Об утверждении перечня категорий лиц, при выезде которых в заграничные командировки запросы в органы национальной безопасности Республики Казахстан не направляются Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.07.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шетелге iссапарға шығу кезiнде оларға Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдарына сұрау салу жiберiлмейтiн санаттағы адамдардың тiзбесiн бекiту туралы Ескерту Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 27 шілдедегі N 781 қаулысымен . Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қызмет бабымен шетелге шығудың тәртiбi және шетелдiк iссапарға валюта қаржысының жұмсалуын бақылауды күшейту жөнiндегi шаралар туралы" 1993 жылғы 20 шiлдедегi N 630 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: Шетелге iссапарға шығу кезiнде ұлттық қауiпсiздiк органдарына сұрау салу жiберiлмейтiн санаттағы адамдардың тiзбесi (қоса берiлiп отыр) бекiтiлсiн. "Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1989 жылғы 29 қыркүйектегi N 301 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1990 жылғы 2 шiлдедегi N 268 қаулысының күшi жойылған деп саналсын.
Басқа 1. Шетелге iссапарға шығу кезiнде оларға Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдарына сұрау салу жiберiлмейтiн санаттағы адамдардың
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 22 қазандағы N 1052 қаулысымен Бекiтiлген Шетелге iссапарға шығу кезiнде оларға Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдарына сұрау салу жiберiлмейтiн санаттағы адамдардың Тiзбесi Қазақстан Республикасының Президентi мен Вице-Президентi Жоғарғы Кеңестiң Төрағасы, Жоғарғы Кеңес Төрағасының орынбасарлары, Жоғарғы Кеңес комитеттерiнiң төрағалары, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесi Аппаратының Басшысы мен жауапты қызметкерлерi Қазақстан Республикасының Премьер-министрi, Премьер-министрдiң орынбасарлары, мемлекеттiк кеңесшiлерi, Президент пен Министрлер Кабинетi Аппаратының Басшысы мен жауапты қызметкерлерi Қазақстан Республикасының министрлерi, министрлердiң орынбасарлары және соларға теңестiрiлген лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының Бас прокуроры, Бас прокурордың орынбасарлары, Жоғарғы Соттың Төрағасы, Жоғарғы Сот Төрағасының орынбасарлары, Конституциялық Соттың Төрағасы, Конституциялық Соттың мүшелерi, Жоғары төрелiк соттың Төрағасы, Жоғары төрелiк сот Төрағасының орынбасарлары Қазақстан Республикасы Ұлттық банк Басқармасының төрағасы, Ұлттық банк Басқармасы төрағасының орынбасарлары Облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi және олардың орынбасарлары, облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының өкiлдi органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары.