Об утверждении Правил предоставления малообеспеченным гражданам жилищной помощи на содержание жилья и оплату жилищно-коммунальных услуг Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.04.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аз қамтылған азаматтарға тұргын үйді қамтуға және тұргын үйді коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін беру Ережесін бекіту туралы “Түрғын үй қатынастары туралы” Қазақстан Рспубликасы Заңының 97 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына сөйкес Глубокое аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі қосымша Ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім Шығыс Қазақстан облысы әділет департаментінде тіркелген күннен бастап күшіне енеді.
Тармақ 3
3. Осы шешім 2005 жылдың 1 сәуірінен бастап жүзеге асырылсын.
Басқа 4. Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін түрғын үй жәрдемакыларын беру тәртібі туралы ЕРЕЖЕ
2005 жылғы 6 сәуірдегі Глубокое аудандық мәслихаттың шешіміне қосымша № 13/10-ІІІ Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін түрғын үй жәрдемакыларын беру тәртібі туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Тұрмыстық қатынастар туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16- сәуірдегі № 94-1 Заңына сәйкес түрмысы төмен отбасыларына үйді ұстауға (жеке меншік тұрғын үйді ұстаудан тыс) және үй-коммуналдық қызметті тұтынуға ақы төлеу үшін көмек көрсетіледі.
Тармақ 2
2. Түрғын үй көмегі, өздері жылытатын жеке меншік үй құрылыстарында тұратын түрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) бір рет беріледі.
Тармақ 3
3. Тұрғын үй көмегі сол жерде тұракты тұратын және тұрғын үйдің иелері немесе оның жалдаушысы (жалгерлері) болып табылатын тұрмысы төмен отбасыларына берілетін атаулы әлеуметтік көмектің бір нысаны болып табылады. Тұрғын үйді бір әкімшілік-аумақтық пункт шегінде жалдайтын адам, осы пунктің басқа мекен-жайы бойынша тіркелуі мүмкін.
Тармақ 4
4. Тұрғын үй көмегі отбасының тұрғын үйді үстау мен коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеудің нақты шығындары осы мақсаттарға шекті жол берілетін шығыстар үлесінен артқанда тағайындалады.Сондағы отбасының нақты шығындары әлеуметтік нормалардың шегінде есепке алынады.
Тармақ 5
5. Тұрғын үйді үстау және коммуналдық қызмет тұтынуға ақы төлеу үшін шекті жол берілетін шығыс үлесі отбасының жиынтық кірістерінің 20 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
Тармақ 6
6. Әлеуметтік нормалар және тұрғын үй көмегін есептеуге алынған үйді үстау шығындарының мөлшерін, коммуналдық қызметтерді (сумен қамтамасыз ету, газбен қамтамасыз ету, канализация, электрмен қамтамасыз ету, жылумен қамтамасыз ету, қоқыс шығару және лифтерді пайдалану) Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы заңнамаларға сәйкес белгіленеді.
Тармақ 7
7. Тұрғын үй көмегін есептеу үшін алынатын барлық коммуналдық қызметтерге және олардың өзгерістеріне арналған тарифтерді қызмет көрсетушілер береді.
Тарау 2. 2. Тұрғын үй көмегін беру шарттары
2. Тұрғын үй көмегін беру шарттары
Тармақ 8
8. Жеке меншігінде 1 бірлктен артык тұрғын үйі (үйі, пәтері) бар немесе тұрғын үйі жайын жалға (жалдауға) берген тұлғалар тұрғын үй көмегін алу құкығынан айырылады.
Тармақ 9
9. Жұмысқа жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін және жұмыспен қамту қызметінде тіркелмеген адамдары бар отбасылардың тұрғын үй көмегін алуға құкығы жоқ, соның ішіне 50 жаска толғандар (жынысына қарамастан), 1-ші, 2-ші топтағы мүгедектерді күтетіндер, 16 жасқа дейінгі мүгедек-балаларды күтетіндер, 80 жастан асқандар немесе 7 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеумен шүғылданатындар кірмейді. Жедел әскери қызметтегі эскери қызметкерлер отбасының құрамында есептелмейді.
Тармақ 10
10. Жұмыссыздар ұсынған жұмыстан немесе жұмысқа орналасудан себепсіз бас тартса және өз еркімен қоғамдық жұмысқа, оқыту мен қайта оқытуға қатыспаса тұрғын үй көмегін алу құқығынан алты айға айырылады.
Тармақ 11
11. Тұрғын үй көмегіне өтінген кезде коммуналдық қызмет ақысы үшін берешектері бар отбасыларына, қарыздарына қарамастан, ережеге сэйкес, есепке тіркеген сәттен бастап ағымды төлемдерді тұракты төлеу шартымен тұрғын үй жәрдемакылары тағайындалады. Бұрынғы қарыздарының өтелуі коммуналдық қызмет көрсетушілермен келісіледі және бақылауға алынады. Ескі карыздың жойылуы коммуналдық қызмет көрсетушілермен келісіліп бақыланады.
Тармақ 12
12. Токсан сайын тұргын үй көмегін алушыларға кайта аттестациялауды жүргізу керек. Бұл орайда, отбасының табыстары туралы анықтамалар және өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанның коммуналдық қызмет ақыларының төленгені туралы түбіртектер қоса беріледі.
Тармақ 13
13. Егер отбасының ортажандық жиынтық табыстары кедейшілік белгісінің мөлшерінен төмен болса, үйді ұстауға және үй-коммуналдык кызметке төлеу үшін тұрғын үй көмегін белгілегенде, жиынды табыс Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген уақыттың тиісті мерзімінде бір есептік көрсеткішке кемиді.
Тармақ 14
14. Жалғыз басты зейнеткерлердің, мүгедектердің, бірге тұратын жалғыз басты зейнеткерлерді, бірге тұратын зейнеткер мен мүгедекті және жалғыз тұратын ерлі-зайыпты зейнеткерлермен мүгедектердің, сондай-ак кұрамында жетім балалары бар отбасыларының құқыларын белгілеп тұрғын үй көмегін есептегенде, оларды қолдау мақсатында, табыстары Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген уакыттың тиісті мерзімінде екі есептік көрсеткішке /кемиді/ реттеледі.
Тармақ 15
15. Орталықтан жылитын жеке үйде тұратын тұрмысы төмен отбасыларының тұрғын үй көмегін есептегенде, қызмет көрсетушілердің тұрғын үй көлемі әлеуметтік нормасының шегінде жоғалтылған жылудың төлемі тарифтерде есепке алынсын.
Тармақ 16
16. Тұрғын үй көмегі үйлеріне жылту мезгілінде жылу мен ыстық су қосылмаған және пәтерлері жергілікті жылту приборлары арқылы жылитын пәтер иелеріне тағайындалады. Электр қуатының төлемі жылтумен ыстық судың, тұрғын үй көлемі нормасымен қызмет көрсетушіні тарифтарға сәйкес, төлеміне эквивалентті есептелсін.
Тармақ 17
17. Тұрғын үй көмегіне үміткер отбасыларына тұрғын үй көмегін тағайындаған кезде мына шектеулер есепке алынады:
Тармақша 1
1) үміткер заңды некеде болса, бірақ зайыбы сол мекенжай бойынша тіркелмеген болса, ерлі-зайыптылардың екеуінің де табыстары есептеледі және жәрдемақы өтінгеннің мекенжайы бойынша тағайындалады. Бұл мекенжай бойынша тіркелмеген зайыбы немесе жұбайы өзінің тұргылықты жерінен жәрдемақы алмайтынын дәлелдеу керек;
Тармақша 2
2) үміткер заңды некеде болса, бірақ зайыбының қазіргі тұргылықты жерін білмесе (көрсетпесе) және құқық қорғау органдарына бұл туралы мәлімдемесе, жәрдемақы тағай ындал майды;
Тармақша 3
3) үміткердің үйіне 18 жасқа дейінгі бала тіркелген жағдайда, ол баланың ата-анасының табыстары туралы анықтаманы тапсыру қажет;
Тармақша 4
4) үміткер оқу орнының күндізгі бөлімінде оқып, жалғыз тұрған жагдайда ата- анасының табыстары және олардың тұргын үй жәрдемақыларын алулары туралы анықтаманы тапсыруы қажет.
Тармақ 18
18. Тұрғын үй жәрдемақыларын алуға үміткер немесе алушы отбасылар соны ресімдеу үшін мынадай құжаттарды қоса берумен өтініш ұсынады: төлқұжат немесе жеке куәлік (тоқсан сайын), тұрғын үй құкығын куәландыратын құжат (жылына 1 рет, келесі жылдың аттестациясына дейін) немесе , отбасы құрамы туралы анықтама (жылына бір рет, келесі жылдың аттестациясына дейін немесе басқа өзгерістерге дейін), отбасы табыстары (еңбекакы, жәрдемақы, зейнетакы, т.б) туралы анықтама (тоқсан сайын, талаптану айдың алдындағы 3 айға), жасқа байланысты зейнетақы (жылына бір рет және тоқсан сайынғы аттестациядан өту, сақтау кітапшасы немесе жеткізу есеп қағазы), қызмет көрсетушіден тұрғын үйге ақы төлеу туралы анықтама (жылына бір рет, келесі жылдың аттестациялауына немесе тарифтер өзгергенге дейін), барлык коммуналдық қызметке ақы төлеу туралы түбіртектер (тоқсан сайын, талаптану айдың алдындағы 3 айға), жұмыссыздарға жұмыспен камту бөлімімен анықтама (тоқсан сайын). Жеке меншік шаруашылық туралы ақпарат (жылына 1 рет немесе баска өзгерістер болса).
Тармақ 19
19. Тапсырылған құжатттардың қорытындысы бойынша отбасына шарт-өтініш жасалады, оған тұрғын үй көмегінің есептелуі енгізіледі. Шарт-өтінішке отбасы өкілінің немесе отбасының атынан сөйлейтін тұлға және құжаттарды қабылдайтын тұлғаның қолдары қойылады.
Тармақ 20
20. Уәкілетті органның шешімі тұрғын үй жәрдемакысын берудің негізі болып табылады(1 қосымша).
Тармақ 21
21. Электрмен қамту, газбен қамту, канализация, жылумен қамту, кокыс шығару, лифтерді камту, тұрғын үйді пайдалану бойынша шығындар талаптану тоқсанның алдындағы тоқсанның орташа түбіртектері бойынша есептеледі.
Тармақ 22
22. Тұрғын үй көмегі өтініш жэне басқа құжаттар тапсырылған айдан бастап тағайындалады, кезекті тоқсан сайынғы қайта аттестациядан белгілі себептерге байланысты өтпегендерден басқа (өтінушінің ауыруы, курорт, шипажайда емделуіне, туысқандарының ауыруына немесе қайтыс болуына байланысты тұрғылықты жерде болмаса).
Тармақ 23
23. Тұрғын үй көмегін алушы және тұрғын үй көмегі қызметтері жасаған тізім бойынша тоқсан сайынғы аттестациядан өтетін отбасылар, құжаттарды дайындағанға қарамастан, тұрғын үй жәрдемақысын тоқсанға алады. Тоқсандық ағымында графиктер бойынша қайта аттестациядан өтпеген отбасыларға тұрғын үй көмегі өтінген айдан бастап тағайындалады.
Тармақ 24
24. Тұрғын үй көмегін алушылар 10 күн ішінде тұрғын үй қызметіне өз тұрғын үйінің меншік формаларының, отбасы құрамының және оның жиынтык табыстарының, статусының өзгеруі туралы хабарлауы керек.
Тармақ 25
25. Берілген ақпараттың шындығы және дұрыстығы туралы күмән пайда болса, тұрғын үй көмегін тағайындайтын қызметкер отбасы табыстары, тұрғын үй шығымдары және отбасы мүшелерінің шындық тұрғылықты жерлері туралы ақпаратты талап етуге құқылы. Заңды және жеке тұлғалар шындық ақпарат беруге міндетті. Талаптанған құжаттар берілмеген жағдайда, тұрғын үй жәрдемақысы тағайындалмайды. Тұрғын үй кызметіне алдын ала жалған мәліметтер берген үшін жалгерлер (немесе меншік үйдің иесі) құқықсыз алған сомасын өз еркімен қайтарады, ал бас тартқан жағдайда - сот тәртібінде.
Тарау 3. 3. Тұрғын үй көмегінің мөлшері
3. Тұрғын үй көмегінің мөлшері
Тармақ 26
26. Тұрғын үй көмегінің мөлшері жалгердің (меншік үй иесінің) өтемдік шараларымен қамтамасыз етілетін нормалар шегінде үйді ұстауға және коммуналдық қызметке ақы төлеу мен отбасына осы мақсаттарға шекті жол берілетін шығыс деңгейінің айырымы ретінде есептеледі. Тұрғын үй көмегінің мөлшерін белгілеу формула: П=МСПЖ-(t х д) П - тұрғын үй көмегінің мөлшері МСПЖ - тұрғын үйге ең жоғары әлеуметтік төлем 1 - тұрғын үй төлеміне нормативтік шығын (=20%) д - отбасының жиынтық табыстары
Тарау 4. 4. Тұрғын үй жәрдемақыларына үміткер азаматтардың (отбасыларының) жиынтық табысын есептеу
4. Тұрғын үй жәрдемақыларына үміткер азаматтардың (отбасыларының) жиынтық табысын есептеу
Тармақ 27
27. Жиынтық табыстарының есептелуі отбасының табысын белгілеуге тұргын үй жәрдемін тағайындайтын уәкілетті органымен жүргізіледі.
Тармақ 28
28. Отбасының жиынтық табыстарын есептегенде табыстардың барлық түрлері түрғын үй көмегіне өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанда нақтылы алынған тұрғын үй және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, қайтыс болғандарды жерлеу мен бала туғандағы бір жолғы төлемдерден басқа есепке алынды. Отбасының табысында алынған шағын несиелердің сомалары есептелінбейді. Жиынтық табыс өтінушінің алған табыстары жөнінде ұсынылған мәліметтердің негізінде есептеледі.
Тармақ 29
29. Ауылдық жердің тұрғындары үшін үлкен мал басынан бір бас болғандағы жеке қосалқы шаруашылықтан табыс (саяжай учаскелерден, бау-бақшалардан түсетін табыстарды қоспағанда) тоқсанда үш есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке алынады, үлкен мал басынан екі және одан көп бас болғанда бес есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке алынады.
Тармақ 30
30. Қалалардың және қалалық үлгідегі кенттердің тұрғындары үшін үлкен мал басынан бір бас болғандағы жеке қосалқы шаруашылықтан табыс (саяжай учаскелерден, бау-бақшалардан түсетін табыстарды қоспағанда саяжай учаскелерден, бау-бақшалардан түсетін табыстарды қоспағанда) тоқсанда екі есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке алынады, үлкен мал басынан екі және одан көп бас болғанда төрт есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке алынады.
Тармақ 31
31. Жиынтық табысты есептегенде өнімді жасқа толмаған үй малы есепке алынбайды (2 қосымша). Жеке кәсіптік істерден, мүліктік және жер пайынан түсетін табыстар мәлімделген болып саналады.
Тармақ 32
32. Құжаттамалы расталган табыстар түрлеріне еңбектен, зейнетақыдан, жәрдемақыдан және алименттерден түсетін табыстар жатады. Отбасының жиынтық табысы алименттердің есебінсіз саналады, егер де төлеуші:
Тармақша 1
1) жұмыс істемейтін және жұмыспен қамту мэселелері жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз болып тіркелмеген (анықтама үсынылғанда);
Тармақша 2
2) бас бостандығынан айыру жерлерінде немесе уақытша жеке-дара ұстауда болғанда (анықтама ұсынылғанда);
Тармақша 3
3) туберкулез немесе психоневрологиялык диспансерлерде (стационарларда), емделу-еңбек профилакторияларында (ЕЕП) емделуде немесе есепте болган (аныктама ұсынылғанда);
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасында тиісті келісімі жоқ мемлекеттерге түрғылықты жерлерге тұруга кеткен (анықтама үсынылғанда) жағдайларда.
Тармақ 33
33. Ішкі істер органдары түрғылықты жерлері бойынша тіркеген адамдарды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 12.07.2000 жылғы № 1063 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының тұрғындарын құжаттандыру және тіркеу ережелеріне сәйкес есептеу керек. Отбасының жиынтык табыстары өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға отбасының барлық мүшелерінің және осы мекен жай бойынша тіркелген басқа да адамдардың табыстарын қосу жолымен есептеледі.
Тармақ 34
34. Бір тоқсаннан көп мерзімге төленетін бір жолғы төлемді алғанда, жиынтық табыста барлық табыс жиынын табыс алған айлар санына бөлуден алынып және 3 айға көбейтілген табыстың жиыны есепке алынады. Егер отбасы мүшелерінің біреуі табыс есептелетін тоқсаннан аз уакыт жұмыс істесе, отбасының жиынтық табысында, оның осы тоқсанда жұмыс істеген уақыттың табысы есепке алынады.
Тармақ 35
35. Отбасының орта жандық табыстары 1 айға отбасының тоқсандық жиынтық табыстарын отбасы мүшелерінің санына және 3 айға бөлу жолымен есептеледі.
Тармақ 36
36. Өтініш берушілер ұсынған мәліметтердің сенімділігіне заңда белгіленген тәртіпте жауапты.
Тарау 5. 5. Өздері жылытатын жеке меншік үй кұрылыстарында тұратын тұрмысы төмен отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй жәрдемакыларын ұсыну тәртібі
5. Өздері жылытатын жеке меншік үй кұрылыстарында тұратын тұрмысы төмен отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй жәрдемакыларын ұсыну тәртібі
Тармақ 37
37. Өздері жылытатын жеке меншік үй құрылыстарында тұратын тұрмысы төмен отбасыларына тұргын үй жәрдемақысы үй иесіне, жалдаушылар тұргын үйді жалдауга келісім-шарт болганда беріледі.
Тармақ 38
38. Өздері жылытатын, жеке меншік үй құрылыстарында тұратын отбасыларга тұрғын үй көмегін есептеу үшін көмірдің әлеуметтік шығын жалпы ауданның 1 шаршы метріне 129,8 кг, бірақ бір үйге 5000 кг аспауы керек.
Тармақ 39
39. Көмірдің құнын есептеу үшін қала бойынша облыстық статистика басқармасының ұсынуымен орташа бағаны қолданамыз және тоқсанның соңғы айында есептелген әлеуметтік көмек мүмкіншілігіне қараймыз (желтоқсан, наурыз, маусым, қыркүйек).
Тармақ 40
40. Өздері жылытатын жеке меншік үй құрылыстарында колданылып басқа жанармай түрлерінің құны мен шығын нормасын, тұрғын үй көмегін есептегенде көмірдің құны мен шығын нормасына эквивалентті деп есептеу керек.
Тармақ 41
41. Көмірді сатып алу мезгіліне байланысты көмірдің тұрғын үйге барлық әлеуметтік шығын нормасын (көмірдің құнын) өтініш жасаған тоқсанына қарай әлеуметтік көмек есептегенде үш айға аламыз.
Тармақ 42
42. Тұрғын үй көмегін есептегенде жеке меншік үй құрылысында тұратын отбасының табысын өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға есептеу керек.
Тармақ 43
43. Заң бойынша бір үйдің бірнеше иесі болса, онда тұрғын үй көмегі әр үй иесіне (жанұяға) тағайындалады, сонымен қатар бір үйге әлеуметтік көмір нормасы әр отбасына, алып отырған ауданына байланысты сайма сай бөлінеді.
Тармақ 44
44. Электр қуаты, газ, су, қоқыс шығындарын өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы түбіршектердің орташаларын есепке алу керек.
Тарау 6. 6. Тұрғын үй көмегінің қаржыландыруы мен төлемі
6. Тұрғын үй көмегінің қаржыландыруы мен төлемі
Тармақ 45
45. Тұрғын үй көмегі қалалар мен аудандардың бюджет қаражаттарының есебінен көрсетіледі. Тұрғын үй көмегі ақшалай төлем ретінде тағайындалады.
Тармақ 46
46. Тұрғын үй көмегінің төлемі осы мақсаттарға жергілікті бюджеттен бөлінген каражаттар есебінен азаматтардың салымы бойынша шоттарына есептелуі жолымен пошталық бөлімдер арқылы жүргізіледі. Тұргын үй көмегі төлемінің тәртібі мен шарты аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері және пошталық байланыс бөлімдер арасындағы жасалған агенттік келісімімен белгіленеді. «Глубокое аудандық жұмыспен камту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің» ММ басшысы М. Пономарева