Об утверждении Положения о Совете опеки и попечительства над совершеннолетними дееспособными, ограниченно дееспособными гражданами, а также лицами, находящимися в Петропавловском психоневрологическом доме-интернате Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.03.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Кәмелеттік жастағы іс-әрекетке кабілетті, іс-әрекетке қабілеттері шектеулі азаматтарға, сондай-ақ Петропавл психоневрологиялық интернат-үйінде тұратын тұлғаларға қамқорлық және қорғаншылық белгілеу Кеңесі туралы Ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы «Неке және отбасы туралы» № 321-1 Заңының 106 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасының қамқорлық және қорғаншылық органдары туралы, патронат туралы Ережелерді және ата-аналарының қорғауынсыз қалған балаларды орталықтандырып есепке алуды ұйымдастыру Ережесін бекіту туралы» №1346 Қаулысына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 каңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» № 148 Заңының 31 бабы 1 тармағының 14 тармақшасына сәйкес кала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Кәмелеттік жастағы іс-әрекетке кабілетті, іс-әрекетке қабілеттері шектеулі азаматтарға, сондай-ақ Петропавл психоневрологиялық интернат-үйінде тұратын тұлғаларға қамқорлық және қорғаншылық белгілеу Кеңесі туралы Ереже" бекітілсін
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары орынбасары Т.Н.Құлжановаға жүктелсін. Келісілді : Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы _____________ Н. Кушталова 2005ж. 9.03
Басқа 3
Петропавл қаласы әкімдігінің 2005ж. «9» наурыздағы № 163 қаулысымен бекітілген Кәмелеттік жастағы іс-әрекетке қабілетті, іс-әрекетке қабілеттері шектеулі, сондай-ақ психикалық ауырғаны немесе ақылы кемдігі себебінен сот арқылы іс-әрекетке қабілеті жоқ деп танылған тұлғаларға қамқорлық және қорғаншылық белгілеу туралы Кеңесі туралы Ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Кәмелеттік жастағы іс-әрекетке қабілетті, іс-әрекетке қабілеттері шектеулі азаматтарға, сондай-ақ психикалық ауырғаны немесе ақылы кемдігі себебінен сот арқылы іс- ірекетке қабілеті жоқ деп таңылған тұлғаларға қамқорлық және қорғаншылық белгілеу Кеңесі (бұдан әрі Кеңес), қамқорлыққа және қорғаншылыққа мұқтаж азаматтардың мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарын қорғау мақсатында құрылған, тұрақты жұмыс істейтін кеңесші-косультативтік орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Кеңес өзінің жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, басқа да нормативтік-құқықтық актідерді және осы Ережені басшылыққа алады.
Тармақ 3
3. Қамқорлық және қорғаншылық іс-әрекеттері шектеулі тұлғалардың, сондай-ақ психикалық ауырғаны немесе ақылы кемдігі себебінен сотпен іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған және тұлғалардың, сондай –ақ кәмелеттік жастағы іс-әрекетке қабілетті, бірақ денсаулықтарына байланысты өздігімен кұқықтарын жүзеге асыра алмайтын және өз міндеттерін атқара алмайтын тұлғалардың мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтары мен мүдделерін корғау үшін белгіленеді.
Тармақ 4
4. Қамқорлық соттың шешімімен қайтыс болған немесе хабар-ошарсыз жоқ болып кеткен деп жарияланған кәмелеттік жастағы іс-әрекетке қабілеттері шектеулі тұлғалардың мүліктеріне тағайындалады.
Тармақ 5
5. Кәмелеттік жастағы іс-әрекетке қабілетті, бірақ денсаулығына байланысты өз еркімен құқықтарын жүзеге асыра алмайтын және міндеттерін атқара алмайтын тұлғалардың өтініштері бойынша қорғаншылық белгіленуі мүмкін.
Тармақ 6
6. Қамқоршы немесе қорғаушы тағайындалғанда Кеңес алдымен қамқорына алынатындардың мүдделерін алға ұстайды.
Тарау 2. 2. Қамқорлық және қорғаншылық белгілеу тәртібі
2. Қамқорлық және қорғаншылық белгілеу тәртібі
Тармақ 7
7. Қамқоршы немесе қорғаушы ретінде тағайындалғанда, егер бұл камқорына алынатын адамның мүддесіне қайшылық келтірмесе, ата-анасында, туыстарында немесе басқа да жақындарында басымды құқық болады.
Тармақ 8
8. Жастары кәмелетке толған, жынысына байланыссыз, мьналардан басқа тұлғалар қамқоршы(қорғаншы) бола алады:
Тармақша 1
1) сот арқылы іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекеттік қабілеттілігі шектеулі деп танылған тұлғалар;
Тармақша 2
2) заң бойынша өзіне жүктелген міндеттерін тиісті орындамағандары үшін камқоршы(қорғаншы) міндеттерінен шеттетілген тұлғалар;
Тармақша 3
3) денсаулықтарына байланысты қамқоршы(қорғаншы) міндеттерін іске асыра алмайтын тұлғалар.
Тармақ 9
9. Қамқорлыққа немесе қорғаншылыққа мұқтаж және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы емдеу мекемелерінде тұрақты тұратын тұлгалардың қамқоршысы және қорғаншысы болып осы мекемелердің әкімшілігі табылады.
Тармақ 10
10. Қамқорлық, пен қамқоршылыққа немесе корғаншылыққа мүдделі тұлғанын тұратын жері бойынша белгіленеді. Ерекше жағдайларда қамқорлық (қорғаншылық) қамқоршының (корғаншының) тұратын жері бойынша тағайындалуы мүмкін.
Тармақ 11
11. Қамқоршылар және қорғаншылар өзінің қамқорындағылардың құқығы мен мүдделерін қорғап ешқандай арнайы өкілеттіксіз кез келген тұлғалармен, оның ішінде сотта да шығуға мүмкіндігі бар.
Тармақ 12
12. Қамқорлық (қорғаншылық) тағайындау туралы мәселені, Қамқорлық және қорғаншылық белгілеу кеңесі мынадай құжаттары болғанда қарайды:
Тармақша 1
1) қамқоршы (қорғаншы) боламын деп тілек білдіруші тұлғаның өтініші;
Тармақша 2
2) қамқоршы (қорғаншы) боламын деп тілек білдіруші түлға некеде тұрған болса, зайыбынын келісімі;
Тармақша 3
3) қамқоршы (қорғаншы) боламын деп тілек білдіруші тұлғаның денсаулығы түралы анықтама;
Тармақша 4
4) қамқоршы (қорғаншы) боламын деп тілек білдіруші некеде тұрған болса, зайыбының денсаулығы туралы анықтама;
Тармақша 5
5) қамқоршы (қорғаншы) боламын деп тілек білдірушінің үй-тұрмыстық жағдайын тексеру актісі;
Тармақша 6
6) қамқоршылыққа (қорғаншылыққа) алынатын адамның үй-тұрмыстық жағдайын зерделеу актісі;
Тармақ 13
13. Егер қамқорына алынғандар мүдделерінің араларында қайшылықтар болмаса, бірнеше тұлғалар үшін бір қорғаншы немесе бір қамқоршы тағайындалуы мүмкін.
Тармақ 14
14. Құжаттарды карастыру нәтижесі бойынша, Кеңес мынадай шешімдердің біреуін шығарады:
Тармақша 1
1) қамқоршы (қорғаншы) тағайындау туралы;
Тармақша 2
2) қамқоршы (қорғаушы) тағайындаудан бас тарту туралы;
Тармақша 3
3) Осы Ереженің 18 бабының 1,2 тармақтарымен көзделген жағдайларда камқоршының (қорғаушының) міндеттерін атқарудан босату немесе шеттету туралы;
Тармақша 4
4) Осы Ереженің 18 бабының 8 тармағымен көзделген жағдайларда мүлкіне қамқорлық тағайындау туралы;
Тармақ 15
15. Кеңес қамқорлық (қорғаншылық) тағайындау туралы, қамқоршының (корғаншының) міндеттерін атқарудан босату немесе шеттету туралы, мүлікке қамқорлық тағайындау туралы қорытынды шығарғаннан кейін, материалдар шешім қабылдау үшін жергілікті атқарушы органға жіберіледі.
Тармақ 16
16. Қамқоршы(қорғаншы) болып тағайындалған тұлғаға белгіленген үлгідегі куәлік беріледі.
Тармақ 17
17. Өтініш беруші Кеңестің отырысына, Қеңес жағынан дәлелсіз деп танылған себептер бойынша қатыспағанда, өтініші қараусыз қалдырылады. Құжаттардың қараусыз қалдырылғаны, қамқорлық немесе қорғаншылық белгілеу үшін қайтадан өтініш беруге кедергі бола алмайды.
Тарау 3. 3. Қамқорлық және қорғаншылық кеңесінің құқықтары.
3. Қамқорлық және қорғаншылық кеңесінің құқықтары.
Тармақ 18
18. Қамқорлық және қорғаншылык Кеңесі заңнамамен белгіленген тәртіппен мыналарга құқылы:
Тармақша 1
1) қамқоршы және қорғаншы тағайындау туралы, егер де денсаулығына, мүяіктік жағдайларының озгеруіне, қорғаншымен өзара түсінісбеушілікке немесе басқа тағы да дәлелді себептерге байланысты, қамқоршы (қорғаншы) өзіне тиісті міндеттерін іске асыра алмағанда, олардың өздерінің өтініштері бойынша осы міндеттерінен босату мәселесін қарауға;
Тармақша 2
2) қамқоршылар және корғаншылар өздеріне жүктелген міндеттерін тиісті талапта орындамаса, сол сияқты қорғаншылық және қамқор-шылықтарын өздері үшін пайдакүнемдік мақсатта пайдаланғанда немесе қорғаншылыққа алынған адамды қадағалаусыз және қажетті көмексіз тастап кетсе, оларды осы міндеттерін атқарудан шеттету туралы мәселені қарауға.
Тармақша 3
3) қамқоршылардың және қорғаншылардың іс-әрекеттері жөнінде түскен арыздарды қарауға;
Тармақша 4
4) қорғаншылыққа алынған тұлғаның жағдайына құқығы мен мүддесін корғауға қолайсыз жағдай туғызбаса, қамқоршының одан бөлек тұруына рұқсат беруге;
Тармақша 5
5) қамқоршыға (қорғаншыға) қорғаншылыққа алынғанның мүлкін иесіздендіру жөнінде, соның ішінде айырбастауға немесе сыйға беруге, немесе оның атынан кепілдік шарт жасауға, кепілдікке (жалға) беруге, өтеусіз пайдалануға немесе кепілге беруге, қорғаншылыққа алынғанның заң және өсиетнама бойынша мұрагерлік құқыгынан бас тартуға, мүлкін бөлісуге немесе оның мүлкінен үлесін бөліп алуға, басқа да мүлкін азайтуға әкеп соғатын мәмілелер жасауға (мәміле жасауға келісім беруге) рұқсат беруге;
Тармақша 6
6) осы тармақтың 5-ші тармақшасында көрсетілген мәмілелердің нәтижесінде алынған қаржаттың қалай жұмсалуын белгілеуге;
Тармақша 7
7) осы тұлға қамқоршы (қорғаншы) болып тағайындалуға дейінгі, камқорлыққа алынғанның қарыздарын төлеуге, қамқоршыға (қорғаншыға) оның зайыбына немесе туысына рұқсат беруге;
Тармақша 8
8) белгіленген тәртіппен, қайтыс болған немесе хабар-ошарсыз жоқ болған деп танылған тұлғалардың мүлкіне, сондай-ақ психикалық ауырғаны немесе ақылы кемдігі себебінен сотпен іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған және мүліктеріне камкорлык тағайындауға;
Тармақша 9
9) іс-әрекет қабілеттері шектеулі зейнеткерлер мен мүгедектердің, қайтыс болған немесе хабар-ошарсыз жоқ болған деп танылған тұлғалардың мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін басқа да іс-әрекеттер жасауға.
Тарау 4. 4. Кеңесті ұйымдастыру және қызметінің тәртібі
4. Кеңесті ұйымдастыру және қызметінің тәртібі
Тармақ 19
19. Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өкілдерінен тұратын құрамында кемінде бес адамы бар Кеңес, қала әкімдігінің қаулысымен құрылады. Кеңестің отырысына қала әкімдігінің, денсаулық сақтау, білім беру органдарының өкілдері және әскери комиссарияттың қызметкерлері (келісім бойынша) шақырылуы мүмкін.
Тармақ 20
20. Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Кеңестің төрағасы болып табылады.
Тармақ 21
21. Петропавл қаласының жұмыспен қамту жэне элеуметтік бағдарламалар бөлімі бастығының орынбасары Кеңес төрағасының орынбасары болып табылады.
Тармақ 22
22. Құқық және ұйымдастыру-кадр жұмысыбөлімінің бас маманы. Кеңестің хатшысы болып табылады. 23.Кеңестің мүшелері:
Тармақша 1
1) Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бастығының орынбасары;
Тармақша 2
2) Құқық және ұйымдастыру-кадр жұмыстары бөлімінің бас маман-заңгері;
Тармақша 3
3) үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің меңгерушісі.
Тармақ 24
24. Кеңестің отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ кемінде айына бір рет өткізіледі.
Тармақ 25
25. Кеңес төрағасы болмаған уақытта, оның тапсырысы бойынша, Кеңес төрағасының орынбасары төрағалық етеді.
Тармақ 26
26. Кенес шешімін мүшелерінің отырысында қатысушылар дауысының жай көпшілігімен қабылдайды және хаттамамен ресімдейді. Дауыстар тең түскен жағдайда төрағалық етушінің даусы шешуші болып табылады.
Тарау 5. 5. Қамқоршылық және қорғаншылық Кеңесінің міндеттері.
5. Қамқоршылық және қорғаншылық Кеңесінің міндеттері.
Тармақ 27
27. Заңнамамен белгіленген тәртіпен қамқорлық және қорғаншылық Кенесі:
Тармақша 1
1) қамқоршылардың және қорғаншылардың қызметтеріне бақылау жүргізуге, ол үшін кемінде жылына екі рет олардың өздерінің міндеттерін орындауларын тексеру, сондай-ақ жыл сайын қорған-шылық жасаушылардан қорғауындағы адамдардың денсаулықтары жайлы және де мүліктеріне қалай басқару жүргізулері жөнінде есеп берулерін талап етуге;
Тармақша 2
2) қамқорлыққа алынған адам мен оның қамқоршысы (қорғаншысы) болуға үміткер тұлғаның тұрмыстық жағдайларын тексерүге;
Тармақша 3
3) белгіленген тәртіппен, қайтыс болған немесе хабар-ошарсыз жоқ болган деп танылған тұлғалардың мүлкінің, сондай-ақ психикалық ауырғаны немесе ақылы кемдігі себебінен сотпен іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған және қамқорындағы тұлғалардың мүліктерінің тізімдемесін жасауға және тізімдемеге кірген мүлікті сақтауға шаралар қабылдауға міндетті.
Тармақша 4
4) қамқоршылар мен қорғаншылардан өздерінің міндеттерін жүзеге асыруды талап етуге.
Тарау 6. 6. Қамқорлық және қорғаншылық органының шешімдеріне шағымдану
6. Қамқорлық және қорғаншылық органының шешімдеріне шағымдану
Тармақ 28
28. Қамқорлық және қорғаншылық органының шешімдеріндегі барлық мәселелер бойынша мүдделі тұлғалар сот тәртібімен шағымдануларына болады.
Басқа 66
Мемлекеттік жастағы іс-әрекетке қабілетті, іс-әрекетке қабілеттері шектеулі азаматтарға, сондай-ақ Петропавл психоневролгиялық интернат-үйінде тұратын тұлғаларға қамқорлық және қорғаншылық белгілеу Кеңесі туралы Ережеге 1 қосымша №_________Куәлік Удостоверение № _____ Петропавл қала әкімдігінің 200_ж «_»_____ №____ қаулысына сәйкес согласно постоановления акимата г. Петропавловска От «_»___200_ г. №_______ Осы куәлік Петропавл қаласы,_______________ көшесі,__________тұратын___________________ _____________берілді, сонымен ол Петропавл қаласы, ___________көшесі,__________тұратын, іс-әрекетті қабілетті, мүгедек______________ _________________қамқоршы болып тағайындалды. Настоящее удостоверение выдано гр.________________, проживающему (ей) по адресу г. Петропавлоска, ул. _____________,__________ в том,что он (она) назначен (а) попечителем над дееспособным (ой) совершеннолетним (ей)___________, проживающим (ей) по адресу г. Петропавловск, ул __________,______________. Қамқоршыға, қол астындағы адамын бағып күту, жеке мүлік қүқын қорғау мен сақтау, сотта және барлық мемлекеттік мекемелерде, ерекше өкілеттіксіз оның өкілі болу міндеті жүктеледі. На попечителя возлагается обязанность ухаживать за подопечным, защищать и охранять его личные и имущественные права, являться его представителем в суде и во всех государственных учреждениях без особого полномочия. Кеңесінің төрайымы: Председатель Совета Н. Кушталова Куәліктің тапсырылған күні: Дата выдачи удостоверения: 200 ж. «______»_______
Басқа 67
Мемлекеттік жастағы іс-әрекетке қабілетті, іс-әрекетке қабілеттері шектеулі азаматтарға, сондай-ақ Петропавл психоневролгиялық интернат-үйінде тұратын тұлғаларға қамқорлық және қорғаншылық белгілеу Кеңесі туралы Ережеге 2 қосымша №_________Куәлік Удостоверение №______ Петропавл қала әкімінің 200_ж «_»______ №__________шешіміне сәйкес согласно постановления акимата г. Петропавловска От «_»______ 200_г. №__________ Осы куәлік___________________________ берілді, сонымен ол 1993 жылғы 23 қаңтардағы № 222/3 жекешелендіру шарттың негізінде, Петропавл қаласы, ___________________ көшесі,_________________ мекен-жайындағы пәтердең, хабар-ошарсыз жоқ қайтыс болған деп танылған________________________ иелігіне жататын үлесінің қорғаншысы болып тағайындалған. Настоящее удостоверение выдано ____________________, в том,что он (она) назначен (а) опекуном над имуществом (_________________), приналдежащим (ей) на основании_______ ___________, от «__»______200_г. №___гр._______________________, признаному (ой) решением суда безвестно отсутствующим (ей)(умершим)ей). Соттың шешімі бойынша хабар-ошарсыз кеткен деп танылған______________________ иелігіндегі мүліктің сақталуын қамтамассыз ету міндетті қамқоршыға жүктеледі. На опекуна возлагается обязанность обязанность обеспечить сохранность имущества принадлежащего___________, признанному (ой) решением суда безвестно отсутствующему (ей) (умершему)ей). Кеңестің төрайымы: Председатель Совета Н. Кушталова Куәліктің тапсырылған күні: Дата выдачи удостоверения: 200_ж. «__»__________