О создании областной бюджетной комиссии Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.03.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстық бюджеттік комиссия кұру туралы Казақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 Бюджеттік кодексінің 64 бабына сәйкес бюджет жобасын дер уақытында сапалы әзірлеуді және облыстық бюджетті нақтылау және атқарылуы жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыстық бюджеттік комиссия құрылсын.
Тармақ 2
2. Облыстық бюджеттік комиссия туралы қоса берілген Ереже бекітілсін .
Тармақ 3
Келісілді: Облыстық салық комитетінің бастығы Қ. Рахметов 2005 жыл «27» наурыз Облыстық мәслихаттын депутаты, Экономика, экология, бюджет, салық және қаржы салалары мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы С. Чепурко 2005 жыл «27» наурыз
Басқа 4
Облыс әкімдігінің 2005 жылғы «28 » наурыздағы № 71 каулысымен бекітілген Облыстық бюджеттік комиссия туралы Ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ерсжелер
1. Жалпы ерсжелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже тұрақты негізде қызмет ететін облыстық бюджеттік комиссияның іс әрекетін реттейді (әрі карай – Комиссия).
Тармақ 2
2. Қазакстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексі және Қазақстан Республикасынын заңнанамалық және басқа нормативтік құқықтык актілері, сондай-ақ осы Ереже комиссия іс әрекетінің құқықтық негізін құрайды
Тарау 2. 2. Комиссиянын мақсаты
2. Комиссиянын мақсаты
Тармақ 3
3. Облыстык бюджет жобасын және облыстың меншікті бюджетін дер уақытында және сапалы әзірлеуді және сәйкес қаржы жылына облыстық бюджетті нақтылау және атқарылуы бойынша ұсыныстар пысықтауды қамтамасыз ету Комиссия іс әрекетінің мақсаты болып табылады.
Тарау 3. 3. Бюджеттік комиссияның құзіреті
3. Бюджеттік комиссияның құзіреті
Тармақ 4
4. Комиссияның құзіретіне енеді:
Тармақша 1
1) алдағы үш жылғы мерзімге арналған орташа мерзімдік қазыналық саясат жөніндегі ұсыныстар пысықтау; сәйкес каржы жылына облыстық бюджет жобасы мен облыстық бюджет көрсеткіштерін қарау және мақұлдау; алдағы үш жылғы мерзімге және жоспарлы қаржы жылына қаржыландыру үшін бюджеттік бағдарламаларды іріктеу, орташа мерзімдік фискалдық саясаттан шыға отырып оларды жүзеге асыру тетігін айқындау бойынша ұсыныстар дайыңдау. сәйкес қаржы жылына арналған облыстык бюджетті нақтылау жөнінде ұсыныстарды пысықтау; облыстық бюджеттік бағдарламаларды іске асыру бағасының қорытындысын карау және олар бойынша ұсыныстарды пысықтау; Бюджеттік кодексте көзделген басқа өкілеттіліктер.
Тармақ 5
5. Комиссия өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес келесі қызметтерді жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) Комиссияның жұмыс органымен дайындалған материалдарды қарайды және мыналарды айқындайды: алдағы үш жылдық мерзімге арналған облыстық бюджеттің болжамдық корсеткіштерін; алдағы қаржы жылына арналған облыстык бюджет түсімдерінің болжам көрсеткіштерін; облыстық бюджеттен төмендегі бюджеттерге субвенцияларды; облыстык бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шегінде облыстык бюджеттің шығыстар лимитін; мемлекеттік салалық (секторлық) бағдарламалар шегінде жоспарлы үш жылдық мерзімге жоспарланған басымдык бюджеттік инвистициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесін; үш жылдык мерзімге жоспарланған, мемлекеттік, салалык (секторлык) бағдарламалар шегінде республиканың бюджеттен дамытуға және кредиттеуге арналған максатты трансферттер есебінен қаржыландырылатын басымдылық жергілікті бюджеттік инвестициялык жобалар (бағдарламалар) тізбесі;
Тармақша 2
2) бюджеттік инвистициялық жобаларды (бағдарламаларды) қаржыландыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшілерін қарап айқындайды;
Тармақша 3
3) Комиссияның жұмыс органы мен әзірленген материалдарды қарайды және мыналар бойынша шешімдер кабылдайды: өткен мерзімге бюджеттік бағдарламаларды іске асыру тиімділігін бағалау қорытындылары; алдағы үш жылдық мерзімге бюджеттік тапсырыстар беру және бюджеттік жоспарлау бойынша өкілетті органның тұжырымы; облыстык өкілетті орган мен аудандар және Петропавл қаласының жергілікті атқарушы органдары арасындағы жергілікті бюджеттің болжам көрсеткіштері бойынша келіспеушіліктерді реттеу; бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен бюджетті жоспарлау бойынша өкілетті орган арасындағы бюджеттік тапсырыстарды қарау кезіндегі келіспеушіліктерді реттеу; алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджет жобасы бойынша; облыстык бюджеттік бағдарламалар паспорттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу; сәйкес қаржы жылына облыстық бюджетті нақтылау; бюджеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің ақпараты негізінде бюджеттік бағдарламалар паспорттарын нақтылау және одан әрі іске асыру;
Тармақша 4
4) Қазакстан Республикасының заңнамаларына сәйкес баска қызметтерді іске асырады.
Тарау 4. 4. Комиссияның құқықтары
4. Комиссияның құқықтары
Тармақ 6
6. Комиссия өзінің міндеттеріне сәйкес мыналарға кұқылы:
Тармақша 1
1) облыс, аудандар және Петропавл каласының атқарушы және басқа мемлекеттік органдарымен және ұйымдарымен өзара іс әрекет жасау, сондай-ақ қатар Комиссияның міндеттерін іске асыру үшін мамандар мен эксперттерді жұмысқа тартуға;
Тармақша 2
2) өзінің құзіретіне жататын мәселелер бойынша шешім қабылдауға және ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 3
3) Комиссияның міндеттерін іске асыру үшін қажетті материалдарды заңнамаларда белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдардан материалдар сұратуга және алуга;
Тармақша 4
4) Комиссия міндеттерін жүзеге асыруға қатысты мәселелер бойынша бірінші басшыны, ол жоқ болғанда мемлекеттік органның және ұйымның : бірінші басшының міндетін атқарушыны Комиссия отырысына шақырады және тыңдайды.
Тармақ 5
5. Комиссия қызметінің тәртібі
Тармақ 7
7. Бюджеттік комиссияның құрамына енеді:
Тармақша 1
1) Комиссияның төрағасы;
Тармақша 2
2) Комиссия төрагасының орынбасары;
Тармақша 3
3) Комиссияның хатшысы;
Тармақша 4
4) Комиссияның мүшелері.
Тармақ 8
8. Солтүстік Қазакстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті бюджеттік комиссияның жұмыс органы болып табылады.
Тармақ 9
9. Комиссияның отырыстарының арасындағы мерзімде оның қызметінің ұйымдастырушылық мәселелерін Комиссияның жұмыс органы шешеді.
Тармақ 10
10. Комиссияның төрагасы оньің қызметін басқарады, Комиссияның отырыстарын жүргізеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерін -жүзеге асыруға жалпы бақылау жүргізеді және Комиссия жүзеге асыратын іс әрекеттерге жауапкершілік ұстайды. Комиссияның төрагасы жок кезінде оның функцияларын комиссия төрағасының орынбасары орындайды.
Тармақ 11
11. Комиссия хатшысы Комиссияның қызметін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды үйлестіреді және Комиссияның отырысының хаттамасын ресімдейді.
Тармақ 12
12. Комиссия анықтаган мерзімге және күн тәртібіне сәйкес отырыстарға материалдарды әзірлеу, Комиссияның мүшелеріне, облыстык бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне және жергілікті атқарушы органдарға жіберу, Комиссия отырыстарының хаттамасын дайындау, сонымен қатар нормативтік кұқықтық актілерден және осы Ережеден шығатын басқа міндеттер жұмыс органының қызметтері болып табылады.
Тармақ 13
13. Жұмыстың жоспар - кестесі Комиссиямен белгіленеді. Облыс бюджетінің жобасын әзірлеу кезінде Комиссия жұмыстың жоспар - кестесін жергілікті бюджет жобаларын әзірлеу Ережелерімен айқындалған мерзімдерге сәйкес айқындайды.
Тармақ 14
14. Комиссия мүшелері мәжілістерге қатысу жөніндегі өз өкілеттілігіне басқа тұлғаларды жіберуге құқығы жоқ.
Тармақ 15
15. Комиссия шешімдері ашык дауыс берумен қабылданады, сондай-ақ Комиссия мүшелерінен пікір алу жолымен және Комиссия мүшелерінің берген дауыстарының көбі оларға берілсе қабылданған болып саналады. Комиссия мүшелері шешім қабылдау кезінде тең дауысқа ие болады. Дауыс тең болған жағдайда Комиссия төрағасының берген дауысы кабылданған шешімі болып саналады.
Тармақ 16
16. Комиссия мәжілістерінің күн тәртібі мәселелерін қарастыру нәтижелері әр мэселе бойынша дауыс беру кортындыларын көрсетумен сәйкес хаттамаларға енгізіледі және төрағамен айқындалған жағдайда мәжілісіне қатыскан Комиссия мүшелерімен виза қойылады. Комиссияның қабылдаған шешімдері төрағамен және хатшымен қол қойылады. Комиссия мүшелері қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда өзінің ерекше пікірін мәжіліс хаттамасына қатысты жазбаша түрде мазмұндауға құқылы.
Тармақ 17
17. Өзіне жүктелген міндеттерді жүзеғе асыру максатында кабылданған Комиссияның шешімдері белгіленген мерзімде міндетті түрде каралуы және барлык мемлекеттік органдармен орындалуы тиіс.
Тарау 7. 7. Комиссияның қызметін тоқтату
7. Комиссияның қызметін тоқтату
Тармақ 18
18. Комиссияның қызметін тоқтату үшін негіз Комиссияның кызметін тоқтату туралы облыс әкімдігінің каулы кабылдауы болып табылады.
Тармақ 19
19. Осы Ереженің 16 тармағында нұсқалған Комиссияның кызметін тоқтатуға әкелетін жағдай туған кезінде жасалған жұмыстар туралы әкімге есеп беру хаты жолданады.