Об утверждении Правил назначения и осуществления социальных выплат отдельным категориям граждан Қолданыста
Басқа 0
Жеке категориядағы азаматтарға әлеуметтік төлемді тағайындау және жүзеге асыру Ережесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабын басшылыққа алып Глубокое аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Жеке категориядағы азаматтарға әлеуметтік төлемді тағайындау және жүзеге асыру қосымша Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Шешім күшіне 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізіледі.
Тармақ 3
3. Глубокое аудандық мәслихаттың «Жеке категориядағы азаматтарға әлеуметтік төлемді бөлу жөніндегі комиссияның дербес құрамы туралы» 2004 жылғы 16 маусымдағы № 6/9-III шешімі және «Жеке категориядағы азаматтарға әлеуметтік төлемді тағайындау және жүзеге асыру тәртібі туралы» Ереже күшін жойды деп саналсын.