Об утверждении Правил распределения и выплаты единовременной материальной помощи на ремонт жилья нуждающимся участникам и инвалидам Великой Отечественной войны Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.04.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мұқтажды Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне тұрғын үйді жөндеу үшін бір жолғы материалдық көмек бөлу және төлеу Ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2004 жылғы 10 қарашасындағы № 1173«1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60-жылдығын мерекелеуге дайындық және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулысын орындау үшін, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 14) тармақшасына және «Ұлы Отан соғысына қатысушыларын және мүгедектерін және оларға теңестірілген тұлғаларды әлеуметтік қорғау және жеңілдіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 20 бабына, 2004 жылдың 30 желтоқсанындағы № 18/2-ІІІ Зырян ауданы-Зырян қаласы мәслихат сессиясының шешіміне сәйкес әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес Зырян ауданы-Зырян қаласының мұқтажды Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне тұрғын үйді жөндеу үшін бір жолғы материалдық көмек бөлу және төлеу Ережелерін бекіту.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау әкімнің орынбасары Гейгер Э.Я. жүктелсін.
Басқа 3. Зырян ауданы-Зырян қаласының мұқтажды Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне тұрғын үйді жөндеу үшін бір жолғы материалдық көмек бөлу және төлеу
Зырян ауданы-Зырян қаласы әкімдігінің 2005 жылғы «01» сәуір қаулысына № 1307 қосымша Зырян ауданы-Зырян қаласының мұқтажды Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне тұрғын үйді жөндеу үшін бір жолғы материалдық көмек бөлу және төлеу ЕРЕЖЕСІ Осы Ереже Зырян ауданы-Зырян қаласының мұқтажды Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне тұрғын үйді жөндеу үшін бір жолғы материалдық көмек көрсету мақсатымен қабылданды.
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер Зырян ауданы-Зырян қаласының мұқтажды Зырян ауданы-Зырян каласында тұрақты тұратын және меншік құқығында тұрғын үйі бар Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне тұрғын үйді жөндеу үшін бір жолғы материалдық көмек бөлінеді. Бір жолғы материалдық көмек бір адамға бір-ақ рет бөлінеді. Ұлы Отан соғысының қатысушысы немесе мүгедегі болып саналатын, ерлі-зайыптылардың тілектері бойынша біреуіне көмектің бір мөлшері төленеді.
Тармақ 2. 2. Тұрғын үйді жөндеу үшін бір жолғы материалдық көмек бөлу және төлеу тәртібі
2. Тұрғын үйді жөндеу үшін бір жолғы материалдық көмек бөлу және төлеу тәртібі Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне тұрғын үйді жөндеу үшін бір жолғы материалдық көмек бір отбасына бір сомадан артық емес есеп айырысу көрсеткішінің ең төменгі күнкөріс деңгейінің он бес еселігін есептеу шамасында көрсетіледі және келесі құжаттарды ұсынғанда бөлінеді:
Тармақ 1
1. Ұлы Отан соғысы қатысушысының немесе мүгедегінің тұрғын үйді жөндеу үшін көмек бөлу туралы өтініші.
Тармақ 2
2. Салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесі.
Тармақ 3
3. Жеке басының куәлігінің көшірмесі.
Тармақ 4
4. Ұлы Отан соғысы қатысушысы немесе мүгедегі куөлігінің көшірмесі.
Тармақ 5. 3. Жергілікті бюджет қаражаттарын мақсатты түрде пайдалануына бақылау
5. Жеке меншік құқығын растайтын құжаттың көшірмесі. Соғыс қатысушылары мен мүгедектерінің тұрғын үйді жөндеу үшін кеткен шығындарын анықтау жөніндегі комиссия Зырян ауданы-Зырян қаласының әкімдігінің қаулысымен бекітілген, әрбір келіп түскен өтініші бойынша, өтініш иесінің тұрмыстық жағдайы жайлы тексеру акті құрылады және Ұлы Отан соғысының қатысушысына немесе мүгедегіне тұрғын үйді жөндеу үшін бір жолғы материалдық көмек көрсету туралы шешім шығарылады. Тұрғын үйді жөндеу үшін бір жолғы материалдық көмек жергілікті бюджет қаражатының есебінен төленеді. Тұрғын үйді жөндеу үшін бір жолғы материалдық көмек Қазпоштамен жасалған Агент келісіміне сәйкес алушының жеке салымына аударылады. 3. Жергілікті бюджет қаражаттарын мақсатты түрде пайдалануына бақылау Мұқтажды Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне тұрғын үйді жөндеу үшін атаулы материалдық көмекке жергілікті бюджеттен бөлінетін қаржыны мақсатты түрде пайдалануына бақылауды аудан-қаланың қаржы бөлімі жүзеге асырады. Зырян ауданы- Зырян қаласы әкімі аппаратының басшысы Г.М. Дедова