"Қарағанды қаласында иттерді және мысықтарды күтіп ұстау Қағидасын" бекіту туралы Күшін жойған
Басқа 0
"Қарағанды қаласында иттерді және мысықтарды күтіп ұстау Қағидасын" бекіту туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 6-бабы, 1 тармағы, 8 тармақшасына және "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 3-бабына сәйкес, Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қарағанды қаласында иттерді және мысықтарды күтіп ұстау Қағидасы бекітілсін (қосымшаға сәйкес).
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау құрылыс, экология, көлік, байланыс, тұрғындарға коммуналдық-тұрмыстық қызмет көрсету мәселесі бойынша тұрақты комиссияға жүктелсін (төрағасы Әбдіров Қадырбек Сағашұлы).
Тармақ 3
3. Осы шешім ресми жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.
Келісілді
Қарағанды қаласының Қазыбек би
атындағы ауданының әкімі
А. Сәлімбаева
Қарағанды қаласының Октябрь ауданы
әкімінің міндетін атқарушы
Д. Сәрсенбаев
Қарағанды қалалық ішкі істер
басқармасы бастығының орынбасары
Ғ. Көпжасаров
Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау департаментінің Қарағанды
қаласы бойынша филиалының бастығы
Т. Хамитов
Қарағанды қаласы әкімі
аппаратының мемлекеттік-құқықтық
бөлімінің бастығы
Е. Ахметов
Басқа 4
Қарағанды қалалық мәслихатының
кезекті XVI сессиясының
2005 жылғы 10 наурыздағы
N 4 шешімімен бекітілді
Қарағанды қаласында иттерді және мысықтарды күтіп ұстау
Қағидасы
Осы қағида "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының кодексіне, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы", 2002 жылғы 04 желтоқсандағы "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы", 1997 жылғы 15 шілдедегі "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес жасалды.
Осы Қағида Қарағанды қаласында иттерді және мысықтарды күтіп ұстау саласында жеке және заңды тұлғалардың жауапкершіліктерін белгілейді және қатынастарын реттейді.
Қарағанды қаласында иттерді және мысықтарды күтіп ұстау бойынша қызметтерді ұйымдастыру мен үйлестіруді уәкілетті орган жүзеге асырады.
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Осы қағида қала аумағында өз қызметін жүзеге асыратын немесе тұратын меншік нысанына қатыссыз барлық жеке және заңды тұлғалар үшін міндетті болып табылады.
Тармақ 2
2. Иттер мен мысықтар иелерінің меншігі болып табылады, сондықтан кез келген меншік сияқты заңмен қорғалады.
Тармақ 3
3. Осы Қағидада пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) иттердің және мысықтардың иелері - заңға сәйкес пайдаланылатын және күтіп ұстайтын немесе меншік құқында иттері мен мысықтары бар жеке және заңды тұлғалар, сонымен қатар иесі табылғанға дейін қаңғыбас иттер мен мысықтарды ұстайтын тұлғалар;
Тармақша 2
2) иттерді және мысықтарды күтіп ұстау - Қағидаға және биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес иелерінің иттер мен мысықтардың тұруын, өмір сүруін және күтіп ұстау жағдайын қамтамасыз етуі;
Тармақша 3
3) қаңғыбас иттер және мысықтар - қоғамдық орындарда иесіз жүретін иттер мен мысықтар;
Тармақша 4
4) қаңғыбас иттерді және мысықтарды аулау - иттер мен мысықтарды пайдалану, эвтаназия, оқшаулау, аулауға тиісті лицензиясы бар, техника және арнайы жабдықталған мекемелер қызметі;
Тармақша 5
5) эвтаназия - Қазақстан Республикасының тиісті органдарының рұқсатымен арнайы дәрі-дәрмектерді егумен иттер мен мысықтарды ауыртпай өлтіру;
Тармақша 6
6) иттерді қыдырту - иттерді олардың табиғи мұқтаждықтарын қамтамасыз ету үшін шығару;
Тармақша 7
7) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы қалалық аумақтық басқармасының ветеринарлық инспекциясы.
Тармақ 4
4. Иттерді және мысықтарды күтіп ұстау Қағидасының сақталуын қадағалауды жүзеге асыру тиісті уәкілетті мемлекеттік органға және Қарағанды қалалық ішкі істер басқармасына жүктеледі.
Тарау 2. 2. Иттердің және мысықтардың иелерінің міндеттері
2. Иттердің және мысықтардың иелерінің міндеттері
Тармақ 5
5. Иелері міндетті:
Тармақша 1
1) осы Ереженің талаптарын сақтауға және маңындағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қажетті шаралар қабылдауға;
Тармақша 2
2) хайуанаттардың адамға және басқа хайуанаттарға зиян келтіруінің алдын алу. Азаматқа немесе оның мүлкіне келтірілген зиянның, сондай-ақ хайуанаттың заңды тұлғаның мүлкіне келтірген зиянның орнын осы хайуанаттың иесі қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіпте толық көлемде толтырады;
Тармақша 3
3) профилактикалық және инфекцияға қарсы іс-шараларды жүргізу және есепке алу мақсатында тұрғылықты мекенжайы бойынша ветеринарлық емдеу мекемелерінде немесе ветеринарлық емдеу мекемелерінде иттерді уақытылы тіркеуге және қайта тіркеуге;
Тармақша 4
4) иттер мен мысықтарды олардың биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес оларды ұстау, жануарларға жақсы қарап, тамақсыз, сусыз және қараусыз қалдырмау, ұрмау, жануарлардың ауырған жағдайында ветеринар көмегіне дер кезінде апаруға;
Тармақша 5
5) хайуанат шұғыл өлген немесе жұқпалы ауруға шалдыққанына күдіктенген жағдайда ветеринарлық қызметке шұғыл хабарлауға және ветеринар мамандар келгенге дейін ауру хайуанатты (немесе хайуанаттың өлексесін) оқшаулауға;
Тармақша 6
6) иттер мен мысықтарды ветеринар мамандарының талаптары бойынша диагностикалық зерттеуге және егуге;
Тармақша 7
7) тұрғын үйлердің маңында иттерді қыдыртқан жағдайда тыныштықты қамтамасыз етуге;
Тармақша 8
8) егер одан әрі ұстау мүмкін болмаса иттерді және немесе мысықтарды басқа иесіне беруге немесе мемлекеттік сатып алу туралы заңмен белгіленген тәртіпте конкурстың жеңімпазы болған қаңғыбас иттерді және мысықтарды аулауды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғаларға беруге;
Тармақша 9
9) иттердің жер учаскесі бар иелері, иттерді байлап ұстауға немесе хайуанаттың көшеге шығуына кедергі келтіретін қоршауда ұстауға тиіс. Иттің бар екендігі туралы учаскеге кіре берісте ескерту жазба болуы тиіс.
Тармақша 10
10) иттерді қыдыртуға шығарғанда оларды қарғыбаумен ұстауға, оның ұзындығы хайуанаттың мінез-құлқына бақылау жасауға мүмкіндік беретіндей болуы тиіс. Адамдар мен хайуанаттарға қауіп төндіретін иттерге сондай-ақ тұмылдырық кигізілуі тиіс;
Тармақша 11
11) иттер мен мысықтарды қыдыртқан кезде хайуанаттардың экскременттерін жинау үшін өзімен бірге керек-жарақ ала жүруі тиіс;
Тармақша 12
12) подъездер, баспалдақ алаңдары, балкондар, лифтілер, сондай-ақ спорт, балалар алаңдары, гүлзарлар, тротуарлар, бақтардың аумақтары, қоғамдық көлік иттер мен мысықтардың экскременттерімен ластанған жағдайда арнайы құралдардың көмегімен шұғыл тазалауды жүзеге асыруы тиіс.
Тарау 3. 3. Иттерді және мысықтарды күтіп ұстау
3. Иттерді және мысықтарды күтіп ұстау
Тармақ 6
6. Рұқсат етіледі:
Тармақша 1
1) санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринар қызметтерінің рұқсатымен зоологиялық бұрыштарда, сауықтыру мекемелерінде иттер мен мысықтарды күтіп ұстауға;
Тармақша 2
2) адамдар мен басқа хайуанаттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шаралар сақталған жағдайда иттерді арнаулы орындарда (алаңдарда), ашық жерлер мен басқа да адамдар жоқ жерлерде қыдырту. Иттерді қыдыртуға арналған орын қоршалған болса, иттерді қарғыбаусыз және тұмылдырықсыз қыдыртуға рұқсат етіледі;
Тармақша 3
3) оқу-үйрету алаңдарында иттерді қарғыбаусыз және тұмылдырықсыз жіберуге адамдардың қауіпсіздігін міндетті түрде қамтамасыз еткен жағдайда ғана рұқсат етіледі;
Тармақша 4
4) тиісті көлік құралдарын пайдалану ережесін сақтай отырып, иттерді қоғамдық көлікте тек тұмылдырықпен және қысқа қарғыбаумен, ал мысықтар мен декоративті иттерді арнаулы контейнерлерде немесе арнаулы себептерде алып жүруге рұқсат етіледі;
Тармақша 5
5) көршілерінің келісімдері мен медициналық қарама-қайшылығы болмаса, туыс емес екі және одан да көп отбасылары тұратын тұрғын жайларда, оның ішінде пәтерлерде иттер мен мысықтарды ұстау.
Тармақ 7
7. Жол берілмейді:
Тармақша 1
1) иттер және мысықтарды балалардың аула алаңдарында, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің, мектептер мен оқу орындарының, денсаулық сақтау объектілерінің аумағында, спорт алаңдарында, бақтар мен қалалық жағажайда иттер мен мысықтарды қыдыртуға;
Тармақша 2
2) мас адамдарға және 14 жасқа толмаған тұлғаларға иттерді қыдыртуға;
Тармақша 3
3) жалпы пайдаланылатын орындарда: асханаларда, коридорда, баспалдақ алаңдарында, шатырларда, подвалдарда, сондай-ақ балкондар мен лоджияларда иттер мен мысықтарды күтіп ұстауға;
Тармақша 4
4) сауда және қоғамдық тамақтандыру ұйымдарына итпен кіруге;
Тармақша 5
5) жалпы пайдаланыстағы суаттарда және гидротехникалық құрылғыларда иттер мен мысықтарды суаруға, шомылдыруға;
Тармақша 6
6) иттерді және мысықтарды олардың еті мен терілерін пайдалану үшін асырауға;
Тармақша 7
7) өлген иттер мен мысықтардың өлекселерін лақтыруға;
Тармақша 8
8) белгіленбеген орындарда, сондай-ақ хайуанатқа берілген ветеринарлық анықтамалар мен паспорттары жоқ иттер мен мысықтарды сатуға;
Тармақша 9
9)
алынып тасталды - Қарағанды қалалық мәслихатының 2006.03.24 N 4
шешімімен.
Тармақ 8
8. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды, өлген хайауанаттардың өлекселерін ветеринарлық емдеу мекемелерінен, иелерінен, қала аумағынан табылған хайуанаттардың өлекселелерін мемлекеттік сатып алу туралы белгіленген заң тәртібінде конкурс жеңімпазы болып анықталған заңды және жеке тұлғалар жүзеге асырады.
Тарау 4. 4. Осы қағиданы бұзғандығы үшін жауапкершілік
4. Осы қағиданы бұзғандығы үшін жауапкершілік
9. Осы Қағиданы бұзғаны үшін иттер мен мысықтардың иелері "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде қарастырылған жауапкершілікте болады.