Темір ауданы әкімиятының резервін пайдалану Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне және «Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 желтоксандағы № 1405 қаулысына сәйкес, және Ақтөбе облысы әкімиятының 2005 жылғы 11 наурыздағы № 76 «Облыс әкімдігінің резервін пайдалану Ережесін бекіту туралы» каулысын жүзеге асыру мақсатында аудан әкімияты Қаулы етеді:
Темір ауданы әкімиятының резервін пайдалану Ережесін бекіту туралы от 29.04.2005 г. № 111 (Темір ауданы әкімиятының резервін пайдалану Ережесін бекіту туралы)
1. Темір ауданы әкімиятының резервін пайдалану Ережесі бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) «Аудан әкімияты резервінің қаражатын пайдаланудың Тәртібін бекіту туралы» аудан әкімиятының 2003 жылғы 2 маусымдағы № 150 қаулысының
07.07.2003, № 2246);
2) «Аудан әкімиятының 2003 жылғы 2 маусымдағы № 150 қаулсына өзгерістер енгізу туралы» аудан әкімиятының 2004 жылғы 27 мамырдағы №
119 қаулысының (14.06.2004, № 2791) күші жойылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е. Балбосыновқа жүктелсін.
Аудан әкімиятының
2005 жылғы «29» сәуірдегі
№ 111 қаулысымен
бекітілген
Темір ауданы әкімиятының резервін пайдалану Ережесі
Осы Ереже Темір аудандық атқарушы органның резервін пайдалану тәртібін айқындайды.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережеде мынандай ұғымдар пайдаланылады:
күтпеген шығындар - оларды болжауға болмағандықтан ағымдағы қаржы жылына арналған аудандық бюджетті әзірленген кезде жоспарланбаған және ағымды қаржы жылында дереу қаржыландыруды талап ететін шығындар.
2. Аудан әкімиятының резервінің қатаң нысаналы мақсаты бар және осы Ережеде аудан әкімиятының резервінен ақша бөлу туралы шешімінде көзделмеген мұқтаждарға пайдаланылмайды.
3. Аудан әкімиятының тиісінше аудан әкімиятының резервінен ақша бөлу туралы шешімін дайындау:
1) ағымдағы қаржы жылына арналған аудандық бюджетте осы мақсатка арналған ақша болмаған;
2) сот шешімдері бойынша тиісінше аудандық атқарушы органның міндеттемелерін өтеу жағдайларын қоспағанда аудан әкімиятының резервінің ақшасын қажетсіну ағымдағы қаржы жылында туындаған және оларға қажеттілік бюджеттік бағдарлама әкімшісінің бұрыңғы міндеттемелеріне байланысты жоқ болған.
4. Аудан әкімиятының резервінен бөлінген ақша қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған немесе ішінара пайдаланылмаған жағдайда бюджеттік бағдарлама әкімшісі бөлінген ақшаның пайдаланылмаған бөлігінін тиісті бюджетке ағымдағы қаржы жылының аяғына дейін қайтарылуын қамтамасыз
етеді.
2. Төтенше резервті табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға пайдалану тәртібі
5. Аудандық ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда аудан әкімиятының резервінен ақша бөлу туралы өтініштерді «Темір аудандық экономика және қаржы бөлімі» ММ
қарайды.
6. Аудандық аукымдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою қажет болған жағдайда төтенше жағдайлар жөніндегі аудан әкімияты жанындағы төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою жөніндегі ведмоствоаралық аудандық комиссия заңнамада белгіленген тәртіппен аудан
әкімиятының табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға ақша бөлу туралы шешімінің жобасын енгізеді.
3. Аудан әкімиятының резервін шұғыл шығындарға пайдалану тәртібі
7. Бюджетті атқару жөніндегі «Темір аудандық экономика және каржы бөлімі» ММ берілген өтініш негізінде аудан әкімиятының резервін көзделмеген шекте шұғыл шығындарға ақша бөлудің мүмкіндігін не мүмкін еместігі туралы қорытынды береді.
8. Мемлекеттік органның өтінішіне оң қорытынды берілген жағдайда аудандық атқарушы органның тиісіне аудан әкімиятының резервінен шұғыл шығындарға ақша бөлу туралы қаулының жобасын заңнамада белгіленген тәртіппен осы мемлекеттік орган дайындайды.
4. Аудан әкімиятының шұғыл шығындарға арналған резервін сот шешімдері бойынша аудандық аткарушы орғаннын міндеттемелерін орындауға пайдалану тәртібі
9. Сот шешімдері бойынша аудан әкімиятының міндеттемелерін орындау сот атқару құжаттары болған жағдайда аудан әкімиятының шұғыл шығындарға арналған резервінен қамтамасыз етіледі.
Сот шешімдері бойынша төлемдерді жүргізуге міндетті аудан әкімиятының қолданыстығы заңнамада көзделген негіздемелер болған жағдайда көрсетілген шешімдерге барлық сот инстанцияларында шағымдануы тиіс.
Аудан әкімиятының өзінің құқыққа сай емес қабылдаған кесімдері, сондай-ақ әкімшілік саласындағы өздерінің лауазымды түлғаларының құқыққа сай емес іс-әрекеттері үшін оларды қстауға бөлінген ақшамен жауап береді.
10. Аудандық атқарушы органның міндеттемелерін орындауға аудан әкімиятының резервінен ақша бөлу туралы аудан әкімиятының шешімінің жобасын заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті аткарушы орган дайындайды.
Бұл ретте мүдделі аудандық мемлекеттік органдар осы Ереженін 9 тармағының сақталғанын растайтын материалдардың көшірмелерін аудандық
мемлекеттік мекемелердің міндеттемелерін орындауға аудан әкімиятының резервінен ақша бөлу туралы қаулысының жобасымен қоса береді.
5. Бақылау және есептілік
11. Аудан әкімиятының резервінен бөлінген акшаны бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджетті аткару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгіленген тәртіппен және мерзімде олардың пайдалануы, көлемі және орындалған жұмыстардың кұны туралы есеп беруі тиіс.
12. Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті атқарушы орган ай сайын облыстық атқарушы органға аудан әкімиятының резерві ақшасының пайдалануы және оның тиісті кезеңдегі қалдықтары туралы ақпарат ұсынады.
13. Аудан әкімияты резервінен бөлінген ақшасын мақсатсыз пайдаланғаны үшін аудандық атқарушы органнан ақша алған бюджеттік бағдарлама әкімшісі Қазакстан Рсепубликасының заңнамасында көзделген тәртіппен жауапкершілікке тартылады.
14. Аудан әкімиятының резервін максатты пайдалануын бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.