Об утверждении текста присяги лиц рядового и начальствующего состава органов внутренних дел Республики Казахстан Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.12.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдары антының мәтiнiн бекiту туралы "Президент пен Үкімет актілері жинағында" жариялануға тиіс "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдары антының мәтiнi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы Жарлық алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Басқа 0. Қазақстан Республикасының iшкi істер органдары қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының АНТЫ
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 23 сәуiрдегi N 1559 Жарлығымен БЕКIТIЛГЕН Қазақстан Республикасының iшкi істер органдары қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының АНТЫ Мен, Қазақстан Республикасының азаматы ______________________ (тегі, аты, әкесiнiң аты) iшкi iстер органдарына қызметке қабылдана отырып: Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, бастықтардың, командирлердiң бұйрықтары мен нұсқауларын және өзiме жүктелген қызметтiк мiндеттердi адал атқаруға; Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық құқықтарын және бостандықтарын шектеуге жол бермеуге, оларды құқыққа қарсы әрекеттерден қорғауға; Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында белгiленген қоғамдық тәртiптi өз өмiрiмдi аямастан қорғауға; қызметке байланысты қиындықтарға шыдамдылықпен төзе бiлуге, адал, батыл, қырағы қызметкер болуға; мемлекеттiк және қызметтiк құпияны сақтауға салтанатты түрде ант етемiн. Егер де мен осы антты бұзсам, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауапкершiлiктi көтеруге әзiрмiн. 200__ жылғы "___" ________ __________ (қолы)