Об утверждении Правил «О порядке назначения и осуществления социальных выплат отдельным категориям граждан» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.04.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлем тағайындау және орындалу тәртібі туралы» Ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» № 148- II Заңының 31 бабы 1 тармағы 14 тармақшасына сәйкес Көкпекті ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлем тағайындау және орындалу тәртібі туралы» Ережесі бекітілсін (№1 қосымша).
Тармақ 2
Тармақ 3
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Г.Т.Қойгелдинаға жүктелсін.
Басқа 4. Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемтағайындау және орындалу тәртібі туралы ЕРЕЖЕ.
2005 жылғы «___» ____________ № ____ қаулысына № 1 қосымша Көкпекті ауданы әкімдігінің Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемтағайындау және орындалу тәртібі туралы ЕРЕЖЕ. 1. Жалпы ереже.
Тармақ 1
1. Бірмезгілдік әлеуметтік төлеу беріледі:
Тармақша 1
1) Өте зәру, жалғыз басты нашар қамтылған азаматтарға, қарауында кәмлетті жасы толмаған балалары бар отбасыларына, мүгедектерге, жұмыссыздарға, сондай - ақ, табиғи қиындықтардың, апаттардың, өрттердің, қайғылы жағдайлардың, ауыр науқас түрлерінің және басқа да себептердің салдарынан ауыр материалдық жағдайға тап болған отбасыларына;
Тармақша 2
2) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен ардагерлеріне;
Тармақша 3
3) Шектеулі мүмкіндіктері бар балалары бар отбасыларына;
Тармақша 4
4) Көп балалы отбасыларына;
Тармақ 2
2. Бірмезгілдік әлеуметтік төлем бір адамға жылына бір реттен артық берілмейді.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік төлем жергілікті бюджет есебінен ауданның жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлім арқылы төленеді.
Тармақ 4
4. Бірмезгілдік әлеуметтік төлемді алуға Қазақстан Республикасының азаматы, Көкпекті ауданында есепке алынған және тұратын оралмандар мен қашып келгендердің құқы бар.
Тармақ 5
5. Жергілікті бюджет қаржысынан берілетін бірмезгілдік материалдық көмек жеке өтініші немесе қоғамдық ұйымдардың соғыс және еңбек ардагерлері кеңестерінің, селолық округі әкімдерінің ұсыныстары бойынша беріледі.
Тармақ 6
6. Бірмезгілдік материалдық көмек беру туралы жеке өтінішті комиссия төмендегі құжаттарды ұсынуы және түгел болған жағдайда қарайды:
Тармақша 1
1) өтініш;
Тармақша 2
2) жеке куәлігінің көшірмесі;
Тармақша 3
3) СТН көшірмесі;
Тармақша 4
4) Тұрмыс – жағдайы жөніндегітексеру актісі;
Тармақша 5. 2. Бірмезгілдік әлеуметтік төлемді берудің тәртібі мен шарттары.
5) өтініш берушінің материалдық көмек алуға зәрулігін растайтын басқа құжаттар (дәрігерлік мекемелердің емделу туралы, операция құны, протездеу және басқа қорытындылары) 2. Бірмезгілдік әлеуметтік төлемді берудің тәртібі мен шарттары.
Тармақ 7
7. Өтініш беруші тұратын аймақтығы селолық округтердің әкімдері құрамында атаулы әлеуметтік көмек беру жөніндегі учаскелік комиссияның мүшелері және қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен бірге өтінішті көмек сұраған азаматтың тұрған жеріне барып тексеріп, тұрмыстық жағдайы туралы акт жасайды.
Тармақ 8
8. Комиссияның материалдық көмек беру немесе бас тарту жөнінде шешім қабылдауға құқы бар.
Тармақ 9
9. Жедел түрде қажет болған жағдайда әлеуметгік көмек беру құқы барлық меншік нысандарындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың және жеке тұлғалардың қамқорлық және қайырымдылық көмегі түріндегі азық-түлік және киетін заттарды аудандық жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі береді.
Тармақ 10. 3. Әлеуметтік төлемнің көлемі.
10. Бірмезгілдік материалдық көмекті өтініш беруші көрсеткен мекен- жайға жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қызмет көрсету жөнінде келісімшарт жасаған ұйым жеткізеді. 3. Әлеуметтік төлемнің көлемі.
Тармақ 11
11. Әлеуметтік төлем төмендегі көлемде тағайындалады:
Тармақша 1
1) Бірмезгілдік материалдық көмек өтініш берушіге 1000(бірмың) теңгеден 30 000 (отыз мың) теңгеге дейін;
Тармақша 2
2) Бірмезгілдік материалдық көмек мерекелік күндерге 1000 (бір мың) теңгеден;
Тармақша 3
3) Бірмезгілдік материалдық көмек Қарттар және мүгедектер күніне 1000 (бір мың) теңгеден;
Тармақша 4
4) 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне және ардагерлерінің әрқайсысына 10 000 (он мың) теңгеден 40 000 (қырық мың) теңгеге дейін;
Тармақша 5
5) Әлеуметтік төлем көлемі 80 жастан 100 жасқа дейінгі қарттар үшін әрқайсысына 5000 (бес мың) теңгеден;
Тармақша 6
6) Жеке шауруашылық құру үшін нашар қамтылған отбасылардың әрқайсысына 40 000 (қырық мың) теңгеден материалдық көмек көрсетіледі;
Тармақша 7
7) «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған адамдардың әрқайсысына 500 (бес жүз) теңгеден 2000 (екі мың) теңгеге дейін;
Тармақша 8
8) Соғыс жылдарында қаза тапқан жауынгерлердің жесірлеріне екінші рет некеге тұрмаған жағдайда әрқайсысына 2000 (екі мың) теңгеден;
Тармақша 9
9) Чернобыль АЭС зардабын жоюға қатысқандардың әрқайсысына 2000 (екі мың) теңгеден;
Тармақша 10. 4. Жауапкершілік және бақылау.
10) Интернационалист - жауынгерлердің әрқайсысына 2000 (екі мың) теңгеден; 4. Жауапкершілік және бақылау.
Тармақ 12
12. Өте зәру және нашар қамтылған азаматгарға материалдық көмек тағайындау мен төлеудің жауапкершілігі толығымен комиссияға жүктеледі.
Тармақ 13
13. Нашар қамтылған азаматтарға бірмезгілдік көмек беруге жергілікті бюджетттен берілген қаржының мақсатты жұмсалуына аудандық экономика және қаржы бөлімі бақылау жасайды.