Об утверждении Правил разработки, согласования, учета, утверждения, экспертизы, изменения, отмены и введения в действие государственных стандартов и классификаторов технико-экономической информации Күшін жойған
Басқа 0
Мемлекеттік стандарттарды және техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін әзірлеу, келісу, есепке алу, бекіту, сараптау, өзгерту, жою және қолданысқа енгізу ережесін бекіту туралы
"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік стандарттарды және техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін әзірлеу, келісу, есепке алу, бекіту, сараптау, өзгерту, жою және қолданысқа енгізу ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Төраға орынбасары Талғат Амангелдіұлы Момышевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Басқа 0. Мемлекеттік стандарттарды және техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін әзірлеу, келісу, есепке алу, бекіту, сараптау, өзгерту, жою және қолданысқа енгізу ЕРЕЖЕСІ
Қазақстан Республикасы
Индустрия және сауда
министрлігінің Техникалық
реттеу және метрология
жөніндегі Комитет Төрағасының
2005 жылғы 4 сәуірдегі
N 98 бұйрығымен бекітілді
Мемлекеттік стандарттарды және техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін әзірлеу, келісу, есепке алу, бекіту, сараптау, өзгерту, жою және қолданысқа енгізу ЕРЕЖЕСІ
Осы ереже "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7, 21 және 22-баптарына сәйкес әзірленді және мемлекеттік стандарттарды және техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін (бұдан әрі - ТЭА жіктеуіштері) әзірлеу, келісу, есепке алу, бекіту, сараптамалау, өзгерту, жою және қолданысқа енгізу тәртібін белгілейді.
Осы ереже талаптары мемлекеттік органдарға, меншік нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғаларға таратылады.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Мемлекеттік стандарттар мен ТЭА жіктеуіштерін әзірлеу мемлекеттік стандарттау жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес немесе ынталы тәртіпте жүзеге асады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік стандарттар:
Тармақша 1
1) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің жалпы ұйымдастыру-әдістемелік ережелерін белгілейтін негіз құраушы стандарттарға;
Тармақша 2
2) өнімнің біртектес топтарына қойылатын талаптарды белгілейтін өнімге, қызмет көрсетуге және қажет жағдайда нақты өнімге, қызмет көрсетуге арналған стандарттарға;
Тармақша 3
3) процестерге арналған стандарттарға;
Тармақша 4
4) өнімді, қызмет көрсетуді, процестерді бақылау әдістеріне арналған стандарттарға бөлінеді.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік стандарттар мен ТЭА жіктеуіштерді әзірлеу кезінде Қазақстан Республикасының мүддесін танытатын халықаралық нормативтік құжаттар қолданылады.
Негіз құраушы мемлекеттік стандарттарды Техникалық реттеу және метрология комитетінің (бұдан әрі - уәкілетті орган) кәсіпорындары әзірлейді.
Тарау 2. 2. Мемлекеттік стандарттар мен ТЭА жіктеуіштерін әзірлеу
2. Мемлекеттік стандарттар мен ТЭА жіктеуіштерін әзірлеу
Тармақ 4
4. Мемлекеттік стандарттар мен ТЭА жіктеуіштерін стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер мен өзге де мүдделі тұлғалар әзірлейді.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік стандарттар мен ТЭА жіктеуіштерін әзірлеу мынадай кезеңдер бойынша жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) әзірлеуді ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) қарау және келісу;
Тармақша 3
3) сараптау;
Тармақша 4
4) бекіту және мемлекеттік тіркеу.
Тармақ 6
6. Терминологияға қойылатын талаптардан тұратын мемлекеттік стандарттар Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Мемлекеттік терминологиялық комиссияға жіберіледі.
Тармақ 7
7. Мемлекеттік стандарттар мен ТЭА жіктеуіштері мемлекеттік тілдегі аудармасын растау үшін уәкілетті органға жіберіледі.
Тарау 3. 3. Мемлекеттік стандарттар мен ТЭА жіктеуіштері жобаларын келісу
3. Мемлекеттік стандарттар мен ТЭА жіктеуіштері жобаларын келісу
Тармақ 8
8. Мемлекеттік стандарт пен ТЭА жіктеуіш стандарттау объектісіне қарай келісуге:
Тармақша 1
1) әзірлеуге өтініш берушіге (болған жағдайда);
Тармақша 2
2) олардың құзыреттік шегінде мемлекеттік органдарға;
Тармақша 3
3) олардың әрекет ету саласына сәйкес стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерге;
Тармақша 4
4) мемлекеттік стандартты немесе ТЭА жіктеуішін әзірлеуге байланысты қайта қарауға, өзгертуге немесе жоюға жатқызылатын стандарттау жөніндегі өзара байланысты нормативтік құжаттарды әзірлеушілерге;
Тармақша 5
5) дайындаушылар және тұтынушыларға;
Тармақша 6
6) ғылыми-зерттеу институттарына (қажет жағдайда) жіберіледі.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік стандарттар мен ТЭА жіктеуіштерін келісу және республика аумағында орналасқан ұйымдардың пікірлерін дайындау мерзімі оларды алған уақытынан бастап бір айдан аспауы тиіс.
Тарау 4. 4. Мемлекеттік стандарттарды және ТЭА жіктеуіштерін сараптау
4. Мемлекеттік стандарттарды және ТЭА жіктеуіштерін сараптау
Тармақ 10
10. Мемлекеттік стандарттарды және ТЭА жіктеуіштерін сараптау бекітуге дайындау, мемлекеттік тіркеу сатысында жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Мемлекеттік стандарттарды сараптау өзіне:
Тармақша 1
1) әзірленетін құжаттардың заңнамалық және басқа нормативтік құқықтық кесімдерінің және техникалық регламенттердің, стандарттау жөніндегі негіз құраушы стандарттар мен құжаттардың міндетті талаптары мен ережелеріне сәйкестігін белгілеу;
Тармақша 2
2) стандарттау объектілерін метрологиялық қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) қолданыстағы немесе бұрын әзірленген нормативтік құжаттарды қайта қарау, жаңарту және (немесе) бірыңғайлау;
Тармақша 4
4) қолданыстағы мемлекеттік стандарттар талаптарының қайталануын болдырмау;
Тармақша 5
5) бәсекеге қабілетті қызметтік және сәйкестендіру көрсеткіштерінің барлығын белгілеу;
Тармақша 6
6) қолданыстағы нормативтік құжаттар туралы анық ақпаратпен қамтамасыз ету;
Тармақша 7
7) халықаралық нормалар мен стандарттар талаптарына сәйкестікті белгілеу жүргізіледі.
Тармақ 12
12. ТЭА жіктеуіштерін сараптау өзіне:
Тармақша 1
1) жіктеу және кодтау әдістерін таңдаудың дұрыстығы;
Тармақша 2
2) қолданыстағы өзара байланысты мемлекеттік жіктеуіштермен бірге жан-жақты қолданыстың мүмкіндігі;
Тармақша 3
3) қосалқы сиымдылықтың болуы;
Тармақша 4
4) жіктеуішті автоматты түрде енгізудің мүмкіндігі жүргізіледі.
Тармақ 13
13. Мемлекеттік стандарттар мен ТЭА жіктеуіштеріне сараптаманы уәкілетті органның стандарттау жөніндегі ұйымдары жүргізеді.
Жасалған сараптама нәтижелері бойынша сараптық қорытынды беріледі.
Тармақ 14
14. Мемлекеттік стандарттар мен ТЭА жіктеуіштерін сараптау жеке және заңды тұлғалармен бекітілген келісімшарттық негізде орындалады.
Тарау 5. 5. Мемлекеттік стандарттар мен ТЭА жіктеуіштерін бекіту және есепке алу
5. Мемлекеттік стандарттар мен ТЭА жіктеуіштерін бекіту және есепке алу
Тармақ 15
15. Бекітуге уәкілетті органға осы ережемен белгіленген тәртіпте келісуден өткен және уәкілетті органның стандарттау жөніндегі ұйымдардан оң қорытынды алған мемлекеттік стандарттар мен ТЭА жіктеуіштері ұсынылады.
Тармақ 16
16. Мемлекеттік стандарттар мен ТЭА жіктеуіштері уәкілетті орган бұйрығымен бекітіледі.
Тармақ 17
17. Бекітілген мемлекеттік стандарттар мен ТЭА жіктеуіштері мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің мемлекеттік тізіліміне енгізіледі.
Тармақ 18
18. Әрбір бекітілген мемлекеттік стандартқа және ТЭА жіктеуішіне арналып іс қалыптастырылуы керек.
Тармақ 19
19. Істерді жаңарту құжаттардың түсу шамасына қарай мемлекеттік стандарт пен ТЭА жіктеуішінің әрбір өзгерісі, әрекет мерзімін ұзарту, әрекет мерзімін шектеуді алып тастау, мемлекеттік стандарт пен ТЭА жіктеуішін жою бойынша жүзеге асырылады.
Тарау 6. 6. Мемлекеттік стандарт пен ТЭА жіктеуіштеріне өзгерістерді әзірлеу, бекіту және қолданысқа енгізу
6. Мемлекеттік стандарт пен ТЭА жіктеуіштеріне өзгерістерді әзірлеу, бекіту және қолданысқа енгізу
Тармақ 20
20. Мемлекеттік стандартқа және ТЭА жіктеуішіне өзгерістер жеке талаптарды ауыстыру, толықтыру немесе алып тастау, олардың әрекетін ұзарту, шектеу немесе қалпына келтіру кезінде жүзеге асырылады.
Егер өзгерту мәтінінің көлемі қолданыстағы мемлекеттік стандарт көлемінің жартысынан асатын болса, онда қолданыстағы мемлекеттік стандарт өзгерісімен бірге бекітілгенінен кейін бір ай мерзімде қайта басылып шығарылуы тиіс.
Мемлекеттік стандартқа өзгерістер оған жаңа, ең озық талаптарды енгізу және жаңа өнімнің қолданыстағы стандарт бойынша жасалған өніммен өзара алмасымдылық пен үйлесу талаптарын, сондай-ақ халықаралық жүйелермен қолданыстағы жүйелер талаптарын бұзбайтын халықаралық нормалар мен талаптармен үйлестіру кезінде әзірленеді.
Тармақ 21
21. Мемлекеттік стандарт пен ТЭА жіктеуішіне өзгерістерді әзірлеу осы ереженің 2 тарауында белгіленген тәртіп бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 22
22. Мемлекеттік стандарт пен ТЭА жіктеуішіне өзгерістер уәкілетті органға бекітуге ұсынылады.
Тармақ 23
23. Өзгерістер уәкілетті органның бұйрығымен бекітіліп, қолданысқа енгізіледі.
Бекітілген өзгерістер Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізіліміне енгізіледі.
Тарау 7. 7. Мемлекеттік стандарттар мен ТЭА жіктеуіштерін жою
7. Мемлекеттік стандарттар мен ТЭА жіктеуіштерін жою
Тармақ 24
24. Мемлекеттік стандарттарды жою:
Тармақша 1
1) осы мемлекеттік стандарт бойынша өндірілетін өнімді шығаруды (жұмысты орындау, қызмет көрсету) тоқтатқан;
Тармақша 2
2) берілген мемлекеттік стандарт орнына басқа нормативтік құжатты әзірлеген;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы аумағына нормативтік құқықтық актіні немесе халықаралық стандартты енгізген жағдайда жүзеге асады.
Тармақ 25
25. ТЭА жіктеуіштерін жою берілген ТЭА жіктеуішінің орнына басқа нормативтік құжатты әзірлеген жағдайда жүзеге асады.
Тармақ 26
26. Мемлекеттік стандарт пен ТЭА жіктеуішін жою қажеттігі кезінде уәкілетті органға:
Тармақша 1
1) оны жою туралы ұсыныс;
Тармақша 2
2) оны ауыстыратын құжат немесе стандартты ауыстырмай жою туралы ақпарат;
Тармақша 3
3) мемлекеттік стандарт пен ТЭА жіктеуішін жоюға берілген келісімді дәлелдейтін түпнұсқалы құжаттар жіберіледі.
Тармақ 27
27. Мемлекеттік стандарттар мен ТЭА жіктеуіштерін жою уәкілетті органның бұйрығымен жүзеге асады.
Тарау 8. 8. Мемлекеттік стандарттар мен ТЭА жіктеуіштерін қолданысқа енгізу
8. Мемлекеттік стандарттар мен ТЭА жіктеуіштерін қолданысқа енгізу
Тармақ 28
28. Мемлекеттік стандарттар мен ТЭА жіктеуіштерін, сондай-ақ оларға өзгерістерді қолданысқа енгізу мерзімі стандарттар мен ТЭА жіктеуіштерін, сондай-ақ оларға өзгерістерді ендірумен қамтамасыз ететін қажетті іс-шараларды өткізу есебімен, олар бекітілген уақыттан бастап алты айдан кем емес мерзімде белгіленеді.
Тармақ 29
29. Белгіленген талаптарды сақтау үшін қажетті шарттар бар болған жағдайда, жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік стандарттар мен ТЭА жіктеуіштерін және оларға өзгерістер мерзімінен тыс оларды қолданысқа енгізу мерзімі шеңберіндегі кез келген мерзіммен, бірақ оларды бекіту және мемлекеттік тізбеге тізімдеу уақытынан кеш емес мерзімде ендіруге құқығы бар.