге қатысуға өтінімдерін тіркеуден бас тартуға жол берілмейді.
Тармақ 13
13. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары бойынша іріктеуді жүзеге асыру екі кезенде жүргізіледі.
Жобаларды іріктеудің алдын-ала сатысында жұмыс органы талдау жүргізуге және оларды несиелендіру мүмкіндіктері туралы қорытындыларды беруге арналған жобалар бойынша құжаттарды экономикалық, ұйымдастырушылық, маркетингтік және қаржылық көзқарастар тұрғысынан сараптайды және несие ұйымдарының қарауына тапсырады.
Жұмыс органы несие ұйымдарының оң қорытындыларын алған өтінімдерді отырыс күнінен үш күн бұрын, несие ұйымдарының қорытындыларын қоса отырып, Комиссия мүшелерінің қарауына ұсынады.
Тармақ 14
14. Комиссия өз қызметін жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен:
ғалымдардың, беделді кәсіпкерлердің, уәкілетті органдардың өкілдерін және басқа да мамандардың қатарынан сарапшылар мен кеңесшілерді жұмыс істеуге тартады;
уақытша және үнемі әрекет етуші сараптау және жұмыс топтарын ұйымдастырады;
қажетті ақпараттық, талдамалы, анықтамалық-статистикалық материалдарды, сондай-ақ ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді алады.
Тармақ 15
15. Жобаларды іріктеу кезінде мынадай талаптар ескеріледі:
Тармақша 1
1) шағын кәсіпкерлік субъектісінің бюджет алдында берешегінің болмауы;
Тармақша 2
2) қолайлы несие жинағының болуы, егер ол болса;
Тармақша 3
3) жобаның облыстық мәслихатпен бекіткен, облысты дамытудың индикативті жоспарына және аймақта шағын бизнесті дамытудың басым бағыттарына сәйкес келуі.
Тармақ 16
16. Комиссия несие ұйымдарының оң қорытындыларын алған өтінімдерді, олар тіркелген күннен бастап екі айдан кешіктірмей қарайды.
Тармақ 17
17. Комиссияның төрағасы Комиссия отырысын қажеттілігіне қарай шақырады.
Комиссияның шешімдері ашық дауыс арқылы үштен екі дауыспен қабылданады.
Комиссияның шешімдеріне Комиссияның төрағасы мен хатшысы қол қояды.
Комиссия мүшелері ерекше пікір білдіруге құқылы, білдірілген жағдайда жазбаша жазылып, Комиссия отырысының хаттамасына қоса берілуі тиіс.
Тармақ 18
18. Нисиелеуге арналған жобалар мен ұсынымдарды іріктеу кезінде Комиссияның мүшелері қабылдаған шешімдер үшін, олар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауап береді.
Тармақ 19
19. Шағын кәсіпкерлік субъектісіне кепілдікті қамтамасыз етуді беруден бас тартылған жағдайда, жұмыс органы жобаларды іріктеудің тиісті кезеңінен кейін, үш күндік мерзімде бас тартудың негізін көрсете отырып, шағын кәсіпкерлік субъектісін жазбаша нысанда хабардар етуге міндетті.
Тарау 4. 4. Кепілдікті қамтамасыз етуді рәсімдеу
4. Кепілдікті қамтамасыз етуді рәсімдеу
Тармақ 20
20. Комиссияның шешімі МКК-ның шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру кезінде кепілдікті қамтамасыз ету ретінде коммуналдық меншік объектілерін беру туралы шарт жасау туралы шешім қабылдауды үшін негіз болып табылады.
Тармақ 21
21. Шағын кәсіпкерлік субъектілері несие алған кезде МКК кепілдік беруші болып табылады.
Тармақ 22
22. Объектілер кепілдікті қамтамасыз етуше пайдаланылғаны үшін МКК-ға алынған несие сомасының 0,1 проценті мөлшерінде шағын кәсіпкерлік субъектілері төлейтін сыйақы (мүдде) мөлшерлемесі белгіленеді.
Тармақ 23
23. Егер де жобаны қаржыландыру туралы оң шешім қабылданса, МКК азаматтық заңнамаға сәйкес несие ұйымымен және шағын кәсіпкерлік субъектісімен ипотекалық шартқа отырады.
Тармақ 24
24. Ипотекалық шартта кепілдікті мүліктің мәні, бағалау құны, негізгі міндеттемелерінің маңызы, оның мөлшері және орындау мерзімі; тараптардың құқықтары мен міндеттері, оның ішінде МКК-ныі шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берілген несиелердің мақсатты пайдаланылуына бақылау жүргізу құқығы; жоғары да көрсетілген объектілердің кепілдікпен қамтамасыз етіп алынған несиелерін қайтару жөніндегі шағын кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттерін орындауды қамтамасыз ету тәртібі; заңнамамен тыйым салынбаған және ипотекалық шарттағы кез келген тараптардың өтініші бойынша келісімге қол жеткізуге тиіс басқа да жағдайлар көрсетілуі қажет.
Тармақ 25
25. Ипотекалық шарт Уәкілетті органда келісілуі тиіс.