Темір ауданы бойынша ойын автоматы және бильярд қызметтері бойынша жиынтық салық ставкасының мөлшерін бекіту туралы Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.06.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Темір ауданы бойынша ойын автоматы және бильярд қызметтері бойынша жиынтық салық ставкасының мөлшерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2001 жылғы 12 маусымдағы № 210-ІІ Заңының 392, 394 баптарына сәйкес аудандық маслихаттың он жетінші сессиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ойын автоматы қызметі бойынша көрсететін салық төлеушілер үшін әрбір ойын автоматына жылдық төленетін жиынтық салық ставкасының мөлшері 40 еселенген көрсеткіш көлемінде бекітілсін.
Тармақ 2
2. Бильярд қызметі бойынша көрсететін салық төлеушілер үшін әрбір бильярд үстеліне жылдық төленетін жиынтық салық ставкасының мөлшері 80 еселенген айлық есептік көрсеткіш көлемінде бекітілсін.
Тармақ 3
3. Аудандық мәслихаттың 2004 жылғы 2 наурыздағы № 32 және 2004 жылғы 6 шілдедегі № 49 шешімдерінің күші жойылсын.