О социальной защите лиц с инвалидностью в Республике Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы
Осы Заң Қазақстан Республикасында
мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi және
мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз етудiң, олардың тiршiлiк-тынысы мен қоғаммен етене араласуы үшiн тең мүмкiндiктер жасаудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шарттарын айқындайды.
Тарау 1. 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 1. 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) арнаулы жүрiп-тұру құралдары -
мүгедектігі бар адамдардың белсендi және баяу жүрiп-тұруына арналған техникалық көмек түрi;
Тармақша 2
2) алып тасталды - ҚР 03.12.2015 № 433-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 2-1
2-1) жеке көмекші – жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы
мүгедектігі бар адамды бірге алып жүру және объектілерге барған кезде көмек көрсету бойынша әлеуметтік қызметтер көрсететін адам;
Тармақша 3
3) кәсiптiк бағдарлау -
мүгедектігі бар адамның еңбек қызметi түрлерiн таңдауына көмек көрсетуге бағытталған шаралар жүйесi;
Тармақша 4
4) қайта жасау хирургиясы - организмнiң бұзылған функцияларын қалпына келтiруге немесе олардың орнын толтыруға бағытталған хирургиялық емдеу әдiсi;
Тармақша 5
5) медициналық-әлеуметтік сараптама – мүгедектікті және (немесе) еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілей (белгілемей) отырып, куәландырылатын адамның организм функцияларының тұрақты бұзылуынан туындаған тыныс-тіршілігінің шектелуін бағалау, сондай-ақ оның әлеуметтік қорғау шараларына қажеттілігін айқындау;
Тармақша 5-1
5-1) медициналық-әлеуметтік мекеме (ұйым) – көмек пен күтімге, қызмет көрсетуге мұқтаж қарттардың, мүгедектігі бар адамдардың, мүгедектігі бар балалардың стационар, жартылай стационар немесе күндіз болу жағдайында тұрақты немесе уақытша тұруына арналған ұйым;
Тармақша 6
6) медициналық оңалту - организмнiң бұзылған және (немесе) жоғалтқан функцияларын сақтауға, iшiнара немесе толық қалпына келтiруге бағытталған медициналық қызметтер кешенi;
Тармақша 7
7)
мүгедектігі бар адам – тұрмыс-тіршілігінің шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын, ауруларға, мертігулерге (жаралануға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, кемiстiктерге байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған адам;
Тармақша 7-1
7-1) мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау – мүгедектігі бар адамдардың бойында болмаған тұрмыстық, қоғамдық және кәсіптік қызметке қабілеттерді қалыптастыруға және дамытуға бағытталған шаралар кешені;
Тармақша 8
8)
мүгедектігі бар бала – тұрмыс-тіршілігінің шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын, ауруларға, мертігулерге (жаралануға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, кемiстiктерге байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған он сегiз жасқа дейінгі адам;
Тармақша 9
9)
мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк оңалту -
мүгедектігі бар адамдардың тiршiлiк-тынысының шектелуiн жеңiп шығуы үшiн жағдай туғызуға, олардың әлеуметтiк мәртебесiн қалпына келтiруге, әлеуметтiк-тұрмыстық және ортаға бейiмделуiне бағытталған шаралар кешенi;
Тармақша 10
Тармақша 11
11)
мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыруға арналған арнаулы жұмыс орындары -
мүгедектігі бар адамның жеке мүмкiндiктерi ескерiле отырып жабдықталған жұмыс орындары;
Тармақша 12
12)
мүгедектігі бар адамдарды кәсiптiк оңалту -
мүгедектігі бар адамдардың бұзылған не жоғалтқан кәсiптiк дағдыларын, бiлiмi мен машықтарын алуына немесе қалпына келтiруiне және оларды бейiмдеу мен жұмысқа орналастыруға бағытталған шаралар кешенi;
Тармақша 13
13) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 14
14)
мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтiк-тұрмыстық және ортаға бейiмделуi -
мүгедектігі бар адамдардың өзiн-өзi қарап-күту, өз бетiмен өмiр сүру мүмкiндiгiне қол жеткiзу немесе олардың отбасылық және қоғамдық өмiрдiң үйреншiктi жағдайларына қайта оралу процесi;
Тармақша 14-1
14-1)
мүгедектігі бар адамдардың мамандандырылған ұйымдары –
мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктері, сондай-ақ ондағы қатысу үлестерінің жүз пайызы
мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктеріне тиесілі ұйымдар мына талаптарға сай келсе:
мүгедектігі бар адамдардың орташа жылдық саны қызметкерлердің жалпы санының кемінде 51 пайызын құраса;
бір жылда
мүгедектігі бар адамдардың еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстар еңбекке ақы төлеу жөніндегі жалпы шығыстардың кемінде 35 пайызын құраса, осындай бірлестіктер мен ұйымдар;
Тармақша 15
15) мүгедектiк - организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулықтың бұзылуы салдарынан адамның тiршiлiк-тынысының шектелу дәрежесi;
Тармақша 16
16)
мүгедектігі бар адамды
абилитациялау мен оңалтудың
жеке бағдарламасы -
мүгедектігі бар адамды оңалтудан өткiзудiң нақты көлемiн, түрлерi мен мерзiмдерiн белгiлейтiн құжат;
Тармақша 17
17) мiндеттi гигиеналық құралдар - табиғи физиологиялық мұқтаждықтарды және қажеттiлiктердi қанағаттандыруға арналған құралдар;
Тармақша 17-1
17-1) оңалту –
мүгедектігі бар адамның тұрмыстық, қоғамдық, кәсіби және өзге де қызметке қабілетін толық немесе ішінара қалпына келтіруге бағытталған шаралар кешені;
Тармақша 18
18) протездiк-ортопедиялық көмек -
мүгедектігі бар адамдарды протездiк-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету жөнiндегi медициналық-техникалық көмектiң мамандандырылған түрi және оларды пайдалануды үйрету;
Тармақша 19
19) протездiк-ортопедиялық құралдар - кем аяқ-қолды немесе дененiң басқа да мүшелерiн алмастыратын, аурудың немесе денсаулыққа зақым келудiң салдарынан организмнiң бұзылған немесе жоғалтқан функцияларының орнын толтыратын құралдар;
Тармақша 19-1
19-1) сурдоаударма – қандай да бір тілден дактильді әліпби және (немесе) ымдау тілі көмегімен аудару;
Тармақша 20
20) сурдотехникалық құралдар – есту қабілетінің бұзылуын түзеуге және оның орнын толтыруға арналған техникалық құралдар, оның ішінде дыбысты күшейтетін байланыс және ақпарат беру құралдары;
Тармақша 21
21) техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдар - протездiк-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық құралдар мен мiндеттi гигиеналық құралдар;
Тармақша 22
22) тифлотехникалық құралдар – мүгедектігі бар адамдардың көру қабілетінің бұзылуы салдарынан жоғалтқан мүмкіндіктерін түзеуге және олардың орнын толтыруға бағытталған құралдар;
Тармақша 23
23) тiршiлiк-тынысының шектелуi - адамның өзiн-өзi қарап-күту, өздiгiнен жүрiп-тұру, бағдарлай алу, қарым-қатынас жасау, өзiнiң мiнез-құлқын бақылау, оқу және еңбекпен айналысу қабiлетiнен немесе мүмкiндiгінен толық немесе ішінapa айрылуы;
Тармақша 24
24) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттары –
мүгедектігі бар адамдарға және
мүгедектігі бар балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету сапасын, көлемін және шарттарын белгілейтін нормативтік құқықтық актілер;
Тармақша 25
25) ымдау тілі маманы – еститін және естімейтін адамдар арасында делдалдық қызмет көрсетуге байланысты
мүгедектігі бар адамға әлеуметтік қызметтер көрсететін маман.
Бап 2. 2-бап. Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау туралы заңнамасы
2-бап. Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау туралы заңнамасы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының
мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
Тармақ 2
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады, бұған халықаралық шарттан оның қолданылуы үшiн Қазақстан Республикасының заңын шығару талап етiлетiн жағдайлар қосылмайды.
Бап 3. 3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
Осы Заңның күшi Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктерге және азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады.
Жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттiк органдар
мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау саласындағы қатынастардың субъектiлерi болып табылады.
Тарау 2. 2-тарау. МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
2-тарау. МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
Бап 4. 4-бап. Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаты
4-бап. Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаты
Қазақстан Республикасының
мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаты:
Тармақша 1
1) мүгедектiктiң алдын алуға;
Тармақша 2
2)
мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғауға, соның iшiнде оңалтуға;
Тармақша 3
3)
мүгедектігі бар адамдардың қоғаммен етене араласуына бағытталған.
Бап 5. 5-бап. Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау принциптерi
5-бап. Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау принциптерi
Қазақстан Республикасының
мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаты:
Тармақша 1
1) заңдылық, iзгiлiк, адам құқықтарының сақталуы;
Тармақша 2
2) әлеуметтiк қорғауға кепiлдiк берiлу, медициналық, әлеуметтiк және кәсiптiк оңалтуға қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3)
мүгедектігі бар адамдардың денсаулық сақтауға, бiлiм алуға және қызмет түрiн, соның iшiнде еңбек қызметi түрiн еркiн таңдауға басқа азаматтармен қатар қол жеткiзуi мен тең құқылы болуы;
Тармақша 4
4) мемлекеттiк органдардың
мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын қоғамдық бiрлестiктермен және өзге де ұйымдармен өзара iс-қимыл жасауы;
Тармақша 5
5) мүгедектiк белгiсi бойынша кемсiтуге тыйым салу принциптерi негiзiнде жүргiзiледi.
Бап 6. 6-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау саласындағы құзыретi
6-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау саласындағы құзыретi
Қазақстан Республикасының Үкiметi:
Тармақша 1
1)
мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi;
Тармақша 2
2) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 3
3) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 4
4) мемлекеттiк тапсырыс немесе грант бойынша оқып жүрген
мүгедектігі бар адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стипендиялар тағайындау мен төлеудiң тәртiбiн бекiтедi;
Тармақша 4-1
4-1) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 5
5)
мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау саласында үйлестiру кеңесiн құрады;
Тармақша 5-1
5-1) Қазақстан Республикасында
мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспарды бекітеді;
Тармақша 5-2
5-2) мүгедектігі бар адамдарға берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышына сәйкес мүгедектігі бар адамның қажеттіліктерін бағалау тәртібін бекітеді;
Тармақша 6
6) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
Бап 7. 7-бап. Халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi органның және оның аумақтық бөлiмшелерiнiң құзыретi
7-бап. Халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi органның және оның аумақтық бөлiмшелерiнiң құзыретi
Тармақ 1
1. Халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi орган:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының
мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау саласындағы, сондай-ақ медициналық-әлеуметтiк сараптама саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерiн әзiрлейдi және бекiтедi;
Тармақша 1-1
1-1) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 2
2) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 2-1
2-1)
мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 3
Тармақша 4
4) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 № 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 5
5) медициналық-әлеуметтiк сараптаманы және
мүгедектігі бар адамдарды оңалтуды ұйымдастыру мен жүзеге асырудың жалпы принциптерiн белгiлейдi;
Тармақша 5-1
5-1) министрлердің, аудандар, қалалар, облыстық маңызы бар қалалар, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің мүгедектік мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшілерін тағайындау тәртібін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 6
6) медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
Тармақша 6-1
6-1) медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу кезінде қалыптастырылатын құжаттардың нысандарын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 7
7)
мүгедектігі бар адамдарды есепке алу жүйесiнiң орталықтандырылған деректер банкiн қалыптастырады, мүгедектiк себептерiнiң, құрылымының және жай-күйiнiң мониторингiн жүргiзедi;
Тармақша 7-1
7-1) тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы мүгедектерге өткізу кезінде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидаларын бекітеді;
Тармақша 8
8) алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 9
9)
мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 9-1
9-1) мүгедектігі бар адамды
абилитациялау мен оңалтудың
жеке бағдарламасына сәйкес, жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы
мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерді көрсетуі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 9-2
9-2)
мүгедектігі бар адамдарға берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 9-3
9-3)
мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы сатып алатын тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде берілетін кепілдік берілген соманы айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 9-4
9-4) тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді берушілерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберу, оларды әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеу немесе тіркеуден шығару қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 9-5
9-5)
мүгедектігі бар адамды
абилитациялау мен оңалтудың
жеке бағдарламасына сәйкес,
мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, оларды ауыстыру мерзімдерін қоса алғанда, қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 9-6
9-6)
мүгедектігі бар адамды
абилитациялау мен оңалтудың
жеке бағдарламасына сәйкес, есту кемістігі бар
мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін ұсыну қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 9-7
9-7)
мүгедектігі бар адамды
абилитациялау мен оңалтудың
жеке бағдарламасына сәйкес,
мүгедектігі бар адамдар мен
мүгедектігі бар балаларға санаторий-курорттық емдеуді ұсыну қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 9-8
9-8) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталын пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 10
10) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнiң құзыретiне мыналар жатады:
Тармақша 1
1) медициналық-әлеуметтiк сараптама жүргiзу;
Тармақша 2
2) организм функцияларының бұзылу және тұрмыс-тіршілігінің шектелу дәрежесiне қарай себебi, мерзiмi айқындала отырып, мүгедектiк тобын және (немесе) еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесiн белгілеу;
Тармақша 3
3)
мүгедектігі бар адамдарды
абилитациялау мен оңалтудың
жеке бағдарламасының әлеуметтік және кәсіптік бөліктерін әзірлеу, өзінің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындауына байланысты мертіккен немесе өзге де денсаулық зақымын алған жұмыскердің Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген көмек пен күтімнің қосымша түрлеріне мұқтаждығын айқындау;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жәрдемақыларды және төлемдер мен өтемақылардың басқа да түрлерiн тағайындау;
Тармақша 5
5)
мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың жеке бағдарламаларының iске асырылуын бақылау;
Тармақша 6
6) халықтың мүгедектiгi деңгейi мен себептерiн зерделеу;
Тармақша 7
7) өз құзыретi шегiнде
мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау.
Бап 8. 8-бап. Денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi
8-бап. Денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi
Денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган:
Тармақша 1
1) халықтың салауатты өмiр салтын қалыптастыру, мүгедектiктiң алдын алу саласындағы бiртұтас мемлекеттiк саясатты жүргiзедi;
Тармақша 2
2) ауруларды диагностикалау, емдеу және оңалту хаттамаларын айқындайды;
Тармақша 3
3)
мүгедектігі бар адамды
абилитациялау мен оңалтудың
жеке бағдарламасының медициналық бөлігін әзірлейді және оны орындауды жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) медициналық-әлеуметтiк сараптама саласындағы мамандарды кәсiптiк даярлауды және қайта даярлауды қамтамасыз етедi;
Тармақша 5
5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 9. 9-бап. Бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi
9-бап. Бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi
Бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес
мүгедектігі бар адамдардың бiлiм алуын қамтамасыз етедi;
Тармақша 2
2) мемлекеттiк тапсырыс немесе грант бойынша оқып жүрген
мүгедектігі бар адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стипендиялар тағайындау мен төлеудiң тәртiбiн әзiрлейдi;
Тармақша 3
Тармақша 4
4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 10. 10-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының құзыретi
10-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының құзыретi
Тармақ 1
1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi өкiлдi органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету жөнiндегi өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органдары:
Тармақша 1
1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 2
2)
мүгедектігі бар адамдарды оңалтуды жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелер мен кәсiпорындарды құрады;
Тармақша 2-1
2-1)
мүгедектігі бар адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша әлеуметтік қолдау шараларын ұсынады;
Тармақша 3
3)
мүгедектігі бар адамдарды оңалтуды жүзеге асыратын ұйымдарды құруға ықпал етедi;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес
мүгедектігі бар адамдарды кәсiптiк оқытуды (қайта оқытуды) ұйымдастырады;
Тармақша 5
5)
мүгедектігі бар адамдарды оңалту жөнiндегi мамандарды, оның iшiнде ымдау тілі мамандарын, Брайльдiң бедерлi-нүктелiк қарпі бойынша оқитын және жазатын мамандарды даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;
Тармақша 6
6) осы Заңға сәйкес тиiстi аумақта медициналық, әлеуметтiк, кәсiптiк оңалтудың орындалуын ұйымдастырады;
Тармақша 7
7) мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдардың және мүгедектігі бар балалардың санаторийлік-курорттық емделуін, мүгедектігі бар баланы санаторийлік-курорттық емдеуге алып жүретін заңды өкілдің санаторийлік-курорттық ұйымда болуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 8
8) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 9
9)
мүгедектігі бар адамды
абилитациялау мен оңалтудың
жеке бағдарламасына сәйкес
мүгедектігі бар адамдарды техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен және (немесе) арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
Тармақша 10
10) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi органмен және
мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп
мүгедектігі бар адамдар арасында сауықтыру және спорттық iс-шараларды өткiзудi ұйымдастырады;
Тармақша 11
11)
мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп мәдени-көпшілік және ағарту iс-шараларын ұйымдастырады;
Тармақша 12
12)
мүгедектігі бар адамдарға қайырымдылық және әлеуметтiк көмектiң көрсетiлуiн үйлестiредi;
Тармақша 13
13) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 11. 11-бап. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының құзыретi
11-бап. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының құзыретi
Тармақ 1
1. Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi өкiлдi органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету жөнiндегi өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Ауданның (облыстық маңызы қаланың) жергiлiктi атқарушы органдары:
Тармақша 1
1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 2
2) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 3
3)
мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтiк көмек көрсетудi ұйымдастырады және қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;
Тармақша 3-1
3-1)
мүгедектігі бар адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша әлеуметтік қолдау шараларын ұсынады;
Тармақша 4
4) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 12. 12-бап. Мүгедектiктiң алдын алу
12-бап. Мүгедектiктiң алдын алу
Тармақ 1
1. Мүгедектiктiң алдын алу - ерте диагноз қоюға, дене, ақыл-ой, психикалық, сенсорлық және басқа кемiстiктердiң туындауынан және кемiстiктiң тұрақты функционалдық шектелуге немесе мүгедектiкке ауысуынан сақтандыруға бағытталған шаралар кешенi, сондай-ақ денсаулықты қорғау, адамның тұратын экологиялық ортасын жақсарту, салауатты өмiр салтын қалыптастыру, еңбектiң қауiпсiз жағдайларын қамтамасыз ету, өндiрiсте жарақаттануды болдырмау, кәсiптiк ауруларды азайту жөнiндегi iс-шаралар.
Тармақ 2
2. Мүгедектiктiң алдын алуды тиiстi мемлекеттiк органдар, жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары, ұйымдар мен жұмыс берушi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
Тарау 3. 3-тарау. МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТIК ҚОРҒАУ
3-тарау. МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТIК ҚОРҒАУ
Бап 13. 13-бап. Медициналық-әлеуметтiк сараптама, мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың
жеке бағдарламасы
13-бап. Медициналық-әлеуметтiк сараптама, мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың
жеке бағдарламасы
Тармақ 1
1. Адамның мүгедектігін, еңбекке жарамдылығынан айырылу дәрежесін белгілеуді халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері жүзбе-жүз (куәландырылатын адамды қарап-тексеру) немесе сырттай медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу арқылы жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Медициналық-әлеуметтік сараптама денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен берілетін медициналық құжаттар негізінде дәрігерлік-консультациялық комиссияның жолдамасы бойынша жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Медициналық-әлеуметтiк сараптама куәландырылатын адамның клиникалық-функционалдық, әлеуметтiк, кәсiби және психологиялық деректерiн талдау негiзiнде организмнiң жай-күйiн кешендi бағалау негізге алына отырып, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртiппен жүзеге асырылады.
Тармақ 3-1
3-1. Төтенше жағдай кезеңінде қайта куәландыру мерзімі төтенше жағдай енгізілгенге дейін бір айдан аспайтын уақыт бұрын немесе төтенше жағдай кезінде басталған, көрсетілген кезеңде қайта куәландырудан өтпеген адамдарға мүгедектіктің, жалпы еңбекке жарамдылықтан айырылу дәрежесінің, кәсіптік еңбекке жарамдылықтан айырылу дәрежесінің және мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасының мерзімдері бұрын белгіленген қайта куәландыру күнінен бастап үш айға автоматты түрде ұзартылады. Төтенше жағдай режимінің қолданылуы аяқталатын ай толық есепке жатқызылады.
Тармақ 4
4. Қолданылу мерзімі өткен құжаттар және (немесе) құжаттардың толық емес топтамасы ұсынылған кезде медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуден бас тартылады.
Тармақ 5
5. Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қорытындысы бойынша, тыныс-тіршілік санаттарының біреуінің (өзін-өзі қарап-күту, жүріп-тұру, еңбек қызметі (еңбекке қабілеттілік), оқып-үйрену, бағдарлай алу, қарым-қатынас жасау, өзінің мінез-құлқын бақылау, ойын қызметі және танымдық қызмет, қозғалыс белсенділігіне қабілеті) шектелуіне алып келетін, организм функцияларының тұрақты бұзылуы болмаған жағдайларда, мүгедектік және (немесе) еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі белгіленбейді.
Тармақ 6
6. Мүгедектiк тобы жеті жастан бастап белгiленедi.
Тармақ 7
7. Адамды мүгедектігі бар адам деп тану және (немесе) еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі белгілеу кезінде оның себептері, мерзімдері, әлеуметтік қорғау шараларына қажеттіліктер айқындалады, сондай-ақ
мүгедектігі бар адамды
абилитациялау мен оңалтудың
жеке бағдарламасының әлеуметтік және кәсіби бөліктері әзірленеді.
Тармақ 8
8. Мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасы мүгедектігі бар адамдарға берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышына сәйкес, мүгедектігі бар адамның қажеттіліктерін бағалауға сай мүгедектікті белгілеу мерзіміне әзірленеді.
Тармақ 9
9. Мүгедектігі бар адамды
абилитациялау мен оңалтудың
жеке бағдарламасы организмнің бұзылған және (немесе) жоғалтқан функцияларын қалпына келтіруге және (немесе) олардың орнын толтыруға бағытталған медициналық, әлеуметтік, кәсіби оңалту шараларын қамтитын оңалту іс-шараларының кешенін айқындайды.
Мүгедектігі бар адамды
абилитациялау мен оңалтудың
жеке бағдарламасы мүгедектігі бар адам мұқтаж болатын техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің атауын да қамтиды.
Тармақ 10
10. Мүгедектігі бар адамды
абилитациялау мен оңалтудың
жеке бағдарламасының медициналық бөлігін медицина қызметкерлері медициналық құжаттар мен ақпараттық жүйелерде толтырады.
Тармақ 11
11. Мүгедектігі бар адамды
абилитациялау мен оңалтудың
жеке бағдарламасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес
мүгедектігі бар адамға тегін берілетін оңалту іс-шараларын да, ақысын төлеуге
мүгедектігі бар адамның өзі немесе оның жұмыста мертігуіне немесе кәсіптік ауруға шалдығуына кінәлі жұмыс беруші қатысатын оңалту іс-шараларын да қамтиды.
Бап 14. 14-бап. Мүгедектігі бар адамдардың құқықтары
14-бап. Мүгедектігі бар адамдардың құқықтары
Қазақстан Республикасында
мүгедектігі бар адамдар:
Тармақша 1
1) әлеуметтік қорғалуға, оның ішінде абилитациялауға, оңалтуға, қоғамға интеграциялануға;
Тармақша 2
2) әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiне кiрiп-шығуын қамтамасыз етуге;
Тармақша 3
3) ақпаратқа қол жеткiзуiн қамтамасыз етуге;
Тармақша 4
4) бiлiм алуға, қызмет түрiн, соның iшiнде еңбек қызметi түрiн еркiн таңдауға;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген
көлеміне және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекке;
Тармақша 6
6) кәсiптiк даярлыққа және қайта даярлыққа, еңбек қабiлетiн қалпына келтiруге және жұмысқа орналасуға;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үйге;
Тармақша 8
8) мемлекеттiк және өзге ұйымдарда, соның iшiнде денсаулық сақтау, мәдениет, байланыс, көлiк, қызмет көрсету саласындағы ұйымдарда бiрiншi кезекте қызмет көрсетiлуге;
Тармақша 9
9)
мүгедектігі бар адамдардың шығармашылық қабiлеттерiн қолдауға арналған құқықтарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актiлерiмен бекiтiлген әлеуметтiк-экономикалық және жеке басының құқықтары мен бостандықтарына толығымен ие болады.
Бап 15. 15-бап. Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау
15-бап. Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау әлеуметтiк, қайырымдылық көмекті, медициналық, әлеуметтiк және кәсiптiк оңалтуды, бiлiм алуға қолжетімділікті және
мүгедектігі бар адамдардың қоғам өмiрiне басқа азаматтармен бірдей қатысуына мүмкiндiктер жасауға бағытталған өзге де шараларды ұсыну арқылы қамтамасыз етiледi.
Бап 16. 16-бап. Мүгедектігі бар адамдарға көрсетiлетiн әлеуметтiк көмек
16-бап. Мүгедектігі бар адамдарға көрсетiлетiн әлеуметтiк көмек
Мүгедектігі бар адамдарға көрсетiлетiн әлеуметтiк көмек мемлекеттiк жәрдемақылар, өтемақылар түрiндегi төлемдерді және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де, оның ішінде қайырымдылық есебінен берілетін төлемдердi де қамтиды.
Әлеуметтік көмектің қосымша түрлерін жергілікті атқарушы органдар, жұмыс беруші және өзге де ұйымдар көрсетуге құқылы.
Бап 16-1. 16-1-бап. Мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын психоневрологиялық аурулар қатарындағы
мүгедектігі бар адамдарға және
мүгедектігі бар балаларға әлеуметтік көмек
16-1-бап. Мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын психоневрологиялық аурулар қатарындағы
мүгедектігі бар адамдарға және
мүгедектігі бар балаларға әлеуметтік көмек
Тармақ 1
1. Мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұрып жатқан, сот шешімімен әрекетке қабілетсіз және қорғаншылыққа мұқтаж деп танылған
мүгедектігі бар адамдардың (бұдан әрі – қорғаншылықтағылар) жасына байланысты зейнетақы төлемдері, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылары "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы" және "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен есепке жазылады.
Тармақ 2
2. Медициналық-әлеуметтік мекеменің әкімшілігі қамқорлықтағылардың алынған жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларының пайдаланылуы туралы есепті облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органына тоқсан сайын ұсынуға міндетті.
Тармақ 3
3. Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдары қамқорлықтағылардың жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларын медициналық-әлеуметтік мекеме әкімшілігінің дұрыс жұмсауын бақылауды жүзеге асырады.
Бап 17. 17-бап. Мүгедектігі бар адамдарды оңалту
17-бап. Мүгедектігі бар адамдарды оңалту
Тармақ 1
1. Мүгедектігі бар адамдарды оңалту организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулықтың бұзылуынан тiршiлiк-тынысының шектелуiн жоюға немесе оның орнын мүмкiндiгiнше толықтай толтыруға бағытталған медициналық, әлеуметтiк және кәсiптiк iс-шаралар кешенiн қамтиды.
Тармақ 2
2. Мүгедектігі бар адамдарды оңалту
мүгедектігі бар адамды
абилитациялау мен оңалтудың
жеке бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады.
Бап 18. 18-бап. Мүгедектердi оңалтудың кешендi бағдарламасы
18-бап. Мүгедектердi оңалтудың кешендi бағдарламасы
Бап 19. 19-бап. Мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламасы
19-бап. Мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламасы
Бап 20. 20-бап. Мүгедектігі бар адамдарды медициналық оңалту
20-бап. Мүгедектігі бар адамдарды медициналық оңалту
Тармақ 1
1. Мүгедектігі бар адамдарды медициналық оңалту:
Тармақша 1
1) қалпына келтiру терапиясын (дәрi-дәрмекпен, физикалық, санаторий-курорттық емдеудi және организмнiң бұзылған немесе жоғалтқан функциялары мен денсаулықты қалпына келтiруге бағытталған басқа да емдеу әдiстерiн);
Тармақша 2
2) қайта жасау хирургиясын;
Тармақша 3
3) протездiк-ортопедиялық көмектi қамтиды.
Тармақ 2
2. Медициналық оңалту жөнiндегi iс-шараларды «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес денсаулық сақтау ұйымдары мен меншiк нысанына қарамастан басқа да мамандандырылған ұйымдар жүргiзедi.
Тармақ 2-1
2-1. Мүгедектігі бар адамдарды медициналық оңалту медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемдерін, оңалтудың түрлері мен жүргізу мерзімдерін көрсете отырып, оңалту іс-шараларының жоспарын көздейді және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен медициналық ұйымдар жағдайларында көрсетіледі.
Тармақ 3
3. Мүгедектігі бар адамдарды
абилитациялау мен оңалтудың
жеке бағдарламаларына сәйкес
мүгедектігі бар адамдар мен
мүгедектігі бар балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету осы Заңның 32-1-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Мүгедектігі бар баланы санаторийлік-курорттық емдеуге алып жүретін заңды өкілдердің бірінің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын санаторийлік-курорттық емдеу құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманың жетпіс пайызы мөлшерінде санаторийлік-курорттық ұйымда болу құнын жергілікті атқарушы органдардың өтеуіне құқығы бар.
Тармақ 4
4. Жұмыс берушiнiң кiнәсiнен жұмыста мертiгуге ұшыраған немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан
мүгедектігі бар адамға санаторий-курорттық емделуге жолдама осы баптың 4-1 және 5-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс берушiнiң есебiнен берiледi.
Тармақ 4-1
4-1. Жұмыс берушіге қатысты соттың оны банкрот деп тану туралы шешімі заңды күшіне енген жағдайда, жұмыс берушінің кінәсінан жұмыста мертігуге ұшыраған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан
мүгедектігі бар адамға санаторий-курорттық емделу осы баптың 3-тармағына сәйкес беріледі.
Тармақ 5
5. Жұмыс берушi - жеке кәсiпкердiң қызметi тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған жағдайда, жұмыс берушiнiң кiнәсiнен жұмыста мертiгуге ұшыраған немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан
мүгедектігі бар адамға санаторий-курорттық емдеу осы баптың 3-тармағына сәйкес жұмыс берушiнiң есебiнен берiледi.
Бап 21. 21-бап. Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк оңалту
21-бап. Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк оңалту
Тармақ 1
1. Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк оңалту:
Тармақша 1
1)
мүгедектігі бар адамдарды жеке басы гигиенасының, өзiн-өзi қарап-күтудiң, жүріп-тұрудың, қарым-қатынастың негiзгі әлеуметтік дағдыларына үйретудi;
Тармақша 2
2)
мүгедектігі бар адамдарды техникалық көмекшi (орнын толтырушы) және арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен қамтамасыз етудi;
Тармақша 3
3) басқа адамның күтiмi мен көмегiне мұқтаж
мүгедектігі бар адамдарға, оның iшiнде
мүгедектігі бар балаларға үйде арнаулы әлеуметтiк көрсетілетін қызметтер ұсынуды;
Тармақша 4
4) осы Заңның 32-1-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес, әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы
мүгедектігі бар адамды
абилитациялау мен оңалтудың
жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы
мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін көрсетуді қамтиды.
Жүріп-тұруы қиын, бірінші топтағы
мүгедектігі бар адамға жеке көмекшінің әлеуметтік қызмет көрсетуі оған күтімді жүзеге асыратын адамға «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5 және 6-баптарында көзделген тәртіппен арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалған және төленген кезде жеке көмекшінің әлеуметтік қызмет көрсетуі ұсынылмайды;
Тармақша 4-1
4-1) осы Заңның 32-1-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес, әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы
мүгедектігі бар адамды
абилитациялау мен оңалтудың
жеке бағдарламасына сәйкес есту кемістігі бар
мүгедектігі бар адамдарға ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін көрсетуді;
Тармақша 5
5) медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтiк көрсетілетін қызметтер ұсынуды;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық көмек көрсетудi;
Тармақша 7
7)
мүгедектігі бар адамды
абилитациялау мен оңалтудың
жеке бағдарламасына сәйкес әлеуметтiк оңалтудың өзге де түрлерiн қамтиды.
Тармақ 2
2. Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк оңалтуды: медициналық-әлеуметтiк мекемелер (ұйымдар), әлеуметтiк көмекті үйде көрсететiн бөлiмшелер, арнаулы бiлiм беру ұйымдары (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар, оңалту орталықтары, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерi), денсаулық сақтау ұйымдары және басқа да мамандандырылған ұйымдар жүзеге асырады.
Бап 22. 22-бап. Мүгедектігі бар адамдарға техникалық көмекшi (оpнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүрiп-тұру құралдарын беру
22-бап. Мүгедектігі бар адамдарға техникалық көмекшi (оpнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүрiп-тұру құралдарын беру
Тармақ 1
1. Мүгедектігі бар адамдар мүгедектігі бар адамды
абилитациялау мен оңалтудың
жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарға берілетін техникалық көмекшi (оpнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышына сәйкес протездiк-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен, арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен және көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз етіледі.
Протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады немесе осы Заңның 32-1-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес, әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы жүзеге асырылады. Қамтамасыз ету тәсілін жергілікті атқарушы орган айқындайды.
Тармақ 2
2. Жұмыс берушiнiң кiнәсiнен жұмыста мертiгуге ұшыраған немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан
мүгедектігі бар адамдар мүгедектігі бар адамды
абилитациялау мен оңалтудың
жеке бағдарламасына сәйкес техникалық көмекшi (орнын толтырушы) және арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен қамтамасыз етiледi.
Тармақ 3
3. Жұмыс берушi - жеке кәсiпкердiң қызметi тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған, сондай-ақ соттың оны банкрот деп тану туралы шешімі заңды күшіне енген
жағдайларда, жұмыс берушiнiң кiнәсiнен жұмыста мертiгуге ұшыраған немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан
мүгедектігі бар адамдарға протездiк-ортопедиялық көмек, техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдар, арнаулы жүрiп-тұру құралдары осы баптың 1-тармағына сәйкес берiледi.
Тармақ 4
4. Техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдар Қазақстан Республикасы мемлекеттiк сертификаттау жүйесiнiң талаптарына сәйкес мiндеттi түрде сертификатталуға тиiс.
Бап 23. 23-бап. Үйде және аумақтық әлеуметтiк қызмет көрсету орталықтарында арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну
23-бап. Үйде және аумақтық әлеуметтiк қызмет көрсету орталықтарында арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну
Тармақ 1
1. Өзiнiң негiзгi өмiрлiк қажеттiлiктерiн өз бетiнше қанағаттандыру мүмкiндiгiн, өзiне өзi қызмет көрсету және (немесе) жүрiп-тұру қабiлетiн iшiнара немесе толық жоғалтуына байланысты басқа адамның күтiмi мен көмегiне мұқтаж, бірінші және екінші топтардағы жалғызiлiктi
мүгедектігі бар адамдарға арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсынуды халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес әлеуметтiк көмекті үйде көрсететін бөлiмшелер және қарттар мен
мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтiк қызмет көрсететін аумақтық орталықтар жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Өзiнiң негiзгi өмiрлiк қажеттіліктерін өз бетiнше қанағаттандыру мүмкiндiгiн, өзiне өзi қызмет көрсету және (немесе) жүрiп-тұру қабiлетiн iшiнара немесе толық жоғалтуына байланысты басқа адамның күтiмi мен көмегiне мұқтаж
мүгедектігі бар балаларға арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсынуды халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес әлеуметтiк көмекті үйде көрсететін бөлiмшелер және қарттар мен
мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтiк қызмет көрсететін аумақтық орталықтар жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Үйде және қарттар мен
мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтiк қызметтер көрсететiн аумақтық орталықтарда арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсыну бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Бап 24. 24-бап. Медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда)арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсыну
24-бап. Медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда)арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсыну
Тармақ 1
1. Денсаулық жағдайына байланысты басқа адамның тұрақты күтiміне және медициналық қызмет көрсетуге мұқтаж, бірінші және екінші топтардағы жалғызiлiктi
мүгедектігі бар адамдарға, психоневрологиялық науқастар қатарындағы бірінші және екінші топтардағы
мүгедектігі бар адамдарға,
мүгедектігі бар балаларға арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсыну
мүгедектігі бар адамдардың жасына, денсаулық жағдайына сәйкес бейiнделген қарттар мен
мүгедектігі бар адамдарға,
мүгедектігі бар балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) жүзеге асырылады және тұрмыс-тіршілік жағдайларын жасауды, күтiммен қамтамасыз етудi, медициналық қызмет көрсетудi, оңалтуды, әлеуметтiк-еңбектiк бейiмдеудi, демалыс пен бос уақытты ұйымдастыруды қамтиды.
Тармақ 2
2. Мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелерде және мемлекеттiк емес медициналық-әлеуметтiк ұйымдарда тұратын адамдарға арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер көлемi халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес ұсынылады.
Тармақ 3
3. Мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелерде арнаулы әлеуметтiк көрсетілетін қызметтер ұсыну бюджет қаражаты және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де материалдық және қаржылық түсiмдер есебiнен жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Мемлекеттiк емес медициналық-әлеуметтiк ұйымдарда арнаулы әлеуметтiк көрсетілетін қызметтер ұсыну, құрылтайшылардың қаражатын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақылы негiзде жүзеге асырылады.
Бап 25. 25-бап. Мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiне кiрiп-шығуын қамтамасыз ету
25-бап. Мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiне кiрiп-шығуын қамтамасыз ету
Тармақ 1
1. Жергiлiктi атқарушы органдар:
Тармақша 1
1) ұлттық стандарттарға сәйкес елдi мекендердi жобалау, салу және оларда құрылыс жүргізу, тұрғын аудандарды қалыптастыру, жаңадан игерiлетiн және реконструкцияланатын аумақтар мен басқа да елдi мекендердi абаттандыру кезiнде
мүгедектігі бар адамдардың тұрғын, қоғамдық және өндiрiстiк ғимараттарға, құрылысжайларға және үй-жайларға кiрiп-шығуын;
Тармақша 2
2) тұрғын үй құрылыстары шегiнде, сондай-ақ қызмет көрсету мекемелерi мен еңбек ету объектiлерi жанында орналасатын жеңiл автомобильдердi уақытша сақтауға арналған ашық тұрақтарды жобалау және салу кезiнде
мүгедектігі бар адамдардың жеке автокөлiк құралдарына арналған орындарды;
Тармақша 3
3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттiк нормативтердi ескере отырып, автомобильдердi қоса алғанда, арнаулы жүрiп-тұру құралдарына apналған гараждар немесе тұрақтар салу үшiн
мүгедектігі бар адамдарға кезектен тыс орын берудi;
Тармақша 4
4)
мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсетуге бағдарланған мекемелер орналасқан жерлерде, сондай-ақ халық көп жүретiн жерлерде iлесе дыбыстайтын және жарық беретiн арнаулы бағдаршамдар, жол белгiлерiн және көрсеткiштер орнатуды, дыбыстайтын және жарық түсiретiн құрылғылармен жарақталған жаяу жүргiншiлер өтетiн жерлердi белгiлеудi қамтамасыз етуге тиiс.
Тармақ 2
2. Сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар салынып жатқан (салынуы болжанып отырған) объектілер мен кешендердің мониторингіне қатысуға
мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін тартуға тиіс.
Тармақ 3
3. Кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалар
мүгедектігі бар адамдарға ортақ пайдаланылатын көлiк құралдарына, тұрғын үйлерге, қоғамдық және өндірістiк үйлерге, ғимараттар мен үй-жайларға кедергiсiз кiрiп-шығуына, әуежайларда, темiр жол вокзалдарында, автовокзалдарда, автостанцияларда, теңiз және өзен порттарында еркiн бағдар ұстануы мен жүрiп-тұруына ұлттық стандарттарға сәйкес жағдай жасауға мiндеттi.
Аталған объектiлердi
мүгедектігі бар адамдардың кiрiп-шығуына бейiмдеу мүмкiн болмаған жағдайларда, тиiстi жеке және заңды тұлғалар
мүгедектігі бар адамдардың қажеттiлiктерiн барынша ескеретiн қажеттi шараларды әзiрлеп,
мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерінің бірімен келісуге және жүзеге асыруға тиiс.
Мемлекеттiк органдар жолаушыларды тасымалдау бағыттарына қызмет көрсету құқығына конкурстар өткiзген кезде,
мүгедектігі бар адамдардың пайдалануына бейiмделген көлiк құралдары бар тұлғалар артықшылыққа ие болады.
Тармақ 4
4. Лауазымды адамдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалардың және заңды тұлғалардың
мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік инфрақұрылымға және көлік инфрақұрылымына кедергісіз қол жеткізуі үшін жағдайларды қамтамасыз етпеуі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартуға әкеп соғады.
Бап 26. 26-бап. Мүгедектігі бар адамдарды тұрғын үймен қамтамасыз ету
26-бап. Мүгедектігі бар адамдарды тұрғын үймен қамтамасыз ету
Тармақ 1
1. Жергiлiктi атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:
Тармақша 1
1) тұрғын үйге мұқтаж
мүгедектігі бар адамдарды есепке қояды және олардың пайдалануына тұрғынжай бередi;
Тармақша 2
2) мүгедектігі бар адамдарға немесе құрамында
мүгедектігі бар адамдар бар отбасыларға берiлетiн тұрғын үй-жайларды арнайы құралдармен және жабдықпен жабдықтауды қамтамасыз етедi.
Тармақ 2
2.
Мүгедектігі бар адамдарға ғимараттың қабаты, тұрпаты, абаттандырылу дәрежесі және тұруға қажеттi басқа да жағдайлар ескеріле отырып, тұрғын үй-жайды таңдау құқығы берiледi.
Бап 27. 27-бап. Мүгедектігі бар адамдардың мәдени-ойын-сауық ұйымдарына және спорт ғимараттарына бара алуын қамтамасыз ету
27-бап. Мүгедектігі бар адамдардың мәдени-ойын-сауық ұйымдарына және спорт ғимараттарына бара алуын қамтамасыз ету
Жергiлiктi атқарушы органдар
мүгедектігі бар адамдарға мәдени-ойын-сауық iс-шараларына, сондай-ақ дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану үшiн спорт ғимараттарына бара алатын жағдайларды, арнаулы спорт жабдықтарын берудi қамтамасыз етедi.
Бiрiншi және екiншi топтардағы
мүгедектігі бар адамдар мен он сегiз жасқа дейiнгi
мүгедектігі бар балалар санамалап көрсетiлген қызметтердi - бюджет қаражаты есебiнен, ал үшiншi топтағы
мүгедектігі бар адамдар аталған қызметтер құнының елу процентін төлеп пайдаланады.
Бап 28. 28-бап. Мүгедектігі бар адамдардың ақпаратқа қол жеткiзуiн қамтамасыз ету
28-бап. Мүгедектігі бар адамдардың ақпаратқа қол жеткiзуiн қамтамасыз ету
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекет:
Тармақша 1
1)
мүгедектігі бар адамдар үшiн мерзiмдi баспасөз, ғылыми, оқу-әдiстемелiк, анықтамалық-ақпараттық және көркем әдебиет, соның iшiнде аудиотаспаларды, дискiлердi, бедерлi-нүктелi Брайль қарпiмен және сурдоаудармасы бар бейнетаспаларды шығару арқылы
мүгедектігі бар адамдардың ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
Тармақша 2
2) алып тасталды - ҚР 03.12.2015 № 433-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
Тармақ 1-1
1-1. Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасына сәйкес жаңалықтар сипатындағы кемінде бір телебағдарлама сурдоаудармамен немесе субтитрлер түріндегі аудармамен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 2
2. Жеке қарым-қатынас құралы ретiнде ымдау тiлi пайдаланылады, ол сондай-ақ саңырау және нашар еститiн балаларға арналған бiлiм беру ұйымдарының оқу бағдарламасында да қолданылады.
Бап 29. 29-бап. Мүгедектігі бар адамдарға бiлiм алуы және мектепке дейiнгi тәрбие алуы үшiн жағдайларды қамтамасыз ету
29-бап. Мүгедектігі бар адамдарға бiлiм алуы және мектепке дейiнгi тәрбие алуы үшiн жағдайларды қамтамасыз ету
Тармақ 1
1.
Мүгедектігі бар адамдарға тегiн бастауыш, негізгі орта, жалпы орта бiлiм алуға кепiлдiк берiледi.
Тармақ 2
2. Бiрiншi және екiншi топтардағы
мүгедектігі бар адамдар мен
мүгедектігі бар балалар үшiн техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға оқуға түсу кезiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн мөлшерде қабылдау квотасы көзделедi.
Тармақ 3
3. Білім беру гранттарын алуға, сондай-ақ жоғары білімді кадрлар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушылардың құрамына қабылдауға арналған конкурстарға қатысу кезінде балдары тең болған жағдайда, медициналық қорытындыға сәйкес тиісті білім беру ұйымдарында оқуға қарсы көрсетілімдері жоқ бірінші және екінші топтағы
мүгедектігі бар адамдардың, бала кезінен
мүгедектігі бар адамдардың,
мүгедектігі бар балалардың «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 5-тармағында көзделген кезектілікке сәйкес артықшылықты құқығы болады.
Тармақ 4
4. Мемлекеттiк тапсырыс немесе грант бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын
мүгедектігі бар адамдарға стипендиямен қамтамасыз ету жөнiндегi жеңiлдiктер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берiледi.
Тармақ 5
Тармақ 6
6.
Мүгедектігі бар балаларды жалпы немесе арнаулы мектепке дейiнгi ұйымдарда және басқа оқу орындарында тәрбиелеу мен оқыту мүмкiн болмаған жағдайда, оларды тәрбиелеу мен оқыту ата-анасының немесе заңды өкiлдерiнiң тiлегi ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен үйде жүргiзiледi.
Тармақ 7
7. Мемлекет
мүгедектігі бар адамдардың, бала кезiнен
мүгедектігі бар адамдардың және
мүгедектігі бар балалардың бiлiм алуы кезеңiнде оларды күтiп-бағуға жұмсалған шығыстарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен толық немесе iшiнара көтередi.
Бап 30. 30-бап. Мүгедектігі бар адамдарды кәсiптiк оңалту
30-бап. Мүгедектігі бар адамдарды кәсiптiк оңалту
Тармақ 1
1. Мүгедектігі бар адамдарды кәсiптiк оңалту:
Тармақша 1
1) кәсiптiк бағдар берудi;
Тармақша 2
2) кәсiптiк оқытуды (қайта оқытуды);
Тармақша 3
3) жұмысқа орналастыруды қамтиды.
Тармақ 2
2. Кәсiптiк бағдар беруді білім беру, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдары жүзеге асырады.
Тармақ 2-1
2-1. Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын ашатын жұмыс берушілер
мүгедектігі бар адамдарды кәсіптік бағдарлауға қатысады.
Тармақ 3
3. Мүгедектігі бар адамдарды кәсiптiк оқытуды (қайта оқытуды) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен алынған лицензия негiзiнде бiлiм беру қызметiн жүргiзетiн ұйымдар жүзеге асырады.
Бап 31. 31-бап. Мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету
31-бап. Мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету
Жергiлiктi атқарушы органдар
мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамтуды:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызына дейінгі мөлшерінде
мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу;
Тармақша 2
2) жеке кәсiпкерлiктi, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту арқылы
мүгедектігі бар адамдар үшiн қосымша жұмыс орындарын құру;
Тармақша 3
3)
мүгедектігі бар адамдарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмысқа орналастыру үшiн арнаулы, сондай-ақ әлеуметтiк жұмыс орындарын құру;
Тармақша 4
4)
мүгедектігі бар адамдарға кәсiптiк оқуды ұйымдастыру арқылы қамтамасыз етедi.
Бап 32. 32-бап. Мүгедектігі бар адамдардың еңбек қатынастары саласындағы құқықтары
32-бап. Мүгедектігі бар адамдардың еңбек қатынастары саласындағы құқықтары
Тармақ 1
1. Бiрiншi және екiншi топтардағы
мүгедектігі бар адамдар үшiн аптасына отыз алты сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгiленедi, ұзақтығы кемінде күнтізбелік алты күн болатын жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысы берiледi.
Тармақ 2
2. Түнгi уақыттағы жұмысқа
мүгедектігі бар адамның келiсiмiмен және егер оның мұндай жұмыс iстеуiне денсаулық жағдайы бойынша тыйым салынбаған болса, рұқсат етiледi.
Тармақ 3
3. Медициналық қорытынды бойынша
мүгедектігі бар адамның денсаулық жағдайы кәсiптiк мiндеттерiн орындауға кедергi келтiретiн не басқа адамдардың денсаулығына және еңбек қауiпсiздiгiне қауіп төндiретiн жағдайларды қоспағанда, мүгедектiк уәждері бойынша еңбек шартын жасасудан не қызмет бабында жоғарылатудан бас тартуға, жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша
мүгедектігі бар адамды жұмыстан босатуға, оның келiсiмiнсiз басқа жұмысқа ауыстыруға жол берiлмейдi.
Бап 32-1. 32-1-бап. Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы
32-1-бап. Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы
Тармақ 1
1. Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы әлеуметтік-еңбек саласының ақпараттық жүйесі болып табылады және халықтың жекелеген санаттарына осы Заңға және «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, жергілікті атқарушы органдардың тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнын өтеуі шарттарымен оларды сатып алу мүмкіндігін беретін ақпараттандыру объектісін білдіреді.
Мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында өнім берушіні таңдауы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына
мүгедектігі бар адамды
абилитациялау мен оңалтудың
жеке бағдарламасы іс-шараларының жіберілуі туралы оларды хабардар еткен күннен бастап екі ай ішінде жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2.
01.01.2023 дейін қолданыста болды – ҚР 12.10.2021 № 67-VII Заңымен.
Тармақ 3
3. Мынадай:
Тармақша 1
1)
мүгедектігі бар адам тұратын елді мекенде сымды интернет болмаған;
Тармақша 2
2) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркелген сатып алынатын тауарды және (немесе) көрсетілетін қызметті беруші болмаған;
Тармақша 3
3)
мүгедектігі бар адамның әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді сатып алудан бас тарту туралы өтініші болған;
Тармақша 4
4)
мүгедектігі бар адамдардың жеке тапсырыстары бойынша дайындалатын және (немесе) жеке іріктеу мен теңшеуді талап ететін протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етілетін;
Тармақша 5
5) есту аппараттарымен қамтамасыз ете отырып, есту-протездік көмегі көрсетілетін;
Тармақша 6
6) кохлеарлық имплантқа сөйлеу процессорын ауыстыру және теңшеу бойынша қызметтер көрсетілетін жағдайларда, тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді сатып алу Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Мүгедектігі бар адамдар мен өнім берушілер арасындағы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді сатып алуға байланысты қатынастар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен, сондай-ақ әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында жасалатын шартпен реттеледі.
Бап 32-2. 32-2-бап. Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тауарларды
және (немесе) көрсетілетін қызметтерді берушілер
32-2-бап. Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тауарларды
және (немесе) көрсетілетін қызметтерді берушілер
Тармақ 1
1. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар, заңды тұлғалар әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тауарларды және (немесе) қызметтерді берушілер болып табылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің талабы жеке көмекшінің әлеуметтік көрсетілетін қызметтеріне қолданылмайды.
Психикалық саулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрған адам жеке көмекші бола алмайды.
Тармақ 2
2. Тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді берушілерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберу, әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында оларды тіркеу немесе тіркеуден шығару халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында мынадай:
Тармақша 1
1) сәйкестігін міндетті түрде растауға жататын тауарларды беру кезінде сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік туралы декларациясы бар;
Тармақша 2
2) мемлекеттік тіркелуге және қайта тіркелуге тиіс медициналық бұйымдарға жататын техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарын беру кезінде тіркеу куәлігі бар;
Тармақша 3
3) салықтық берешегі және әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі жоқ;
Тармақша 4
4) банкроттық не тарату рәсіміне жатпайтын;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілмеген;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы заңнамасында көзделген сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне және (немесе) Ұлттық әл-ауқат қорының сенімсіз әлеуетті өнім берушілерінің (өнім берушілердің) тізбесіне енгізілмеген;
Тармақша 7
7) тауарларды өткізу және (немесе) қызметтерді көрсету үшін шығарылған жерін, сипаттамаларын және бағасын растайтын құжаттарды ұсынған;
Тармақша 8
8) санаторий-курорттық емдеуді және медициналық оңалтуды ұсыну кезінде медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар;
Тармақша 9
9) ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметін көрсету кезінде біліктілігін растайтын құжаты бар өнім берушілер тіркеледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің талабы жеке көмекшінің әлеуметтік көрсетілетін қызметтеріне қолданылмайды.
Тармақ 4
4. Өнім беруші әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеуден мынадай:
Тармақша 1
1) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеуден шығару туралы өтініш берген;
Тармақша 2
2) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға қайтыс болған немесе қызметі тоқтатылған, заңды тұлғаның қызметі тоқтатылған;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілген;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы заңнамасында көзделген сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне және (немесе) Ұлттық әл-ауқат қорының сенімсіз әлеуетті өнім берушілерінің (өнім берушілердің) тізбесіне енгізілген;
Тармақша 5
5) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы өзіне алған міндеттемелерді орындамаған және (немесе) тиісінше орындамаған жағдайларда шығарылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеуден шығару өнім берушіні тіркеуден шығару күніне әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы өзіне алған міндеттемелерді орындаудан босатпайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көрсетілген жағдайларда,
мүгедектігі бар адам өнім берушінің өзіне алған міндеттемелерді орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны туралы өзіне белгілі болған күннен бастап күнтізбелік он төрт күннен кешіктірмей әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына тиісті ақпаратты орналастырады. Жергілікті атқарушы орган құратын, өнім беруші тарапынан бұзушылықтардың болуын немесе болмауын айқындайтын комиссия осы ақпаратты орналастырылған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды.
Өнім беруші осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеуден шығарылған жағдайда, ол туралы мәліметтер тиісті тізілімнен және (немесе) тізбеден алып тасталғаннан кейін әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында кейіннен тіркеу мүмкін болады.
Өнім беруші осы тармақтың бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көзделген негіздер бойынша әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеуден шығарылған жағдайда, тіркеуден шығарылған күннен бастап кемінде бір жылдан кейін оны әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында кейіннен тіркеу мүмкін болады.
Тармақ 5
5. Өнім беруші әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында
мүгедектігі бар адамдарға берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышына сәйкес келетін тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді өткізеді.
Өнім берушілердің әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында жасалатын шарттың талаптарына сәйкес келмейтін тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы өткізу фактісі анықталған жағдайда, олардың құны өнім берушілердің қаражаты есебінен өтеледі.
Бап 32-3. 32-3-бап. Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы сатып алынатын тауарлармен және (немесе) көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету
32-3-бап. Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы сатып алынатын тауарлармен және (немесе) көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету
Тармақ 1
1. Мүгедектігі бар адамды
абилитациялау мен оңалтудың
жеке бағдарламасы негізінде
мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді сатып алуға тапсырысты жүзеге асырады.
Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы өткізілетін тауарлар және (немесе) көрсетілетін қызметтер
мүгедектігі бар адамдарға берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышына сәйкес келуге тиіс.
Тармақ 2
2.
Мүгедектігі бар адамды
абилитациялау мен оңалтудың
жеке бағдарламасына сәйкес тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы сатып алған кезде
мүгедектігі бар адамның жергілікті атқарушы органдарға олардың құнын өтетуге, бірақ осы баптың 3-тармағында көзделген кепілдік берілген сома мөлшерінен асырмай өтетуге құқығы бар. Мүгедектігі бар адам кепілдік берілген соманың және сатып алынған тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің нақты құны арасындағы айырманы меншікті қаражаты есебінен өз бетінше төлейді.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы сатып алынатын тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген сома халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және мөлшерлерде төленеді.
Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген сома:
жеке көмекшінің әлеуметтік көрсетілетін қызметтеріне күніне сегіз сағаттан;
ымдау тілі маманының әлеуметтік көрсетілетін қызметтеріне жылына алпыс сағаттан аспайтын есеппен айқындалады.
Тарау 4. 4-тарау. ЖҰМЫС БЕРУШІНІҢ МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАРДЫ ӘЛЕУМЕТТIК ҚОРҒАУ IСIНЕ ҚАТЫСУЫ
4-тарау. ЖҰМЫС БЕРУШІНІҢ МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАРДЫ ӘЛЕУМЕТТIК ҚОРҒАУ IСIНЕ ҚАТЫСУЫ
Бап 33. 33-бап. Жұмыс берушiнiң әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiне бара алуды қамтамасыз ету жөнiндегi мiндетi
33-бап. Жұмыс берушiнiң әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiне бара алуды қамтамасыз ету жөнiндегi мiндетi
Жұмыс берушiнiң кiнәсiнен жұмыста мертiгуге ұшыраған немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан
мүгедектігі бар адамдардың өндiрiстiк үйлерге, ғимараттарға, үй-жайларға бара алуы үшiн жұмыс берушi жұмыс орындары мен жұмыс үй-жайларын жобалау және бейiмдеу арқылы жағдай жасайды,
мүгедектігі бар адамды
абилитациялау мен оңалтудың
жеке бағдарламасына сәйкес тұрғын үй-жайларды арнаулы құралдармен және көмекшi құрылғылармен жабдықтайды.
Бап 34. 34-бап. Жұмыс берушiнiң
мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамту және кәсiптiк оңалту саласындағы мiндетi
34-бап. Жұмыс берушiнiң
мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамту және кәсiптiк оңалту саласындағы мiндетi
Жұмыс берушiнiң кiнәсiнен жұмыста мертiгуге ұшыраған және (немесе) кәсiптiк ауруға шалдыққан
мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшiн жұмыс берушi кәсiптiк оқытуды немесе қайта оқытуды, арнаулы жұмыс орындарын құруды осы Заңға сәйкес жеке қаражаты есебiнен қамтамасыз етедi.
Бап 35. 35-бап. Жұмыс берушiнiң мүгедектігі бар адамға келтiрiлген зиянды өтеу жөнiндегi мiндетi
35-бап. Жұмыс берушiнiң мүгедектігі бар адамға келтiрiлген зиянды өтеу жөнiндегi мiндетi
Жұмыс берушiнiң кiнәсiнен жұмыста мертiгуге ұшыраған немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан
мүгедектігі бар адамдарға келтiрiлген зиянды өтеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 5. 5-тарау. МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БIРЛЕСТIКТЕРI
5-тарау. МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БIРЛЕСТIКТЕРI
Бап 36. 36-бап. Мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бiрлестiктерiнiң құқықтары және олардың өкiлеттiктерi
36-бап. Мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бiрлестiктерiнiң құқықтары және олардың өкiлеттiктерi
Тармақ 1
1. Мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бiрлестiктерi үйлестiру кеңесiнiң жұмысына және
мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғауға байланысты мәселелердi шешуге қатысады.
Тармақ 2
2. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар
мүгедектігі бар адамдардың мүдделерiн қозғайтын шешiмдердi әзiрлеу мен қабылдау кезiнде
мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бiрлестiктерiмен және олардың өкiлеттi өкiлдерiмен өзара iс-қимыл жасайды.
Тармақ 3
3. Мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бiрлестiктерiне, сондай-ақ олардың ұйымдарына олардың меншiгiндегi үйлер (құрылыстар, ғимараттар) салынған жер учаскелерiне меншiк құқығын мемлекеттiк меншiктен жеке меншiкке беру Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда өтеусіз негізде жүзеге асырылады.
Мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бiрлестiктерi қызметiн тоқтатқан немесе
мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бiрлестiктерiнiң, олардың ұйымдарының меншiгiндегi жылжымайтын мүлiктi иелiктен айырған жағдайда, олардың меншiгiндегi жер учаскелерi мемлекеттiң меншiгiне қайтарылуға тиiс.
Тармақ 4
4. Мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бiрлестiктерi:
Тармақша 1
1) орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға
мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету жөнiнде ұсыныстар енгізу;
Тармақша 2
2) әлеуметтiк қызметтердiң тиiстi түрлерiн көрсетудiң тиiмдiлiгiн бағалауға қатысу;
Тармақша 3
3)
мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау мәселелерi жөнiнде әзiрленiп жатқан Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiне ұсыныстар енгiзу;
Тармақша 4
4) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi органмен немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп спорттық iс-шараларды ұйымдастыру;
Тармақша 5
5) уәкiлеттi аумақтық мәдениет органдарымен бiрлесiп ағарту және мәдени-көпшiлiк iс-шараларды ұйымдастыру арқылы
мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау жөнiндегi мемлекеттiк саясатты қалыптастыруға қатысуға құқылы.
Тарау 6. 6-тарау. OCЫ 3AҢHЫҢ САҚТАЛУЫН БАҚЫЛАУ
6-тарау. OCЫ 3AҢHЫҢ САҚТАЛУЫН БАҚЫЛАУ
Бап 37. 37-бап. Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау
саласындағы мемлекеттік бақылау
37-бап. Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау
саласындағы мемлекеттік бақылау
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырады.
Бап 38. 38-бап. Халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi органның және оның аумақтық бөлiмшелерiнiң Қазақстан Республикасының мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру жөнiндегi құқықтары
38-бап. Халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi органның және оның аумақтық бөлiмшелерiнiң Қазақстан Республикасының мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру жөнiндегi құқықтары
Тарау 7. 7-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
7-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 39. 39-бап. Қазақстан Республикасының
мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық
39-бап. Қазақстан Республикасының
мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық
Қазақстан Республикасының
мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау туралы заңнамасын бұзуға кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылықта болады.
Бап 40. 40-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi
40-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi
Тармақ 1
1. Осы Заң:
Тармақша 1
1) 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-баптың 17) тармақшасын; 20-баптың 5-тармағын; 21-баптың 1-тармағының 4) тармақшасын; 22-баптың 3-тармағын; 26-баптың 1-тармағының 2) тармақшасын; 28-бапты;
Тармақша 2
2) 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 7-баптың 1-тармағының 8) тармақшасын; 25-баптың 3-тармағын қоспағанда, ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Тармақ 2
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) "Қазақстан Республикасында мүгедектердiң әлеуметтiк қорғалуы туралы" 1991 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң Ведомостары, 1991 ж., N 26, 345-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 9-10, 158-құжат; N 15, 208-құжат; 1995 ж., N 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 7, 79-құжат; N 12, 184-құжат; N 17-18, 219-құжат; 1998 ж., N 24, 432-құжат; 1999 ж., N 8, 247-құжат; 2001 ж., N 1, 4-құжат; N 13-14, 173-құжат; 2002 ж., N 6, 71-құжат);
Тармақша 2
2) Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң "Қазақ ССР-iнде мүгедектердiң әлеуметтiк қорғалуы туралы" Қазақ ССР Заңын күшiне енгiзу туралы" 1991 жылғы 21 маусымдағы Қаулысы (Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң Ведомостары, 1991 ж., N 26, 346-құжат).