Вопросы Министерства здравоохранения, образования и спорта Республики Казахстан Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.11.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің мәселелері Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999.11.19. N 1754 қаулысымен. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 6 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі туралы ереже;
Тармақша 2
2)
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігіне ведомстволық бағынысты ұйымдардың тізбесі бекітілсін. ЕСКЕРТУ.1-тармақтың 2)-тармақшасы күшін жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.05.21. N 608 қаулысымен.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігіне үш вице-министр, оның ішінде бір бірінші вице-министр ұстауға рұқсат етілсін. 📌 ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.05.21. N 608 қаулысымен.
Тармақ 3
3. 📌 ЕСКЕРТУ. 3-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.09.03. N 1301 қаулысымен.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі ведомстволарының ережелері мен құрылымдарын бекіту жөнінде ұсыныстар әзірлеп, Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қосымшаға сәйкес кейбір шешімдерінің күші жойылған деп танылсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 0. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі туралы Ереже
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 наурыздағы N 233 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі туралы Ереже
Тармақ 1
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) денсаулық сақтау, орта және кәсіптік білім, спорт және дене тәрбиесі салаларында Қазақстан Республикасының басшылықты, сондай-ақ заңдарда көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы органы болып табылады. ЕСКЕРТУ.1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.05.21. N 608 қаулысымен.
Тармақ 2
2. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Министрлік заңды тұлға ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы мемлекеттік мекеме болып табылады, оның өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары болады. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан кіреді. Егер Министрлікке заңдарға сәйкес өкілеттік берілген болса, онда оның мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарапын білдіруге құқығы бар. ЕСКЕРТУ.3-тармақ сөздермен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 1999.05.21. N 608 қаулысымен.
Тармақ 4
4. Министрлік өз құзыретінің мәселелері бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен бұйрық түрінде актілер шығарады, олардың Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында міндетті күші бар.
Тармақ 5
5. Министрліктің штаттық санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Министрліктің құрылымын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрі бекітеді (бұдан әрі - Министр). ЕСКЕРТУ.5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.05.21. N 608 қаулысымен.
Тармақ 6
6. Министрліктің заңды мекен-жайы: Астана қаласы, Кенесары көшесі, 4 ЕСКЕРТУ.6-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.05.21. N 608 қаулысымен.
Тармақ 7
7. Мемлекеттік органның толық атауы - "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі" мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 8
8. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады. 📌 ЕСКЕРТУ. 7,8-тармақтар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.05.21. N 608 қаулысымен.
Тармақ 9
9. Министрліктің қызметін қаржыландыру тек мемлекеттік бюджеттен жүзеге асырылады. Министрліктің өз функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан басқа кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға кіруіне тыйым салынады. Егер Министрлікке заң актілерімен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен түскен кіріс мемлекеттік бюджеттің кірісіне аударылады.
Тарау 2. 2. Министрліктің функциялары, негізгі міндеттері мен құқықтары
2. Министрліктің функциялары, негізгі міндеттері мен құқықтары
Тармақ 10
10. Министрлік заңдарда белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) денсаулық сақтауды, орта және кәсіби білімді, спорт пен дене тәрбиесін дамытудың тұжырымдамаларын, стратегияларын, мемлекеттік бағдарламалары мен жоспарларын әзірлейді, заңдарды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 2
2) денсаулық сақтау, орта және кәсіби білім, спорт пен дене тәрбиесі саласында халықаралық шарттар мен келісімдердің жобаларын әзірлеуге қатысады және оларға қол қояды;
Тармақша 3
3) жалпы орта, алғашқы кәсіби, орта кәсіби білімнің, жоғары медициналық білімнің және спорт саласындағы білімнің мемлекеттік стандарттарын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 4
4) шетел несиелері мен инвестицияларын тарту мен пайдалану жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 5
5) оқыту технологиясы саласында инновациялық саясат жүргізеді, орта білімді информатикаландыруды, бірінші кезекте мектептерді компьютерлендіруді, жаңа буын оқулықтарын шығаруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 6
6) жалпы орта, кәсіби-техникалық және арнаулы орта оқу орындарын мемлекеттік аттестациялауды жүзеге асырады;
Тармақша 7
7) өз құзыретінің шегінде лицензиялауды жүзеге асырады;
Тармақша 8
8) жалпы орта, кәсіби-техникалық және арнаулы орта оқу орындарына арналған білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды әзірлейді және бекітеді, халықаралық шарттардың негізінде олардың баламдылығын анықтайды, орта және кәсіби білім, сондай-ақ жоғарғы медициналық білім туралы шетел құжаттарын Қазақстан Республикасының аумағында тану (нострификациялау) мәселелерін шешеді;
Тармақша 9
9) денсаулық сақтауды, фармацевтік және медицина өнеркәсібін дамыту жөнінде шаралар әзірлейді, халыққа дәрі-дәрмек көмегін көрсетеді;
Тармақша 10
10) мүдделі ұйымдармен бірлесе отырып республикалық халықаралық жарыстарды және спорттық кешенді шараларды өткізуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 11
11) өзіне заңдарда жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 11
11. Министрліктің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) денсаулық сақтау, орта және кәсіби білім, спорт және дене шынықтыру саласында мемлекеттік саясатты әзірлеу және жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) заңдарға сәйкес азаматтардың медициналық көмектің тегін кепілді көлемін алуын қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) мемлекеттік оқу орындарында азаматтардың кепілді тегін орта білім алуын қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) елде санитарлық-эпидемиологиялық қолайлы жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды ұйымдастыру және олардың орындалуына бақылау жасау;
Тармақша 5
5) медициналық және фармацевтік ғылымды жетілдіру;
Тармақша 6
6) ведомстволық бағынысты мемлекеттік ұйымдардың материалдық-техникалық, оқу және ғылыми-өндірістік базасын дамыту;
Тармақша 7
7) кадрлар даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру;
Тармақша 8
8) денсаулық сақтау, жалпы және кәсіби білім, спорт және дене тәрбиесі салаларында қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру;
Тармақша 9
9) Министрлік құзыретінің шегінде халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру және дамыту.
Тармақ 12
12. Министрлік негізгі міндеттерді іске асыру және өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін заңдарда белгіленген тәртіппен мынандай құқықтарды иеленеді:
Тармақша 1
1) ведомстволық бағынысты мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың басшыларын келісім-шарт негізінде қызметке тағайындау және қызметтен босату;
Тармақша 2
2) заңдарда көзделген жағдайларда облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне Министрлік қызметінің аясында жұмыс істейтін органдардың басшыларын қызметке тағайындауға келісім беру;
Тармақша 3
3) Министрлік құзыретінің мәселелері бойынша мемлекеттік органдардан, басқа да ұйымдардан және лауазымды адамдардан ақпарат сұрату және алу;
Тармақша 4
4) баспа қызметімен айналысу, ведомстволық журналдар, газеттер, басқа да баспасөз және электрондық бұқаралық ақпарат құралдарын иелену;
Тармақша 5
5) өз құзыретінің шегінде ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнінде ұсыныстар енгізу, олардың жарғыларын бекіту;
Тармақша 6
6) қолданылып жүрген заңдарға сәйкес лицензиялауды жүзеге асыру;
Тармақша 7
7) денсаулық сақтау, орта және кәсіби білім, спорт және дене шынықтыру ұйымдарын инспекциялау;
Тармақша 8
8) өз құзыретінің шегінде ведомстволық бағынысты ұйымдарда оларды ұстауға және мемлекеттік тапсырысқа ақы төлеуге бөлінген бюджеттік қаражаттың жоспарлануының орналастырылуы мен пайдаланылуының дұрыстығына, тиімділігіне тексерістер жүргізу;
Тармақша 9
9) нормативтік құқықтық актілер қабылдау;
Тармақша 10
10) қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылды, сондай-ақ Министрлік құзыретінің шегінде мемлекеттік және өзге де бағдарламаларды іске асыру жөнінде салааралық және аймақаралық үйлестіруді жүзеге асыру;
Тармақша 11
11) денсаулық сақтау, орта және кәсіби білім спорт және дене шынықтыру саласындағы жекешелендіруге қатысу;
Тармақша 12
12) заңдарға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
Тарау 3. 3. Министрліктің мүлкі
3. Министрліктің мүлкі
Тармақ 13
13. Министрліктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады. Министрліктің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптастырылады және негізгі қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Министрліктің баласында көрсетілетін өзге де мүліктен тұрады.
Тармақ 14
14. Министрлікке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
Тармақ 15
15. Министрліктің өзіне бекітілген мүлікті дербес иеліктен алуға немесе оған басқа әдіспен билік етуге құқығы жоқ. Министрлікке заңдарда белгіленген жағдайларда және шектерде мүлікке билік ету құқығы берілуі мүмкін.
Тарау 4. 4. Министрліктің қызметін ұйымдастыру
4. Министрліктің қызметін ұйымдастыру
Тармақ 16
16. Министрлікті Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады. Министрдің үш орынбасары, оның ішінде бірінші вице-министрі болады, оларды Министрдің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Тармақ 17
17. Министр Министрліктің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуы және оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауап береді.
Тармақ 18
18. Осы мақсатта Министр:
Тармақша 1
1) өз орынбасарлары мен Министрліктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
Тармақша 2
2) заңдарға сәйкес Министрліктің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 3
3) заңдарда белгіленген тәртіппен Министрліктің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
Тармақша 4
4) Министрліктің бұйрықтарына қол қояды;
Тармақша 5
5) ведомстволар туралы ережелерді қоспағанда, Министрліктің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
Тармақша 6
6) Министрлікті барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда білдіреді;
Тармақша 7
7) министрліктің Жұмыс регламентін бекітеді;
Тармақша 8
8) заңдарға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 19
19. Министрлікте құрамына Министр, вице-министрлер, Комитет төрағалары, департамент директорлары кіретін алқа құрылады. Алқаның сандық және жеке құрамын министр бекітеді. Алқаның шешімдері хаттамалармен, қаулылармен ресімделеді және Министрдің бұйрығымен бекітіледі. 📌 ЕСКЕРТУ. 19-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.05.21. N 608 қаулысымен.
Тарау 5. 5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату
5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату 20. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқа 1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің Құрылымы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 наурыздағы N 233 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің Құрылымы
Тармақ 1
1. Басшылық
Тармақ 2
2. Денсаулық сақтау комитеті (заңды тұлға құқығында)
Тармақ 3
3. Орта және кәсіптік білім комитеті (заңды тұлға құқығында)
Тармақ 4
4. Спорт және дене тәрбиесі комитеті (заңды тұлға құқығында)
Тармақ 5
5. Экономика және қаржы департаменті
Тармақ 6
6. Әкімшілік департаменті
Тармақ 7
7. Министрліктің Астана қаласындағы өкілдігі
Басқа 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігіне ведомстволық бағынысты ұйымдардың Тізбесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 наурыздағы N 233 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігіне ведомстволық бағынысты ұйымдардың Тізбесі 📌 ЕСКЕРТУ. Тізбе өзгерді және толықтырылды - ҚР Үкіметінің 1999.08.27. N 1264 қаулысымен. ЕСКЕРТУ. Тізбе өзгерді және толықтырылды - ҚР Үкіметінің 1999.09.10. N 1364 қаулысымен. Денсаулық сақтау ұйымдары
Тармақ 1
1. Көлiктегi Мемсанэпидемқадағалаудың Ақмола аймақтық орталығы
Тармақ 2
2. Арал обаға қарсы күрес станциясы
Тармақ 3
3. Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясы
Тармақ 4
4. Атырау обаға қарсы күрес станциясы
Тармақ 5
5. Көлiктегi Мемсанэпидемқадағалаудың Батыс-аймақтық орталығы
Тармақ 6
6. Қазақ республикалық лепрозорийi
Тармақ 7
7. Қызылорда обаға қарсы күрес станциясы
Тармақ 8
8. Маңғыстау обаға қарсы күрес станциясы
Тармақ 9
9. Қазақстан Республикасы туберкулез проблемаларының ұлттық орталығы
Тармақ 10
10. Отан соғысының мүгедектерiне арналған Республикалық клиникалық госпиталь
Тармақ 11
11. "Балбұлақ" республикалық балаларды оңалту орталығы
Тармақ 12
12. Республикалық клиникалық психиатриялық ауруханасы
Тармақ 13
13. Республикалық қатаң бақылаудағы психиатриялық аурухана
Тармақ 14
14. СПИД-тiң алдын алу және оған қарсы күрес жөнiндегi республикалық орталығы
Тармақ 15
15. Қазақ республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станциясы
Тармақ 16
16. "Бурабай" республикалық балалар-жасөспiрiмдер туберкулез санаторийi
Тармақ 17
17. "Бурабай" республикалық туберкулез санаторийi
Тармақ 18
18. Арнаулы медициналық қамтамасыз ету республикалық орталығы
Тармақ 19
19. Қазақстан Республикасының әуе көлiгiнiң санитарлық-эпидемиологиялық станциясы
Тармақ 20
20. Талдықорған обаға қарсы күрес станциясы
Тармақ 21
21. Орал обаға қарсы күрес станциясы
Тармақ 22
22. Медициналық апат орталығы
Тармақ 23
23. Сот медицинасы орталығы
Тармақ 24
24.
Тармақ 25
25. Қазақстан Республикасы көлiктегi орталық санитарлық-эпидемиологиялық станциясы
Тармақ 26
26. Шымкент обаға қарсы күрес станциясы
Тармақ 27
27. "Алатау" балалар клиникалық санаторийi
Тармақ 28
28. "Здравоохранение Казахстана" журналының баспа үйi
Тармақ 29
29. Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты
Тармақ 30
30. "Құрмет Белгiсi" ордендi Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты
Тармақ 31
31. Қазақ кардиология ғылыми-зерттеу институты
Тармақ 32
32. Обаға қарсы қазақ ғылыми-зерттеу институты
Тармақ 33
33. Республикалық клиникалық психиатриялық ауруханасы жанындағы емдеу-өндiрiстiк шеберханасы
Тармақ 34
34. Республикалық қатаң бақылаудағы психиатриялық ауруханасы жанындағы емдеу-еңбек шеберханасы
Тармақ 35
35. А.Н.Сызғанов атындағы хирургиялық ғылыми орталық
Тармақ 36
36. Академик Б.О.Жарбосынов атындағы урология ғылыми орталығы
Тармақ 37
37. Педиатрия және бала хирургиясы ғылыми орталығы
Тармақ 38
38. Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы
Тармақ 39
39.
Тармақ 40
40. Салауатты өмiр салтын қалыптастыру проблемаларының ұлттық орталығы
Тармақ 41
41. Терi-венерология ғылыми-зерттеу институты
Тармақ 42
42. Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институты
Тармақ 43
43. Кәсiби патология клиникасы
Тармақ 44
44. Республикалық кәсiби аурулар клиникасы
Тармақ 45
45. Республикалық ана мен бала денсаулығын сақтау ғылыми-зерттеу орталығы
Тармақ 46
46. Республикалық қан орталығы
Тармақ 47
47. "Стоматология" республикалық ғылыми-клиникалық орталығы
Тармақ 48
48. Шығыс және осы заманғы медицинаның республикалық шаруашылық есептегi ғылыми-практикалық орталығы
Тармақ 49
49. "Ақсай" республикалық балалар клиникалық ауруханасы
Тармақ 50
50. Республикалық емхана
Тармақ 51
51. "Дәрi-Дәрмек" дәрiлiк құралдар орталығы
Тармақ 52
52. Спорттық медицина және оңалту орталығы
Тармақ 52-1
52-1. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрлiгiнiң "Денсаулық" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Білім ұйымдары
Тармақ 53
53.
Тармақ 54
54. Ақмола экономикалық-қаржы колледжі
Тармақ 55
55. Ақмола мемлекеттік медицина академиясы
Тармақ 56
56. Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясы
Тармақ 57
57. Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институты
Тармақ 58
58. О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі
Тармақ 59
59. П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі
Тармақ 60
60. А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі
Тармақ 61
61. Ы.Алтынсарин атындағы қазақ білім академиясы
Тармақ 62
62. Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясы
Тармақ 63
63. С.Асфандияров атындағы қазақ мемлекеттік медицина университеті
Тармақ 64
64. Қазақ ұлттық саз академиясы
Тармақ 65
65. Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы
Тармақ 66
66. Республикалық оқушылар сарайы
Тармақ 67
67. Республикалық білім жүйесіндегі басшылар мен ғылыми-педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институты
Тармақ 68
68. Орта медицина және фармацевтика қызметкерлерін даярлайтын республикалық колледж
Тармақ 69
69. Республикалық спорт колледжі
Тармақ 70
70. К.Байсейітова атындағы республикалық музыка колледжі
Тармақ 71
71. Білім беруді информатикаландырудың республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы
Тармақ 72
72. "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы
Тармақ 73
73. Ақыл-ой және дене кемістігі бар балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік бейімдеу және кәсіптік-еңбекпен оңалту республикалық ғылыми-өнеркәсіптік орталығы
Тармақ 74
74. Республикалық оқу-әдістемелік орталығы
Тармақ 75
75. Республикалық білім берудің мемлекеттік стандарттары орталығы
Тармақ 76
76. Республикалық көркемсурет колледжі
Тармақ 77
77. Ж.Елебеков атындағы республикалық эстрадалық-цирк колледжі
Тармақ 78
78. Семей мемлекеттік медицина академиясы
Тармақ 79
79. Семей экономикалық-қаржы колледжі
Тармақ 80
80. Денсаулық сақтау қоғамдық мектебі
Тармақ 81
81. Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы
Тармақ 82
82. Б.Момышұлы атындағы республикалық Алматы әскери мектеп-интернаты
Тармақ 83
83. Қарағанды республикалық әскери мектеп-интернаты
Тармақ 84
84. А.Жұбанов атындағы республикалық музыкалық қазақ орта мектеп-интернаты
Тармақ 85
85. О.А.Жәутіков атындағы республикалық мамандандырылған физика-математика мектеп-интернаты
Тармақ 86
86. Х.Мұңайтпасов атындағы спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат
Тармақ 87
87. К.Ахметов атындағы спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат
Тармақ 88
88. Республикалық қазақ тілі мен әдебиеті тереңдетіп оқытылатын мектеп-интернаты
Тармақ 89
89. Республикалық Шымкент әскери мектеп-интернаты
Тармақ 89-1
89-1. Республикалық оқу-тәрбие орталығы
Тармақ 89-2
89-2. Оқу-ғылыми физика-технологиялық орталығы Спорттық-ұйымдар
Тармақ 90
90. Балуан Шолақ атындағы мәдениет және спорт сарайы
Тармақ 91
91. Штаттық ұлттық командалар дирекциясы
Тармақ 92
92. Спортшылардың допингке қарсы республикалық зертханасы
Тармақ 93
93. Спорттың судағы түрлерінен олимпиадалық резерв республикалық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі
Тармақ 94
94. Республикалық спорт резервін даярлау жөніндегі оқу-жаттығу орталығы
Тармақ 95
95. Спорттың ойын және қысқы түрлері бойынша жоғары спорттық шеберлікке баулу жөніндегі республикалық мектеп
Тармақ 96
96. Спорттың бұқаралық түрлері бойынша жоғары спорттық шеберлікке баулу жөніндегі республикалық мектеп
Тармақ 97
97. Спорттың қолданбалы түрлері бойынша жоғары спорттық шеберлікке баулу жөніндегі республикалық мектеп
Тармақ 98
98. "Монтажник" спорт-сауықтыру кешені
Тармақ 99
99. "Медеу" спорт кешені
Тармақ 100
100. "Бутаковка" оқу-жаттығу кешені
Тармақ 101
101. "Достық" оқу-спорт кешені
Тармақ 102
102. Орталық жүзу бассейні Басқа да мекемелер
Тармақ 103
103. Қазақстан медицина және денсаулық сақтау тарихы мұражайы
Тармақ 104
104. Республикалық "Қазақбілімжабдықтау" КБЖ өндірістік мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында)
Тармақ 105
105. Мектеп жиһаздарын жасау және жөндеу жөніндегі республикалық бірлестік (шаруашылық жүргізу құқығында)
Тармақ 106
106. Республикалық сауда-жабдықтау бірлестігі
Тармақ 107
107. "Қазақспортжабдықтау" басқармасы
Тармақ 108
108. Республикалық ғылыми-медициналық кітапхана
Тармақ 109
109. Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхана
Тармақ 110
110. Республикалық арнаулы медициналық жабдықтау орталығы
Тармақ 111
111. "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің шаруашылық басқармасы" жабық акционерлік қоғамы
Тармақ 112
112. "Қазақстан мұғалiмі" газетiнiң редакциясы
Тармақ 113
113. "Учитель Казахстана" газетiнiң редакциясы
Тармақ 114
114. "SPORT & KS" газетiнiң редакциясы
Тармақ 115
115. "Қазақстан мектебі", "Қазақстан тарихы" журналының редакциясы
Тармақ 116
116. "Бастауыш мектеп" журналының редакциясы
Тармақ 117
117. "Отбасы және балабақша" журналының редакциясы
Тармақ 118
118. "Қазақ тiлi мен әдебиеті" журналының редакциясы "Ұлағат" қосымшасы
Тармақ 119
119. "Русский язык и литература в казахской школе" журналының редакциясы 120. "Информатика, физика, математика" журналының редакциясы
Басқа 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің Тізбесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 наурыздағы N 233 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің Тізбесі
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы үкіметінің 1997 жылғы 12 қарашадағы N 1556 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 49, 455-құжат).
Тармақ 2
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 12 қарашадағы N 1556 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 қарашадағы N 1656 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 51, 473-құжат).
Тармақ 3
3. "Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі жүйесінің ұйымдарын басқаруды жетілдіур жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 24 наурыздағы N 256 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N9, 64-құжат).
Тармақ 4
4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 12 қарашадағы N 1556 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 3 тамыздағы N 735 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 26, 223-құжат).
Тармақ 5
5. "Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің Астана қаласындағы өкілдігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 14 қыркүйектегі N 883 қаулысының 4-тармағы.
Тармақ 6
6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 12 қарашадағы N 1556 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі N 898 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 32, 289-құжат).