О создании Департамента по консультациям неплатежеспособных предприятий Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.12.1995. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Төлем қабiлетi жоқ кәсiпорындарға консультация беру жөнiндегi департамент құру туралы 📌 Ескерту. Күшi жойылды - ҚР Үкiметiнiң 07.12.1995 № 1685 қаулысымен. Төлем қабiлетi жоқ кәсiпорындарды қайта ұйымдастырудың немесе таратудың жоспарларын дайындауда оларға көмек көрсету жөнiндегi жұмысты жеделдету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Төлем қабiлетi жоқ кәсiпорындарға консультация беру жөнiндегi департамент (бұдан әрi - Департамент) құрылсын.
Тармақ 2
2. Департаментке мыналар жүктелсiн: олардың өмiршеңдiк қабiлетiн бағалау және қайта ұйымдастыру немесе тарату кешендi жоспарларын дайындауда төлем қабiлетi жоқ кәсiпорындарға тиiмдi консультациялық көмек көрсетудi жүргiзу; Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiнiң қызмет көрсетуiне берiлген төлем қабiлетi жоқ кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру немесе тарату жөнiндегi жоспарларды Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiне бергенге дейiн бекiту; ұйымдастыру, техникалық және қаржылық қайта құру жоспарын әзiрлеу кезiнде төлем қабiлетi жоқ кәсiпорындарға көмек көрсетуде шетелдiк және отандық консультанттардың жұмысын үйлестiру; төлем қабiлетi жоқ кәсiпорындарды қайта ұйымдастырудың немесе таратудың жоспарларын әзiрлеу үшiн министрлiктер мен мемлекеттiк комитеттердiң, жергiлiктi атқару органдарының, шетелдiк және отандық сарапшылардың қатысуымен жұмыс топтарын құру жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру; төлем қабiлетi жоқ кәсiпорындарды қайта ұйымдастырудың нысандары мен бағыттары жөнiнде ұсыныстарды әзiрлеу; төлем қабiлетi жоқ кәсiпорындарды қаржылық-экономикалық сауықтыру, қайта ұйымдастыру және тарату мәселелерi жөнiнде республикада консультациялық қызметтер рыногын құруға көмек көрсету. Департамент өзiнiң мiндеттерi мен функцияларын Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң ұйымдық басшылығымен орындайды деп белгiленсiн.
Тармақ 3
3. Департамент туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
Тармақ 4
4. Департамент аппаратының шектi саны 15 адам болып белгiленсiн.
Тармақ 5
5. Департамент басшысын Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайды деп белгiленсiн.
Басқа 6. Төлем қабiлетi жоқ кәсiпорындарға консультация беру жөнiндегi департамент туралы Е Р Е Ж Е
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 1 қарашадағы N 1429 қаулысымен Бекiтiлген Төлем қабiлетi жоқ кәсiпорындарға консультация беру жөнiндегi департамент туралы Е Р Е Ж Е
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Төлем қабiлетi жоқ кәсiпорындарға консультация беру жөнiндегi департамент (бұдан әрi - Департамент) төлем қабiлетi жоқ кәсiпорындарға олардың төлем қабiлетiне баға беру, кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру мен тарату жоспарын әзiрлеуге консультациялық көмек көрсету үшiн құрылған арнайы мемлекеттiк орган болып табылады. Департамент осы жұмысты жүргiзген кезде шетелдiк және отандық консультанттардың консультациялық көмегiн белсендi түрде пайдаланады. Департамент өз функциясын Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң басшылығымен жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Департамент өз қызметiнде Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлықтарын, Үкiметтiң қаулыларын және Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң өкiмдерiн, халықаралық келiсiмдер мен шарттарды, басқа да заң және нормативтiк актiлерiн, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң шешiмдерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
Тармақ 3
3. Департамент заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген мөрi, бұрыштамасы және заңды тұлғаларға тиiстi басқа да фирмалық белгiлерi бар. Департаменттiң банк мекемелерiнiң бiрiнде ағымдағы есепшоты болады.
Тармақ 4
4. Департаменттiң мекен-жайы - Алматы қаласы.
Тармақ 5
5. Департаменттiң негiзгi функциялары: төлем қабiлетi жоқ мемлекеттiк кәсiпорындарға, соның iшiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк медетшi банкiне берiлгендерге олардың шаруашылық-қаржы қызметтерiн талдау және бағалау негiзiнде қайта ұйымдастыру мен таратудың кешендi жоспарларын әзiрлеу жөнiнде консультациялық көмек көрсету; Қазақстан Республикасының мемлекеттiк медетшi банкiнiң қызмет көрсетуiне берiлген төлем қабiлетi жоқ кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру немесе тарату жөнiндегi жоспарларды Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiне бергенге дейiн бекiту; кәсiпорындардың ұйымдастыру, техникалық, қаржылық қайта құрылу мәселелерi, сондай-ақ олардың әлеуметтiк қаражаттары, айналадағы ортаны қорғау проблемаларын қоса, қайта ұйымдастыру мен тарату жоспарларын әзiрлеген кезде шетелдiк және отандық консультанттардың жұмысын үйлестiру және олармен өзара iс-қимыл жасау; өмiршеңдiк қабiлетiн бағалауда көмек көрсету жөнiнде жұмыс топтарын ұйымдастыру және осы негiзде министрлiктер мен мемлекеттік комитеттердiң, орталық және жергiлiктi атқару органдары мамандарының және консультанттардың қатысуымен төлем қабiлетi жоқ кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру жоспарларын жасау; республикада осы мамандықтағы мамандарды даярлау, қайта ұйымдастыру мәселелерi бойынша, оның iшiнде оларды контракт негiзiнде қайта ұйымдастыру жоспарларын әзiрлеу жөнiндегi жұмыс топтарына тарту арқылы консалтинг фирмаларын құруға көмектесу; банкроттық туралы заңдарды қолданудың шетелдiк және отандық тәжiрибесiн зерделеу мен қорыту және оның негiзiнде дәрменсiз кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру мен тарату процедураларын жүзеге асырудың әдiстемесiн жетiлдiру болып табылады.
Тармақ 6
6. Өзiнiң негiзгi функцияларын орындау үшiн Департаменттiң: Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнен, Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру жөнiндегi агенттiктен және қажет болған жағдайда басқа да министрлiктер мен мемлекеттiк комитеттерден төлем қабiлетi жоқ кәсiпорындар туралы (негiзгi қаржы-экономикалық көрсеткiштер, кәсiпорындардың бухгалтерлiк баланстары, берешектерi жөнiндегi мәлiметтер және басқа талдау материалдары мен құжаттар) ақпарат алуға; жұмыс топтарын ұйымдастыру тәртiбi мен олардың құрамын белгiлеуге, Қазақстан Республикасының мемлекеттік Медетшi банкiне берiлген кәсiпорындарға еркiн баруға және олардың басшыларымен өзара iс-қимыл жасап, оларды қайта ұйымдастыру мен таратудың кешендi жоспарларын әзiрлеуге; өз қызметiн жоспарлауға, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен келiсiлген құрылымы мен штаттық кестесiн еңбекақы қорының және бөлiнген адам санының шегiнде дербес белгiлеуге құқығы бар.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасының республикалық бюджетiнiң қаржысы Департаменттi қаржыландыру көзi болып табылады.
Тармақ 8
8. Департаменттi басқару Департамент басшысына жүктеледi. Департамент басшысын Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайды.
Тармақ 9
9. Департаменттi қайта ұйымдастыру мен тарату Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiп бойынша жүргiзiледi.