О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.07.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер енгiзу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 26.07.2001 № 1010 қаулысымен. "Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2337 Заң күшi бар Жарлығына және "Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2338 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мына шешiмдерiне өзгертулер енгiзiлсiн:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасына келу және Қазақстан Республикасынан кету туралы Уақытша ереже туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 29 қыркүйектегi N 813 қаулысына /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 37, 569-бап/: Аталған қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасына келу және Қазақстан Республикасынан кету тәртiбi туралы Уақытша ережедегi: 19-тармақ, 20-тармақтың 2-7-тармақшалары, 21-тармақтың бiрiншi абзацының күшi жойылған деп танылсын; 26-тармақтың бiрiншi абзацында "Қазақстан Республикасынан заңсыз кету, Қазақстан Республикасына келу" деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк өтудiң ережелерiн бұзғаны үшiн" деген сөздермен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. "Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 10 наурыздағы N 186 қаулысына /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 7, 87-бап/: аталған қаулыда бекiтiлген Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болу Ережесiнiң 10 және 40-тармақтарының күшi жойылған деп танылсын.