Об усилении контроля за соблюдением законности и утвержденных правил при производстве охоты и рыбной ловли на территории области Күшін жойған
Басқа 0
Облыс аумағында балық аулаған және аңшылық жүргізген кезде бекітілген ережелердің, және заңның сақталуын бақылауды нығайту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімінің 06.11.2004 № 52 шешімімен.
Кейінгі кездері, әсіресе Астана қаласына орталық атқару органдарының көшіп келуіне байланысты облыс аумағында аңшылық және балық аулау ережелері дөрекі бұзылуда, жануарлар және балық соңғы техникалық құралдар қолдану арқылы бақылаусыз және лицензиясыз ауланып және атылып алынуда, осының салдарынан аймақ флорасы және фаунасына, жануарлар дүниесін тиімді пайдалануға, қорғауға, өсімін молайтуға орны толмас зиян келтірілуді, ал техника қауіпсіздігін орындамағандық қайғылы оқиғаларға әкеліп соғуда.
Заңды қатаң сақтау және қоршаған ортаны қорғауды нығайту үшін облыс әкімі шешім қабылдады:
Тармақ 1
1. Ақмола облысы аумағында жануарларды жаппай әдіспен, соның ішінде авиа, автомотокөлік құралдарымен, катерлермен және мотор қайықтарымен спорттық-әуесқой аңшылық жүргізуге және балық аулауға тыйым салынсын.
Тармақ 2
2. Орман, балық және аңшылық шаруашылығы (С.Ш.Шалин):
- Ақмола облысы аумағында аң және балық аулау ережелерін қатаң сақтауға бақылауды нығайтсын;
- тиесілі рұқсатсыз және бекітілген келісім-шартсыз жануарлар дүниесін пайдалануға жол берілмесін;
- бір ай мерзім ішінде Ақмола облысында аң аулауды жаңа редакциядағы Ережелері дайындалып бекітуге ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Облыстық прокуратура (А.М.Әділхан), экология және табиғи ресурстар (Ә.А.Мейрамов), ішкі істер басқармасы (Х.С.Хайдаров) аң және балық аулау ережелерін бұзғандарды, браконьерлерді әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту жұмысын нығайтсын.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық орман, балық және аңшылық шаруашылығына (С.Ш.Шалин) және экология және табиғи ресурстар басқармасына (Ә.А.Мейрамов) жүктелсін.