Об эпидемиологической ситуации и мерах профилактики природно-очаговых инфекций на территории области Күшін жойған
Басқа 0
Облыс аумағының эпидемиялогиялық ахуалы және табиғи-ошақ індеттерінің алдын алу шаралары туралы
Шығыс Қазақстан облысының аумағы табиғи ошақтанған адам мен жануарларға ортақ жұқпалар - туляремия, лептоспироз, бруцеллез, күйдiргi, оба, құтырма аурулары бойынша оңсыз аумақ болып саналады. Бруцеллез ауруы үсiп келедi, жыл сайын адамдардың күйдiргiмен және туляремиямен ауырғандығы тiркелуде.
Мониторинг нәтижесiнде табиғи ошақтардың белсендiлiгi және қоршаған орта объектiлерiнен жұқпа қоздырғыштары бүлiнетiндiгi дәлелдендi. Үржар ауданында оба бойынша оңсыз аумақтардың жайылуы 4 жыл iшiнде 60 шаршы шақырымнан 900 шаршы шақырымға дейiн кеңейген. Құтырманың эпизоотикалық жағдайы әсiресе Үржар, Бородулиха, Аягөз аудандарында, Семей қаласында аса күрделенiп кеттi.
Ошақтардың белсендiлiгiнiң күшеюi мен аурушаңдықтың көбейе түсуiнен байқалған жағдай иммундауға жататын адамдардың саны өсетiндiгiн, яғни кенелер мен кемiргiштерге қарсы қолданылатын жойғыш iс-шаралардың көлемiн көбейту қажет екенiн, адамдар мен жануарлардың эпидемиялық және эпизоотикалық салауаттылығын қамтамасыз етуде қажет шығынның өсе түсуiн, алдын алу iс-шараларын ұйымдастыру мен жүргiзуге бақылау жасауды талап етедi.
Ветеринарлық-санитарлық алдын алу iс-шаралары толық көлемде жүргiзiлмейдi.
Абай, Аягөз, Тарбағатай, Көкпектi, Зырян аудандары аумағындағы тұрғын, қоғамдық ғимараттар, тамақ өнiмдерiн шығарып және сататын өндiрiстiк кәсiпорындарды дератизациялау толық дәрежесiнде қамтылмаған.
Шаруа мал шаруашылығы қожалықтарының өндiрiстiк орындарында дератизациялау бойынша iс-шаралар тек 23% ғана жүргiзiлген.
Ашық ауыз су көздерiн зардаптанудан қорғау, көрiктендiру бойынша қажеттi шаралар қолданылмайды.
Жабайы аңдар арасында құтырма ауруымен жұқпалылыққа бақылау жүргiзiлмейдi, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулап, атудың ұйымдастырылуы қала мен аудандардың бәрiнде толық емес. Құтырманың көзi болып есептелетiн қасқырларды ату тек Үржар ауданында ғана ұйымдастырылған.
Шаруашылықтарды сауықтыру, мал ауруларының алдын алуға арналған iс-шараларға республика бюджетiнен қаржы бөлу толық қамтамасыз етiлмеген.
Агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту мемлекеттiк бағдарламасының типтiк өлексе орындары құрылысын жүргiзу жүнiндегi бөлiмi бойынша iске асырылуы қанағаттанғысыз.
Туляремия мен лептоспироздан табиғи ошақтардың белсендiлiгiнiң арта түсуi болжалуда. Ертiс өзенi жағалауында, дала және жартылай шүлдi аймақтарда су тасқыны кезiнде жергiлiктi эпизоотикалық жағдайлардың асқыну қаупiн күтуге болады.
Облыс аумағында адамдар мен жануарларға ортақ табиғи-ошақтық жұқпалы аурулардың пайда болып және таралып кету қаупiн болдырмау мақсатында Шығыс Қазақстан облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Аудандар мен қалалар әкiмдерiне:
Тармақша 1
1) табиғи ошақталған адам мен жануарларға ортақ жұқпалар есебiнен туындаған iндеттiк және эпизоотикалық жағдайлардың алдын алуға байланысты iс-шаралар жоспарларына түзету енгiзiп, жоспарланған iс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етсiн;
Тармақша 2
2) "Елдi мекендерде жануарларды күтiп-бағу ережелерi, ит пен мысықтарды ұстау ережесiн" мәслихатқа енгiзсiн және бекiтсiн;
Тармақша 3
3) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулап, жою, қажет болған жағдайда қасқырларды атумен айналысатын бригада ұйымдастырсын;
Тармақша 4
4) 2006 жылға бюджеттi құрастырғанда үлексе сақтайтын объект құрылысы қарастырылып, олардың ветеринарлық және санитарлық ережелерге сәйкес ұсталуы қамтамасыз етiлсiн;
Тармақша 5
5) дезинфекциялық, дератизациялық және дезинсекциялық қызмет көрсету жөнiндегi кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға ықпал ету және қызмет көрсету нарығын зерделеу бойынша шаралар қабылдасын;
Тармақша 6
6) 2006 жылға бюджеттi құрастырғанда бруцеллезбен ауырған және аурушаңдығы бар малдардың орталықтандырылған союды ұйымдастыруға қаржы бөлу қарастырылсын. Бруцеллезбен ауырған және аурушаңдығы бар малдарды облыстың мамандандырылған кәсiпорындарында орталықтандырылған сою қамтамасыз етiлсiн.
Тармақ 2
2. Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық басқармасының бастығы (Ж.Қ.Құндызбаев) (келiсiм бойынша):
Тармақша 1
1) Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментiмен (В.С.Якупов) бiрлесе отырып, бруцеллезден бiрiншi кезекте сауықтырылатын елдi мекендер мен округтердiң тiзбесiн анықтау, адам мен жануарларға ортақ жұқпалы аурулармен күрес және алдын алу iс-шараларының тиiстi көлемiн белгiлеп, оның орындалуына қатаң бақылау жасасын;
Тармақша 2
2) ауыл шаруашылығы малдарын аулада союға және оның өнiмiн ветеринарлық куәландырудан өткiзбей пайдалануға жiберуге жол бермеу бойынша шаралар қабылдасын. Бруцеллез ауруы және аурушаңдығы бар малды союды ұйымдастыруға бақылау жасалсын;
Тармақша 3
3) дезинфекциялық, дератизациялық және дезинсекциялық алдын алу шараларын үткiзуге жататын мал шаруашылығы объектiлерi есебiн белгiлеп, ол жұмыстардың сапалы және тиiмдi орындалуына бақылау жасауды ұйымдастырсын.
Тармақ 3
3. Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментiнiң директоры (В.С.Якупов):
Тармақша 1
1) табиғи ошақтық жұқпалармен аурушаңдық, сыртқы орта объектiлерiнiң зардаптанған жағдайын бағалау, эпидемиологиялық жағдайға болжау мониторингiн қамтамасыз етсiн, облыс тұрғындары арасында қажеттi үзiндiк алдын алу iс-шараларын жүргiзсiн;
Тармақша 2
2) облыстық бюджеттiк комиссияға 2006 жылға қаржыландыру көлемiн арттыру бойынша "Iндетпен күрес" бағдарламасы бойынша иммундауға жататын оңсыз аумақтардағы адам санының өсуiне байланысты және ошақ аумағының кеңеюiне байланысты туляремия екпесiн сатып алуға, дератизациялық жұмыстар жүргiзуге, ауылдық аудандардағы зертханалардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға ұсыныс енгiзсiн.
Тармақ 4
4. Осы қаулының iске асырылуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң орынбасары А.М. Кәрiмовке жүктелсiн.
Келiсiлдi:
Ауыл шаруашылығы министрлiгi
Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық
басқармасының бастығы