О введении количественных ограничений на ввоз отдельных видов товаров Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.06.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тауарлардың жекелеген түрлерін әкелуге сандық шектеулер енгізу туралы «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 18-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған әкелуге қатысты көлемде сандық шектеулер енгізілетін тауарлардың тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Одан әрі өңдеу мақсатында ғана әкелінетін қантқа арналған квота осы қаулыға қосымшаға сәйкес қант өңдеушілер болып табылатын заңды тұлғалар арасында бөлінсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті заңды тұлғалардың қантты осы қаулыға қосымшада көрсетілген көлемде әкелуін бақылауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігімен бірлесіп, осы қаулыға қосымшада көрсетілген заңды тұлғалар әкелінген қантты мақсатсыз пайдаланған кезде Қазақстан Республикасының Үкіметіне бөлінген квотаның көлемін қайта қарау туралы ұсыныс енгізсін.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екі апта мерзімде Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетінің Хатшылығына Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу шаралары туралы хабарласын.
Тармақ 6
6. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Әкелуге қатысты сандық шектеулер енгізілетін тауарлардың тізбесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 маусымдағы № 669 қаулысымен бекітілген Әкелуге қатысты сандық шектеулер енгізілетін тауарлардың тізбесі КО СЭҚ ТН ко­ды Та­у­ар­дың ата­уы Кө­ле­мі (тон­на­мен) Қол­да­ны­лу мер­зі­мі 1701 99 100 --- ақ қант 6 121,8 2010 жы­л­ғы 1 шіл­де­ге дей­ін 1701 99 900 --- бас­қа­ла­ры Ескертпе: көрсетілген сандық шектеулер Беларусь Республикасынан және Ресей Федерациясынан импортталатын тауарларға қатысты қолданылмайды.
Басқа 1. Қантқа арналған квотаны бөлу
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 маусымдағы № 669 қаулысына қосымша Қантқа арналған квотаны бөлу № Заң­ды тұ­лға­лар­дың ата­уы Кво­та кө­ле­мі, тон­на 1 2 3 1. «Ра­хат» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы 1 591,1 2. «Ба­ян Сұ­лу» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы 910,0 3. «Қа­ра­ған­ды кон­фет­те­рі» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы 355,6 4. «Вол­на» Ақ­тау кон­ди­тер фаб­ри­ка­сы» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі 65,4 5. «Ақ­тө­бе кон­ди­тер фаб­ри­ка­сы» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі 161,6 6. «Ша­ны­бек» Орал кон­ди­тер фаб­ри­ка­сы» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі 133,3 7. «Во­сток-Кон­ди­тер ком­би­на­ты» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі 34,2 8. «Маг­нит­ка» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі 41,7 9. «RG Brands Kazakhstan» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі 764,0 10. «Ко­ка-ко­ла Ал­ма­ты Ботт­лерс» бір­лес­кен кә­сі­пор­ны» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі 559,6 11. «Даль­Про­дукт» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі 333,3 12. «Ара­сан» фир­ма­сы» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі 70,7 13. «Raimbek bottlers» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі 324,4 14. «Ра­у­ан» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі 150,0 15. «Қа­ра­ған­ды-нан кор­по­ра­ци­я­сы» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі 48,4 16. «Голд Про­дукт» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы 31,1 17. «Дәне­гүл» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі 23,0 18. «Евра­зи­ан Фудс» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы 24,0 19. «Евра­зи­ан Фудс Кор­по­рейшн» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы 19,1 20. «Би­дай НАН ЛТД және Со» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі 7,6 21. «Аст­рон» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі 63,8 22. «Фуд Ма­стер ком­па­ни­я­сы» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы 66,1 23. «Эфес Қа­ра­ған­ды сы­ра қай­на­ту за­уы­ты» ШК АҚ 222,2 24. «Даста­рал» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі 46,6 25. «Нә­зік» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі 75,0 Жиы­ны: 6 121,8 Ескертпе: заңды тұлғалар үшін бөлінген квоталардың көрсетілген көлемі одан әрі өңдеу мақсатында ғана көзделіп отыр.