Бейбіт жиналыстар, митингілер және пикеттер өткізудің тәртібі мен орнын регламенттеу туралы Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.10.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бейбіт жиналыстар, митингілер және пикеттер өткізудің тәртібі мен орнын регламенттеу туралы Темір ауданы әкімінің бейбіт жиналыстар, митингілер және пикеттер өткізудің тәртібі мен орнын регламенттеу жөніндегі ұсынысына және «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митнигілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы № 2126 Заңының 10-бабына сәйкес аудандық мәслихаттың кезектен тыс жиырма бірінші сессиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Темір ауданы бойынша бейбіт жиналыстар, митингілер және пикеттер өткізілетін орындар болып мына аумактар белгіленсін: Шұбарқұдық кенті /Байғанин көшесі бойындағы алаң/ Саркөл ауылы /Саркөл ауылындағы алаң/