Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру тәртібі туралы Ережесі Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.04.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және тұрғын үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру тәртібі туралы Ережесі Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» № 148 Заңының 6 бабы, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабы негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Нашар қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және тұрғын үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру тәртібі туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуы аудандық жұмыстың және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім Шығыс Қазақстан облыстық әділет басқармасында тіркелгенуақыттан бастап күшіне енеді.
Басқа 4. Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және тұрғын үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру тәртібі туралы ЕРЕЖЕ
Көкпекті аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 13-7/1 шешімімен бекітілді Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және тұрғын үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру тәртібі туралы ЕРЕЖЕ 1. Тұрғын үй көмегі
Тармақ 1
1. «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16-сәуірдегі № 94-1 Заңына сәйкес тұрмысы төмен отбасыларына тұрғын үйді ұстауға (жеке меншік тұрғын үйді ұстаудан тыс) және тұрғын үй-коммуналдық қызметті тұтынуға ақы төлеу үшін көмек көрсетіледі.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй көмегі, өздері жылытатын жеке меншік үй құрылыстарында тұратын отбасыларына (азаматтарға) жылына бір рет беріледі.
Тармақ 3
3. Тұрғын үй көмегі сол жерде тұрақты тұратын және тұрғын үйдің иелері немесе оның жалдаушысы (жалгерлері) болып табылатын отбасыларына берілетін атаулы әлеуметтік көмектің бір нысаны болып табылады. Тұрғын үйді бір әкімшілік-аумақтық пункт шегінде жалдайтын адам, осы пункттің басқа мекен-жайы бойынша тіркелуі мүмкін.
Тармақ 4
4. Тұрғын үй көмегі отбасының тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеудің нақты шығындары осы мақсаттарға шекті жол берілетін шығыстар үлесінен артқанда тағайындалады. Сондағы отбасының нақты шығындары әлеуметтік нормалардың шегінде есепке алынады.
Тармақ 5
5. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызмет тұтынуға ақы төлеу үшін шекті жол берілетін шығыс үлесі отбасының жиынтық кірістерінің 10 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
Тармақ 6. 2. Тұрғын үй көмегін беру шарттары
6. Тұрғын үй көмегін есептеу үшін алынатын барлық коммуналдық қызметтерге және олардың өзгерістеріне арналған тарифтерді қызмет көрсетушілер береді. 2. Тұрғын үй көмегін беру шарттары
Тармақ 7
7. Жеке меншігінде 1 бірліктен артық тұрғын үйі (үйі, пәтері) бар немесе тұрғын үй жайын жалға (жалдауға) берген тұлғалар тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.
Тармақ 8
8. Жұмысқа жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін және жұмыспен қамту қызметінде тіркелмеген адамдары бар отбасылардың тұрғын үй көмегін алуға құқығы жоқ соның ішіне 50 жасқа толғандар (жынысына қарамастан), 1-ші, 2-ші топтағы мүгедектерді күтетіндер, мүгедек-балаларды күтетіндер, 80 жастан асқандар немесе 7 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеумен шұғылданатындар, 18 жасқа толмаған төрт және оданда көп баланы тәрбиелеумен шұғылданатындар; мерзімі 12 аптадан асқан жүкті әйелдер; мүгедектіктері жоқ, бірақ есепке алынған туберкулез, наркологиялық, ісік ауруына шалдыққандар кірмейді. Жедел әскери қызметтегі әскери қызметкерлер отбасының құрамында есептелмейді.
Тармақ 9
9. Жұмыссыздар ұсынған жұмыстан немесе жұмысқа орналасудан себепсіз бас тартса және өз еркімен қоғамдық жұмысқа, оқыту мен қайта оқытуға қатыспаса тұрғын үй көмегін алу құқығынан алты айға айырылады.
Тармақ 10
10. Тұрғын үй көмегіне өтінген кезде коммуналдық қызмет ақысы үшін берешектері бар отбасыларына, қарыздарына қарамастан, ережеге сәйкес, есепке тіркеген сәттен бастап ағымды төлемдерді тұрақты төлеу шартымен тұрғын үй жәрдемақылары тағайындалады.
Тармақ 11
11. Тоқсан сайын тұрғын үй көмегін алушыларға қайта аттестациялауды жүргізу керек. Бұл орайда, отбасының табыстары туралы анықтамалар және өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанның коммуналдық қызмет ақыларының төленгені туралы түбіртектер қоса беріледі.
Тармақ 12
12. Егер төлемақылар тарифтер мен норма шегінен аспаған жағдайда, тұрғын-үй көмегін тағайындауға нақты төленген төлем бойынша алынады. Шығындары, есептеу құралдарымен алынған жағдайда шығындау нормасынан аспаса, сол шығындар тұрғын-үй көмегін тағайындауға алынады.
Тармақ 13
13. Егер отбасының ортажандық жиынтық табыстары кедейшілік белгісінің мөлшерінен төмен болса, тұрғын үйді ұстауға және тұрғын үй-коммуналдық қызметке төлеу үшін тұрғын үй көмегін белгілегенде, жиынды табыс Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген уақыттың тиісті мерзімінде бір есептік көрсеткішке кемиді.
Тармақ 14
14. Жалғыз басты зейнеткерлердің, мүгедектердің, бірге тұратын жалғыз басты зейнеткерлерді, бірге тұратын зейнеткер мен мүгедекті және жалғыз тұратын ерлі-зайыпты зейнеткерлермен мүгедектердің, сондай-ақ құрамында жетім балалары бар отбасыларының құқыларын белгілеп тұрғын үй көмегін есептегенде, оларды қолдау мақсатында, табыстары Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген уақыттың тиісті мерзімінде екі есептік көрсеткішке кемиді реттеледі.
Тармақ 15
15. Орталықтан жылитын жеке үйде тұратын тұрмысы төмен отбасыларының тұрғын үй көмегін есептегенде, қызмет көрсетушілердің тұрғын үй көлемі әлеуметтік нормасының шегінде жоғалтылған жылудың төлемі тарифтерде есепке алынсын.
Тармақ 16
16. Тұрғын үй көмегі үйлеріне жылыту мезгілінде жылу мен ыстық су қосылмаған және пәтерлері жергілікті жылыту приборлары арқылы жылитын пәтер иелеріне тағайындалады. Электр қуатының төлемі жылытумен ыстық судың, тұрғын үй көлемі нормасымен қызмет көрсетушіні тарифтарға сәйкес, төлеміне эквивалент есептеледі.
Тармақ 17
17. Тұрғын үй көмегіне үміткер отбасыларына тұрғын үй көмегін тағайындаған кезде мына шектеулер есепке алынады:
Тармақша 1
1) үміткер заңды некеде болса, бірақ зайыбы сол мекенжай бойынша тіркелмеген болса, ерлі-зайыптылардың екеуінің де табыстары есептеледі және жәрдемақы өтінгеннің мекенжайы бойынша тағайындалады. Бұл мекенжай бойынша тіркелмеген зайыбы немесе жұбайы өзінің тұрғылықты жерінен жәрдемақы алмайтынын дәлелдеу керек;
Тармақша 2
2) үміткер заңды некеде болса, бірақ зайыбының қазіргі тұрғылықты жерін білмесе (көрсетпесе) және құқық қорғау органдарына бұл туралы мәлімдемесе, жәрдемақы тағайындалмайды;
Тармақша 3
3) үміткердің үйіне 18 жасқа дейінгі бала тіркелген жағдайда, ол баланың ата-анасының табыстары туралы анықтаманы тапсыру қажет;
Тармақша 4
4) үміткер оқу орнының күндізгі бөлімінде оқып, жалғыз тұрған жағдайда ата- анасының табыстары және олардың тұрғын үй жәрдемақыларын алулары туралы анықтаманы тапсыруы қажет.
Тармақ 18
Тармақ 19
19. Тапсырылған құжатттардың қорытындысы бойынша отбасына шарт-өтініш жасалады, оған отбасының табысы мен коммуналдық ақы төлеулері еңгізіледі. Шарт-өтінішке отбасы өкілінің немесе отбасының атынан сөйлейтін тұлға және құжаттарды қабылдайтын тұлғаның қолдары қойылады.
Тармақ 20
20. Уәкілетті органның шешімі тұрғын үй жәрдемақысын берудің негізі болып табылады (1 қосымша).
Тармақ 21
21. Электрмен қамту, газбен қамту, канализация, жылумен қамту, қоқыс шығару, тұрғын үйді пайдалану бойынша шығындар талаптану тоқсанның алдындағы тоқсанның орташа түбіртектері бойынша есептеледі. (газбен, жылумен қамту негізгі түбіртек болмаған жағдайда, Материалдық тұрмыстық зерттеу актісімен белгіленеді.)
Тармақ 22
Тармақ 24
24. Тұрғын үй көмегін алушылар 10 күн ішінде тұрғын үй қызметіне өз тұрғын үйінің меншік формаларының, отбасы құрамының және оның жиынтық табыстарының, статусының өзгеруі туралы хабарлауы керек. (Уақытша жалданбалы жұмыс, көтерме жұмыс істегенде тапқан табыстарын, Арнаулы құрылған ауыл әкімдіктерінің, (Материалдық тұрмыстық актісімен бекітіледі).
Тармақ 25. 3. Тұрғын үй көмегінің мөлшері
25. Берілген ақпараттың шындығы және дұрыстығы туралы күмән пайда болса, тұрғын үй көмегін тағайындайтын қызметкер отбасы табыстары, тұрғын үй шығындары және отбасы мүшелерінің шын тұрғылықты жерлері туралы ақпаратты талап етуге құқылы. Заңды және жеке тұлғалар шын ақпарат беруге міндетті. Талаптанған қүжаттар берілмеген жағдайда, тұрғын үй жәрдемақысы тағайындалмайды. Тұрғын үй қызметіне алдын ала жалған мәліметтер бергені үшін жалгерлер (немесе меншік үйдің иесі) құқықсыз алған сомасын өз еркімен қайтарады, ал бас тартқан жағдайда - сот тәртібінде. 3. Тұрғын үй көмегінің мөлшері
Тармақ 26. 4. Тұрғын үй жәрдемақыларына үміткер азаматтардың (отбасыларының) жиынтық табысын есептеу
26. Тұрғын үй көмегінің мөлшері жалгердің (меншік үй иесінің) өтемдік шараларымен қамтамасыз етілетін нормалар шегінде үйді ұстауға және коммуналдық қызметке ақы төлеу мен отбасына осы мақсаттарға шекті жол берілетін шығыс деңгейінің айырымы ретінде есептеледі. Тұрғын үй көмегінің мөлшерін белгілеу формула: П=МСПЖ-(t х д); П - тұрғын үй көмегінің мөлшері; МСПЖ - тұрғын үйге ең жоғары әлеуметтік төлем; t - тұрғын үй төлеміне нормативтік шығын (=20 %); д - отбасының жиынтық табыстары. 4. Тұрғын үй жәрдемақыларына үміткер азаматтардың (отбасыларының) жиынтық табысын есептеу
Тармақ 27
27. Жиынтық табыстарының есептелуі отбасының табысын белгілеуге тұрғын үй жәрдемін тағайындайтын уәкілетті органымен жүргізіледі.
Тармақ 28
28. Отбасының жиынтық табыстарын есептегенде табыстардың барлық түрлері өтініш берген кездегі барлық үй мүшелерінің , тұрғын үй көмегіне өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанда нақтылы алынған кірістері есепке алынады. Келесідей кірістер есептелмейді:
Тармақша 1
1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;
Тармақша 2
2) балалы отбасыларына берілетін жәрдемақы;
Тармақша 3
3) тұрғын-үй жәрдемақысы;
Тармақша 4
4) қайтыс болғандарды жерлеуге бір жолғы төлемақы;
Тармақша 5
5) бала туғандағы бір жолғы төлемақы;
Тармақша 6
6) ақшалай және нақты түрде алынған қайырымдылық төлемақы;
Тармақша 7
7) өз ісін бастауға және мал өсіруге алынған материалдық көмек;
Тармақша 8
8) төтенше жағдайлар кезінде өзі, не дүние мүлкі жапа шеккені үшін төленген жәрдемақылар;
Тармақша 9
9) отбасы мүшесінің төлеген алимент мөлшері;
Тармақша 10
10) қорғаншының кірісі (қамқоршының) (қамқорлыққа алынғанға тағайындалған жәрдемақылар);
Тармақша 11
11) жеңілдікпен жасанды тіс жасатуға барып қайту жол төлемі;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, заттай берілген келесідей көмектер: дәрі-дәрмек; шипажайда емделу; жасанды - ортопедтік бұйымдар (жасауы және жөндеуі); жылжу құралы (мүгедек арбашалары) және мүгедектерді оңалту үшін бөлінген бұйымдар; білім заңнамаларына сәйкес, білім ұйымдарында тегін тамақтандыру мен көмектер;
Тармақша 13
13) көші-қон заңнамаларына сәйкес оралмандарға тұрақты жерге қоныстану үшін, дүние мүлкін көшіру үшін төленетін квоталар, тұрғын үй сатып алған қаражаттары;
Тармақша 14
14) облыс әкімінің жеке тұлғаларға коммуналдық шығын өтеу үшін бөлінген қаражаттары;
Тармақша 15
15) алынған микронесиелердің сомалары.
Тармақ 29
29. Ауылдық жердің тұрғындары үшін үлкен мал басынан бір бас болғандағы жеке қосалқы шаруашылықтан табыс (саяжай учаскелерден, бау-бақшалардан түсетін табыстарды қоспағанда) тоқсанда үш есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке алынады, үлкен мал басынан екі және одан көп бас болғанда бес есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке алынады.
Тармақ 30
30. Қалалық үлгідегі кенттердің тұрғындары үшін үлкен мал басынан бір бас болғандағы жеке қосалқы шаруашылықтан табыс (саяжай учаскелерден, бау-бақшалардан түсетін табыстарды қоспағанда саяжай учаскелерден, бау-бақшалардан түсетін табыстарды қоспағанда) тоқсанда екі есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке алынады, үлкен мал басынан екі және одан көп бас болғанда төрт есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке алынады.
Тармақ 31
31. Жиынтық табысты есептегенде өнімді жасқа толмаған үй малы есепке алынбайды . Жеке кәсіптік істерден, мүліктік және жер пайынан түсетін табыстар мәлімделген болып саналады.
Тармақ 32
32. Құжаттамалы расталған табыстар түрлеріне еңбектен, зейнетақыдан, жәрдемақыдан және алименттерден түсетін табыстар жатады. Отбасының жиынтық табысы алименттердің есебінсіз саналады, егер де төлеуші:
Тармақша 1
1) жұмыс істемейтін және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз болып тіркелмеген (анықтама ұсынылғанда);
Тармақша 2
2) бас бостандығынан айыру жерлерінде немесе уақытша ұстау изоляторында болған (анықтама ұсынылғанда);
Тармақша 3
3) туберкулез немесе психоневрологиялық диспансерлерде (стационарларда), емделу-еңбек профилакторияларында (ЕЕП) емделуде немесе есепте болған (анықтама ұсынылғанда);
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасында тиісті келісімі жоқ мемлекеттерге тұрғылықты жерлерге тұруға кеткен (анықтама ұсынылғанда) жағдайларда.
Тармақ 33
33. Әділет басқармасының тұрғылықты жерлері бойынша тіркеген адамдарды тұрғындарын құжаттандыру және тіркеу ережелеріне сәйкес есептеу керек. Отбасының жиынтық табыстары өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға отбасының барлық мүшелерінің және осы мекен жай бойынша тіркелген басқа да адамдардың табыстарын қосу жолымен есептеледі.
Тармақ 34
34. Бір тоқсаннан көп мерзімге төленетін бір жолғы төлемді алғанда, жиынтық табыста барлық табыс жиынын табыс алған айлар санына бөлуден алынып және 3 айға көбейтілген табыстың жиыны есепке алынады. Егер отбасы мүшелерінің біреуі табыс есептелетін тоқсаннан аз уақыт жұмыс істесе, отбасының жиынтық табысында, оның осы тоқсанда жұмыс істеген уақыттың табысы есепке алынады.
Тармақ 35
35. Отбасының орта жандық табыстары 1 айға отбасының тоқсандық жиынтық табыстарын отбасы мүшелерінің санына және 3 айға бөлу жолымен есептеледі.
Тармақ 36. 5. Өздері жылытатын жеке меншік үй құрылыстарында тұратын тұрмысы төмен отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй жәрдемақыларын ұсыну тәртібі
36. Өтініш берушілер ұсынған мәліметтердің сенімділігіне заңда белгіленген тәртіпте жауапты. 5. Өздері жылытатын жеке меншік үй құрылыстарында тұратын тұрмысы төмен отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй жәрдемақыларын ұсыну тәртібі
Тармақ 37
37. Өздері жылытатын жеке меншік үй құрылыстарында тұратын тұрмысы төмен отбасыларына тұрғын үй жәрдемақысы үй иесіне, жалдаушылар тұрғын үйді жалдауға келісім-шарт болғанда беріледі.
Тармақ 38
38. Өздері жылытатын, жеке меншік үй құрылыстарында тұратын отбасыларға тұрғын үй көмегін есептеу үшін көмірдің әлеуметтік шығын жалпы ауданның 1 шаршы метріне 129,8 кг, бірақ бір үйге 5000 кг аспауы керек.
Тармақ 39
39. Көмірдің құнын есептеу үшін, көмірдің сатып алынған нақты бағасы алынады;
Тармақ 40
40. Өздері жылытатын жеке меншік үй құрылыстарында қолданылып басқа жанармай түрлерінің құны мен шығын нормасын, тұрғын үй көмегін есептегенде көмірдің құны мен шығын нормасына эквивалентті деп есептеу керек.
Тармақ 41
41. Көмірді сатып алу мезгіліне байланысты көмірдің тұрғын үйге барлық әлеуметтік шығын нормасын (көмірдің құнын) өтініш жасаған тоқсанына қарай әлеуметтік көмек есептегенде үш айға алынады.
Тармақ 42
42. Тұрғын үй көмегін есептегенде жеке меншік үй құрылысында тұратын отбасының табысын өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға есептеу керек.
Тармақ 43
43. Тұрғын үй көмегін есептегенде отбасы көмірдің қанша тонна, қандай бағамен алынғаны туралы анықтама ұсынады (ол болмаған жағдайда жергілікті ауылдық (кенттік) әкімшіліктен, әкім қолымен расталған көмірдің мөлшері мен бағасы туралы акт беріледі), ақырғы тұрғын үй көмегін алғаннан кейінгі бір жыл мерзімінде сатып алынған.
Тармақ 44. 6. Тұрғын үй көмегінің қаржыландыруы мен төлемі
44. Электр қуаты, газ, су, қоқыс жою, тұрғын үйді ұстауға шығындарын өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы квитанциялардың орташаларын есепке алу керек. 6. Тұрғын үй көмегінің қаржыландыруы мен төлемі
Тармақ 45
45. Тұрғын үй көмегі бюджет қаражаттарының есебінен көрсетіледі. Тұрғын үй көмегі ақшалай төлем ретінде тағайындалады.
Тармақ 46
46. Тұрғын үй көмегінің төлемі осы мақсаттарға жергілікті бюджеттен бөлінген қаржаттар есебінен азаматтардың салымы бойынша шоттарына есептелуі жолымен екінші деңгейдегі банкілер (бұдан әрі тиісті почта бөлімшелері ) арқылы жүргізіледі. Тұрғын үй көмегі төлемінің тәртібі мен шарты аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және тиісті банкілер, почта бөлімшелері арасындағы жасалған агенттік келісімімен белгіленеді.
Тармақ 47
47. Тиісті банкілердің филиалдары жоқ Қазақстан Республикасының елді мекендерінде аталған төлемдер агенттік келісім негізінде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі белгілеген органдар арқылы жүргізіледі.