Об утверждении Правил прохождения испытательного срока и стажировки лицами, впервые поступающими на службу в органы военной полиции Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.05.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әскери полиция органдарына алғашқы қызметке тұратын адамдардың сынақ мерзімінен және тағылымдамадан өту қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының "Әскери полиция органдары туралы" Заңын жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Әскери полиция органдарына алғашқы қызметке тұратын адамдардың сынақ мерзімінен және тағылымдамадан өту қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасының бастығына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Бұйрық ресми түрде жарияланған күннен қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Әскери полиция органдарына алғашқы қызметке тұратын адамдардың сынақ мерзімінен және тағылымдамадан өту қағидалары
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2005 жылғы 24 наурыздағы № 120 бұйрығымен бекітілген Әскери полиция органдарына алғашқы қызметке тұратын адамдардың сынақ мерзімінен және тағылымдамадан өту қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарына (бұдан әрі – әскери полиция органдары) алғашқы әскери қызметке тұратын адамдардың сынақ мерзімінен және тағылымдамадан өту тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Әскери полиция органдарына алғашқы әскери қызметке қабылданатын адамдармен (бұдан әрі – кандидаттар) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әскери полиция құрылымдық бөлімшелерінің бастықтары тиісті сөйлесу парағын рәсімдеумен әңгімелесу жүргізеді. Кандидаттарға әскери полиция органдарының әскери қызметшісіне қойылатын, екі ай бойы сынақ мерзімін, оның ішінде бір айы Әскери полиция мамандарын даярлау орталығында (бұдан әрі – орталық) оқытып-үйретуге және бір айы тікелей болашақ қызмет орны бойынша тағылымдамадан өтуді белгілеу туралы талаптар жеткізіледі.
Тармақ 3
3. Кандидаттармен сынақ мерзімінен өту кезеңінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес үш айдан аспайтын мерзімге еңбек шарты жасалады.
Тарау 2. 2-тарау. Орталықта оқытып-үйрету
2-тарау. Орталықта оқытып-үйрету
Тармақ 4
4. Кандидаттар сынақ мерзімінен өту уақытында орталықта бір ай бойы арнайы бастапқы оқытып-үйретуден өтеді. Арнайы бастапқы оқытып-үйретуден өту кезеңінде кандидаттар орталық аумағына орналастырылады.
Тармақ 5
5. Арнайы бастапқы оқытып-үйретуден өту кезінде орталық бастығының бұйрығымен кандидаттар ауыспалы құрамның тізіміне енгізіледі.
Тармақ 6
6. Кандидаттар орталықтың оқу дәрісханаларын, кабинеттерін, сыныптарын, кітапханаларды, спорт залдары мен оқу құралдарын пайдалана алады.
Тармақ 7
7. Кандидаттар оқу уақытында:
Тармақша 1
1) мемлекеттік құпияларды құрайтын не таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерге жіберілмей, әскери полиция органдарының, оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін зерделейді;
Тармақша 2
2) теориялық білім алады және практикалық дағдылар, әскери полиция қызметтерінің, бөлімшелерінің әрекет ету тәжірибесін алады;
Тармақша 3
3) белгіленген мерзімдерде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасы бастығының бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламасында көзделген оқу жұмысының барлық түрлерін орындайды;
Тармақша 4
4) үлкен бастықтардың заңды талаптарын орындайды.
Тармақ 8
8. Екі және одан көп пән бойынша ағымдағы және қорытынды бақылауда қанағаттанарлықсыз баға алумен сипатталатын оқу жоспарын орындамаған кезде кандидаттар орталықтан шығарылады және олар еңбек шарты жасалған әскери полиция органына жіберіледі.
Тармақ 9
9. Кандидат он немесе одан да көп оқу күні болмауымен сипатталған науқастанған жағдайда кандидат қайта арнайы бастапқы оқытып-үйретуге жіберіледі. Кандидат он оқу күнінен аз күн науқастанған жағдайда кандидатқа оқытушылардың жетекшілік етуімен оқу материалдары дербес даярлану үшін беріледі. Кандидат науқастанған жағдайда оны растайтын құжаттар ұсынады.
Тармақ 10
10. Оқу бітіру емтихандарын табысты тапсырған кандидаттарға мінездеме, сондай-ақ осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша арнайы бастапқы оқытып-үйретуді аяқтау туралы куәлік беріледі.
Тарау 3. 3-тарау. Сынақ мерзімінен және тағылымдамадан өту
3-тарау. Сынақ мерзімінен және тағылымдамадан өту
Тармақ 11
11. Орталықта оқуды аяқтағаннан кейін кандидаттар сынақ мерзімінен өту орнына жіберіледі.
Тармақ 12
12. Сынақ нәтижелері қанағаттанарлықсыз болған кезде кандидатпен сынақ мерзімінен өтпеген ретінде жасалған еңбек шарты бұзылады.
Тармақ 13
13. Сынақ мерзімінен табысты өткен кандидат:
Тармақша 1
1) үш ай ішінде офицерлер құрамының лауазымына;
Тармақша 2
2) екі ай ішінде сержанттар (старшиналар) мен сарбаздар құрамының лауазымына әскерге шақырылады.
Тармақ 14
14. Сынақ мерзімінен өтіп жатқан кандидаттарға төлем «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес төленеді.
Тармақ 15
15. Кандидаттар тағылымдамасының негізгі мақсаты:
Тармақша 1
1) кәсіби деңгейін және даярлығын анықтау;
Тармақша 2
2) орталықта алған білімін және кәсіби дағдыларын бекіту болып табылады.
Тармақ 16
16. Тағылымдама кезеңінде кандидаттар ол тағылымдамадан өтетін тиісті бөлімшенің бастығына бағынады.
Тармақ 17
17. Әскери полиция органдары құрылымдық бөлімшелерінің бастықтары кандидаттың жұмыс режимін белгілейді.
Тармақ 18
18. Тағылымадаманың негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) кандидаттардың Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі құқық тәртібін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың жолын кесу және одан сақтандыру бойынша кәсіптік білім алу, шеберлік пен дағдыларды меңгеру мен оны жетілдіру;
Тармақша 2
2) кандидаттарда жеке басының және іскерлік қасиеттерді, тәртіптілікті дамыту;
Тармақша 3
3) «Әскери полиция органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес кандидаттардың арнайы құралдарды пайдалану дағдыларын меңгеру және оны жетілдіру;
Тармақша 4
4) қызметтік құжаттарды ресімдеу дағдыларын меңгеру.
Тармақ 19
19. Кандидат тағылымдама кезеңінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әскери полиция органының іс жүргізуіндегі қызметтік құжаттармен және жеке тапсырмамен, жұмыс жоспарымен айқындалған ауқымды басқа да материалдармен танысады.
Тармақ 20
20. Тағылымдамадан өтетін кандидат:
Тармақша 1
1) атқаратын лауазымы бойынша функционалдық міндеттеріне сәйкес жеке тапсырманы, жұмыс жоспарын әзірлейді, оны тікелей бастық келіседі, бақылайды және әскери полиция органының бастығы бекітеді;
Тармақша 2
2) мамандығы бойынша әскери қызмет өткеру ерекшеліктерін зерделейді;
Тармақша 3
3) қызмет өткеру тәсілдері мен әдістерін зерделейді;
Тармақша 4
4) әскери қызмет өткеру дағдыларын меңгереді және бекітеді;
Тармақша 5
5) әскери полиция органдарының қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерді зерделейді;
Тармақша 6
6) жеке жұмыс жоспарына атқарылған жұмыс туралы жазбаны уақтылы енгізеді;
Тармақша 7
7) апта сайын тағылымдама жетекшісінің алдында атқарылған жұмыс туралы есеп береді.
Тармақ 21
21. Сынақ мерзімі аяқталғаннан кейін әрбір кандидатқа тікелей бастық мінездеме жазады. Мінездемеде кандидат орындаған тапсырмалардың және жеке жоспарлардың сапасы, қызметтік міндеттерді орындауға оның кәсіби даярлығы дәрежесі, басшылық құжаттарды білуі және оларды жұмыста пайдалана алуы, моральдық-жігерлік қасиеттері, тәртіптілігі, орындаушылығы, жалпы даму деңгейі, тиісті лауазым бойынша қызмет өткеруге дайындығы көрсетіледі. Кандидаттың сынақ мерзімінен өткенін растайтын барлық материалдар әскери полиция органына әскерге шақыру бойынша одан әрі жұмыс істеу үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери полициясы бас басқармасына жолданады.
Тармақ 22
22. Орталықтан шығару не сынақ мерзімінен қанағаттанарлықсыз өту нәтижесінде кандидатпен еңбек шарты мерзімінен бұрын бұзылған кезде кандидат әскери полиция органдары бастықтарының әрекетіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдана алады.
Басқа 1. Әскери полиция органына кіретін кандидатпен әңгімелесу парағы
Әскери полиция органдарына алғашқы қызметке тұратын адамдардың сынақ мерзімінен және тағылымдамадан өту қағидаларына 1-қосымша Нысан Әскери полиция органына кіретін кандидатпен әңгімелесу парағы Р/с № Әң­гі­ме­ле­су маз­мұ­ны Жа­у­а­бы 1. 2. 3. 4. 5. Әңгімелесу парағымен таныстым, онда мазмұндалған талаптар:_____________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ Кандидат ___________________________________________________________ (запастағы әскери атағы, қолы, Т.А.Ә. (ол болған кезде) Әңгімелесуді жүргізген:_____________ ____________ ___________________ (әскери атағы) (қолы) (Т.А.Ә. (ол болған кезде) 20____ жылғы «___» ________
Басқа 2
Әскери полиция органдарына алғашқы қызметке тұратын адамдардың сынақ мерзімінен және тағылымдамадан өту қағидаларына 2-қосымша Нысан Бет жағы: Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Әскери полиция мамандарын даярлау орталығы КУӘЛІК Ішкі жағы: Ар­найы ба­стап­қы оқу­дан өту ту­ра­лы КУ­Ә­ЛІК №________ Запастағы________________________________ ________________________________________ ________________________________________ оның Әскери полиция мамандарын даярлау орталығында 20__жылғы «__» ___ – 20 __жылғы «__»___ кезеңде оқу курсынан өткені туралы берілді жәнемынадай білімді көрсетті: Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету _____________ Қылмыстық қудалау _____________ Құқықтық даярлық және арнайы пәндер _____________ Дене шынықтыру дайындығы _____________ Әскери полиция мамандарын даярлау орталығының бастығы ____________ ___________ (әскери атағы) (аты, тегі) М.О. 20___ жылғы «__»____ СВИДЕТЕЛЬСТВО №________ о прохождении специального первоначального обучения Выдано________________________запаса ____________________________________ ____________________________________ о том, что он прошел курс обучения в Центре подготовки специалистов военной полиции в период с «__» ____20__ года по «__» ____20__ года и показал следующие знания: Обеспечение общественной безопасности ______________ Уголовное преследование _______________ Правовая подготовка и специальные дисциплины _______________ Физическая подготовка ______________ Начальник Центра подготовки специалистов военной полиции ____________ ______________ (воинское звание) (имя, фамилия) М.П. «__»____ 20__ года Ескертпе:
Тармақ 1
1. Куәлік жылтыр қағаздан жасалған альбом түрінде (өлшемі 297х210 миллиметр) А4 форматындағы мұқабадан, бет жағы – ашық көгілдір түсті негізде, ішкі жағы – ақ түсті негізде.
Тармақ 2
2. Куәлік мұқабасында мыналар орналасқан:
Тармақша 1
1) қара түсті жазба жазылған: «Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Әскери полиция мамандарын даярлау орталығы»;
Тармақша 2
2) ортасында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органының белгісі бейнеленген;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органы белгісінің бейнесі астында – атауы қазақ тілінде жазылған.
Тармақ 3
3. Куәліктің ішкі жағына типографиялық тәсілмен басылады (толтырылатын деректерді ескермегенде, оларға жазылатын жазбалар каллиграфиялық жазумен немесе баспа құрылғыларының көмегімен жазылатындай етіп жасалуға тиіс).
Тармақ 4
4. Куәліктің сол жақ ішкі жағында қазақ тілінде жазылған мәтін, ал оң жағында – орыс тілінде жазылған бірдей мәтін көрсетіледі.
Басқа 3. Кандидаттың тағылымдамадан өту кезеңіндегі жеке тапсырмасы және жұмыс жоспары
Әскери полиция органдарына алғашқы қызметке тұратын адамдардың сынақ мерзімінен және тағылымдамадан өту қағидаларына 3-қосымша Нысан Кандидаттың тағылымдамадан өту кезеңіндегі жеке тапсырмасы және жұмыс жоспары Бекітемін _______________________ гарнизонының (гарнизонның атауы ) ______________________________ бастығы (әскери полиция органының атауы) ___________ _______ _________________ (әскери атағы) (қолы) (Т.А.Ә. (ол болған кезде) 20 __жылғы «___» ________ 20 __жылғы «___» ________ ________________ (елді мекен) 1. Жеке тапсырма Кандидат __________________________________________________________ (запастағы әскери атағы, (Т.А.Ә. (ол болған кезде) __________________________________________________________________ (жоспарланған лауазым мен бөлімше атауы) __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ Кандидат _________________________________________________________ (запастағы әскери атағы, қолы, Т.А.Ә. (ол болған кезде) Келісілген Бөлімше бастығы: __________ ____________ _________________ (әскери атағы) (қолы (Т.А.Ә. (ол болған кезде) 2. Жеке жұмыс жоспары Кандидат ____________________________________________________________ (запастағы әскери атағы, Т.А.Ә. (ол болған кезде) _____________________________________________________________________ (жоспарланған лауазым мен бөлімше атауы) Күні Іс-шара атауы Бақылау нәтижелері Тағылымдамадан өту нәтижелері бойынша қорытынды: ___________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ Бөлімше бастығы: __________ ____________ ___________________ (әскери атағы) (қолы) (Т.А.Ә. (ол болған кезде) 20__ жылғы «___»_____ Тағылымдама нәтижелері бойынша қорытынды ___________________________ ____________________________________________________________________ __________________________ гарнизонының (гарнизон атауы) _______________________________ бастығы (әскери полиция органының атауы) _______ ______ _________________ _______ (әскери атағы) (қолы) (Т.А.Ә. (ол болған кезде) 20 __жылғы «___» ________