Об утверждении ставок сбора за государственную регистрацию залога движимого имущества Күшін жойған
Басқа 0
Жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін алым ставкаларын бекіту туралы
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексіне (Салық кодексі) және "Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін алым ставкалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін алым ставкалары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 26 сәуірдегі
N 392 қаулысымен
бекітілген
Жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін алым ставкалары
Тармақ 1
1. Жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін алым ставкалары:
Тармақша 1
1) жеке тұлғалардан - алым төлеген күні қолданылған бір айлық есептік көрсеткішті;
Тармақша 2
2) заңды тұлғалардан - алым төлеген күні қолданылған бес айлық есептік көрсеткішті құрайды.
Тармақ 2
2. Жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін алым ставкалары:
жеке және заңды тұлғалардан - алым төлеген күні қолданылған бір айлық есептік көрсеткіштің 50 пайызын құрайды.