О городской эвакуационной комиссии Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.04.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қалалық эвакуациялық комиссия құру туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» «Азаматтық қорғаныс туралы» Заңдарына сәйкес, төтенше жағдайлар болған жағдайда тұрғындарды қорғауды қамтамасыз ету, эвакуациялық іс-шараларды орындау мен ұйымдастыру мақсатында Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 1 қосымшаға сәйкес қалалық эвакуациялық комиссиясы (бұдан әрі Комиссия) құрылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары Н.Ш. Тлешевке жүктелсін. Келісілген: «Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар министрлігі Өскемен қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы А. Иманбеков «Өскемен қаласының ішкі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы Қ. Мұхитов «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының филиалы Семей тасымалдау бөлімшесі Защита шағын бөлімінің бастығы А. Степура ШҚ облыстық Телекоммуникациялар дирекциясының бас директоры С. Абиров
Басқа 3. Қалалық эвакуациялық комиссиясының Құрамы
Өскемен қаласы әкімдігінің 2005 жылғы «01» 04 № 324 қаулысына 1 қосымша Қалалық эвакуациялық комиссиясының Құрамы Нұрлан Шаймерденович Тлешев - Өскемен қаласы әкімінің бірінші орынбасары, Комиссия төрағасы Азамат Кеңесқазиевич Қабышев - «Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар министрлігі Өскемен қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығының орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары Рашат Исламович Шериязданов – Өскемен қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы Комиссия мүшелері: Елена Павловна Ясинская – «Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің меңгерушісі Алтынғазы Имашевич Тоқышев - «Өскемен қаласының Қорғау істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары Қарымбек Қожьяқпаров Сағидулдин - Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының филиалы Семей тасымалдау бөлімшесі Защита шағын бастығының орынбасары Манап Жұмақанович Ракишев - «Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің көріктендіру бойынша техникалық қадағалау бөлімінің бастығы