Об утверждении Правил осуществления контроля за деятельностью должностных лиц местных исполнительных органов в области государственной экологической экспертизы Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.05.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттік экологиялық сараптама саласындағы жергілікті атқарушы органдар лауазымды тұлғаларының қызметін бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы "Экологиялық сараптама туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 2-тармағының 13) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік экологиялық сараптама саласындағы жергілікті атқарушы органдар лауазымды тұлғаларының қызметін бақылауды жүзеге асыру ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде тіркелген күннен күшіне енеді.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Ж.Л.Бекжановқа жүктелсін.
Басқа 0. Мемлекеттік экологиялық сараптама саласындағы жергілікті атқарушы органдар лауазымды тұлғаларының қызметін бақылауды жүзеге асыру ережесі
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2005 жылғы 8 сәуірдегі N 121-ө бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік экологиялық сараптама саласындағы жергілікті атқарушы органдар лауазымды тұлғаларының қызметін бақылауды жүзеге асыру ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Мемлекеттік экологиялық сараптама саласындағы жергілікті атқарушы органдар лауазымды тұлғаларының қызметін бақылауды жүзеге асыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Экологиялық сараптама туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес талданған.
Тармақ 2
2. Осы Ереже қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның және оның аумақтық органдарының мемлекеттік экологиялық сараптама саласындағы жергілікті атқарушы органдар лауазымды тұлғаларының қызметін бақылауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) және облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармалары (бұдан әрі - Аумақтық басқармалар) Қазақстан Республикасындағы бүкіл экологиялық-сараптама қызметін үйлестіруді орындайды.
Тармақ 4
4. Экологиялық сараптама саласындағы қызметті жүзеге асыратын Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының (бұдан әрі - Жергілікті органдар) лауазымды тұлғаларына облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаменттері экологиялық сараптама бөлімдерінің қызметшілері жатады.
Тармақ 5
5. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік экологиялық сарапшысының келісімі бойынша Жергілікті орган басшысының (әкімнің) шешімімен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын Бас мемлекеттік экологиялық сарапшысының орынбасары жергілікті атқарушы органның сараптама бөлімшесінің басшысы болып табылады.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы өткізетін Жергілікті органдардың лауазымды тұлғалары қызметінің қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнамаға, экологиялық нормативтерге және осы Ережеге сәйкестігін тексеру бақылауды жүзеге асырудың мақсаты болып табылады.
Тармақ 7
7. Экологиялық сараптама саласындағы жергілікті органдар Министрлікке және оның Аумақтық басқармаларына есеп береді.
Тарау 2. 2. Бақылауды ұйымдастыру тәртібі
2. Бақылауды ұйымдастыру тәртібі
Тармақ 8
8. Жергілікті жерлерде мемлекеттік экологиялық сараптаманы орындау саласындағы жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларының қызметін бақылауды Министрліктің Аумақтық басқармаларының сараптама бөлімшелері (экологиялық сараптама бөлімдері) жүзеге асырады. Қазақстан Республикасында экологиялық-сараптау қызметінің жүргізілуін жалпы бақылауды Министрліктің сараптама бөлімшелері жүзеге асырады.
Тармақ 9
9. Экологиялық сараптама саласындағы Жергілікті органдардың сараптама бөлімшелерін бақылау сараптау объектілерін қарау тәртібі мен рәсіміне жалпы басшылық жасау арқылы және экологиялық сараптама саласындағы қызметті жүзеге асыратын Жергілікті органдардың бөлімшелерін мерзімді жоспарлы тексеру процесінде жүзеге асырылады.
Тармақ 10
10. Жобалау материалдары Министрліктің Аумақтық басқармаларының қарауына келіп түседі. Мемлекеттік экологиялық сараптауға келіп түсетін құжаттарды бөлуді және оларды Жергілікті органдарға беруді "Экологиялық сараптама туралы" Заңға сәйкес, алдын ала сараптау (алдын ала сараптау) сатысынан өткеннен кейін Министрліктің Аумақтық басқармалары жүзеге асырады. Алдын ала сараптау сатысында сараптау жобаларының белгіленген тәртіппен бекітілген Өлшемдерге сәйкес стратегиялық, трансшекаралық және экологиялық жағынан қауіпті объектілерге тиесілілігі айқындалады. Алдын ала сараптау сатысынан өткеннен кейін Жергілікті органдардың құзыретіне жататын сараптама объектілері 3 күн ішінде мемлекеттік экологиялық сараптама рәсімінен өту үшін ілеспе хатпен Жергілікті органдарға (хаттың көшірмесі - сараптама бастамашысына) жіберіледі. Бұл ретте Жергілікті орган жүргізетін мемлекеттік экологиялық сараптама мерзімінің басталуы Жергілікті органның жобалау материалдарын алған күнінен бастап белгіленеді.
Тарау 3. 3. Тексерулерді жүргізу тәртібі
3. Тексерулерді жүргізу тәртібі
Тармақ 11
11. Министрліктің Аумақтық басқармалары мемлекеттік экологиялық сараптама саласындағы қызметті жүзеге асыратын Жергілікті органдар бөлімшелерінің мерзімді (жоспарлы) тексерулерін жүзеге асырады.
Тармақ 12
12. Мемлекеттік экологиялық сараптама саласындағы қызметті жүзеге асыратын Жергілікті органдар бөлімшелерінің жоспарлы тексерулерінің мерзімін Министрліктің Аумақтық басқармасының басшысы бекіткен жоспарға сәйкес, бірақ жарты жылда кемінде бір рет жүзеге асырады.
Тармақ 13
13. Министрліктің Аумақтық басқармасы Жергілікті органды жоспарлы тексеруді өткізу туралы 15 күн бұрын хабардар етеді. Тексеруді құқықтық статистика органдарында тіркеу талап етілмейді.
Тармақ 14
14. Министрліктің Аумақтық қоршаған орта басқармаларының сараптама органы мемлекеттік экологиялық сараптама саласындағы қызметті жүзеге асыратын ЖАО-ның жоспарлы тексеруді өткізу мерзімін, көлемін және тәртібін белгілейді. Соңғы тексеру сәтінен бастап өткен кезең үшін ЖАО өткізетін бүкіл экологиялық-сараптау қызметі тексеруге жатады.
Тармақ 15
15. Мемлекеттік экологиялық сараптама саласындағы қызметті жүзеге асыратын Жергілікті органдардың жоспардан тыс тексерулерін Министрліктің Аумақтық басқармасының мемлекеттік экологиялық сараптама бөлімі жүргізеді, ал қажет болған кезде, Министрліктің сараптама органының қатысуымен, ал мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындыларында табиғат қорғау заңнамасын, экологиялық нормативтерді өрескел бұзушылық анықталған жағдайда, сондай-ақ жергілікті өкілді немесе атқарушы органдардың, Министрліктің Табиғатты қорғауды бақылау комитетінің, қоғамдық бірлестіктердің, сот органдарының және прокуратураның бастамашылығы бойынша жүргізіледі. Жоспардан тыс тексерулердің мақсатқа бағытталған сипаты болады, олар нақты сараптама объектісі немесе Жергілікті органдардың лауазымды тұлғаларының іс-қимылы бойынша жүргізіледі.
Тармақ 16
16. Жергілікті органдардың тексерулер жүргізу нәтижелері Хаттамамен (1-қосымша) ресімделеді, оған тексеруді жүзеге асыратын сараптама органының өкілі қол қояды. Тексеру хаттамасы 2 данада жасалады, оның біреуі тексеруді жүзеге асыратын органда қалады, екіншісі - ескертулерді жою жөнінде шаралар қабылдау үшін жергілікті атқарушы органға жіберіледі.
Тарау 4. 4. Есеп беру тәртібі
4. Есеп беру тәртібі
Тармақ 17
17. Экологиялық сараптама жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жергілікті орган Министрліктің Аумақтық басқармасы алдында сараптама объектілеріне орындалған мемлекеттік экологиялық сараптама бойынша есеп береді, Жергілікті органдар 30-күнге дейін ай сайын Министрліктің Аумақтық басқармасына ілеспе құжатпен мемлекеттік экологиялық сараптаманың берілген қорытындыларының көшірмелерін ұсынады.
Тармақ 18
18. Министрліктің Аумақтық басқармасына есепті кезеңнің соңғы айының 25-күнінен кешіктірмей, белгіленген нысан бойынша (N 2 қосымша) тоқсандық, жарты жылдық, 9 ай және жыл үшін есептер ұсынылады.
Тарау 5. 5. Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын кері шақырту және күшін жою тәртібі
5. Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын кері шақырту және күшін жою тәртібі
Тармақ 19
19. Жергілікті орган өткізген тексерулер нәтижелері және Қазақстан Республикасы табиғат қорғау заңнамасының талаптарын бұзушылықтардың ұсынылған есептері бойынша Министрліктің, Аумақтық басқарманың сараптама бөлімшесінің басшылары (Қазақстан Республикасының, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың Бас мемлекеттік экологиялық сарапшылары) мемлекеттік экологиялық сараптама саласындағы қызметті жүзеге асыратын Жергілікті органдар берген мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын кері шақыртып алуға және күшін жоюға құқылы. Қабылданған іс-қимылдар туралы Аумақтық басқарма Министрлікке хабарлайды.
Тармақ 20
20. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын кері шақырту және күшін жою туралы сараптама бастамашысы Жергілікті органға, сондай-ақ банктерге және қаржы мекемелеріне (жобалар бюджет қаражатының есебінен қаржыландырылған жағдайда) хабарланады. Ол бойынша экологиялық сараптама қорытындысы кері шақыртылған және күші жойылған сараптама объектісін екінші рет қарауды Министрліктің Аумақтық басқармасы жүзеге асырады.
Тарау 6. 6. Дауларды шешу
6. Дауларды шешу
Тармақ 21
21. Министрліктің Аумақтық басқармалары сараптама бөлімшелері мен Жергілікті органдар арасында туындайтын келіспеушіліктер хаттамамен ресімделеді, мүдделі тараптардың пікірлерін ескере отырып, Қоршаған ортаны қорғау министрлігінде қаралады.
Басқа 1. _______________ облысының (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) экологиялық сараптама бөлімінің тексеру хаттамасы
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2005 жылғы 8 сәуірдегі N 121-ө бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік экологиялық сараптама саласындағы жергілікті атқарушы органдар лауазымды тұлғаларының қызметін бақылауды жүзеге асыру ережесіне N 1 қосымша _______________ облысының (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) экологиялық сараптама бөлімінің тексеру хаттамасы 2005 жылғы "___" _______ Қатысқандар:_____________________________________________________ Министрліктің аумақтық басқармасынан:____________________________ Жергілікті органнан:_____________________________________________ 200__ жылғы _______ орындалған сараптамалар қорытындылары қаралды: _________________________________________________________________ (мемлекеттік экологиялық сараптаманың орындалған _________________________________________________________________ қорытындыларын тізбектеу) Тексеру нәтижесінде мынадай қорытындыларда бұзушылықтар анықталды (бұзушылықтарды тізбектеу, бұзушылықтардың сипаты): _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ Мынадай шешім қабылданды: _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ Лауазымы Қолы Т.А.Ә.
Басқа 2. 200__ жылғы _______ тоқсаны үшін __________________ облысының (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімдігі Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаментінің орындалған мемлекеттік экологиялық сараптамалары бойынша есеп
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2005 жылғы 8 сәуірдегі N 121-ө бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік экологиялық сараптама саласындағы жергілікті атқарушы органдар лауазымды тұлғаларының қызметін бақылауды жүзеге асыру ережесіне N 2 қосымша Кім­ге ұсы­ны­ла­ды: Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қор­ша­ған ор­та­ны қор­ғау ми­ни­стр­лі­гі­нің об­лы­стық (қа­ла­лық) қор­ша­ған ор­та­ны қор­ғау бас­қар­ма­сы N 43-а ны­са­ны (са­рап­та­ма) Есеп­тік ке­зең­нің соң­ғы ай­ы­ның 25 кү­ніне дей­ін ұсы­ны­ла­ды (тоқ­сан сай­ын) 200__ жылғы _______ тоқсаны үшін __________________ облысының (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімдігі Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаментінің орындалған мемлекеттік экологиялық сараптамалары бойынша есеп Р/с N Жо­ба­лау құ­жат­та- ма­сы­ның түр­ле­рі Қа­рал­ған құ­жат­тар­дың са­ны Ке­лі­сіл­ме­ген құ­жат­тар­дың са­ны Есеп­тік ке­зең­нің со­ңы­на қа­рай қа­ра­у­ға қал- ған­да­ры бар- лы­ғы с.і. екін­ші рет бар­лы­ғы с.і. екін­ші рет 1 2 3 4 5 6 7 Жиы­ны: Олар­дың ішін­де штат­тан тыс са­рап­шы­лар­ды тар­ту­мен қа­рал­ған­да­ры Сараптама бөлімшесінің басшысы _______(қолы)_________________Т.А.Ә.