О лицензировании некоторых видов деятельности в городе Алматы Күшін жойған
Басқа 0
Алматы қаласында қызметтiң кейбiр түрлерiн лицензиялау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы " Жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы", 1995 жылғы 17 суiрдегi " Лицензиялау туралы", 1998 жылғы 1 шiлдедегi " Алматы қаласының ерекше мәртебесi туралы", 2004 жылғы 20 желтоқсандағы " Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару мен бюджеттiк қарым-қатынастар деңгейлерi арасындағы өкiлеттiктердi шектеу мәселелерi жөнiндегi кейбiр заң актiлерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" № 13-III Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының "Лицензиялау туралы" Заңын жүзеге асыру туралы" № 1894 Қаулысына сәйкес, Алматы қаласының Әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Әрекет етушi заңнамаларға сәйкес Алматы қаласы жергiлiктi атқарушы органының қызметтiң кейбiр түрлерiне 1-қосымшаға сәйкес лицензиялауды жүзеге асыратындығы назарға алынсын.
Тармақ 2
2. Алматы қаласының Экономика және бюджеттiк жоспарлау департаментiне (бұдан әрi - Департамент) лицензия алуға арналған құжаттарды қабылдау мен қарау, Алматы қаласы әкiмдiгiнiң лицензиялау жөнiндегi тиiстi қаулыларын дайындау, лицензияларды тiркеу, есепке алу мен беру, лицензиялық бақылауды жүзеге асыру, лицензиялардың әрекетiн тоқтату мен қайтарып алу жөнiндегi құжаттарды дайындау мен рәсiмдеу жөнiндегi мiндеттер жүктелсiн. Департамент директорына әкiмдiк қаулысын орындау мақсатында берiлетiн лицензияға қол қою құқығы берiлсiн.
Тармақ 3
3. Қызметтiң нақты түрлерiне лицензия алу үшiн бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiктi тексерудi жүзеге асыратын ұйымдардың тiзбесi 2-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
Тармақ 4
4. Алматы қаласы әкiмдiгiнiң кейбiр қаулылары 3-қосымшаға сәйкес күшiн жойды деп танылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Қ.А. Бүкеновке жүктелсiн.
Басқа 6
Алматы қаласы әкiмдiгiнiң
"09" наурыздағы 2005 ж.
№ 1/127 қаулысына 1 қосымша
Алматы қаласының Әкiмдiгi лицензиялауды жүзеге асыратын қызмет түрлерiнiң ТIЗБЕСI
Тармақша 1
1) дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдары мен дәрi-дәрмектерiн қолданумен байланысты жұмыстар мен қызметтердiң түрлерi;
Тармақша 2
2) Алматы қаласының аумағына шет елден жұмыс күшiн тартумен және Алматы қаласынан жұмыс күшiн шығарумен байланысты қызметтер;
Тармақша 3
3) республикалық мәндегi ұйымдар атқаратын жұмыстар мен қызметтерден басқа медициналық және дәрiгерлiк қызметтер, сондай-ақ Алматы қаласынан тысқары жерлерге таралатын қызметтер және акушерлiк, гинекологиялық, венерологиялық, иммунологиялық, наркологиялық, фтизиатриялық, неонатологиялық, педиатрия мен наркологиялық сараптама қызметiнiң түрлерi;
Тармақша 4
4) дәрi-дәрмектер шығару, дайындау, толайым және бөлшектеп сату;
Тармақша 5
5) денсаулық сақтау жүйесiндегi есiрткi, психотроптық заттарының және прекурсорлардың айналымымен: өндiрумен, тасымалдаумен, сатып алумен, сақтаумен, бөлумен, сатумен, пайдаланумен, жойып жiберумен байланысты қызмет түрлерi;
Тармақша 6
6) республикалық бюджет қаражаттары есебiнен қаржыландырылатын, орта кәсiби; дiни (дiни оқу орындары) бiлiм беру бағдарламасын жүзеге асыратындардан; халықаралық және шет елдiк заңды тұлғалардан басқа жалпыға бiрдей бастауыш, негiзгi немесе орта; жалпыға бiрдей бастапқы кәсiби, орта кәсiби бiлiм беретiн заңды тұлғалардың, сондай-ақ мектеп жасына дейiнгi және мектептен тыс бiлiм беретiн ұйымдардың қызметi;
Тармақша 7
7) Алматы қаласының аумағында лотереялар (мемлекеттiк (ұлттық) лотереядан басқа) ұйымдастыру мен өткiзу;
Тармақша 8
8) ойын бизнесі саласындағы қызмет;
Тармақша 9
9) алкоголь өнiмдерiн (сырадан басқа) бөлшек саудалау;
Тармақша 10
10) жылу қуатын өндiру, беру және бөлу (белгiленген жылу қуаттылығының жиынтығы сағатына 100 Г/калориялық жылу қуатының көздерiнен);
Тармақша 11
11) алкоголь өнiмдерiн (сырадан басқа) сақтау және толайым саудалау;
Тармақша 12
12) заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi мен сатуы;
Тармақша 13
13) турагенттiк, туроператорлық қызмет пен туризм нұсқаушысының қызметi;
Тармақша 14
14) қысыммен жұмыс iстейтiн қазандықтар (жылу қуатының жиынтығы сағатына 100 Г/кал. дейiнгi) мен құбырларды пайдалану;
Тармақша 15
15) қысыммен жұмыс iстейтiн түтiктердi (өндiрiстiк тоңазытқыш қондырғыларында, тұрмыстық газ баллондарында қолданылатын) пайдалану;
Тармақша 16
16) дене тәрбиесі-сауықтыру және спорт қызметін жүзеге асыратын дене тәрбиесі-сауықтыру, спорт клубтарының, орталықтарының, секциялары мен басқа да ұйымдардың; бірінші, екінші және үшінші дәрежедегі спорт құрылғыларында дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметін көрсететін заңды және жеке тұлғалардың; дене тәрбиесі мен спорт жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жергілікті қоғамдық бірлестіктердің, одақтардың, ассоциациялардың (облыстық федерациялардың) қызметі;
Тармақша 17
17) пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), сату және қолдану жөніндегі қызмет;
Тармақша 18
18) ветеринария саласындағы қызметке: мал дәрігерлік мәндегі дәрі-дәрмектерді өндіру мен сатуға; мал дәрігерлік мақсатқа арналған дәрілік заттарды, биологиялық дәрілерді сатуға; мал өнімдері мен шикізаттарын мал дәрігерлік-санитариялық сараптамадан өткізуге; мал дәрігерлік емдеу-профилактикалық қызмет.
Басқа 25
Алматы қаласы әкiмдiгiнiң
"09" наурыздағы 2005 ж.
№ 1/127 қаулысына 2 қосымша
Қызметтiң нақты түрлерiне лицензия алу үшiн бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiктi тексеретiн ұйымдардың ТIЗБЕСI
Тармақ 1
1. Алматы қаласының Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментi-дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдары мен дәрi-дәрмектерiн қолданумен байланысты жұмыстар мен қызметтер түрлерiне, сондай-ақ санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы медициналық қызметке қорытынды.
Тармақ 2
2. Алматы қаласының Еңбекпен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар департаментi-Алматы қаласының аумағына шет елден жұмыс күшiн тартумен және Алматы қаласынан жұмыс күшiн шығарумен байланысты қызметтерге қорытынды.
Тармақ 3
3. Алматы қаласының Денсаулық сақтау департаментi- медициналық және дәрiгерлiк қызметтерге; дәрi-дәрмектер шығару, дайындау, толайым және бөлшектеп сатуға; денсаулық сақтау жүйесiндегi есiрткi, психотроптық заттарының және прекурсорлардың айналымымен: өндiрумен, тасымалдаумен, сатып алумен, сақтаумен, бөлумен, сатумен, пайдаланумен, жойып жiберумен байланысты қызмет түрлерiне қорытынды.
Тармақ 4
4. Алматы қаласының Бiлiм беру департаментi- жалпыға бiрдей бастауыш, негiзгi немесе орта, жалпыға бiрдей бастапқы кәсiби, орта кәсiби бiлiм беретiн заңды тұлғалардың; сондай-ақ мектеп жасына дейiнгi және мектептен тыс ұйымдардың қызметiне қорытынды.
Тармақ 5
5. Алматы қаласының Қаржы департаментi-Алматы қаласының аумағында лотереяларды (мемлекеттiк (ұлттық) лотереядан басқа) ұйымдастыру мен өткiзу қызметiне қорытынды.
Тармақ 6
6. Алматы қаласының Кәсiпкерлiк және өнеркәсiп департаментi-ойын бизнесі саласында, сондай-ақ турагенттiк, туроператорлық қызмет пен туризм нұсқаушысының қызметiне қорытынды.
Тармақ 7
7. Аудан әкiмдерiнiң аппараты - алкоголь өнiмдерiн (сырадан басқа) бөлшек саудалауға қорытынды.
Тармақ 8
Тармақ 9
9. "Қазалкоорталық" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны- алкоголь өнiмдерiн (сырадан басқа) сақтау және толайым саудалауға қорытынды.
Тармақ 10
10. Алматы қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті-заңды тұлғалардың түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауына (дайындауына), сақтауына, қайта өңдеу мен сатуына, сондай-ақ пестицидтерді (улы химикаттарды)өндіру (формуляциялау), сату және қолдану жөніндегі қызметке, сондай-ақ ветеринария саласындағы қызметке: мал дәрігерлік мәндегі дәрі-дәрмектерді өндіру мен сатуға; мал дәрігерлік мақсатқа арналған дәрілік заттарды, биологиялық дәрілерді сатуға; мал өнімдері мен шикізаттарын мал дәрігерлік-санитариялық сараптамадан өткізуге; мал дәрігерлік емдеу-профилактикалық қызметіне қорытынды береді.
Тармақ 11
11. Алматы қалалық төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау басқармасы-қысыммен жұмыс iстейтiн қазандықтар (жиынтық жылу қуаттылығы 100 Гкал/сағатқа дейiнгi) мен құбырларды пайдалануға; қысыммен жұмыс iстейтiн түтiктердi (өндiрiстiк тоңазытқыш қондырғылардың, тұрмыстық газ баллондарының құрамындағы) пайдалануға қорытынды, жылу қуатын өндіруге, беру мен таратуға (орнатылған жылу қуатының жалпы жиынтығы 100 Гкал/сағат болатын жылу энергиясының көздерінен).
Тармақ 12
12. Алматы қаласының дене тәрбиесі және спорт басқармасы- дене тәрбиесі-сауықтыру және спорт қызметін жүзеге асыратын дене тәрбиесі-сауықтыру, спорт клубтарының, орталықтарының, секциялары мен басқа да ұйымдардың; бірінші, екінші және үшінші дәрежедегі спорт құрылғыларында дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметін көрсететін заңды және жеке тұлғалардың; дене тәрбиесі мен спорт жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жергілікті қоғамдық бірлестіктердің, одақтардың, ассоциациялардың (облыстық федерациялардың) қызметіне шарт жасасуға.
Басқа 38
Алматы қаласы әкiмдiгiнiң
"09" наурыздағы 2005 ж.
№ 1/127 қаулысына 3 қосымша
Күшi жойылды деп танылған Алматы қаласы әкiмдiгi қаулыларының ТIЗБЕСI
Тармақ 1
1. Алматы қаласы әкiмдiгiнiң 2001 жылғы 11 шiлдедегi "Алматы қаласында қызметтiң жекелеген түрлерiн лицензиялау туралы" N 1/72 қаулысы, Алматы қаласының Әдiлет басқармасы 3.10.2001 жылы N 392 ретпен тiркеп, 2001 жылдың қараша айында "Вечерний Алматы", "Алматы Ақшамы" газеттерiнде жарияланған.
Тармақ 2
2. Алматы қаласы әкiмдiгiнiң 2002 жылғы 12 ақпандағы "Алматы қаласы әкiмдiгiнiң 2001 жылғы 11 шiлдедегi "Алматы қаласында жекелеген қызмет түрлерiн лицензиялау туралы" N 1/72 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы" N 1/112 қаулысы, Алматы қаласының Әдiлет басқармасы 27.02.2002 жылы N 440 ретпен тiркеп, 2002 жылдың наурыз айында "Вечерний Алматы", "Алматы Ақшамы" газеттерiнде жарияланған.
Тармақ 3
3. Алматы қаласы әкiмдiгiнiң 2002 жылғы 19 шiлдедегi "Алматы қаласы әкiмдiгiнiң 2001 жылғы 11 шiлдедегi "Алматы қаласында қызметтiң жекелеген түрлерiн лицензиялау туралы" N 1/72 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы" N 3/396 қаулысы, Алматы қаласының Әдiлет басқармасы 05.07.2002 жылы N 459 ретпен тiркеп, 2002 жылдың шiлде айында "Вечерний Алматы", "Алматы Ақшамы" газеттерiнде жарияланған.
Тармақ 4
4. Алматы қаласы әкiмдiгiнiң 2004 жылғы 04 мамырдағы "Алматы қаласы әкiмдiгiнiң 2001 жылғы 11 шiлдедегi "Алматы қаласында қызметтiң жекелеген түрлерiн лицензиялау туралы" N 1/72 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы" N 3/383 қаулысы, Алматы қаласының Әдiлет басқармасы 11.06.2004 жылы N 604 ретпен тiркеп, 2004 жылдың шiлде айында "Вечерний Алматы", "Алматы Ақшамы" газеттерiнде жарияланған.