Тұрғын үйлерді жекешелендіру мен жекешелендіру купондарын есептеу және сақтау тәртібін белгілеу жөніндегі комиссияны құру туралы
Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы”, ”Тұрғын үй қатынастары туралы” Заңдарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тұрғын үйлерді жекешелендіру мен жекешелендіру купондарын есептеу және сақтау тәртібін белгілеу жөніндегі комиссияны құру туралы от 25.03.2005 г. № 129 (Тұрғын үйлерді жекешелендіру мен жекешелендіру купондарын есептеу және сақтау тәртібін белгілеу жөніндегі комиссияны құру туралы)
1. Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорын купондарға жекешелендіру жалғастырылсын, ал купондар жетіспеген немесе жоқ болған жағдайда төлеу теңгемен жүргізілсін.
2. Тұрғын үйлерді жекешелендіру мен жекешелендіру купондарын есептеу және сақтау тәртібін белгілеу жөніндегі комиссия құрылсын.
3. Тұрғын үйлерді жекешелендіру мен жекешелендіру купондарын есептеу және сақтау тәртібін белгілеу жөніндегі комиссия құрамы аудандық мәслихат сессиясына бекітуге ұсынылсын.
4. Тұрғын үйлерді жекешелендіру мен жекешелендіру купондарын есептеу және сақтау тәртібін белгілеу жөніндегі комиссия туралы тіркелулі Ереже бекітілсін.
5. Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тұрғын үй купондарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында қабылданған тұрғын үй купондарын Қазақстан Халық банкі ашық акционерлік қоғамында соңынан тұрғын үй купондарының өтелуі және арнайы лайықталған бөлмеде сақталуымен, оларды растай отырып, есепке алсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.С.Халеловқа жүктелсін.
Аудан әкімдігінің
2005 жылғы 25 наурыздағы № 129
қаулысымен бекітілген
Тұрғын үйлерді жекешелендіру мен жекешелендіру купондарын есептеу және сақтау тәртібін белгілеу жөніндегі комиссия туралы ЕРЕЖЕ.
І. Жалпы ережелер.
1. Комиссия аудан әкімдігі жанындағы мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру, жекешелендіру купондарын есептеу және сақтау мәселесі жөніндегі консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Комиссия өз жұмысында мына нормативтік актілерді басшылыққа алады: Қазақстан Республикасының ”Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы”, ”Тұрғын үй қатынастары туралы” Заңдарын, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Президентінің “Қазақ КСР-інде мемлекеттік иелігінен алу және мемлекеттік меншікті жекешелендірудің 1991-1992 жылға арналған Бағдарламасы (1 кезең) және Қазақ КСР-інде мемлекеттік меншікті жекешелендірудің купондық механизмі туралы Ереже туралы” 1991 жылғы 13 қыркүйектегі №444 қаулысы, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің “Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй қорын жекешелендіру туралы Ережені бекіту туралы” 1992 жылғы 24 қаңтардағы №66 қаулысы, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің ”1992 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға берілген мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру тәртібі туралы Ережені бекіту туралы” 1994 жылғы 3 қаңтардағы №2 қаулысы.
ІІ. Комиссияның негізгі міндеттері.
1. Тұрғын үй қорының құнын салынған жылына, үйдің орналасқан жеріне, сәулеттік-жоспарлау шешіміне, жайландыру деңгейіне, аумақтық экологиясы мен пәтерлердің нешінші қабатта орналасуына байланысты анықтау.
2. Жекешелендіру купондарын есептеу және сақтау.
ІІІ. Тұрғын үй қорын анықтау, жекешелендіру купондарын есептеу және сақтау тәртібі.
1. 1992 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға берілген және жекешелендіруге жататын мемлекеттік тұрғын үй қоры пәтерлерінің және жатақханалардағы бөлмелік тұрғын үй - жайлардың құнын бағалау, қалдық құны бойынша есептеледі.
2. Тұрғын үй қорының құнын анықтау тұрғын жайдың сапасын, орналасқан жерін, басқа да факторларды ескереді және оның нақтылы бағасына жақын болу керек. Бағалау негізіне бір шаршы метр тұрғын алаңының құны, оның баланстық құнына қарай тозуы мен белгіленген коэффициенті шегеріліп алынады.
Тұрғын үйдің кұны мен оның бағасын анықтауда негізгі есептік өлшем бірлігі ретінде жалпы алаңның бір шаршы метрі алынады. Пәтердің (үйдің) немесе жатақханалардағы бөлмелік тұрғын үй-жайлардың қалдық кұны 1991 жылдың бағасы мына сұлба бойынша ауыстырылады:
1984 жылғы 1 қаңтарға дейін салынған үйлер бойынша қалдық құн 1,2 (1984 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа сметалық бағаға және нормаларға көшуге байланысты) және (1991 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа сметалық бағаға және нормаларға көшуге байланысты) коэффициентіне көбейтіледі;
1984 жылғы 1 қаңтардан кейін салынған үйлер бойынша қалдық құн 1,7 есе өсіріледі (бағалық коэффициент 1991 жылғы 1 қаңтардан бастап).
Бір купон өтініш берілген мезгілдегі ресми бойынша бір рубльге теңестіріледі.
3. 1991 жылғы 1 қырқүйектегі жағдай бойынша еңбек өтіліне байланысты азаматтарға есептелген тұрғын үйді жекешелендіру купондарының санын 1992 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға берілген мемлекеттік тұрғын үй қорының құнына сәйкестіндіру мақсатында жекешелендіретін тұрғын үй қорының индексі белгіленеді.
4. Тұрғын үй құнының индексін белгілеуге негіз етіп 1991 жылғы 1 қаңтардағы жағдайға сәйкес Қазақстан Республикасы бойынша орташа есеппен алғанда бір шаршы метр пайдалы алаңның 64 тиынға тең орташа құны алынады.
5. 1992 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға берілген нақты объекті бойынша жекешелендірілген пәтердің және жатақханалардағы бөлмелік тұрғын-үй жайлардың бір шаршы метр тұрғын алаңының құны, оның баланстық құнына қарай, тозуы мен белгіленген коэффициенті (қабатты, экологиясы, құрылыс материалдары, құнының қымбаттауы және т.б.) ескере отырып айқындалады.
Ұйымның, кәсіпорынның меншік құқығындағы жекешелендіретін пәтердің (үйдің) құны нақты объектінің баланстық құнына қарай тозуы пен белгіленген коэффициентін ескере отырып, салынған жылына байланысты алынады.
7. Егер жекешелендіретін пәтердің (үйдің) жатақханалардағы бөлмелік тұрғын-үй жайлардың баланстық құны жекешелендірілген тұрғын-үй купондарының қайта есептелген сомасынан асып кетсе, онда айырмашылық қосымша теңгемен төленуге тиіс.
8. Ерлі-зайыптылардың әрқайсысында некеге тұрғанға дейін осындай тұрғын үйі болған жағдайларды қоспағанда, азамат (зайыбымен және кәмелетке толмаған балаларымен бірге) жекешелендіру купондарын пайдалана отырып тек қана бір тұрғын үй алуға құқылы.
9. Комиссия бір ай ішінде тұрғын қорын сату-сатып алуға құжаттарды ресімдеу жөнінде барлық әзірлік жұмыстарын жүргізеді.
10. Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді, оған осы отырыста отырған барлық комиссия мүшелері қол қояды.
11. Қабылданған тұрғын үй купондарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында қабылданған тұрғын үй купондарын Қазақстан Халық банкі ашық акционерлік қоғамында, соңынан тұрғын үй купондарының өтелуі және арнайы лайықталған бөлмеде сақталуымен, оларды растай отырып, есепке алынсын.
12. Қосымша төленуге тиісті сома ақшалай жергілікті бюджетке төленеді.
13. Осы Ереженің күшіне енгізілуі мемлекеттік тұрғын қорын жекешелендіру мәселелерін реттейтін, бұрын қабылданған нормативтік актілердің күшін жоймайды. Сонымен бірге, тұрғын үйлерді жекешелендірудің негізгі принциптері, Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрғын үйлерді жекешелендіру купондарын есептеу шарттары мен мөлшері купондық механизм туралы Ереже мен белгіленген азаматтардық жекеленген санаттары үшін көзделген жеңілдіктер сақталады.