Аудан көлеміндегі жеке тұрғын үйлердің өрт қаупінен сақтану шараларының айлығын өткізу туралы Қолданыста
Басқа 0
Аудан көлеміндегі жеке тұрғын үйлердің өрт қаупінен сақтану шараларының айлығын өткізу туралы
Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы «Өрт қауіпсіздігі туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына
сәйкес және тұрғын үйлерді өрт қаупінен сақтау мақсатында аудан әкімияты Қаулы етеді:
Тармақ 1
1. 2005 жылғы 25 қыркүйектен 25 қазанға дейін аудан көлемінде жеке тұрғын үйлерді өрт қаупінен сақтау шараларының айлығы өткізілсін /1-қосымша/.
Тармақ 2
2. Қала, кент, село округтерінің әкімдері, аудандық өрт сөндіру бөлімімен /К. Хамзин/ және аудандық төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік қадағалау және бақылау бөлімімен /А. Сегізбаев/ бірлесе отырып өрттің алдын алу және өрт қауіпсіздігі ережелерін қадағалау үсынылсын.
Тармақ 3
3. Аудандық газ бөлімшесі бастығы /Б. Ізбасов/, газ құбырларын жүргізу және тұтынушыларға газ берген мезгілдерде өрттің алдын алып өрт қауіпсіздік ережелерінің орындалуын қадағалау ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Шұбарқұдық сумен қамтамасыз ету мекемесі /М. Нұрғалиев/ аудандық өрт сөндіру бөлімін өрт болған жағдайда кедергісіз тез арада сумен қамту және қосалқы істен шыққан гидранттарды жөндеуден өткізу, өрт болған жағдайда одан су алуды дайындықта үстау үсынылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудандық төтенше жағдайды мемлекеттік қадағалау және бақылау бөлімінің бастығы Ә. Сегізбаевқа және ауданның төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы М. Қойбағаровқа жүктелсін.
Басқа 6
Темір ауданы әкімиятының
2005 жылғы қыркүйектегі
қаулысына 1- қосымша
Аудан көлеміндегі жеке тұрғын үйлердің өрт қаупінен сақтану жөніндегі шаралар жоспары
№
Шаралар темасы
Орындау
мерзімі
Орындаушылар
1
Аудан әкімиятының қыркүйек 2005 жылғы қаулысының орындалуын
бақылау
қыркүйек
қазан
Мекеме басшылары, округ әкімдері, төтенше жағдайлар жөніндегі бас маман
2
Тұрғындарға пеш жағу кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау жөнінен кездесулер өткізу.
қыркүйек
қазан
Аудандық ТЖ саласындағы мемлекеттік қадағалау және
бақылау бөлім бастығы Ә. Сегізбаев, Темір аудандык № 13 ӨСБ бастығы К. Хамзин /келісім бойынша/, жергілікті өкімдер
3
Аудандық газ мекемесінің қызметкерлерімен бірге тұрғындарды пешке газ пайдалану жөнінен тексерістер өткізу.
қыркүйек
қазан
Аудандық ТЖ жөнінде бас маман, аудандық газ бөлімшесінің бастығы Б. Ізбасов /келісім бойынша/ аудандық ТЖ саласындағы мемлекеттік қадағалау және бақылау бөлім бастығы Ә. Сегізбаев /келісім
бойынша/
4
Жергілікті әкімшіліктің қызметкерлерімен біріге отырып түргын үйлердегі қауіпсіздігі жөнінде Ережесін оқыту.
Жергілікті әкімдер, мекеме басшылары,аудандық ТЖСМКБ бөлім бастығы Ә. Сегізбаев /келісім бойынша/, № 13 ӨБК бастығы К. Хамзин /келісім бойынша/
5
Жергілікті округтерді ерікті өрт сөндіруші жасақтар арасында өрт сөндіру құралдарын қолданудан жарыс өткізу.
Темір ауданындағы № 13 ӨСБ бастығы К. Хамзин /келісім бойынша/
6
Темір ауданында штабтық жаттығуын өткізу.
қазан
Мекеме басшылары, ТЖ жөнінде аудандық комиссия
7
«Темір» газетіне өрт қаупінен сақтану тақырыбына мақала беру.
қыркүйек
қазан
Аудандық ТЖСМКБ бөлім бастығы Ә. Сегізбаев, № 13 ӨСБ бастығы К. Хамзин /келісім бойынша/, жергілікті округ әкімдері.